Legal

iCLOUD СЕРВИСІН ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ

iCloud қызметіне қош келдіңіз

 

СІЗ БЕН APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БҰЛ ЗАҢДЫ КЕЛІСІМ iCLOUD ӨНІМІН, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ, ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖӘНЕ ВЕБ-ТОРАПТАРДЫ (ЖИЫНДЫ ТҮРДЕ «ҚЫЗМЕТ» ДЕП АТАЛАДЫ) ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗДЫ БАСҚАРАДЫ. КЕЛЕСІ ШАРТТАРДЫ ОҚЫП, ТҮСІНУІҢІЗ МАҢЫЗДЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. «КЕЛІСЕМІН» ТҮЙМЕСІН БАСУ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІ НЕМЕСЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАҢДАСАҢЫЗ, ОСЫ ШАРТТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫНЫНА КЕЛІСЕСІЗ.

 

Apple — Қызметті жеткізуші, ол белгілі бір Интернет қызметтерін пайдалануға, соның ішінде жеке мазмұнды сақтау (контактілер, күнтізбелер, фотосуреттер, жазбалар, еске салғыштар, құжаттар, қолданба деректері және iCloud электрондық поштасы сияқты) және оны үйлесімді құрылғыларда және компьютерлерде және белгілі бір орынға негізделген қызметтерде қол жетімді ету әрекеттерін орындауға тек осы Келісімде орнатылған шарттар астында рұқсат етеді. iCloud қызметін қосқан бойдан, мазмұныңыз Apple корпорациясына автоматты түрде жіберіледі және сақталады, сонда кейінірек ол мазмұнға кіруіңізге немесе мазмұнды сымсыз түрде басқа iCloud қосылған құрылғыларға немесе компьютерлерге жіберуіңізге болады. 

 

I. ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ТАЛАПТАР

 

          A. Жас. Қызмет тек жасы 13-ке толған немесе одан үлкен тұлғаларға, жасыңыз 13-ке толмаған болса және Apple ID сізге мақұлданған білім институтының сұрауының нәтижесінде берілген немесе ата-анаңыз немесе қамқоршыңыз тарапынан «Жанұялық бөлісу» мүмкіндігінің бөлігі ретінде орнатылған болса қолжетімді болады. Біз жасы 13-ке толмаған немесе қатысты заң бойынша балама ең төменгі жастағы балалардан жеке мәліметтерді тексерілетін ата-аналық келісімсіз жинамаймыз, пайдаланбаймыз немесе жарияламаймыз.  Ата-аналар мен қамқоршылар да кез келген майда нәрселерді, яғни, Интернетте бөтен адамдармен сөйлесудің қауіпті екенін еске салуы керек және балаларды қорғау, соның ішінде олардың Қызметті пайдалануын бақылау үшін тиісті сақтық шараларын орындауы тиіс.

 

Қызметті пайдалану үшін сіз Америка Құрама Штаттарының заңдары немесе басқа қолданыстағы юрисдикциялар, соның ішінде өзіңіз тұратын елдің немесе Қызметті пайдаланған елдің заңдары астында Қызметті алуға тыйым салынған адам болмауыңыз керек. Осы Келісімді қабылдау арқылы сіз жоғарыдағы айтылғандарды түсінетініңізді және оларға келісетініңізді білдіресіз.

 

          Ә. Құрылғылар мен тіркелгілер. Қызметті пайдалану үйлесімді құрылғыларды, Интернетке қатынасты және белгілі бір бағдарламалық жасақтаманы (ақылар алынуы мүмкін); қажет етуі мүмкін; мерзімді жаңартуларды қажет етуі мүмкін; және осы факторлар әсер етуі мүмкін. Apple корпорациясы құрылғыдан жасауға болатын Тіркелгілердің санын және Тіркелгімен байланыстырылған құрылғылардың санын шектеу құқығын сақтайды. Қажетті бағдарламалық жасақтаманың ең соңғы нұсқасы белгілі бір транзакциялар немесе мүмкіндіктер үшін талап етілуі мүмкін. Осы талаптарға сай болу сіздің жауапкершілігіңіз екеніне келісесіз. 

 

          Б. Пайдалану бойынша шектеулер.  Сіз Қызметті тек осы Келісім рұқсат еткен мақсаттар үшін және қолданыстағы заң, ереже немесе қолданыстағы заңда жалпы қабылданған тәжірибе арқылы рұқсат етілген ауқымда пайдалануға келісесіз. Тіркелгіңізге iCloud мүмкіндік беттерінде сипатталғандай сақтау сыйымдылығының 5 ГБ көлемі бөлінген. Қосымша жадты төменде сипатталғандай сатып алуға болады. Жиілік жолағының немесе жад сыйымдылығының (мысалы, сақтық көшірме немесе электрондық пошта тіркелгісінің бос орны) кез келген қолданыстағы немесе негізді шегінен асуға тыйым салынған және iCloud қызметіне сақтық көшірмелеуіңізге, құжаттарды қосуыңызға немесе iCloud электрондық пошта мекенжайыңызға жіберілген жаңа электрондық поштаны қабылдауыңызға тыйым салуы мүмкін. Қызметті пайдалануыңыз немесе басқа әрекеттеріңіз мақсатты түрде немесе байқаусызда Apple корпорациясының Қызметті немесе басқа жүйелерді қамтамасыз ету мүмкіндігіне қауіп тудырса, Apple корпорациясы Қызметті және Apple жүйелерін қорғау үшін барлық негізді қадамдарды, соның ішінде сіздің Қызметке кіруіңізді тоқтатуға құқығы бар. Шектеулерді қайталап бұзу Тіркелгіні тоқтатуды тудыруы мүмкін.

 

Егер қамтылған тұлға, қамтылған тұлғаның әріптесі немесе өкілі, не болмаса, бизнес серіктес болсаңыз (45 C.F.R. § 160.103 ежесінде анықталған шарттар сияқты), Сіз iCloud қызметінің кез келген құрамдас бөлігін, функциясын немесе басқа қызметін қандай да бір «қорғалған денсаулық туралы ақпарат» (мұндай термин 45 C.F.R. § 160.103 ежесінде анықталғандай) жасау, қабылдау, сақтау немесе тасымалдау үшін пайдаланбауға немесе iCloud қызметін Apple (немесе кез келген Apple еншілес компаниясы) корпорациясын Сіздің немесе кез келген үшінші тараптың бизнес серіктесі ететін ешқандай жолмен пайдаланбауға келісесіз.

 

          В. Қызметтің қолжетімділігі. Қызмет немесе кез келген мүмкіндігі немесе бөлімі барлық тілдерде немесе барлық елдерде қол жетімді бола бермеуі мүмкін және Apple корпорациясы Қызметтің немесе кез келген мүмкіндігінің немесе бөлімінің кез келген нақты орында пайдалану үшін сәйкес немесе қол жетімді екеніне ешқандай мәлімдеме жасамайды. Қызметке кіруді және оны пайдалануды таңдаған жағдайда, олай өз ықыласыңызбен істейсіз және барлық қолданыстағы заңдарға сай болуға жауаптысыз. 

 

          Г. Қызметті өзгерту.  Apple осы Келісімді кез келген уақытта өзгерту және Қызметті пайдалануыңызға жаңа немесе қосымша шарттар немесе талаптар қосу құқығын сақтайды. Мұндай өзгертулер және қосымша шарттар мен талаптар сізге хабарланады және қабылданған жағдайда, бірден күшіне енеді және осы Келісімге кірістіріледі. Мұндай өзгертулерді қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Apple осы Келісім мен тіркелгіңізді тоқтатуға құқығы бар. Сіз Apple корпорациясының Қызметтің кез келген өзгертуі немесе тоқтатылуы үшін сізге немесе кез келген үшінші тарапқа жауапты болмайтынына келісесіз. Егер сіз Қызметті пайдалану үшін төлеген болсаңыз және біз оны тоқтатсақ немесе оның қызметтерін айтарлықтай төмендетсек, біз сізге кез келген алдын ала төлемнің сәйкесінше кері төлемін береміз.

 

II. МҮМКІНДІКТЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР

 

          A. Орынға негізделген қызметтерді пайдалану

 

Apple және оның серіктестері мен лицензиарлары GPS (қолжетімді жерде) жүйесін пайдаланып құрылғыға негізделген орын туралы ақпаратқа және көп көзді Wi-Fi хотспоты мен ұялы мұнара орындарына тәуелді белгілі бір мүмкіндіктерді немесе қызметтерді (мысалы, Find My iPhone, Find My Friends) қамтамасыз етуі мүмкін. Қолжетімді жерде мұнда мүмкіндіктерді немесе қызметтерді қамтамасыз ету үшін Apple және оның серіктестері мен лицензиарлары орын туралы деректеріңізді, соның ішінде, бірақ олармен шектелмейді, құрылғыңыздың географиялық орнын және iCloud тіркелгіңізге («Тіркелгі») қатысты ақпаратты және сонда тіркелген кез келген құрылғыларды, соның ішінде, бірақ олармен шектелмейді, Apple ID, құрылғы идентификаторы мен аты және құрылғы түрі туралы деректерді жинауы, пайдалануы, тасымалдауы, өңдеуі және сақтауы тиіс. 

 

Apple корпорациясына және оның серіктестері мен лицензиарларына орын мен тіркелгі туралы деректерді жинауға, пайдалануға, өңдеуге және сақтауға берген келісіміңізден кез келген уақытта орынға негізделген мүмкіндіктерді пайдаланбау және құрылғыңыз бен компьютеріңізде Find My iPhone (iPhone құрылғымды табу), Find My Friends (Достарымды табу) немесе Location Services (Орын қызметтері) параметрлерін (тиісінше) өшіру арқылы бас тартуыңызға болады. Орын туралы деректерді Қызметтің бөлігі ретінде пайдаланатын немесе қамтамасыз ететін үшінші тарап қызметтерін пайдалану кезінде осындай үшінші тараптың осындай үшінші тарап қызметтері арқылы орын туралы деректерді пайдалану бойынша үшінші шарттары мен құпиялылық саясатын ұстануыңыз және қарап шығуыңыз керек. Қызмет арқылы берілген кез келген орын туралы деректер нақты орын туралы ақпарат қажет жағдайларда немесе қате, нақты емес, кідіртілген немесе толық емес деректер өлімге, адамның жарақаттануына, мүліктің немесе қоршаған ортаның зақымдануына әкелуі мүмкін жерлерде қолдануға арналмаған. Apple Қызметті қамтамасыз етуде негізді білім мен сәйкес мұқияттылықты пайдаланады, бірақ Apple немесе оның мазмұн жеткізушілерінің ешқайсысы Қызмет арқылы көрсетілген орын туралы деректердің немесе кез келген басқа деректердің қолжетімділігіне, нақтылығына, толықтығына, сенімділігіне немесе жаңалығына кепілдік бермейді. ОРЫНҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ ТАБУ ЖҮЙЕСІ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛМАҒАН НЕМЕСЕ ОЛ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЕМЕС.

 

          Ә. Find My iPhone

 

Find My iPhone мүмкіндігі iCloud қызметі қосылғанда, iOS 8 немесе одан кейінгі жүйе іске қосылған iOS құрылғыларында автоматты түрде қосылады. Find My iPhone мүмкіндігі iOS 7 немесе одан кейінгі жүйе іске қосылған iOS құрылғыларында қосылғанда, iOS құрылғыңыз Apple ID идентификаторыңызға автоматты түрде байланысады. Біреу (сізді қоса) Find My iPhone мүмкіндігін өшіруі, iCloud қызметінен шығуы, құрылғыны өшіруі немесе белсендіруі алдында Apple ID құпия сөзіңіз қажет болады.  Apple және оның өкілетті агенттері аппараттық құралды немесе бағдарламалық жасақтаманы қолдау қызметтерін, соның ішінде Apple корпорациясының шектеулі кепілдігі астындағы қызметтерді қызметтен бұрын Find My iPhone мүмкіндігін ажыратпасаңыз орындамауы мүмкін.  Apple корпорациясы iOS құрылғыңызды құпия кодпен қорғамағаныңыз, Жоғалу режимін қоспағаныңыз және /немесе ескертулер мен байланыстарды қабылдамағаныңыз немесе оларға жауап бермегеніңіз үшін ешқандай жауапкершілікті қабылдамайды.  Сондай-ақ, Apple корпорациясы iOS құрылғыңызды сізге қайтаруға немесе iOS құрылғыңыздағы деректердің жоғалуы үшін ешқандай жауапкершілікті қабылдамайды.

 

          Б. Сақтық көшірме

 

Қызмет құрылғы экраны құлыпталғанда, қуат көзіне қосылғанда және Интернетке Wi-Fi желісі арқылы қосылғанда iOS құрылғылары үшін автоматты сақтық көшірмелерді жасайды. iCloud соңғы үш сақтық көшірмеңізді сақтайды; дегенмен, құрылғы iCloud қызметіне бір жүз сексен (180) күн бойы сақтық көшірмеленбесе, Apple корпорациясы ол құрылғымен байланысты сақтық көшірмелерді жою құқығын сақтайды. Сақтық көшірме құрылғы параметрлеріне, құрылғы ерекшеліктеріне, фотосуреттер мен бейнелерге, құжаттарға, хабарларға (iMessage, SMS және MMS), рингтондарға, қолданба деректеріне (соның ішінде Health қолданба деректері) орын параметрлеріне (өзіңіз орнатқан орынға негізделген еске салғыштар сияқты) және Home (Басты) экранына және қолданба ұйымына шектеледі. iTunes Store, App Store немесе iBookstore дүкендерінен сатып алынған мазмұн сақтық көшірмеленбейді, бірақ тіркелгі талаптарына, қолжетімділігіне және қолданыстағы шарттар мен талаптарға байланысты жүктеп алу үшін жарамды болуы мүмкін. Компьютерден үндестірілген мультимедиа сақтық көшірмеленбейді. iCloud Photo Library мүмкіндігін қоссаңыз, Photo Library автоматты iCloud сақтық көшірмесінен бөлек сақтық көшірмеленеді. iCloud электрондық поштаңыз, контактілеріңіз, бетбелгілеріңіз бен құжаттарыңыз сақталады және оларды iCloud арқылы құрылғыларда және компьютерлерде ашуға болады. Apple Қызметті қамтамасыз етуде негізді білім мен сәйкес мұқияттылықты пайдаланады, бірақ, ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ РҰҚСАТ ЕТЕТІН ЕҢ ҮЛКЕН АУҚЫМДА APPLE КОРПОРАЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТ АРҚЫЛЫ САҚТАУЫҢЫЗ НЕМЕСЕ АШУЫҢЫЗ МҮМКІН КЕЗ КЕЛГЕН МАЗМҰННЫҢ КЕЗДЕЙСОҚ ЗАҚЫМДАЛМАЙТЫНЫНА, ЖОҒАЛМАЙТЫНЫНА НЕМЕСЕ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ШАРТТАРЫНА САЙ ЖОЙЫЛМАЙТЫНЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ APPLE КОРПОРАЦИЯСЫ ОСЫНДАЙ ЗАҚЫМҒА, БҮЛІНУГЕ, ЖОҒАЛУҒА НЕМЕСЕ ЖОЙЫЛУДЫҢ ОРЫН АЛЫНУЫНА ЖАУАПТЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. Ақпаратыңыз бен деректеріңіздің тиісті балама сақтық көшірмесін сақтау өз жауапкершілігіңіз болып табылады.

 

iCloud Backup мүмкіндігі қосылғанда, үндестіру кезінде құрылғыңыз iTunes қызметіне автоматты түрде сақтық көшірмеленбейді, бірақ iTunes қызметіне сақтық көшірмелеуді қолмен бастауды таңдауыңызға болады.

 

          В. Photos

 

          1.  iCloud Photo Library. iCloud Photo Library мүмкіндігін қосқаныңызда, iOS құрылғысындағы, OS X компьютеріндегі немесе Windows компьютеріндегі («Device Photo Library») Photos қолданбасындағы фотосуреттеріңіз, бейнелеріңіз бен метадеректеріңіз iCloud қызметіне автоматты түрде жіберіледі, Photo Library ретінде iCloud қызметінде сақталады, одан кейін iCloud Photo Library мүмкіндігі қосылған құрылғыларыңыз бен компьютерлеріңіздің барлығына жіберіледі. Кейінірек осы құрылғыларда немесе компьютерлерде Device Photo Library қалтасына өзгертулер (жоюды қоса) жасасаңыз, өзгертулеріңіз iCloud Photo Library қызметіне автоматты түрде жіберіледі және онда көрінеді. Сондай-ақ, бұл өзгертулер iCloud қызметінен iCloud Photo Library мүмкіндігі қосылған құрылғыларыңыз бен компьютерлеріңіздің барлығындағы Device Photo Library қалтасына жіберіледі және онда көрінеді. My Photo Stream немесе iCloud Photo Sharing мүмкіндігін пайдалансаңыз, құрылғыға немесе компьютерге қосылған кез келген жаңа фотосурет iCloud қызметіне жіберіледі және басқа My Photo Stream мүмкіндігі қосылған немесе iCloud Photo Sharing мүмкіндігі қосылған құрылғыларға немесе компьютерлерге автоматты түрде жіберіледі. Құрылғыдағы немесе компьютердегі Photo Library қалтасындағы мазмұнның ажыратымдылығы қолжетімді жад көлеміне және iCloud-Photo-Library мүмкіндігі қосылған iOS құрылғыңыз немесе компьютеріңіз үшін таңдалған жадты басқару параметріне байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз. iCloud Photo Library мүмкіндігін пайдаланғыңыз келмесе, iCloud Photo Library мүмкіндігі қосылған iOS құрылғыларыңыздың немесе компьютерлеріңіздің барлығында iCloud Photo Library мүмкіндігін өшіруіңізге болады.

 

          2. My Photo Stream. iCloud қызметінің My Photo Stream мүмкіндігін пайдаланғаныңызда, Apple корпорациясы iOS құрылғыңызда түсірілген немесе компьютерден кері жүктелген фотосуреттеріңізді шектеулі уақыт бойы сақтауы және фотосуреттеріңізді My Photo Stream мүмкіндігі қосылған басқа Apple iOS құрылғыларыңызға немесе компьютерлеріңізге автоматты түрде жіберуі мүмкін. Фотосуреттердің шектеулі санының бұлтта немесе құрылғыларыңызда кез келген бір уақытта сақталуы мүмкін екенін және ескі фотосуреттердің My Photo Stream қалтасынан уақыт өте автоматты түрде жойылатынын ескеріңіз. Белгілі бір құрылғыда тұрақты сақтағыңыз келетін барлық фотосуреттер камера каталогына немесе компьютердегі фотосурет кітапханасына сақталуы тиіс. Фотосурет ажыратымдылығы фотосуреттер жүктелген құрылғыға байланысты өзгеруі мүмкін. My Photo Stream мүмкіндігін пайдаланғыңыз келмесе, My Photo Stream мүмкіндігі қосылған iOS құрылғыларыңыздың немесе компьютерлеріңіздің барлығында My Photo Stream мүмкіндігін өшіруіңізге болады. iCloud Photo Library мүмкіндігін қоссаңыз, құрылғылар мен компьютерлер My Photo Stream қалтасынан деректерді одан әрі жүктемейді, бірақ деректерді My Photo Stream қалтасына кері жүктеуді жалғастырады. Бұл iCloud-Photo-Library мүмкіндігі қосылған құрылғылар мен компьютерлер деректерді қосылмаған құрылғылар мен компьютерлерге жіберетінін білдіреді, ал қосылмаған құрылғылардан және компьютерлерден алынған деректер iCloud Photo Library қалтасына кері жүктелмейді.

 

          3. iCloud Photo Sharing iCloud Photo Sharing мүмкіндігін пайдалану арқылы Apple бөліскен фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді жойғаныңызға дейін үздіксіз сақтайды, ол фотосуреттер мен бейнелерді iCloud Photo Sharing мүмкіндігі қосылған басқа Apple iOS құрылғыларыңыз бен компьютерлеріңізге жібереді және оларды бөліскен адамдарыңыздың iOS құрылғылары мен компьютерлеріне жібереді, оған Family Sharing қосылған жағдайда жанұя мүшелері кіреді. iCloud Photo Sharing мүмкіндігін пайдаланғаныңызда, алушыларыңызға фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді қарауға, сақтауға, көшіруге және бөлісуге, сонымен қатар фотосуреттер мен бейнелерге үлес қосуға және аңғартпалар қалдыруға рұқсат бересіз. Жеке фотосуреттерді, бейнелерді, аңғартпаларды немесе бүкіл ортақ фотосурет ағындарын бөлісуді бірден тоқтату үшін кез келген уақытта жоюыңызға болады, дегенмен, қараушы бұрын құрылғысына немесе компьютеріне сақтаған фотосуреттер мен бейнелер жойылмайды.

 

          Г. Ашық бета нұсқа

 

Мерзімді түрде, Apple корпорациясы бета мүмкіндіктерінің сапасы мен пайдаланылу мүмкіндігі туралы пікірмен Apple корпорациясын қамтамасыз ету мақсатында Ашық бета нұсқа бағдарламасының («Бағдарлама») бөлігі ретінде Қызметтің («Бета мүмкіндіктері») жаңа және/немесе жаңартылған мүмкіндіктерін ұсынуды таңдауы мүмкін. Сіз Бағдарламаға қатысуыңыздың ерікті түрде екенін және оның сіз бен Apple арасында заңды серіктестік, агенттік немесе жұмысқа тұру қатынасын жасамайтынын және Apple сізге ешқандай Бета мүмкіндіктерін беруге міндетті емес екенін түсінесіз және оған келісесіз. Apple мұндай Бета мүмкіндіктерін Бағдарлама қатысушыларына желіде тіркелу немесе Қызмет арқылы тізімге қабылдау бойынша қолжетімді етуі мүмкін. Сіз Apple корпорациясының Тіркелгіңізден, құрылғыларыңыздан және сыртқы құрылғыларыңыздан ақпаратты сізді Бағдарламаға қосу және/немесе қатысуға сәйкес екеніңізді анықтау мақсатында жинауы және пайдалануы мүмкін екенін растайсыз және оған келісесіз. Сіз Бағдарламаға қабылданғаннан кейін берілген Бета мүмкіндігінің алдыңғы бета емес нұсқасына қайта алмауыңыз мүмкін екенін түсінесіз. Осындай қайтару мүмкін болған жағдайда Бета мүмкіндігінде жасалған деректерді алдыңғы бета емес нұсқаға көшіре алмайсыз. Сіздің Бета мүмкіндіктерін пайдалануыңыз бен Бағдарламаға қатысуыңыз осы Келісім және Бета мүмкіндіктерімен бөлек берілуі мүмкін барлық қосымша лицензия шарттарымен басқарылады. Бета мүмкіндіктері «СОЛ ҚАЛПЫНДА» және «ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛҒАНДА» негізінде қамтамасыз етіледі және онда қосылған құрылғыдан және сыртқы құрылғылардан (соның ішінде, шектеусіз, серверлер мен компьютерлер) деректердің және/немесе ақпараттың қателерін, бүлінуін немесе жоғалуын тудыруы мүмкін белгілі бір қателерді немесе ұқыпсыздықты қамтуы мүмкін. Apple кез келген Бағдарламаға қатысудан бұрын құрылғыңыздағы және кез келген сыртқы құрылғыларыңыздағы барлық деректер мен ақпаратты сақтық көшірмелеуді қатаң ұсынады. Сіз Бета мүмкіндіктерін пайдалануыңыздың барлығы тек өз тәуекеліңіз екенін түсінесіз және оған келісесіз. СІЗ КЕЗ КЕЛГЕН БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУЫҢЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАРЛЫҚ ҚАТЕРЛЕР МЕН БАРЛЫҚ ҚҰНДАРДЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ, ШЕКТЕУСІЗ, БАРЛЫҚ ИНТЕРНЕТКЕ ҚАТЫНАС АҚЫЛАРЫН, САҚТЫҚ КӨШІРМЕ ШЫҒЫНДАРЫН, ҚҰРЫЛҒЫҢЫЗДЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫҢЫЗДЫ ПАЙДАЛАНУДАН ТУЫНДАҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ЖӘНЕ КЕЗ КЕЛГЕН ЖАБДЫҚҚА, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА, АҚПАРАТҚА НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРГЕ КЕЛГЕН БАРЛЫҚ ЗАҚЫМДЫ ҚАБЫЛДАЙСЫЗ. Apple Бета мүмкіндіктері үшін техникалық және/немесе басқа қолдауды қамтамасыз етуі мүмкін немесе етпеуі мүмкін. Қолдау қамтамасыз етілген жағдайда, ол Қызмет үшін қалыпты қолдау ауқымына қосымша болады және тек Бағдарлама арқылы қол жетімді болады. Сіз Apple корпорациясы сізге осы қолдауды алу үшін қамтамасыз ететін барлық қолдау ережелеріне немесе саясаттарына жүгінуге келісесіз. Apple кез келген уақытта ескертумен немесе ескертусіз Бағдарламаның шарттарын, талаптарын немесе саясаттарын өзгерту (соның ішінде Бағдарламаны тоқтату) құқығын сақтайды және кез келген уақытта Бағдарламаға қатысуыңызды тоқтатуы мүмкін. Сіз Apple корпорациясының Бета мүмкіндіктерінің коммерциялық нұсқасын қамтамасыз етуге міндетті емес екенін және осындай коммерциялық нұсқа қолжетімді етілген жағдайда, онда Бета мүмкіндіктерінде болғаннан басқа мүмкіндіктер немесе функциялар болуы мүмкін екенін түсінесіз. Бағдарламаның бөлігі ретінде Apple Бета мүмкіндіктерін пайдалануыңызға қатысты аңғартпалар, ұсыныстар немесе басқа пікірлер жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сіз қарсылыққа бөлек жазбаша келісімнің болмау жағдайында Apple корпорациясының кез келген мақсатта сіз берген барлық пікірді еркін пайдалана алатынына келісесіз.

 

          Ғ. Family Sharing. Family Sharing мүмкіндігін Тіркелгіде қоссаңыз, Apple белгілі бір iTunes, iBooks және App Store сатып алуларын және iCloud мазмұныңызды, соның ішінде, мысалы,ортақ күнтізбелеріңізді, ортақ фотосуреттеріңізді және орныңызды (қосылған болса) жанұя мүшелеріңізбен бөлісе алады. Сатып алуларды бөлісуге қатысты қосымша ақпарат алу үшін iTunes шарттары мен талаптарын http://www.apple.com/legal/internet-services/itunes/ww/ торабынан қараңыз.

 

          Д. Пошта жәшігі. Сізде iCloud тіркелгісі болса және тіркемелері бар электрондық пошта жіберу үшін OS X Mail немесе iCloud Webmail қызметін пайдалансаңыз, iCloud немесе басқа электрондық пошта қызметтерін пайдаланатыныңызға қарамастан, файлдардың үлкен тасымалдарын жеңілдету үшін сіз Apple корпорациясына жоғарғы шегі 5 ГБ болатын хабардың өлшемі тіркемелердің өлшемін қоса 20 МБ-тан үлкен болатын электрондық пошталар үшін тіркемелерді iCloud қызметінде уақытша сақтауға рұқсат бересіз. Сондай-ақ, сіз Apple корпорациясына электрондық пошталарды алушыларға файл тіркемелеріне сілтемелермен жеткізуге рұқсат беруге келісесіз. Алушы OS X 10.10 немесе одан кейінгі нұсқасын пайдаланса, OS X Mail тіркемелерді автоматты түрде жүктеп алады. Жіберуші ретінде сіз және барлық алушылар электрондық пошталар мен тіркемелерді жіберу және алу жолындағы айтарлықтай өзгерісті байқауы тиіс. Үлкен электрондық пошта тіркемелерінің уақытша сақталуы сіздің сақтау шегіңізге қарай есептелмейді. Бұл тіркемелерде жарамдылық мерзімі бітетін күн болады. Жарамдылық мерзімі біткен уақытта ол тіркемелер жүктеп алу үшін одан әрі қолжетімді болмайды. Пошта жәшігін пайдаланудан кез келген уақытта бас тарта аласыз.

 

          Е. Үшінші тарап қолданбалары. iCloud тіркелгіңізді белгілі бір үшінші тарап Қолданбаларына кіру үшін пайдалансаңыз, сол Қолданбаға деректерді жеке iCloud тіркелгіңізде сақтауға және Apple корпорациясына осындай деректерді Қызметті және осындай Қолданбаларды пайдалануыңыз үшін жинауға, сақтауға және өңдеуге рұқсат беруге келісесіз. Қолданбалар жеке iCloud тіркелгіңізде сақтайтын деректер сақтау шегіңізге қарай саналмайды.  Мұндай деректер бірдей Қолданба әзірлеушісінен жүктеп алынған басқа Қолданбамен ортақ пайдаланылуы мүмкін. 

 

          Ё. iCloud тек Интернеттегі тіркелгісі.  Қызметке Apple бренді емес құрылғыда немесе компьютерде тек Интернет тіркелгісімен жазылсаңыз, сізде Қызмет функциясының тек шектеулі жиынына кіруге рұқсат болады. Қызметке тек Интернет тіркелгісімен кіру жағдайында, осы Келісімде табылған барлық қатысты шарттар мен талаптарға, соның ішінде, шектеусіз, Қызметті пайдалануға арналған барлық талаптарға, пайдалану бойынша шектеулерге, қолжетімділікке, ашық бета нұсқасына, кепілдіктерден бас тартуға, мазмұныңызға қатысты ережелерге және басқару мен тоқтатуға келісесіз. Тек Интернет пайдаланушылары үшін қолжетімді мүмкіндіктерге қатысты осы Келісімде табылған шарттар сізге қолданылмайды.   Бұларға, мысалы, орынға негізделген қызметтерді пайдалану және iCloud жад жаңартулары үшін ақылар төлеу жатады. Әрі қарай сіз тек Интернет тіркелгіңізге Apple брендті құрылғыдан немесе Apple брендті компьютерден келесіде кірсеңіз, осындай құрылғыны немесе компьютерді иеленетін не иеленбейтініңізге қарамастан, Apple тек Интерент тіркелгіңізді толық iCloud тіркелгісіне автоматты түрде жаңартуы және сізге Қызметтің барлық қолжетімді функциясын, соның ішінде артқан тегін жад сыйымдылығын қамтамасыз етуі мүмкін екеніне келісесіз. Тек Интернет тіркелгіңізге Apple брендті құрылғыдан немесе Apple брендті компьютерден кіруді таңдасаңыз және Қызметтің толық функциясына әрі қарай жаңартылсаңыз, осында берілген шарттар мен талаптардың барлығы Қызметті пайдалануыңызға қолданылатынына келісесіз. Толық iCloud тіркелгіңіз болмаса, тек Интернет тіркелгіңізге Apple брендті құрылғыдан немесе компьютерден кірмеңіз.

 

III. ЖАЗЫЛЫМ ЖАДЫНЫҢ ЖАҢАРТУЛАРЫ

 

Қосымша жад жазылым негізінде сатып алу үшін қолжетімді.

 

Құрылғыдағы немесе компьютердегі жадты жаңарту арқылы Apple корпорациясы қайталанатын негізде Apple ID (мысалы, iTunes Store, App Store немесе қолжетімді болса, iBookstore дүкенінде сауда жасау үшін пайдаланатын төлем әдісіңіз) идентификаторымен байланыстырылған төлем әдісінен автоматты түрде ақы алады. Жанұя ұйымдастырушысы болсаңыз, сіз Apple корпорациясының жадын жаңартқан Жанұя мүшелері үшін қайталанатын негізде төлем әдісінен ақы алуына келісесіз. Сондай-ақ, Apple корпорациясы транзакцияның сомасына дейінгі сома үшін алдын ала мақұлдау алуы және сізге шот жіберу еске салғыштары және басқа жадқа қатысты байланыстар үшін Apple ID идентификаторыңызбен байланыстырылған электрондық пошта мекенжайына электрондық пошта арқылы мерзімді түрде хабарласуы мүмкін.  

 

Жазылымыңызды құрылғыңыздың Параметрлеріндегі iCloud бөлімі астында немесе компьютердегі Mac немесе iCloud басқару панеліндегі Жүйе теңшелімдерінің iCloud тақтасында жадты жаңарту немесе төмендету арқылы өзгерте аласыз.

 

Жаңартылған жад жоспары үшін қолданылатын жад ақысы бірден күшіне енеді; жад жоспарыңызға төмендетулер келесі жылдық немесе айлық шот жіберу күнінде күшіне енеді. СІЗ БАРЛЫҚ АҚЫЛАРДЫҢ УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕНУІ ЖӘНЕ APPLE КОРПОРАЦИЯСЫН БАРЛЫҚ АҚЫЛАРДЫ ТӨЛЕУ ҮШІН ЖАРАМДЫ НЕСИЕЛІК КАРТАМЕН НЕМЕСЕ ТӨЛЕМ ТІРКЕЛГІСІНІҢ МӘЛІМЕТТЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ МІНДЕТТІСІЗ. Apple корпорациясы ақыларды мерзімінде несиелік картаңыздан немесе төлем тіркелгіңізден сәтті түрде ала алмаса, Apple сақталған Мазмұныңызға қатынасты тоқтату немесе шектеу, сақталған Мазмұныңызды жою немесе Тіркелгіңізді тоқтату құқығын сақтайды. Егер басқа несиелік карта немесе төлем тіркелгісін тағайындағыңыз келсе немесе несиелік картаңызда немесе төлем тіркелгіңіздің күйінде өзгеріс болса, мәліметтеріңізді желіде iCloud қызметінің Тіркелгі ақпараты бөлімінде өзгертуіңіз керек; Apple корпорациясы жаңа төлем мәліметтерін тексеріп жатқанда, бұл Қызметтерге қатынасыңызды уақытша тоқтатуы мүмкін. Сізге тіркелгіңізге қатысты электрондық пошта арқылы келесі себептер үшін, соның ішінде, шектеусіз, жад шегіңізге жету немесе одан асу мәселесіне қатысты хабарласуымыз мүмкін. 

 

Сіздің жалпы бағаңыз жаңарту бағасын, оған қоса кез келген қолданыстағы несиелік карта ақыларын және барлық сатулар, тауарлар мен қызметтер бағасын (GST), үстемелі құн (VAT) немесе басқа ұқсас салықты қолданыстағы заң астында және жаңартуды сатып алған кезде күшінде болатын салық мөлшеріне негізделген бағаны қамтиды. Біз салықты Қызметке қатысты салық ережелері астында қажет болған кезде аламыз.

 

IV. Қызметті пайдалануыңыз

 

          A. Тіркелгіңіз

 

Қызметтің тіркелген пайдаланушысы ретінде Тіркелгіні орнатуыңыз керек. Тіркелгіңіздің мәліметтерін басқа ешкімге көрсетпеңіз. Сіз Тіркелгіңіздің құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау және Тіркелгіңізде немесе ол арқылы орындалатын барлық әрекеттер үшін тікелей жауаптысыз және Тіркелгінің қауіпсіздігі бұзылу жағдайында бірден Apple корпорациясына ескертуге келісесіз. Әрі қарай сіз Қызметтің жеке негізде жеке қолданысқа арналғанын және Тіркелгіңізді және/немесе құпия сөз мәліметтерін басқа тұлғамен бөліспеуіңіз керек екенін түсінесіз және оған келісесіз. Біз негізді білім мен сәйкес мұқияттылықты қолданғандықтан, Apple корпорациясы осы ережелерді орындамаудан туындаған Тіркелгіңіздің рұқсатсыз қолданысынан орын алған барлық жоғалуларға жауапты болмайды.

 

Қызметті пайдалану үшін Тіркелгіңіздің түпнұсқалығын растау мақсатында Apple ID мен құпия сөзіңізді енгізуіңіз керек. Тіркелген кезде және Қызметті пайдаланғанда, нақты және толық ақпаратпен («Қызметке тіркелу деректері») қамтамасыз етуге келісесіз және нақты және толық күйде сақтау үшін Қызметке тіркелу деректерін жаңартуға келісесіз. Нақты, ағымдағы және толық Қызметке тіркелу деректерін қамтамасыз етпеу Тіркелгіңіздің уақытша тоқтатылуына және/немесе тоқтатылуына әкелуі мүмкін. Сіз Apple корпорациясы Тіркелгіңізді сақтауда және шот жіберуде пайдалану үшін сіз берген Қызметке тіркелу деректерін сақтауы және пайдалануы мүмкін екеніне келісесіз.

 

          Ә. Басқа Apple өнімдері мен қызметтерін пайдалану

 

Apple және/немесе оның лицензиарлары қамтамасыз еткен Қызметтің нақты компоненттері немесе мүмкіндіктері, соның ішінде, бірақ онымен шектелмейді, алдыңғы сатып алуларды жүктеп алу мүмкіндігі және iTunes Match (қосымша ақылар алынады) бөлек бағдарламалық жасақтаманы немесе басқа лицензия келісімдерін немесе пайдалану шарттарын талап етеді. Қызметтің осы нақты компоненттерін немесе мүмкіндіктерін пайдалану жағдайында кез келген осындай бөлек келісімді оқуыңыз, қабылдауыңыз және оған жүгінуге келісуіңіз керек.

 

          Б. Тасымалдауға болмайды

 

Осы Келісімдегі ешнәрсе сізге Қызметке қатысты сіз пайдаланған Apple ID, электрондық пошта мекенжайы, домен атауы, iChat ID немесе ұқсас ресурс ішінде ешқандай пайда, мәртебе немесе лицензия беруге арналған деп қабылданбауы тиіс.

 

          В. Ешқандай мұраға алу құқығы жоқ

 

Сіз Тіркелгіңіздің тасымалданбайтын екеніне және Тіркелгіңіздегі Apple ID немесе Мазмұн үшін барлық құқықтарыңыз өліміңізге байланысты тоқтатылатынына келісесіз. Өліміңізді растайтын куәлік алынған бойдан Тіркелгіңіз тоқтатылады және Тіркелгіңіздегі барлық Мазмұн жойылады. Басқа көмек үшін iCloud қолдау орталығына www.apple.com/support/icloud торабында хабарласыңыз.

 

          Г. Қызметті қайта сатуға болмайды

 

Сіз Қызметті (немесе оның ешқандай бөлігін) ешқандай мақсатта қайта шығармауға, көшірмеуге, дупликаттамауға, сатпауға, қайта сатпауға, жалға бермеуге немесе саудаламауға келісесіз.

 

V. Мазмұн және сіздің әрекетіңіз

 

          A. Мазмұн

 

«Мазмұн» дегеніміз деректер файлдары, құрылғы ерекшеліктері, жазбаша мәтін, бағдарламалық жасақтама, музыка, сызбалар, фотосуреттер, суреттер, дыбыстар, бейнелер, хабарлар және басқа ұқсас материалдар сияқты Қызметті пайдалану арқылы жасалуы және кездесуі мүмкін кез келген ақпаратты білдіреді. Сіз барлық Мазмұнның, ашық жарияланған немесе Қызметте жеке тасымалданған, осындай Мазмұн жасаған адамның тікелей жауапкершілігінде болатынын түсінесіз. Яғни, Apple корпорациясы емес, сіз өзіңіз кері жүктеген, жүктеп алған, жариялаған, электрондық поштамен жіберген, тасымалдаған, сақтаған немесе басқаша Қызметті пайдалану арқылы қолжетімді еткен барлық Мазмұн үшін тікелей жауапты боласыз. Сіз Қызметті пайдалану арқылы сіз қорлайтын, өрескел немесе қарсылық тудыратын Мазмұнға кездесуіңіз және басқаларды қарсылық тудыруы мүмкін Мазмұнға апаруыңыз мүмкін екенін түсінесіз. Apple Қызмет арқылы жарияланған Мазмұнды басқармайды немесе осындай Мазмұнның дәлдігіне, тұтастығына немесе сапасына кепілдік бермейді. Сіз Қызметті және кез келген Мазмұнды пайдалануыңыз тікелей өз тәуекеліңіз екенін түсінесіз және оған келісесіз.

 

          Ә. Сіздің әрекетіңіз

 

Сіз Қызметті келесі мақсатта пайдалануға БОЛМАЙТЫНЫНА келісесіз:

 

а. заңсыз, мазаны алатын, қорқытатын,зиянды, қорлайтын, тіл тигізетін, жала жабатын, дұрыс емес, дөрекі, анайы, басқа біреудің құпиялылығына нұқсан келтіретін, жағымсыз, нәсілдік немесе этникалық қорлайтын немесе басқаша қарсылық тудыратын кез келген Мазмұнды кері жүктеу, жариялау, электрондық поштамен жіберу, тасымалдау, сақтау немесе басқаша қолжетімді ету;

 

ә. біреуді төмендету, мазалау, қорқыту немесе оған зиян келтіру;

 

б. ересек адам болсаңыз, өзіңізге таныс емес кіші адамнан (жасы 18-ге толмаған кез келген адам немесе жергілікті заң жас адам деп анықтайтын басқа жастағы адам) жеке немесе басқа мәліметтерді, соның ішінде, бірақ онымен шектелмейді, келесі мәліметтердің кез келгенін сұрау: толық атын немесе тегін, үй мекенжайын, пошталық кодын, телефон нөмірін, суретін немесе жас адамның мектебінің, шіркеуінің, гимнастикалық топ атауын немесе достарының аттарын.

 

в. біреу болып көріну немесе басқа тұлға болу — өзіңізді басқа адам ретінде көрсетпеу (атақтыларды қоса), тұлға, басқа iCloud пайдаланушысы, Apple қызметкері немесе азаматтық немесе мемлекеттік лидер, не болмаса, басқа тұлғамен бірлесу (Apple сіздің өз басыңызды дұрыс көрсетпеуіңіз немесе анықтамауыңыз немесе басқа адамның атын немесе жеке бас куәлігін иемденуіңіз анықталғанда барлық Apple ID немесе электрондық пошта мекенжайыңызды құрсаулау құқығын сақтайды);

 

г. кез келген авторлық құқықты бұзуға немесе басқа мүліктік құқықты бұзуға (соның ішінде, кері жүктеуге құқығыңыз жоқ мазмұнды кері жүктеу) немесе құпиялылықты, қызметке алу немесе жариялауға болмайтын келісімді бұзатын қандай да бір сауда құпиясын жариялауға қатысу;

 

ғ. рұқсатсыз электрондық пошта хабарларын, жарнамаларды, акциялық материалдарды, көлемді поштаны, спамды немесе тізбекті хаттарды, соның ішінде, шектеусіз, жаппай коммерциялық жарнамалауды және ақпараттық хабарландыруларды жариялау, жіберу, тасымалдау немесе басқаша қолжетімді ету;

 

д. электрондық поштадағы немесе жаңалықтар тобындағы хабарлардағы тақырып ақпаратының TCP-IP пакет тақырыбын немесе кез келген бөлігін ойлап табу немесе басқаша Қызмет арқылы тасымалданған кез келген Мазмұнның түпнұсқасы сияқты алушыларды шатыстыруға арналған тақырыпқа ақпаратты қою (спуфинг-алааяқтық);

 

е. құрамында вирустар немесе кез келген басқа компьютер коды, Қызметтің (немесе оның кез келген бөлігінің) қалыпты жұмысына зиян келтіру, кедергі келтіру немесе шектеу мақсатында жасалған файлдар немесе бағдарламалар немесе кез келген басқа компьютер бағдарламалық жасақтамасы немесе аппараттық құрал бар материалды кері жүктеу, жариялау, электрондық поштамен жіберу, тасымалдау, сақтау немесе басқаша қолжетімді ету;

 

ё. Қызметке (соның ішінде, Қызметке шрифтер немесе веб-жолақтар сияқты автоматты жолмен кіру) немесе Қызметке қосылған кез келген серверлерге немесе желілерге не Қызметке қосылған желілердің саясаттарына, талаптарына немесе ережелеріне (соның ішінде деректерді немесе трафикті рұқсатсыз ашу, пайдалану немесе бақылау) кедергі келтіру немесе үзу;

 

ж. кез келген заңсыз әрекетті жоспарлау немесе оған қатысу; және/немесе

 

з. басқа тыйым салынған әрекеттердің кез келгенімен пайдалану мақсатында Қызметтің басқа пайдаланушыларының жеке мәліметтерін жинау және сақтау.

 

          Б. Мазмұнды жою

 

Сіз Apple корпорациясының басқалар қамтамасыз еткен кез келген Мазмұны үшін жауапты болмайтынын және мұндай Мазмұнды алдын ала тексеруге міндетті емес екенін түсінесіз. Дегенмен, Apple Мазмұнның осы Келісімге сәйкес екенін анықтау құқығын барлық уақытта сақтайды және осындай Мазмұн осы Келісімді бұзады деп табылса немесе басқаша күдік туғызса, алдын ала ескертусіз және өз қарауымен Мазмұнды кез келген уақытта алдын ала бақылауы, жылжытуы, одан бас тартуы, өзгертуі және/немесе жоюы мүмкін.

 

          В. Мазмұныңызды сақтық көшірмелеу

 

Кез келген маңызды құжаттарды, суреттерді немесе Қызмет арқылы сақтайтын немесе ашатын басқа Мазмұнды жеке компьютеріңізге немесе басқа құрылғыға сақтық көшірмелеуге міндеттісіз. Apple Қызметті қамтамасыз етуде негізді білім мен сәйкес мұқияттылықты пайдаланады, бірақ Apple сіз Қызмет арқылы сақтауыңыз немесе ашуыңыз мүмкін Мазмұнның байқаусызда зақымдалмауына, бүлінбеуіне немесе жоғалмауына кепілдік бермейді.

 

          Г. Тіркелгіңізге және мазмұныңызға кіру

 

Apple осы Келісімнің кез келген бөлімімен сәйкестікті ендіру және/немесе тексеру үшін қажет немесе тиісті деп тапқан қадамдарды орындау құқықтарын Apple корпорациясы сақтайды. Сіз Apple корпорациясының сізге жауапкершіліксіз, Тіркелгі мәліметтеріңіз бен Мазмұныңызға Apple осындай кіру, пайдалану, жариялау немесе сақтау келесі әрекеттер үшін қажет деп тапса кіретінін, пайдаланатынын, сақтайтынын және/немесе заңды органдарға, мемлекеттік органдарға және/немесе үшінші тарапқа, Apple негізді түрде қажет немесе тиісті, немесе заңды түрде солай істеу талап етілсе жариялайтынын түсінесіз және оған келісесіз: (a) заңды процеске немесе сұрауға сай болу; (ә) осы Келісімді ендіру, соның ішінде оның қандай да бір ықтимал бұзылуын зерттеу; (б) қауіпсіздік, алдау немесе техникалық мәселелерін анықтау, болдырмау немесе басқаша қарастыру; немесе (в) Apple корпорациясының, оның пайдаланушыларының немесе қоғамның құқықтарын, мүлкін немесе қауіпсіздігін заңда талап етілген немесе рұқсат етілген жолмен қорғау.

 

          Ғ. Авторлық құқық ескертуі - DMCA

 

Егер Қызметті пайдаланып біреудің авторлық құқығыңызды талап ететін кез келген Мазмұнды бұзғанына сенімді болсаңыз, Apple корпорациясының авторлық құқық агентіне http://www.apple.com/legal/trademark/claimsofcopyright.html торабындағы Авторлық құқық саясатымызда сипатталғандай хабарласыңыз. Apple өз қарауымен қайталап бұзу деп табылған пайдаланушылардың Тіркелгілерін уақытша тоқтатуы және/немесе тоқтатуы мүмкін.

 

          Д. Осы Келісімді бұзу

 

Қызметті пайдалану кезінде дұрыс емес немесе осы Келісімді бұзатын Мазмұнды кездестірсеңіз, ол туралы abuse@iCloud.com мекенжайына электрондық пошта жіберіп хабарлауыңызға болады.

 

          Е. Қызметте сіз жіберген немесе қолжетімді еткен Мазмұн

 

1. Сізден Лицензия. Сізге лицензия беретін материалдан басқа, Apple корпорациясы сіз Қызметте жіберетін немесе қолжетімді ететін материалдардың және/немесе Мазмұнның иеленушісі болуды талап етпейді. Дегенмен, осындай Мазмұнды ортақ немесе осындай Мазмұнды бөлісуге келісім берген басқа пайдаланушылар кіре алатын Қызмет аймақтарына жіберу немесе жариялау арқылы сіз Apple корпорациясына осындай Мазмұнды сізге ешқандай төлемсіз немесе міндетсіз осындай Мазмұн жіберілген немесе қол жетімді етілген мақсат үшін Қызметте пайдалану, тарату, қайта шығару, өзгерту, бейімдеу, ашық орындау және көрсету үшін дүниежүзілік, ақысыз, жалғыз емес лицензия бересіз. Сіз жіберген немесе жариялаған кез келген Мазмұнға тікелей жауапты екеніңізге, кез келген басқа тараптың құқықтарын бұзбайтынына немесе ешқандай заңдарды бұзбайтынына, заңсыз әрекетке немесе басқаша дөрекі, қарсылық көрсететін немесе талғамсыз әрекетке үлес қоспайтынына немесе оны қолдамайтынына жауапты екеніңізге келісесіз. Осындай Мазмұнды ортақ немесе басқа пайдаланушылар кіре алатын Қызмет аймақтарына жіберу немесе жариялау арқылы сіз өзіңіздің осындай материалдың иесі екеніңізді және/немесе оны таратуға барлық құқықтарыңыз, лицензияларыңыз және рұқсатыңыз бар екенін көрсетесіз.

 

2. Мазмұнға жасалған өзгертулер. Сіз Қызметті қамтамасыз ету және Мазмұныңызды онда қолжетімді ету мақсатында Apple корпорациясы Мазмұныңызды түрлі ашық желілерге, түрлі құралға таратуы және қосылатын желілердің немесе құрылғылардың не компьютерлердің техникалық талаптарына сай болу үшін Мазмұныңызды өзгертуі мүмкін екенін түсінесіз. Сіз осындағы лицензияның Apple корпорациясына осындай әрекеттерді орындауына рұқсат ететініне келісесіз.

 

3. Сауда белгісі туралы ақпарат. Қызметпен бірге пайдаланылған Apple, Apple логотипі, iCloud, iCloud логотипі және басқа Apple сауда белгілері, қызмет белгілері, сызбалар және логотиптер Apple Inc. корпорациясының сауда белгілері немесе АҚШ-та және/немесе басқа елдерде тіркелген сауда белгілері болып табылады. Apple корпорациясының сауда белгілерінің тізімін мына жерден табуға болады - http://www.apple.com/legal/trademark/appletmlist.html. Қызметпен бірге пайдаланылған басқа сауда белгілері, қызмет белгілері, сызбалар немесе логотиптер өздерінің тиісті иеленушілерінің сауда белгілері болуы мүмкін. Сізге жоғарыда аталған сауда белгілерінің ешқайсысына ешқандай құқық немесе лицензия берілмеген және әрі қарай сіз Қызметте қамтылуы мүмкін барлық меншіктік ескертулерді (соның ішінде сауда белгісі мен авторлық құқық ескертулері) алып тастамауға, жасырмауға немесе өзгертпеуге келісесіз.

 

VI. Бағдарламалық жасақтама

 

          A. Apple корпорациясының меншік құқықтары. Сіз Apple және/немесе оның лицензиарлары Қызметте және оған, соның ішінде, бірақ онымен шектелмейді, сызбаларға, пайдаланушы интерфейсіне, шрифттерге және Қызметті қолдану үшін пайдаланылған бағдарламалық жасақтамаға және Қызметтің бөлігі және/немесе онымен бірге сізге берілген кез келген бағдарламалық жасақтамаға («бағдарламалық жасақтама»), барлық заңды құқықты, мәртебені және мүддені, соның ішінде осында бар, тіркелген не тіркелмеген және дүниежүзінде болуы мүмкін кез келген және барлық зияткерлік меншік құқықтарын иеленетінін түсінесіз және оған келісесіз. Сонымен қатар, сіз Қызметте (соның ішінде Бағдарламалық жасақтама немесе кез келген оның басқа бөлігі) қолданыстағы зияткерлік меншік және басқа заңдар, соның ішінде, бірақ онымен шектелмейді, авторлық құқық заңым арқылы қорғалатын меншіктік және құпия ақпарат бар екеніне келісесіз. Сіз осындай меншіктік ақпаратты немесе материалдарды осы Келісімге сай Қызметті пайдалану мақсатынан басқа ешқандай жолмен пайдаланбауға келісесіз. Қызметтің ешқандай бөлігін осы шарттарда тікелей рұқсат етілгеннен басқа ешқандай пішінде немесе ешқандай жолда қайта шығаруға болмайды.

 

          Ә. Apple корпорациясы беретін лицензия. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІҢ КЕЗ КЕЛГЕН БӨЛІГІН ҚЫЗМЕТТІ ОСЫ КЕЛІСІМДЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЖОЛМЕН ПАЙДАЛАНУДАН БАСҚА ЖОЛМЕН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗАДЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАЛАРҒА ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН, СОНЫҢ ІШІНДЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫ ҮШІН МАТЕРИАЛДЫҚ АЙЫППҰЛ БАР.

 

          Б. Экспортты басқару. Қызметті және Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану, соның ішінде Қызмет арқылы деректерді, бағдарламалық жасақтаманы немесе басқа Мазмұнды тасымалдау, жариялау немесе кері жүктеу Америка Құрама Штаттарының және басқа елдердің экспорт және импорт заңдарына қатысты болуы мүмкін. Сіз барлық қолданыстағы экспорт және импорт заңдары мен ережелеріне сай әрекет етуге келісесіз. Әсіресе, бірақ келесімен шектелмейтін, бағдарламалық жасақтаманы (a) АҚШ тарапынан эмбарго қолданылған елдерге немесе (ә) АҚШ қазынашылық департаментінің арнайы белгіленген азаматтар тізіміндегі немесе АҚШ коммерция департаментінің рұқсаты жоқ адам тізіміндегі немесе заңды тұлға тізіміндегі біреуге экспорттауға немесе қайта экспорттауға болмайды. Бағдарламалық жасақтаманы немесе Қызметті пайдалану арқылы сіз сондай елде немесе тізімде жоқ екендігіңізді мәлімдейсіз және соған кепіл бересіз. Сіз, сондай-ақ, Бағдарламалық жасақтаманы немесе Қызметті АҚШ заңы бойынша рұқсат етілмеген мақсатта, оның ішінде, келесімен ғана шектелмейтін, ракеталық, ядролық, химиялық немесе биологиялық қаруды дамыту, сызу, жасау немесе өндіру бар, пайдаланылмайтынына келісім бересіз. Сіз әрі қарай Тіркелгіңізге алдын ала жазбаша мемлекеттік рұқсатсыз экспорттауға болмайтын деректерді немесе бағдарламалық жасақтаманы, соның ішінде, бірақ онымен шектелмейді, шифрлау бағдарламалық жасақтамасының белгілі бір түрлерін сол рұқсатты алдымен алмастан кері жүктемеуге келісесіз. Бұл қамсыздандыру мен міндет осы Келісімнің тоқтауынан қорғайды.

 

          В. Жаңартулар. Уақыт өте келе, Apple корпорациясы Қызмет пайдаланатын Бағдарламалық жасақтаманы жаңартуы мүмкін. Қызметті пайдалануыңызды жалғастыру үшін мұндай жаңартулар автоматты түрде жүктеліп, құрылғыңызға немесе компьютеріңізге орнатылуы мүмкін. Бұл жаңартулар қате түзетулерін, мүмкіндікті жақсартуларды немесе жақсартуларды, не болмаса Бағдарламалық жасақтаманың толық жаңа нұсқаларын қамтуы мүмкін. 

 

VII. Тоқтату

 

          A. Сіз тарапынан тоқтату

 

Тіркелгіңізді және/немесе Қызметті пайдалануды кез келген уақытта тоқтатуыңызға болады. Құрылғыңызда iCloud қызметін пайдалануды тоқтатқыңыз келсе, құрылғыда «Параметрлер» терезесін ашып, iCloud түймесін түрту және «Тіркелгіні жою» түймесін түрту арқылы iCloud тіркелгіңізді құрылғыдан жоюыңызға болады. Тіркелгіні тоқтату үшін iCloud қолдау орталығына www.apple.com/support/icloud торабында хабарласыңыз. Тоқтатудан бұрын төленген барлық ақылар қайтарылмайды (осы Келісімде тікелей рұқсат етілгеннен басқа), оған тоқтату орын алған шот жіберу жылы үшін алдын ала төленген барлық ақылар. Тіркелгіңізді тоқтату сізді ешқандай жиналған ақыларды төлеу міндетінен босатпайды.

 

          Ә. Apple тарапынан тоқтату

 

Apple кез келген уақытта, белгілі бір жағдайларда және алдын ала ескертусіз Тіркелгіңіздің барлығын немесе бөлігін және/немесе Қызметке кіру рұқсатыңызды бірден тоқтатуы немесе уақытша тоқтатуы мүмкін. Мұндай тоқтатудың себебіне келесілер кіреді: (а) осы Келісімді немесе осында және/немесе Қызметте жарияланған басқа саясаттарды немесе нұсқауларды бұзады; (ә) сіз тарапынан Тіркелгіден бас тарту немесе оны тоқтату сұрауы; (б) заңды күштен, заңды органнан немесе басқа мемлекеттік агенттіктен сұрау және/немесе бұйрық; (в) Қызметтің нұсқасы сізге заңсыз болған немесе болуы мүмкін жағдай; (г) күтпеген техникалық немесе қауіпсіздік мәселелері немесе проблемалары; (ғ) сіздің алдайтын немесе заңсыз әрекеттерге қатысуыңыз; немесе (д) Қызметке қатысты қарыс ақыларыңызды төлемеу. Кез келген мұндай тоқтату немесе уақытша тоқтату Apple тарапынан өз қарауымен жасалады және Apple сізге немесе үшінші тарапқа Тіркелгінің және/немесе Қызметке кірудің осындай тоқтатылуынан немесе уақытша тоқтатылуынан туындауы немесе орын алуы мүмкін барлық зақымдар үшін жауапты болмайды. Оған қоса, Apple корпорациясы Тіркелгіңізбен байланыстырылған мекенжайға электрондық пошта жіберу арқылы Тіркелгіңізді алдын ала ескертумен келесі жағдайларда тоқтатуы мүмкін (a) Тіркелгіңіз бір (1) жыл бойы белсенді болмаған; немесе (ә) Қызметке немесе оның бөлігіне жалпы үзіліс немесе материалдық өзгерту енгізілген. Кез келген мұндай тоқтату немесе уақытша тоқтату Apple тарапынан өз қарауымен жасалады және Apple сізге немесе үшінші тарапқа Тіркелгінің және/немесе Қызметке кірудің осындай тоқтатылуынан немесе уақытша тоқтатылуынан туындауы немесе орын алуы мүмкін барлық зақымдар үшін жауапты болмайды, дегенмен ол барлық алдын ала төленген ақыларды немесе сомалардың сәйкесінше кері төлемін береді. 

 

          Б. Тоқтатудың әсерлері

 

Тіркелгі тоқтатылғаннан кейін Қызметке және оның бөлігіне, соның ішінде, онымен шектелмейді, Тіркелгіңізге, Apple ID, электрондық пошта тіркелгіңізге және Мазмұнға кіру мүмкіндігіңізді жоғалтасыз. Оған қоса, уақыт мерзімінен кейін, Apple тіркелгілерде немесе оның бөлігі ретінде сақталған ақпарат пен деректерді жояды. Бөлек бағдарламалық жасақтама лицензияларының келісімдеріне қатысты пайдаланған болуыңыз мүмкін Қызметтің барлық жеке компоненттері де осы лицензия келісімдеріне сай тоқтатылады.

 

VIII. Сілтемелер және басқа үшінші тарап материалдары

 

Белгілі бір Мазмұн, Қызметтің компоненттері немесе мүмкіндіктері үшінші тараптардан материалдарды және/немесе басқа веб-тораптарға, ресурстарға немесе Мазмұнға еренсілтемелерді қамтуы мүмкін. Apple осындай үшінші тарап тораптарын және/немесе материалдарын басқармайтын болғандықтан, сіз Apple корпорациясының осындай тораптардың немесе ресурстардың қолжетімділігі үшін жауапты емес екенін және осындай тораптардың немесе материалдардың дәлдігін бағаламайтынын немесе оған кепілдік бермейтінін және осындай тораптардағы немесе ресурстардағы барлық Мазмұн, жарнама, өнімдер немесе материалдар үшін жауапты емес екенін түсінесіз және оған келісесіз. Одан әрі, сіз Apple осындай Мазмұнға, жарнамаға, өнімдерге немесе материалдарға байланысты пайдалану және/немесе оларға сену нәтижесінде тікелей немесе жанама орын алған немесе орын алды деп мәлімдеген барлық зақымдарға ешқандай жағдайда жауапты емес екенін түсінесіз және оған келісесіз.

 

Google Maps қызметі

 

Google Maps қызметін пайдалану келесі шарттарға қатысты болады: http://maps.google.com/help/terms_maps.html торабында бар Google Maps қызметінің шарттары және http://maps.google.com/help/legalnotices_maps.html торабындағы Google Maps заңды ескертулері.

 

IX. КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТУ; ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

 

КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАР БЕЛГІЛІ БІР КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ҚИЫС ЖАҒДАЙЫНА, ОСЫ СИЯҚТЫ, ОСЫНДАЙ ҚИЫС ЖАҒДАЙЛАР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢМЕН АРНАЙЫ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖАҒДАЙДА РҰҚСАТ ЕТПЕЙДІ, ТӨМЕНДЕ ОРНАТЫЛҒАН ҚИЫС ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ КЕЙБІРІ СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН.

 

APPLE ҚЫЗМЕТТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ НЕГІЗДІ БІЛІМ МЕН СӘЙКЕС МҰҚИЯТТЫЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНАДЫ. КЕЛЕСІ БАС ТАРТУЛАР ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛДІККЕ БАҒЫНАДЫ.

 

APPLE ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ ҮЗІЛІССІЗ НЕМЕСЕ ҚАТЕСІЗ БОЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ, ОНЫ БІЛДІРМЕЙДІ НЕМЕСЕ ОҒАН КЕПІЛ БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ СІЗ УАҚЫТ ӨТЕ КЕЛЕ APPLE КОРПОРАЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТТІ БЕЛГІСІЗ УАҚЫТ МЕРЗІМІ БОЙЫ ЖОЮЫ НЕМЕСЕ ОСЫ КЕЛІСІМДЕГІ ШАРТТАРҒА САЙ ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУЫ МҮМКІН ЕКЕНІНЕ КЕЛІСЕСІЗ.

 

СІЗ ҚЫЗМЕТТІҢ «СОЛ ҚАЛПЫНДА» ЖӘНЕ «ҚОЛЖЕТІМДІ ТҮРДЕ» НЕГІЗІНДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕНІН ТҮСІНЕСІЗ ЖӘНЕ ОҒАН КЕЛІСЕСІЗ. APPLE ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИЛИАЛДАРЫ, ОТАУ КОМПАНИЯЛАРЫ, БАСШЫЛАРЫ, ДИРЕКТОРЛАРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, АГЕНТТЕРІ, СЕРІКТЕСТЕРІ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРДЕГІ БАРЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРДЕН, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙТІН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕРІНЕН, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА САЙ КЕЛУДЕН ЖӘНЕ БҰЗЫЛМАУДАН ТІКЕЛЕЙ БАС ТАРТАДЫ. НАҚТЫ АЙТҚАНДА, APPLE ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИЛИАЛДАРЫ, ОТАУ КОМПАНИЯЛАРЫ, БАСШЫЛАРЫ, ДИРЕКТОРЛАРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, АГЕНТТЕРІ, СЕРІКТЕСТЕРІ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ (I) ҚЫЗМЕТТІК ТАЛАПТАРЫҢЫЗҒА САЙ КЕЛЕТІНІНЕ; (II) ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ УАҚЫТЫЛЫ, ҮЗІЛІССІЗ, ҚАУІПСІЗ НЕМЕСЕ ҚАТЕСІЗ БОЛАТЫНЫНА; (III) ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН АҚПАРАТЫҢЫЗДЫҢ ДӘЛДІГІНЕ НЕМЕСЕ СЕНІМДІЛІГІНЕ; ЖӘНЕ (IV) ҚЫЗМЕТТІҢ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАДАҒЫ БАРЛЫҚ АҚАУЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ ҚАТЕЛЕРДІҢ ТҮЗЕТІЛЕТІНІНЕ ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК ЖАСАМАЙДЫ.

 

APPLE ҚЫЗМЕТТЕ ЖОҒАЛУ, БҮЛІНУ, ШАБУЫЛ, ВИРУСТАР, КЕДЕРГІ, БҰЗЫЛУ НЕМЕСЕ БАСҚА ҚАУІПСІЗДІК БҰЗУ БОЛМАЙТЫНЫН БІЛДІРМЕЙДІ НЕМЕСЕ ОҒАН КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ APPLE ОҒАН ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТАДЫ.

 

ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЖҮКТЕП АЛЫНҒАН НЕМЕСЕ БАСҚАША АЛЫНҒАН БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛҒА СІЗ ӨЗ БАСТАМАҢЫЗБЕН ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛІҢІЗБЕН КІРДІҢІЗ ЖӘНЕ СІЗ ОСЫНДАЙ МАТЕРИАЛДЫ ЖҮКТЕП АЛУДАН ТУЫНДАҒАН ҚҰРЫЛҒЫ, КОМПЬЮТЕР ЗАҚЫМЫНА НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖОҒАЛУЫНА ТІКЕЛЕЙ ЖАУАПТЫ БОЛАСЫЗ. ҚЫЗМЕТТІ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНҒАН МАЗМҰН, ДЕРЕКТЕР НЕМЕСЕ МӘЛІМЕТТЕГІ УАҚЫТ КЕШІКТІРУЛЕРІ, ҚАТЕЛЕР НЕМЕСЕ АҒАТТЫҚТАР ӨЛІМГЕ, ЖЕКЕ БАС ЖАРАҚАТЫНА НЕМЕСЕ АСА КҮШТІ ФИЗИКАЛЫҚ НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПҚА ӘКЕЛУІ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАРДА НЕМЕСЕ ОРТАЛАРДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛМАҒАНЫН НЕМЕСЕ ЛАЙЫҚ ЕМЕСТІГІН ҚОСЫМША РАСТАЙСЫЗ.

 

          ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

 

КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТ ПРОВАЙДЕРЛЕРІ ТАРАПЫНАН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ҚИЫС ЖАҒДАЙЫНА НЕМЕСЕ ШЕКТЕУІНЕ РҰҚСАТ ЕТПЕЙДІ. ОСЫНДАЙ ҚИЫС ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНУЫНА ҚАРАЙ ТӨМЕНДЕ ОРНАТЫЛҒАН ҚИЫС ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІРІ СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН.

 

APPLE ҚЫЗМЕТТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ НЕГІЗДІ БІЛІМ МЕН СӘЙКЕС МҰҚИЯТТЫЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНАДЫ. КЕЛЕСІ ШЕКТЕУЛЕР КЕЛЕСІДЕН ТУЫНДАҒАН ЖОҒАЛУҒА ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ: (A) APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДІ БІЛІМ МЕН СӘЙКЕС МҰҚИЯТТЫЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНБАУЫ; (Ә) APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДӨРЕКІ МҰҚИЯТСЫЗДЫҒЫ, ҚАСАҚАНА ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҒЫ НЕМЕСЕ АЛДАУЫ; НЕМЕСЕ (C) ӨЛІМ НЕМЕСЕ АДАМНЫҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ.

 

APPLE ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИЛИАЛДАРЫ, ОТАУ КОМПАНИЯЛАРЫ, БАСШЫЛАРЫ, ДИРЕКТОРЛАРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, АГЕНТТЕРІ, СЕРІКТЕСТЕРІ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ СІЗГЕ БАРЛЫҚ ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, АРНАЙЫ, РЕТТІК НЕМЕСЕ ӘДЕТТЕГІ ЗАҚЫМДАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ, ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ, ПАЙДАНЫҢ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ, ҚОЛДАНЫСТЫҢ, ДЕРЕКТЕРДІҢ, АУЫСТЫРЫЛАТЫН ТАУАРДЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ ҚҰНЫНЫҢ ЖОҒАЛУ ЗАҚЫМДАРЫ НЕМЕСЕ КЕЛЕСІДЕН ТУЫНДАҒАН МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЖОҒАЛУЫ ҮШІН (APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНА ОСЫНДАЙ ЗАҚЫМДАРДЫҢ ЫҚТИМАЛДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНСА ДА) ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ: (I) ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУ (II) ҚЫЗМЕТКЕ ЖАСАЛҒАН БАРЛЫҚ ӨЗГЕРТУЛЕР НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕМЕСЕ ОНЫҢ БӨЛІГІНІҢ УАҚЫТША НЕМЕСЕ ТҮБЕГЕЙЛІ ТОҚТАТЫЛУЫ; (III) ТАСЫМАЛДАРҒА НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРГЕ РҰҚСАТСЫЗ КІРУ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ ӨЗГЕРТУ; (IV) ҚЫЗМЕТТЕ НЕМЕСЕ ОЛ АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАРДЫҢ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖОЙЫЛУЫ, БҮЛІНУІ НЕМЕСЕ ОЛ АРҚЫЛЫ САҚТАУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЖІБЕРУ НЕ ҚАБЫЛДАУ МҮМКІН БОЛМАУ; (V) ҚЫЗМЕТТЕГІ КЕЗ КЕЛГЕН ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ НЕМЕСЕ ӘРЕКЕТІ; ЖӘНЕ (VI) ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА МӘСЕЛЕ.

 

          КОМПЕНСАЦИЯ

 

Сіз Apple корпорациясын, оның филиалдарын, отау компанияларын, директорларын, лауазымды тұлғаларын, қызметкерлерін, агенттерін, серіктестерін, мердігерлерін және лицензиарларын келесіге қатысты немесе одан туындаған үшінші тарап арқылы жасалған барлық арыздан және талаптан, соның ішінде, негізді адвокат ақыларынан қорғауға, босатуға және оларды шешуге келісесіз: (a) Қызмет арқылы жіберген, жариялаған, тасымалдаған немесе басқаша қолжетімді еткен барлық Мазмұн; (ә) Қызметті пайдалануыңыз; (б) осы Келісімнің сіз тарапынан кез келген бұзылуы; (в) Apple тарапынан осы Келісімнің күдікті бұзылуын зерттеуінің бөлігі ретінде және осы Келісімді бұзу орын алды деп табу немесе солай шешу нәтижесінде орындайтын барлық әрекеті; немесе (г) сіздің басқалардың қандай да бір құқықтарын бұзуыңыз. Яғни, Сіз Apple корпорациясын, оның филиалдарын, отау компанияларын, директорларын, лауазымды тұлғаларын, қызметкерлерін, агенттерін, серіктестерін, мердігерлерін және лицензиарларын оның қандай да бір ақпаратты немесе Мазмұнды жою немесе одан бас тарту шешімінің нәтижесі ретінде немесе Apple корпорациясының осы Келісімнің бұзылуы орын алғаны туралы шешімінің нәтижесі ретінде сізге Қызметке қатынасыңызды уақытша тоқтатуы немесе тоқтатуы туралы немесе күдікті бұзуды зерттеу кезінде кез келген басқа әрекетті орындауы туралы ескертуі үшін сотқа бере алмайсыз. Бұл құқықтан бас тарту және босату осы Келісімде сипатталған немесе қарастырылған барлық бұзушылықтарға қолданылады. Бұл міндет осы Келісімнің және/немесе Қызметтің пайдаланылуының тоқтатылуынан немесе жарамдылық мерзімінің бітуінен кейін күшінде қалады.  Сіз Тіркелгіні пайдаланып Қызметті пайдалану үшін жауапты екеніңізді және осы Келісімнің Тіркелгіңіздің кез келген және барлық қолданысына қолданылатынын түсінесіз. Сіз осы Келісімге сай әрекет етуге және Apple корпорациясын Тіркелгіңізді қолданудан туындаған, осындай қолданыс сізге тікелей бекітілсе де немесе бекітілмесе де, барлық арыздардан және талаптардан қорғауға, босатуға және шешуге келісесіз.

 

X. ЖАЛПЫ

 

          A. Ескертулер

 

Apple сізге Қызметке, соның ішінде осы Келісімге өзгертулерге қатысты ескертулерді iCloud электрондық пошта мекенжайыңызға (және/немесе берілген болса, Тіркелгіңізге байланыстырылған басқа қосымша электрондық пошта мекенжайы) электрондық пошта жіберу, қалыпты пошта арқылы немесе веб-торабымызда және/немесе Қызметте жариялау арқылы қамтамасыз етеді.

 

          Ә. Басқарушы заң

 

Келесі ежеде тікелей қамтамасыз етілген ауқымнан басқа, бұл Келісім және сіз бен Apple арасындағы қатынас Калифорния Штатының заңдары арқылы, оның заңды нұсқаларының қайшылықтарын қоспағанда, басқарылады. Сіз бен Apple корпорациясы осы Келісімнен туындаған кез келген пікірталасты немесе арызды шешу үшін Калифорнияның Санта Клара округінде орналасқан соттардың жеке және арнай юрисдикциясына жіберуге келісесіздер. Егер (a) сіз АҚШ азаматы болмасаңыз; (ә) АҚШ-та тұрмасаңыз; (б) Қызметке АҚШ-тан кірмесеңіз; және (в) сіз төменде анықталған елдердің біреуінің азаматы болсаңыз, осылайша осы Келісімнен туындаған кез келген пікірталастың немесе арыздың заң нұсқаларының ешқандай қайшылығына қарамастан төменде көрсетілген қолданыстағы заң арқылы басқарылатынына келісесіз және осылайша төменде анықталған штатта, провинцияда немесе елде орналасқан соттардың арнайы емес юрисдикциясына қайтарусыз жібересіз, олардың заңы келесілерді басқарады:

 

Егер сіз қандай да бір Еуропалық Одақ елінің немесе Швейцарияның, Норвегияның немесе Исландияның азаматы болсаңыз, басқарушы заң және форум әдеттегі тұрғылықты жердің заңдары және соттары болады.

 

Осы Келісімге қосымшадан арнайы алынғаны — Халықаралық Тауар сату бойынша Біріккен Ұлттар Келісімі ретінде белгілі заң.

 

          Б. Толық келісім

 

Бұл Келісім сіз бен Apple арасындағы толық келісімді құрайды, сіздің Қызметті падалануыңызды басқарады және сіз бен Apple арасында Қызметке қатысты жасалған барлық алдыңғы келісімдерді толық ауыстырады. Сондай-ақ, сіз филиал қызметтерін, үшінші тарап мазмұнын немесе үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасын пайдаланғанда, қолданылуы мүмкін қосымша шарттар мен талаптарға бағынуыңыз мүмкін. Осы Келісімнің қандай да бір бөлігі жарамсыз немесе заңды күші жойылған деп табылса, ол бөлік тараптардың бастапқы мүдделерін мүмкіндігінше жақын көрсету үшін қолданыстағы заңға сай жолмен қаралады, ал қалған бөліктері толық күшінде қалады. Apple корпорациясының осы Келісімнің кез келген құқығын немесе шартын қолданбауы немесе ендірмеуі осындай құқықтан немесе шарттан бас тарту болып табылмайды. Сіз, осы Келісімде басқаша тікелей қамтамасыз етілмегеннен басқа жағдайда, осы келісімге ешқандай үшінші тарап бенефициары болмауы керектігіне келісесіз.

 

          В. Осында пайдаланылған «Apple» мағынасы:

 

• Apple Inc., 1 Infinite Loop, Cupertino, California мекенжайында орналасқан, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкадағы (Канада қосылмайды), сонымен қатар Америка Құрама Штаттарының территориялары мен меншігіндегі аймақтардағы; және Солтүстік Америкадағы, Оңтүстік Америкадағы және Кариб теңізі аймақтарындағы Француз және Британ меншігіндегі аймақтардағы пайдаланушыларға арналған;

 

• Apple Canada, 7495 Birchmount Road, Markham, ON L3R 5G2 мекенжайында орналасқан, Қанададағы немесе оның территориялары мен меншігіндегі аймақтардағы пайдаланушыларға арналған;

 

• iTunes K.K., Roppongi Hills, 6-10-1 Roppongi, Minato-ku, Tokyo 106-6140, Tokyo мекенжайында орналасқан, Жапониядағы пайдаланушыларға арналған;

 

• Apple Pty Limited, Level 13, Capital Centre, 255 Pitt Street, Sydney NSW 2000, Australia мекенжайында орналасқан, Австралиядағы, Жаңа Зеландиядағы, соның ішінде аралдың меншігіндегі аймақтардағы пайдаланушыларға арналған; және

 

• Apple Distribution International, Hollyhill Industrial Estate, Hollyhill, Cork, Republic of Ireland мекенжайында орналасқан, барлық пайдаланушыларға арналған. Apple атауы Apple Distribution International атауын білдіретін территориялардағы пайдаланушыларға арналған, iTunes S.à r.l, 31-33, rue Sainte Zithe, L-2763 Luxembourg мекенжайында орналасқан, ол Apple Distribution International ұсынатын Қызметтер үшін жазылым жадын жаңарту қызметтерінің сатушысы болады. Apple Distribution International Қызметтердің оператор және деректер басқарушысы болады.

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАУ

 

Қызметті пайдалануыңызға келісімдерге кіру және/немесе электрондық түрде транзакциялар жасау мүмкіндігі кіреді. СІЗ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖІБЕРІЛІМДЕРІҢІЗДІҢ КЕЛІСІМІҢІЗДІ ҚҰРАЙТЫНЫН ЖӘНЕ ОСЫНДАЙ КЕЛІСІМДЕР МЕН ТРАНЗАКЦИЯЛАРҒА МІНДЕТТІ БОЛАТЫНЫҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӨЛЕЙТІНІҢІЗДІ РАСТАЙСЫЗ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖІБЕРІЛІМДЕРГЕ МІНДЕТТІ БОЛАТЫН КЕЛІСІМІҢІЗ БЕН МҮДДЕЛІГІҢІЗ ОСЫ ҚЫЗМЕТКЕ, СОНЫҢ ІШІНДЕ БАС ТАРТУ ЕСКЕРТУІ, САЯСАТТАР МЕН ҚОЛДАНБАЛАРҒА ЕНГІЗЕТІН БАРЛЫҚ ТРАНЗАКЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖАЗБАЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАДЫ. Электрондық жазбаларыңызға кіру және оларды сақтау үшін сізден өзіңіз тікелей жауапты болатын белгілі бір аппараттық құрал және бағдарламалық жасақтама талап етілуі мүмкін.

 

Соңғы өзгертілген күні: 20 қазан, 2014