ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР
GAME CENTER СЕРВИСІ («ОЙЫН ОРТАЛЫҒЫ»)
МӘТІНІ ТӨМЕНДЕ БЕРІЛГЕН ЗАҢ КЕЛІСІМІ (ӘРІ ҚАРАЙ КЕЛІСІМ) СІЗДІҢ GAME CENTER СЕРВИСІН ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗДЫ РЕТТЕЙДІ. СІЗДІҢ ТӨМЕНДЕ БЕРІЛГЕН ШАРТТАРМЕН ТАНЫСҚАНЫҢЫЗ ЖӘНЕ СОЛАРҒА КЕЛІСКЕНІҢІЗ МАҢЫЗДЫ. «ҚАБЫЛДАЙМЫН» (AGREE) БАТЫРМАСЫН БАСЫП, СІЗ СЕРВИСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ НЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ШЕШІМ ҚАБЫЛДАҒАН ЖАҒДАЙДА, СІЗДІҢ ШАРТТАРДЫ ҚОЛДАНУҒА КЕЛІСІМІҢІЗДІ БІЛДІРЕСІЗ. ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ШАРТТАРЫ ПАЙДАЛАНУШЫҒА ЖӘНЕ ОНЫҢ АТА-АНАСЫНА (ҚАМҚОРШЫСЫНА) ТҮСІНІКТІ БОЛУЫ ҮШІН, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ОСЫ КЕЛІСІММЕН АТА-АНАСЫМЕН (ҚАМҚОРШЫСЫМЕН) БІРГЕ ТАНЫСУЫ ТИІС.
Apple Inc. компаниясы ойындарға және, мәселен, көшбасшылардың турнирлік кестелеріне қатысу секілді соларға байланысты шараларға және бірнеше қатысушылармен ойындарға қатысу, қол жеткен нәтижелерді бақылауға мүмкіндік беретін Game Center сервисін (әрі қарай Сервис) ұсынады. Сервиске кез-келген аумақта қол жеткізе алмауыңыз мүмкін. Сервисті пайдалану заманауи құрылғылардың, Интернет желісінің және белгілі бір бағдарламалық қамтамасыз етудің бар болуын талап етеді ( кейбіреулері үшін ақы алынуы мүмкін); сонымен бірге, бағдарламалық қамтамасыз етуді оқтын-оқтын жаңарту талап етілуі мүмкін; бұл факторлар Сервисті пайдаланудың деңгейіне ықпал етуі мүмкін.
Сервисті пайдалануды Сіз бұған АҚШ заңдарына және басқа мемлекеттердің, соның ішінде Сіз тұратын мемлекеттің не Сіз Сервисті пайдаланатын мемлекеттің қолданылатын заңнамасына сәйкес тыйым салынбаған болса ғана іске асыра аласыз. Осы Келісімді қабылдай отырып, Сіз жоғарыда берілгендерді түсінетініңізді және соларға келісетініңізді мәлімдейсіз.
ЕСЕПТІК ЖАЗБА
Сервистің тіркелген пайдаланушысы ретінде Сіз төменде берілген Пайдалану ережелеріне сәйкес есептік жазба (әрі қарай Есептік жазба) аша аласыз. Сіздің Есептік жазба туралы ақпаратты ешкімге жария етпегеніңіз жөн. Сіз өзіңіздің Есептік жазбаңыздың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және Есептік жазбада және сол арқылы жасалған барлық әрекеттер үшін толық жауапкершілік көтересіз және Сіз Есептік жазбаға байланысты қауіпсіздік нормаларының барлық бұзылушылықтары туралы Apple компаниясына дереу хабарлауға міндет аласыз. Apple компаниясы Есептік жазбаның рұқсатсыз пайдаланылуының нәтижесіндегі шығындар үшін жауапкершілік көтермейді.
Сіз Сервисті пайдалану үшін тіркеу кезінде де, оны пайдаланудың кез-келген сатыларында да сұралатын дәл және толық ақпаратты беруге міндет аласыз; сонымен қатар Сіз өзіңіздің тіркеу деректеріңіздің дәл және толық болуы үшін оларды жаңартуға міндет аласыз. Сіз Apple компаниясының Есептік жазбаны жүргізу үшін Сіздің тіркеу деректеріңізді сақтай және пайдалана алатынына келісесіз. Сіздің басқа тұлғалардың рұқсатынсыз олардың есептік жазбаларын құруға құқығыңыз жоқ.
ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Сіз Сервисті осы пайдалану ережелеріне сәйкес пайдалануға пайдалануға келісесіз. Apple компаниясының оларға кез-келген уақытта өзгертулер енгізуге құқығы бар.
Сізге Сервисті тек жеке коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға ғана рұқсат етілген.
Сіз Сервистің элементтерін ешқандай себептермен бұзуды, айналып өтуді, кері жобалауды, қайта құруды, бөлшектеуді және өзге түрде өзгертуді іске асырмауға, сондай-ақ аталғандарды жасауға тырысуға не басқаларға осы істе көмектеспеуге міндет аласы..
Сіз Сервисті келесі мақсаттарда ПАЙДАЛАНБАУҒА міндет аласыз:
a. заңсыз, жайсыздық әкелетін, қауіп төндіретін, зиянды, қорлайтын, жамандайтын, жала жабатын, шатастыратын, қатыгез, ұятсыз, тұрпайы, агрессивті, басқа тұлғалардың жеке өміріне араласпауды бұзатын, өшпенділік туғызатын, нәсілдік не ұлттық тұрғысын қорлайтын, әлде өзге себептермен лайықсыз болып табылатын контентті көшіру, жүктеу, жариялау, электрондық пошта арқылы жіберу, басқаға беру, сақтау не өзге түрде ұсыну
b. басқа тұлғалардың ізіне түсу, оларға жайсыздық әкелу не өзге зиян тигізу, соларға қауіп төндіру;
c. кәмелетке толғандар үшін - өздеріне белгісіз кәмелетке толмағандардан (18 жасқа толмаған тұлғалардан және заң бойынша кәмелетке толмаған деп саналатын өзге жастағы тұлғалардан) жеке және өзге ақпаратты сұрау, соның ішінде (бірақ онымен шектелмей) толық аты-жөнін не тегін, үйінің мекен-жайын, пошталық индексін, телефонының нөмірін, фотосуретін, электрондық поштасының мекен-жайын, кәмелетке толмаған тұлғаның баратын мектебінің, шіркеуінің, спорт үйірмесінің атын, сондай-ақ оның достарының атын сұрау;
d. Сізді басқа жеке тұлға не заңды тұлға деп санауға негіз болатын ақпаратты беру – Сіздің басқаларды өзіңізге қатысты шатастыруға және өзіңізді басқа тұлға (соның ішінде атақты адамдар ретінде), басқа компания, Сервистің басқа пайдаланушысы, Apple компаниясының қызметкері, жетекші азаматтық не мемлекеттік қайраткер ретінде таныстыруға, сондай-ақ өзіңіздің басқа жеке тұлғалармен және заңды тұлғалармен байланысыңыз туралы жалған ақпарат беруге құқығыңыз жоқ (бұл орайда Apple компаниясының пайдаланылуы өзін басқа тұлға ретінде таныстыруға талпыныс әлде бөтен атты не жеке тұлғаны иемдену болып санала алатын кез-келген лақап атты кері қайтаруға не тежеуге құқығы бар);
e. басқа тұлғалардың авторлық құқықтарын және зияткерлік меншіктің басқа құқықтарын бұзуға қатысу, сондай-ақ құпиялылық туралы шартты, еңбек шартын не ақпаратты жария етпеу туралы шартты бұзып, коммерциялық құпияны, құпия ақпаратты ашу;
f. хаттарды, жарнама материалдарын, жарнамалық хаттарды, қалаусыз хабарларды («спамды»), әрі қарай жіберу туралы өтініші бар, бірнеше мекен-жайларға жіберілетін хаттарды, соның ішінде (бірақ онымен шектелмей) көпшілік коммерциялық жарнамалық және ақпараттық хабарландыруларды сұраусыз не рұқсатсыз жариялау, жіберу, беру және өзге түрде ұсыну;
g. TCP-IP пакеттерінің тақырыпшаларын не электрондық хаттардағы жаңалықтық топтардың хабарандыруларындағы тақырыпшалардың ақпаратының басқа да бөліктерін қолдан жасау, сондай-ақ алушыларды Сервис арқылы берілген контенттің көзіне қатысты шатастыру мақсатында тақырыпшаларға ақпаратты өзге түрде енгізу («спуфинг-алаяқтық»);
h. вирустары және Сервистің (не оның кез-келген бөлігінің) әлде өзге компьютерлік бағдарламалық не аппараттық қамтамасыз етудің қалыпты жұмысына зиян келтіруге, олардың жұмысына араласуға не оны шектеуге арналған өзге компьютерлік кодтары, файлдары не бағдарламалары бар материалдарды көшіру, жариялау, электрондық пошта арқылы жіберу, беру, сақтау және өзге түрде ұсыну;
i. Сервистің жұмысына араласу не оны бұзу (соның ішінде скриптер не іздестіру роботтары секілді автоматтық құралдардың көмегімен сервиске қол жеткізу арқылы), басқа серверлердің не Сервермен байланысқан басқа желістердің жұмысына, сондай-ақ Сервиспен байланысқан желістерде жұмыс істейтін басқа ережелерге, талаптарға не нормаларға араласу (жұмысын бұзу) (олардың деректеріне не трафикке рұқсатсыз қол жекізуді, соларды пайдалануды не бақылауды қоса);
j. заңсыз қызметті жоспарлау не ұйымдастыру және (не) жоғарыда тізілген тыйым салынған қызмет түрлеріне байланысты пайдалану үшін Сервистің кез-келген басқа пайдаланушысы туралы жеке ақпаратты жинау және сақтау;
k. Сервиспен не ойын тәжірибесінің деңгейлерімен алаяқтық жасау және бір ойыншы басқа ойыншының алдында артықшылық алуы үшін оларды өзге түрде өзгерту.
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
Сервиске Apple. Inc. компаниясының http://www.apple.com/legal/privacy/ мекен-жайында орналастырылған құпиялылық саясаты таралады. Бұл құпиялылық саясатына сәйкес Сіз Сервистіпайдаланған кезде (мысалы, басқа тұлғаларды Сервисті пайдалануға шақыру, көшбасшылардың турнирлік кестесіне қатысу, бірнеше ойыншыларға шақыру қағаздарын жіберу және ойнау мүмкіндігін пайдалану, өзіңіздің мәртебеңіз туралы хабарларды жариялау) сіз ұжымдық қол жеткізу үшін ұсынатын жеке ақпаратты басқа пайдаланушылар көре алатын болады және олар оқи, сақтай және пайдалана алады. Осындай жағдайларда берілетін жеке ақпарат үшін жауапкершілікті Сіз өзіңіз көтересіз. Бiрнеше ойыншылардың бiр уақытта қатысуы мүмкiндiгi бар ойындарында, сервистің бірдей желістің не бірдей Wi-Fi желістің көмегімен не Bluetooth әрекетінің радиусының шеңберінде Сізбен бір ойынға қатысып отырған басқа пайдаланушылары сiздiң жақын арада болатыныңызды көріп қалып, сондай-ақ , сіздің лақап атыңызды және фотосуретіңізді, әлде егер Сіз бір-біріңіздің тізімдеріңізде достар тізімінде тұрсаңыздар, Сіздің профиліңіздегі барлық ақпаратты көре алады. Егер сiз басқа, жақын арада болып тұрған қолданушылар үшiн көрiнгiңiз келмесе, тиiстi түрде өз құрылымыны күйге келтiре отырып, Game Center қосымшаны iске қосып, мәзiрің ішіндегі "Есептiк жазу" тармағын таңдап, содан кейiн - "Қарап шығу" және "Ойындарға шақыру" параметрдi бөлiп тастау керек; Мас компьютерлерiнде бұл үшiн Game Center қосымшаны iске қосып, мәзiрің ішіндегі "Есептiк жазу" пункты таңдап және " Жора-жолдастарға Ойындарға Сiздi шақыруға рұқсат ету" тармақтан қанат белгісін алып тастау керек. Мәртебе туралы хабарда көрсетілген Сіздің аты-жөніңіз бен басқа да жеке деректеріңізге белгісіз тұлғалар тобы қол жеткізе алатын болады. Егер Сіз өзіңіздің көпшілік қол жеткізе алатын профиліңізге қол жеткізуді ашатын болсаңыз (“on”), Сервистің басқа пайдаланушылары Сіздің профиліңізде барлық ақпаратты, соның ішінде сіздің толық аты-жөніңізді, Сіздің әрекеттеріңізді (мысалы, Сіз қандай ойындарды және қашан ойнағаныңызды біле алады), нәтижелер мен жетістіктеріңізді көре алады; сонымен қатар Сізде басқа пайдаланушыларға дос ретінде ұсына алады. Егер Сіз өзіңіздің көпшілік қол жеткізе алатын профиліңізге қол жеткізуді шектейтін босаңыз (“off”) , оны тек Сіздің достарыңыздың тізіміндегі пайдаланушылар ғана көре алады және ешкім Сізді басқа пайдаланушыларға ұсына алмайды; Сіздің достарыңыздың тізіміне кірмейтін пайдаланушыларға тек Сіздің лақап атыңыз бен фотосуретіңіз ғана көрінетін болады. Сіздің Apple теңестіру деректеріңізге байланысты толық аты-жөніңіз де тек Сіз Сіздің достар тізіміне қосылған басқа пайдаланушыларға, сондай-ақ Сіз достар тізіміне, көшбасшы-достар турнирлік кестесіне және достар тізіміне қосуға арналған шақырулары қарастыруды күтіп тұрған пайдаланушылардың тізіміне қосу үшін шақырулар жіберетін (солардан қабылдайтын) пайдаланушыларға көрінетін болады; және біз Сіз өзіңіздің достарыңыздың тізіміндегі тұлғалармен бірге ойнайтын ойындарды ұсына аламыз. Егер Сіз достар тізіміндегі қандай да бір тұлғаға өзіңіздің толық аты-жөніңізді не профиліңізді ашқыңыз келмесе, Сіз Ойын орталығындағы осындай пайдаланушының бетінің төменгі жағындағы «Достар тізімінен алынып тасталсын» (“Unfriend”) батырмасын басып, сәйкесінше пайдаланушыны аталған тізімнен алып тастауыңыз керек. Достарыңыз болып табылмайтын пайдаланушыларға тек Сіздің лақап атыңыз ғана көрінетін болады. Бұл қызметтерді абайлап пайдалануыңызды өтінеміз.
Егер Сіз басқа пайдаланушылармен және Сервиспен мәліметтерді алмасуды тоұтатқыңыз келсе, мына сілтеме бойынша жүруіңізді сұраймыз: http://www.apple.com/support/.
Сервистің пайдаланушылардың олардың жеке тұлғасын анықтауға мүмкіндік беретін жеке ақпаратты ашу мүмкіндігі секілді бірқатар қызметтерге 13 жасқа дейінгі тұлғалар қол жеткізе алмайды. Қажет болған кезде сәйкесінше контентке қол жеткізуді шектеу үшін «ата-аналық бақылау» (parental controls) қызметін белсендендіруді өтінеміз.
МАТЕРИАЛДАРДЫ СЕРВИСКЕ БЕРУ
Сервистің аясында Сізге Сервистің көпшіліктің қарауы үшін қол жетерлік тарауларында материалдар (үшінші тұлғалардың контентіне сілтемелер) беруге мүмкіндік беретін интерактивті құралдар беріле алады. Сіз берген материалдарды қоса, осындай интерактивті құралдардың пайдаланылуы үшін Сіз барлық жауапкершілікті көтеретініңізге, мұндай әрекеттердің басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтары мен басқа құқықтарын, сондай-ақ заңнаманың талаптарын бұзбайтынына, олардың құқықтарды бұзуға және өзге заңға қарсы әрекеттерді іске асыруға себін тигізбейтініне және соған ынталандырмайтынына, сондай-ақ ұятты не айыпты сипатта болмайтынына, ұнамсыз іс болмайтынына келісесіз. Сонымен қатар Сіз Сіздің осындай материалдарды беруге барлық қажетті құқықтар мен лицензияларды алғаныңызды мәлімдейсіз. Сіз Сіздің Сервиске кез-келген материалдарды беруіңізге байланысты дәл және толық мәліметтерді беретініңізге келісесіз. Осы құжатпен Сіз Apple компаниясына осындай материалдарды Сервистің бір бөлігі ретінде әлде оны берген кезде не соған байланысты маркетингтік шараларды өткізген кезде пайдалануға (роялти төлеусіз) Сізге қандай да бір өтемақы төлеусіз және Сізге қатысты қандай да бір міндеттемелерсіз халықаралық, ерекше емес лицензия бересіз. Apple компаниясының кез-келген уақытта және өзінің қалауы бойынша, хабарландыру берусіз және өзіне жауапкершілік алусыз қандай да бір материалдарды орналастырмауға және жарияламауға, сондай-ақ кез-келген материалдарды жоюға, алып тастауға және түзетуге құқығы бар.
Apple компаниясы Сіз орналастырған не өзге түрде Сервис арқылы қол жеткізу мүмкін болған кез-келген материалдарды бақылауға, осы Келісімнің кез-келген нақты не анық бұзушылықтарын тергеуге, сондай-ақ Apple компаниясы басқалармен қатар осы Келісімнің шарттарына сәйкес не біздің авторлық құқық саласындағы саясатымызға сәйкес (http://www.apple.com/legal/copyright.html қараңыз) оны бұзуды қоса, өзінің қалауы бойынша мақсатқа сай деп санайтын кез-келген шараларды қабылдауға құқылы (бірақ міндетті емес).
ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
Сервис арқылы берілетін белгілі бір контентте және қызметтерде үшінші тұлғалардың материалдары болуы мүмкін. Сонымен бірге, Apple компаниясы Сізге қолайлы болу үшін үшінші тұлғалардың веб-сайттарына сілтемелер бере алады. Сіз Apple компаниясының үшінші тұлғалардың контентін тексеру және бағалау не материалдары мен веб-сайттарының дәлдігі үшін жауапкершілік көтермейтініне, оның үшінші тұлғалардың материалдары мен веб-сайттарына, сондай-ақ үшінші тұлғалардың кез-келген басқа материалдарына, өнімдері мен қызметтеріне байланысты ешқандай кепілдіктер бермейтініне және ешқандай жауапкершілік және ешқандай міндеттемелер көтермейтініне келісесіз (қолданылатын құқықтың императивтік нормалардың талаптарын орындай отырып). Сіз үшінші тұлғалардың материалдарын басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын және өзге құқықтарын бұзуға әкелетін түрде пайдаланбауға міндет аласыз, сондай-ақ Apple компаниясының ешбір жағдайда Сіздің осындай пайдалануыңыз үшін жауапкершілік көтермейтініне келісесіз.
ҚОЛАЙСЫЗ МАТЕРИАЛДАР
Сіз Сервисті пайдаланған кезде Сіздің қорлайтындай, ұятсыз не қолайсыз болып көрінуі мүмкін материалдарға кезігуіңіз мүмкін екенін түсінесіз, әрі олардың мазмұны ашық сипаттағы мазмұн ретінде белгіленбеуі де мүмкін. Соған қарамастан, Сіз Сервисті өз басыңызды тәуекелге тігіп пайдаланатыныңызға және Apple компаниясының қорлайтын, ұятсыз не қолайсыз болып көрінуі мүмкін контент үшін Сіздің алдыңызда жауапкершілік көтермейтініне келісесіз (қолданылатын құқықтың императивтік нормалардың талаптарын орындай отырып). Рейтингтер мен суреттемелер пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін беріледі және Сіз Apple компаниясының олардың дәлдігіне кепілдік бермейтініне келісесіз.
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
Сіз Сервисте (соның ішінде Сервисті сату үшін пайдаланылатын графикада, пайдаланушы интерфейсінде, аудио- және видеоклиптерде, редакциялық контентте, скрипттерде және бағдарламалық қамтамасыз етуде, бірақ олармен шектелмей) Apple компаниясының және (не) оның лицензиарының меншігінде тұрған және зияткерлік меншік саласындағы қолданылатын заңдарымен және авторлық құқық туралы заңнаманы қоса, бірақ онымен шектелмей, өзге де заңдармен қорғалған белгілі бір қорғалатын ақпарат пен материалдардың бар екеніне келісесіз. Сіз мұндай қорғалатын ақпарат пен материалдарды тек осы Келісімнің шарттарына сәйкес Сервисті пайдалану мақсатында ғана пайдалануға міндет аласыз. Егер осы шарттар өзге нәрсені тікелей қарастырмаған болса, Сервистің ешбір бөлігі қандай да бір түрде не қандай да бір құралдармен көшірілмеуі керек. Сіз Сервисті қиянатпен пайдалануды не желісті шектен жүктеу арқылы пайдалануды қоса, бірақ онымен шектелмей, қандай да бір түрде өзгертпеуге, жалға бермеуге, уақытша пайдалануға бермеуге, сатпауға, таратпауға және солардың негізінде туынды шығармалар құрмауға, сондай-ақ Сервисті рұқсатсыз түрде пайдаланбауға келісесіз (жоғарыда тізілген шектеулерге қолданылатын заңнама бойынша тыйым салынған жағдайларды қоспағанда).
Осы Келісімнің барлық қалған ережелеріне қатыссыз, Apple компаниясының және оның лицензиарларының кез-келген уақытта, алдын ала хабарландырусыз Сервистің құрамындағы кез-келген өнімдерді, контентті және өзге де материалдарды өзгертуге, тоқтатуға, жоюға не қол жеткізуді тежеуге құқығы бар. Ешбір жағдайларда Apple компаниясы аталған әрекеттер үшін жауапкершілік көтермейді. Сонымен қатар Apple компаниясы Сервистің белгілі бір қызметтерін не құрама бөліктерін пайдалануға не соларға қол жеткізуге шектеулер қоя алады, кез-келген жағдайда алдын ала хабарландыру беру қажет болмайды және ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Сервиске деген (соның ішінде контентті таңдау, орналастырылған ақпарат, басқа интернет-ресурстарға жасалған сілтемелер және осы ресурстардың суреттемелері) және оларға байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуге деген барлық авторлық құқықтар Apple компаниясы мен (не) оның лицензиарларына тиесілі болады, олар өздерінің барлық құқықтарына заң бойынша және әділдік құқығы бойынша ие болады. СЕРВИСТІ ОСЫ КЕЛІСІМГЕ СӘЙКЕС ПАЙДАЛАНУДЫ ҚОСПАҒАНДА, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖӘНЕ СЕРВИСТІҢ КЕЗ-КЕЛГЕН БӨЛІГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ, БАСҚА ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ БҰЗЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЗИЯНДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚОСА, АЗАМАТТЫҚ НЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН.
Apple тауарлық белгісі, Apple логотипі және Сервиске байланысты пайдаланылатын Apple басқа тауарлық белгілері, қызмет көрсету белгілері, графикалық бейнелері және логотиптері Apple Inc. компаниясының АҚШ-ғы және (не) басқа елдердегі тауарлық белгілері не тіркелген тауарлық белгілері болап табылады. Сервиске байланысты пайдаланылатын басқа тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, графикалық бейнелер мен логотиптер басқа тұлғаларға тиесілі тауарлық белгілер болуы мүмкін. Сізге жоғарыда аталған тауарлық белгілерге қатысты және осындай тауарлық белгілерді кез-келген пайдалануға қатысты ешқандай құқықтар не лицензиялар берілмейді.
КЕЛІСІМДІ БҰЗУ
Сіз осы Келісімнің қандай да бір ережесін орындамаған (не Apple компаниясының пікірі бойынша орындамаған) жағдайда, Apple компаниясы өзінің қалауы бойынша және Сізге сәйкесінше хабарландыру жібермей: (i) осы Келісімді бұза алады және (не) Есептік жазбаны жаба алады; және (не) (ii) Сервистің лицензиясының қолданылуын тоқтата алады; және (не) (iii) берілетін Сервиске (не солардың кез-келген бөлігіне) қол жеткізуді жоя алады.
Apple компаниясының Сізге хабарландыру бере отырып не оны бермей, өзінің құқықтарын іске асырған кезде Сіздің не үшінші тұлғалардың алдында ешқандай жауапкершілік көтермей, Сервисті кез-келген уақытта өзгертуге, олардың (не солардың кез-келген бөлігінің не солардың кез-келген контентінің) берілуін кідіртуге не тоқтатуға құқығы бар.
КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТУ. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ.
APPLE КОМПАНИЯСЫ СІЗДІҢ СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗДЫҢ ҮЗДІКСІЗ БОЛАТЫНЫНА ЖӘНЕ ҚАТЕСІЗ ЖҮРЕТІНІНЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ, МӘЛІМДЕМЕЙДІ ЖӘНЕ КЕПІЛ ЕТПЕЙДІ ЖӘНЕ СІЗ APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН УАҚЫТТА, СІЗГЕ ХАБАРЛАМАЙ, СЕРВИСТІ БЕРУДІ БЕЛГІСІЗ МЕРЗІМГЕ КІДІРТЕ АЛАТЫНЫНА НЕ ОНЫ БЕРУДІ ТОҚТАТА АЛАТЫНЫНА КЕЛІСЕСІЗ.
СІЗ СІЗДІҢ СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗДЫҢ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ОНЫ ПАЙДАЛАНА АЛМАУЫҢЫЗДЫҢ ТЕК СІЗДІҢ ҒАНА ТӘУЕКЕЛІҢІЗ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНЫНА ТІКЕЛЕЙ ТҮРДЕ КЕЛІСЕСІЗ. СЕРВИС, СІЗГЕ СЕРВИС АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН БАРЛЫҚ ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР (ЕГЕР APPLE КОМПАНИЯСЫ ОСЫ ҚҰЖАТТА ӨЗГЕ НӘРСЕНІ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТПЕГЕН БОЛСА) СІЗГЕ ТАУАРЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІНІҢ БАРЛЫҚ ҰЙҒАРЫЛАТЫН КЕПІЛДІКТЕРІН, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТТАРҒА ЖАРАМДЫЛЫҒЫН, БАСҚА ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БАР БОЛУЫН ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛМАУЫН ҚОСА, ҚАНДАЙ ДА БІР ТІКЕЛЕЙ ЖӘНЕ ҰЙҒАРЫЛАТЫН КЕПІЛДІКТЕРСІЗ, «ҚАЛАЙ БАР БОЛСА, СОЛАЙ» ЖӘНЕ «БАР БОЛСА» ШАРТТАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ БЕРІЛЕДІ. БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ҰЙҒАРЫЛАТЫН КЕПІЛДІКТЕРДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРУ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕНДІКТЕН, ЖОҒАРЫДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ҰЙҒАРЫЛАТЫН КЕПІЛДІКТЕРДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРУ СІЗГЕ ТАРАЛМАУЫ МҮМКІН.
ЕШБІР ЖАҒДАЙЛАРДА НЕ APPLE КОМПАНИЯСЫ, НЕ ОНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, АФФИЛЕНДІРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ, АГЕНТТЕРІ, МЕРДІГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ СІЗДІҢ СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТІКЕЛЕЙ, ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС, КЕЗДЕЙСОҚ, АЙЫП-ПҰЛДЫҚ, НАҚТЫ ( ІСТІҢ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН АНЫҚТАЛАТЫН) ЖӘНЕ ЖАНАМА ШЫҒЫНДАР ҮШІН, СОНДАЙ-АҚ ҚАНДАЙ ДА БІР КОНТЕНТТЕГІ ҚАТЕЛІКТЕРДІ НЕ КЕМШІЛІКТЕРДІ, ПАЙДА БОЛУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ ЖАСАЛҒАН БОЛСА ДА, СЕРВИС АРҚЫЛЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН, БЕРІЛГЕН НЕ КЕЗ-КЕЛГЕН ӨЗГЕ ТӘСІЛМЕН КӨПШІЛІКТІҢ НАЗАРЫНА ЖЕТКІЗІЛГЕН КЕЗ-КЕЛГЕН КОНТЕНТТІ (НЕ ӨНІМДІ) ПАЙДАЛАНУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕГІ КЕЗ-КЕЛГЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ҚОСА, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, СІЗДІҢ СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗБЕН ҚАНДАЙ ДА БІР ТҮРДЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕ ДЕ ТАЛАПТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРМЕЙДІ. БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ НЕ БІРҚАТАР АУМАҚТАРДА ЖАНАМА ЖӘНЕ КЕЗДЕЙСОҚ ШЫҒЫНДАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА ЖӘНЕ ШЕКТЕУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕНДІКТЕН, МҰНДАЙ МЕМЛЕКТТЕРДЕ НЕ МҰНДАЙ АУМАҚТАРДА APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЗАҢ БЕЛГІЛЕГЕН ШЕҢБЕРМЕН ШЕКТЕЛЕДІ.
APPLE СЕРВИСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ СІЗ БЕРГЕН АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ ҮШІН БАРЛЫҚ ОРЫНДЫ КҮШІН САЛАТЫН БОЛАДЫ; БҰЛ ОРАЙДА СІЗ СІЗДІҢ ОСЫНДАЙ АҚПАРАТТЫ БЕРУІҢІЗДІҢ ТЕК СІЗДІҢ ҒАНА ТӘУЕКЕЛІҢІЗ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНЫНА ЖӘНЕ APPLE КОМПАНИЯСЫ ОСЫ ҚҰЖАТПЕН ӨЗІНЕН СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДАҒЫ ОСЫНДАЙ АҚПАРАТҚА БАЙЛАНЫСТЫ БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АЛАТЫНЫНА КЕЛІСЕСІЗ.
APPLE КОМПАНИЯСЫ СЕРВИСТІ БЕРУДІҢ БАРЫСЫНДА ШЫҒЫНДАРДЫҢ, ДЕРЕКТЕРДІҢ ЗАҚЫМДАЛУЛАРЫНЫҢ, ВИРУСТАРДЫҢ ШАБУЫЛЫНЫҢ, ЫҚПАЛЫНЫҢ, АРАЛАСУДЫҢ, БҰЗУДЫҢ НЕ ӨЗГЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ БОЛМАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕМЕЙДІ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ ӨЗІНЕН ЖОҒАРЫДА ТІЗІЛГЕНДЕР ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АЛАДЫ.
ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫНАН БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ЗИЯННЫҢ ӨТЕЛУІНЕ КЕПІЛДІК ЕТУ
СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ СІЗ APPLE КОМПАНИЯСЫНА, ОНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫНА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ, АФФИЛЕНДІРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРЫНА, АГЕНТТЕРІНЕ, МЕРДІГЕРЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫНА СІЗДІҢ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ШАРТТАРЫН БҰЗУЫҢЫЗҒА, СІЗДІҢ СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ, СОНДАЙ-АҚ APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ БОЛЖАМАЛЫ БҰЗЫЛУЫН ТЕРГЕУДІҢ АЯСЫНДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ НЕ ОСЫ КЕЛІСІМДІ БҰЗУ ОРЫН АЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ НЕ ШЕШІМ ШЫҒАРУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕГІ КЕЗ-КЕЛГЕН ТАЛАПТАРДЫ ӨТЕУГЕ КЕПІЛДІК БЕРЕСІЗ ЖӘНЕ ӨЗІҢІЗГЕ ОЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АЛАСЫЗ. БҰЛ СІЗДІҢ APPLE КОМПАНИЯСЫНА, ОНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫНА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ, АФФИЛЕНДІРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРЫНА, АГЕНТТЕРІНЕ, МЕРДІГЕРЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫНА СОТ ТАЛАП-АРЫЗДАРЫН ҚОЯ АЛМАЙТЫНЫҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДАН APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР АҚПАРАТТЫ НЕ ҚАНДАЙ ДА БІР КОНТЕНТТІ АЛУДАН НЕ ӨҢДЕУДЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМІНІҢ, СІЗДІ ЕСКЕРТУ ТУРАЛЫ, СІЗДІҢ СЕРВИСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІҢІЗДІ КІДІРТУ НЕ ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМІНІҢ ӘЛДЕ БОЛЖАМАЛЫ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ТЕРГЕУ ҮРДІСІНДЕГІ ӨЗГЕ ДЕ ӘРЕКЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕГІ НЕ APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОСЫ КЕЛІСІМДІ БҰЗУДЫҢ ОРЫН АЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ЗИЯНДЫ ӨНДІРІП АЛА АЛМАЙТЫНЫҢЫЗДЫ БІЛДІРЕДІ. ОСЫ ТАЛАП ҚОЮДАН БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ЗИЯННЫҢ ӨТЕЛУІНЕ КЕПІЛДІК ЕТУ ОСЫ КЕЛІСІМ ЕСКЕРГЕН НЕ ҚАРАСТЫРҒАН, СОНДАЙ-АҚ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ПАЙДА БОЛҒАН БАРЛЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
КЕЛІСІМДІ ӨЗГЕРТУ
Apple компаниясының осы Келісімді кез-келген уақытта өзгертуге, Сіз үшін Сервисті пайдаланудың жаңа (қосымша) шарттарын енгізуге құқығы бар. Мұндай өзгертулер мен қосымша шарттар дереу күшіне енеді және осы Келісімге енгізілетін болады. Сіздің бұдан кейін Сервисті пайдалануды жалғастыруыңыз Сіздің соларға келісетініңіз ретінде түсініледі.
БАСҚА ШАРТТАР
Осы Келісім Сіз бен Apple компаниясының арасындағы толық көлемді уағдаластықтар болып табылады және Сіз бен Apple компаниясының арасындағы барлық бұрынғы уағдаластықтарды алмастыра отырып, Сіздің берілетін Сервисті пайдалануыңызды реттейді. Сонымен қатар Сізге үшінші тұлғалардың аффилендірілген тұлғаларының қызметтерін, контентін не бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдаланған жағдайларда қолданылатын қосымша шарттар да таралуы мүмкін. Егер осы Келісімнің қандай да бір бөлігі жарамсыз не орындала алмайтын болып танылатын болса, ол тараптардың бастапқы ниеттерін барынша толық бейнелейтіндей, қолданылатын заңнамаға сәйкес түсіндірілетін болады, ал қалған бөліктер толық күшінде қалады. Apple компаниясының осы Келісімнің қандай да бір құқығын не ережесін орындамауы оның осындай ереженің орындалуын талап ету құқығынан, сондай-ақ осы Келісімнің барлық қалған ережелерінен бас тартуын білдірмейді. Apple компаниясы қандай да бір міндеттемелердің өзіне тәуелсіз себептерге байланысты орындалмауы үшін жауапкершілік көтермейді.
Сервис Apple компаниясының Құрама Штаттарында орналасқан бөлімшесінің бақылауында және басқаруында болады. Сіз барлық жергілікті, мемлекеттік, федералдық және ұлттық заңдардың, статуттардың, ордонанстардың және нормативтік құжаттардың Сіздің Сервисті пайдалануыңызға қолданылатын нормалары мен талаптарын орындауға міндет аласыз. Сервис арқылы жасалынатын барлық транзакцияларды, коллизиялық құқықтың ережелерін ескерусіз, Калифорния штатының (АҚШ) заңдары реттейді. Сонымен қатар Сіздің Сервисті пайдалануыңызға өзге заңдардың талаптарының күші жүруі мүмкін. Сіз Сіздің Apple компаниясымен қарым-қатынастарыңызда пайда болған не Сіздің Сервисті пайдалануыңызға қандай да бір қатысы бар барлық даулар мен талаптардың тек Калифорния штатының соттарына ғана бағынатынана тікелей түрде келісесіз. Электрондық түрде жасалған барлық транзакцияларға байланысты шығындар тәуекелі және меншік құқығы алушыға электрондық беруден кейін, Калифорнияда сатып алушыға өтеді. Apple компаниясының қызметкерлері мен өкілдерінің осы Келісімнің шарттарын өзгертуге құқығы жоқ
Apple компаниясы Сізге Сервиске байланысты хабарландыруларды Сіздің Есептік жазбаңызда көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына электрондық хат, Сіздің Есептік жазбаңызда көрсетілген пошталық мекен-жайға жай хат жіберу не Сервисте хабарландыру жариялау арқылы жібере алады. Хабарландырулар дереу күшіне енеді.
Apple компаниясының осы Келісімнің кез-келген бөлігін мәжбүрлі түрде орындату және (не) оның қандай да бір шарттарының орындалуын тексеру үшін ол орынды түрде қажетті не лайық деп санайтын шараларды қабылдауға құқығы бар. Егер осы Келісімнің кез-келген бөлігін мәжбүрлі түрде орындату және (не) оның қандай да бір шарттарының орындалуын тексеру үшін орынды түрде қажетті не лайық деп санайтын болса, Сіз Apple компаниясының Сіздің алдыңызда жауапкершілік көтермей, кез-келген Тіркеу деректерін және (не) Есептік жазбаның ақпаратын құқық қолданатын органдарға, мемлекеттік қызметкерлерге және (не) үшінші тұлғаларға ашуға құқығы бар екеніне келісесіз (соның ішінде Apple компаниясының Сіздің Сервисті және (не) өнімдерді пайдалануыңызға байланысты және (не) үшінші тұлғалардың Сіздің Сервисті және (не) өнімдерді пайдалануыңыздың заңсыз болуының және (не) олардың зияткерлік меншік құқығын бұзуының негізіндегі талаптарына байланысты кез-келген сот үрдісінің барысында көмек көрсетуге құқығы бар, бірақ онымен шектелмейді)
Соңғы жаңарту күні: 2012 жылдың 19 қыркүйегі