Apple Мультимедиа қызметтерінің шарттары мен талаптары

Бұл шарттар мен талаптар Apple мен сіздің араңыздағы келісімшартты («Келісім») құрайды. Келісімді мұқият оқып шығыңыз

МАЗМҰНЫ

A. КІРІСПЕ

B. ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚТАР ЖӘНЕ ӨТЕМАҚЫЛАР

C. АККАУНТ

D. ҚҰПИЯЛЫҚ

E. АРНАЙЫ МҮМКІНДІКТЕР

F. ҚЫЗМЕТТЕР МЕН КОНТЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

G. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ БІРЖОЛАТА ЖӘНЕ УАҚЫТША ТОҚТАТУ

H. ЖҮКТЕП АЛЫНАТЫН КОНТЕНТ

I. ЖАЗЫЛЫМДАР

J. КОНТЕНТ ПЕН ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІ

K. ҮШІНШІ ТАРАП ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫ

L. СІЗ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗГЕ ЖІБЕРЕТІН МАТЕРИАЛДАР 

M. FAMILY SHARING 

N. МАУСЫМДЫҚ АБОНЕМЕНТ ЖӘНЕ КӨПРЕТТІК АБОНЕМЕНТ 

O. APP STORE ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОСЫМША ШАРТТАРЫ 

P. APP STORE, APPLE BOOKS, APPLE PODCASTS ЖӘНЕ ТАҢДАУЛЫ КОНТЕНТ БОЙЫНША ҚОСЫМША ШАРТТАР

Q. APPLE MUSIC ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОСЫМША ШАРТТАРЫ

R. APPLE FITNESS+ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОСЫМША ШАРТТАРЫ

S. ОПЕРАТОР МҮШЕЛІГІ

T. БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘРТҮРЛІ ШАРТТАР

A. КІРІСПЕ

Осы Келісім сізге контентті, қолданбаларды (төменде анықталғандай) және қолданбадағы басқа қызметтерді (барлығы бірге «Контент» деп аталады) сатып алуға, алуға, лицензия бойынша алуға, жалға алуға немесе жазылуға көмектесетін Apple қызметтерін («Қызметтер», оларға, мысалы, бар болған жағдайда, App Store, Apple Arcade, Apple Books, Apple Fitness+, Apple Music, Apple News, Apple News+, Apple One, Apple Podcasts, Apple Podcasts Subscriptions, Apple Sports, Apple TV, Apple TV+, Apple TV Channels, Game Center, iTunes және Shazam жатады) пайдалануыңызды реттейді. Контентті Apple Қызметтері немесе үшінші тарап ұсынуы мүмкін. Қызметтерді еліңізде немесе тұрғылықты жеріңізде («Тұрғылықты ел») пайдалана аласыз. Қызметтерді пайдалану үшін аккаунт жасалған белгілі бір ел немесе аумақ Тұрғылықты еліңіз деп көрсетілетін болады. Қызметтерімізді пайдалану үшін сізге үйлесімді жабдық, бағдарламалық құрал (соңғы нұсқасы болғаны дұрыс, кейде міндетті) және Интернетке кіру мүмкіндігі қажет (қосымша ақы алынуы мүмкін). Қызметтеріміздің жұмысына осы факторлар әсер етуі мүмкін.

B. ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚТАР ЖӘНЕ ӨТЕМАҚЫЛАР

Сіз контентті біздің қызметтерімізден ақысыз немесе ақылы түрде сатып ала аласыз («Транзакция»деп аталады). Әр транзакция сіз бен Apple және/немесе сіз бен Қызметтерімізде контент ұсынатын ұйым арасындағы электрондық келісімшартты білдіреді. Алайда сіз Apple Distribution International Ltd. немесе Apple Services Pte. Ltd. тұтынушысы болсаңыз, онда өнім бетінде және/немесе тиісті қызметті сатып алу процесінде көрсетілгендей сіз Apple Books, Apple Podcasts немесе App Store қызметтерінен сатып алған кейбір Контенттің жазбасының сатушысы сол ұйым болады. Мұндай жағдайда сіз Контентті Apple Distribution International Ltd. немесе Apple Services Pte Ltd. компаниясынан аласыз. Бірінші Транзакцияны жасаған кезде, алдағы транзакциялар үшін құпиясөзіңіздің қаншалықты жиі сұралуы керек екенін көрсетесіз. Тиісті Apple жабдығында Транзакциялар үшін Touch ID идентификаторын қоссаңыз, барлық Транзакцияның түпнұсқалығын саусақ ізімен растауыңызды сұраймыз. Ал Транзакциялар үшін Face ID қосқан болсаңыз, барлық Транзакцияның түпнұсқалығын бет-әлпетті тану арқылы растауыңызды сұраймыз. Құпиясөз параметрлерін кез келген уақытта мына нұсқауларды орындау арқылы басқарыңыз: https://support.apple.com/HT204030

Apple кез келген ақылы Транзакция үшін, соның ішінде кез келген салық үшін ақыны сіз таңдаған төлем әдісімен алады. Егер оны Apple Wallet қызметіне де қоссаңыз, Apple сіздің Apple Wallet қызметінде таңдаған әдісіңіз бойынша Apple Pay арқылы төлем жасай алады. Apple аккаунтыңызбен бірнеше төлем әдісін байланыстыра аласыз және Apple бұл төлем әдістерін сақтай алатынына және Транзакциялар үшін ақы алатынына келісесіз. Негізгі төлем әдісіңіз аккаунт параметрлеріндегі төлемдер бетінің жоғарғы жағында көрсетіледі. 

Егер негізгі төлем әдісіңіз бойынша қандай да бір себеппен ақы алынбаса (мысалы, жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін немесе қаражаттың жетіспеуінен), Apple қызметіне аккаунт параметрлеріндегі төлемдер бетінде жоғарыдан төменге қарай орналасқан ретпен басқа жарамды төлем әдістерімен ақы алуға рұқсат бересіз. Егер біз сізден ақы ала алмасақ, алынбаған сомалар үшін жауап бересіз және ақысын қайта алуға тырысып немесе сізден басқа төлем әдісін сұрап көруіміз мүмкін. Егер Контентке алдын ала тапсырыс берсеңіз, оны алған кезде, сізден ақы алынады (Контетті пайдалану мүмкін болғанға дейін бас тартпасаңыз). Жергілікті заңға сәйкес төлем әдістеріне қатысты ақпаратты төлем желілері немесе қаржы институттары берсе, Apple оны автоматты түрде жаңарта алады. Дүкен несиелік және сыйлық карталарына/кодтарына қатысты шарттарды мына жерден көруге болады: https://www.apple.com/legal/internet-services/itunes/giftcards/. Транзакциялар ақысы қалай алынатыны туралы қосымша ақпарат алу үшін http://support.apple.com/HT201359 бетіне кіріңіз. Барлық транзакция түпкілікті болып саналады. Контент бағасы кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Егер техникалық мәселелер Контентті жеткізуге кедергі келтірсе немесе оны негізсіз кешіктірсе, Apple анықтағандай ерекше әрі бірден-бір құралыңыз контентті ауыстырып немесе төленген бағаны қайтарып беру болады. Егер алаяқтық, теріс пайдалану, заңсыз немесе Apple компаниясына тиісті қарсы талап қою құқығын беретін басқа манипуляциялық әрекеттер туралы дәлелдер тапсақ, Apple кейде төлемді тоқтата тұруы немесе одан бас тартуы немесе өтемақы туралы сұрауды қабылдамауы мүмкін. 

C. АККАУНТ 

Қызметтерімізді пайдалану және Контентіңізге қол жеткізу үшін Apple аккаунты қажет болуы мүмкін. Apple аккаунты (бұрын «Apple ID» деп аталған) — сіз бүкіл Apple экожүйесінде пайдаланатын аккаунт. Game Center қызметін пайдалану осы Келісіммен реттеледі, сонымен қатар Game Center аккаунты болуы керек. Аккаунтыңыз құнды болып саналады және оның құпиялығы мен қауіпсіздігін сақтауға сіз жауаптысыз. Apple аккаунтыңыздың рұқсатсыз пайдаланылуынан туындаған шығындар үшін жауап бермейді. Аккаунтыңызға бұзып кірді деп күдіктенсеңіз, Apple компаниясына хабарласыңыз.

Аккаунт жасап, Қызметтерімізді пайдалану үшін он үш (13) жасқа (немесе Apple аккаунтын жасау кезінде көрсетілгендей, еліңіздегі рұқсат етілетін ең төменгі жас) толған болуыңыз керек. Осы жасқа толмаған адамдарға арналған Apple аккаунттарын ата-анасы немесе заңды қамқоршысы Family Sharing арқылы немесе мақұлданған білім беру мекемесі жасай алады, дегенмен кейбір құрылғылар мұндай Apple аккаунттарының құрылғыдағы белгілі бір қызметтерге қол жеткізуіне жол бермеуі мүмкін. Балаға аккаунт жасайтын ата-ана немесе заңды қамқоршы осы Келісімді баламен бірге қарап шығып, олардың екеуі де түсінгенін растауы керек.

Apple аккаунты үшін Бұрынғы контактіні http://support.apple.com/HT212360 бетінде сипатталғандай қосуға, өшіруге немесе оған хабарлауға болады. Бұрынғы контактінің Apple аккаунтыңызды пайдалануы http://support.apple.com/HT212361 бөлімінде көрсетілгендей шектеледі. 

D. ҚҰПИЯЛЫҚ

Қызметті пайдалануыңыз https://www.apple.com/legal/privacy/kz веб-бетінде берілген Apple корпорациясының құпиялық саясатымен реттеледі.

E. АРНАЙЫ МҮМКІНДІКТЕР

Арнайы мүмкіндік функциялары туралы мәлімет пен Қызметтерге қатысты арнайы мүмкіндіктермен байланысты басқа ақпаратты https://www.apple.com/accessibility/labels веб-бетінен қараңыз.

F. ҚЫЗМЕТТЕР МЕН КОНТЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қызметтер мен Контент осы бөлімде көрсетілген ережелерге («Пайдалану ережелері») сәйкес пайдаланылуы керек. Қызметтер мен Контентті кез келген басқа жолмен пайдалану осы Келісімді өрескел бұзады. Apple осы пайдалану ережелерін сақтағаныңызға көз жеткізу үшін Қызметтер мен Контентті қалай пайдаланатыныңызды бақылай алады.

Барлық Қызмет:

- Қызметтер мен Контентті тек жеке, коммерциялық емес мақсаттарда пайдалана аласыз (төмендегі App Store Контенті бөлімінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда немесе Apple басқаша көрсетпесе).

- Apple корпорациясының Қызметтерді немесе Контентті ұсынуы сізге коммерциялық немесе жарнама мақсатында пайдалану құқығын бермейді және авторлық құқық иелерінің кез келген құқығын беру немесе одан бас тарту болып саналмайды.

- Әр құрылғыда бес (5) түрлі Apple аккаунты арқылы Контентті пайдалана аласыз.

- Кез келген қызмет үшін Сіз Apple аккаунтына бір уақытта он (10) құрылғыдан (бірақ бес (5) компьютерден аспайтын) қосыла аласыз, бірақ Контентті бір уақытта тарату немесе жүктеп алу Apple Music және Apple TV Контенті бөлімінде көрсетілгендей азырақ құрылғылар санымен шектелуі мүмкін. Әр компьютерге бірдей Apple аккаунты арқылы рұқсат етілуі керек (компьютерлерді авторизациялау туралы толығырақ ақпаратты https://support.apple.com/HT201251 бетінен қараңыз). Құрылғылар тоқсан (90) күн сайын басқа Apple аккаунтымен байланыстырылуы мүмкін.

- Ойнаған ойындардың, жүктелген файлдардың, рейтингілердің немесе шолулардың санын кез келген құралдармен, мысалы (i) бот, сценарий немесе автоматтандырылған процестің көмегімен немесе (ii) өтемақы немесе ынталандырудың кез келген түрімен қамтамасыз ету немесе қабылдау арқылы манипуляциялауға болмайды.

- Контенттің немесе Қызметтердің кез келген бөлігін жинап алу, көшіру немесе өлшеу, талдау немесе бақылауды орындау үшін кез келген бағдарламалық құралды, құрылғыны, автоматтандырылған процесті немесе кез келген ұқсас немесе балама қолмен өңдеуді пайдалануға болмайды.

- Жүктеп алынған Контентті жоғалтпауға, бүлдірмеуге немесе зақымдамауға өзіңіз жауаптысыз. Контенттің сақтық көшірмесін үнемі жасап отырғаныңыз жөн.

- Қызметтерге немесе Контентке ендірілген қауіпсіздік технологияларына араласуға немесе олардан жалтаруға болмайды.

- Қызметтерімізге тек Apple бағдарламалық құралынан кіре аласыз және мұндай бағдарламалық құралды өзгертуге немесе оның өзгертілген нұсқаларын пайдалануыңызға болмайды.

- Бейне Контенті HDCP қосылымын қажет етеді.

Аудио және бейне Контентін сату және жалға беру:

- Сіз иелік ететін немесе басқаратын үйлесімді құрылғылардың тиісті санында цифрлық құқықтарды басқару (DRM) қолданылмайтын Контентті пайдалана аласыз. Қорғалған DRM Контентін бес (5) компьютерге дейін және сол компьютерлерден синхрондалған кез келген құрылғыларда пайдалануға болады. 

- Жалға алынған Контентті бір уақытта тек бір құрылғыда көруге болады. Оны отыз (30) күн ішінде ойнату керек және ойнату басталғаннан кейін қырық сегіз (48) сағат ішінде аяқтау қажет (тоқтату, кідірту немесе қайта іске қосу бұл мерзімді ұзарта алмайды).

- Сатып алынған музыканың аудио ойнату тізімін тыңдау үшін жеті (7) ретке дейін дискіге жазуға болады; бұл шектеу DRM қолданылмайтын Контентке қойылмайды. Басқа Контент дискіге жазылмауы мүмкін.

- Әдетте сатып алынған Контентті Apple қызметтерінен жүктеп алу, қайта жүктеп алу немесе басқаша алу мүмкіндігі сақталып қалады. Бола қоюы екіталай көрінгенімен, сіз сатып алғаннан кейін Контент Қызметтерден жойылып, ендігәрі оны Apple арқылы жүктеп ала алмай немесе пайдалана алмай қалуыңыз мүмкін (мысалы, Apple оны ұсынуға Контент провайдерінен алған құқықтан айырылғандықтан). Контентті әрі қарай пайдалану үшін барлық сатып алынған Контентті өз құрылғыңызға жүктеп алып, оның сақтық көшірмесін жасағаныңыз жөн.

App Store Контенті:

- «Қолданбалар» терминіне кез келген Apple платформасына және/немесе операциялық жүйеге арналған Қолданбалар мен Қолданба клиптері, соның ішінде кез келген қосымша сатып алынған контент, кеңейтімдер (мысалы, пернетақталар), стикерлер және осындай қолданбаларда немесе Қолданба клиптерінде ұсынылған жазылымдар жатады.

- Коммерциялық кәсіпорын, үкіметтік ұйым немесе білім беру мекемесі («Кәсіпорын») атынан әрекет ететін жеке тұлғалар Arcade емес қолданбаларды (i) Кәсіпорынға тиесілі немесе бақыланатын бір (1) немесе бірнеше құрылғыда пайдаланатын бір жеке тұлға; немесе (ii) Кәсіпорынға тиесілі немесе бақыланатын ортақ бір құрылғыны пайдаланатын бірнеше жеке тұлға арқылы жүктеп алып, синхрондай алады. Түсінікті болуы үшін: бірнеше пайдаланушы бір-бірлеп немесе бірлесіп пайдаланатын әр құрылғы үшін бөлек лицензия қажет.

Apple Music:

- Apple Music жеке мүшелігімен бір уақытта бір құрылғыдан трансляциялай аласыз, ал отбасылық мүшелік сізге немесе отбасы мүшелеріңізге алты (6) құрылғыда бір уақытта трансляциялауға мүмкіндік береді.

Apple Arcade:

- Apple Arcade қолданбаларын тек Apple Arcade жарамды сынақ нұсқасы немесе жазылым болғанда жүктеп алуға немесе қайта жүктеп алуға болады.

- Егер жазылымыңыз аяқталса, Apple Arcade арқылы жүктеп алынған қолданбаларды пайдалана алмайтын боласыз.

Apple TV Контенті:

- Көптеген арналар үшін бейне Контентін бір уақытта үш (3) құрылғыға трансляциялауға болады. 

- Apple TV Контентін пайдалану ережелері туралы қосымша мәліметті https://support.apple.com/HT210074 бетінен қараңыз. 

G. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ БІРЖОЛАТА ЖӘНЕ УАҚЫТША ТОҚТАТУ

Егер осы Келісімнің қандай да бір ережесін орындамасаңыз немесе Apple солай деп күдіктенсе, Apple сізге ескертпей келесі шараларды қолдана алады: (i) осы Келісімді және/немесе Сіздің Apple аккаунтыңызды біржолата тоқтату, мұндайда сіз тоқтату күніне дейін және оны қоса Apple аккаунтымен байланысты барлық сома үшін жауапты боласыз және/немесе (ii) бағдарламалық құрал лицензиясын біржолата тоқтату; және/немесе (iii) сізге Қызметтерді пайдалануға тыйым салу.

Сондай-ақ Apple сізге хабарлау арқылы немесе хабарламай, Қызметтерді (немесе Контенттің кез келген бөлігін) кез келген уақытта өзгерту, уақытша немесе біржолата тоқтату құқығын сақтап қалады және мұндай құқықтарды пайдаланған жағдайда Apple Сіздің немесе кез келген үшінші тараптың алдында жауапты болмайды.

H. ЖҮКТЕП АЛЫНАТЫН КОНТЕНТ 

Жүктеп алуыңызға болатын Контент мөлшері шектелуі мүмкін және кейбір Контент жүктеп алынғаннан кейін немесе бірінші ойнатылғаннан кейін, оның мерзімі белгілі бір уақыт өткенде аяқталуы мүмкін. Белгілі бір Контентті жүктеп алу мүмкін болмауы ықтимал.

Бұрын сатып алынған Контентті бірдей Apple аккаунтымен («Байланыстырылған құрылғылар») кірген құрылғыларыңызға қайта жүктеп ала («Қайта жүктеу») аласыз. Өз еліңізде қайта жүктеп алуға болатын Контент түрлерін https://support.apple.com/HT204632 бетінен қараңыз. Егер бұл Контент Қызметтерімізде ұсынылмайтын болса, оны Қайта жүктеу мүмкін болмауы ықтимал.

Контент кез келген уақытта Қызметтерімізден жойылуы мүмкін (мысалы, Apple оны ұсынуға Контент провайдерінен алған құқықтан айырылғандықтан), одан кейін оны Apple қызметінен жүктеп алуға, қайта жүктеп алуға немесе басқа жолмен кіруге болмайды. Контенттің сақтық көшірмесін үнемі жасап отырғаныңыз жөн.

I. ЖАЗЫЛЫМДАР

Қызметтер мен белгілі бір Қолданбалар жазылымға негізделген Контентті немесе Қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді («Ақылы жазылымдар»). Ақылы жазылымдар аккаунт параметрлерінің «Жазылымдарды басқару» бөлімінде жойылғанға дейін автоматты түрде жаңартылып тұрады. Жазылымдарыңыздан бас тартуға қатысты толығырақ ақпаратты https://support.apple.com/HT202039 бетінен қараңыз. Егер Ақылы жазылым бағасы көтерілсе, бұл туралы хабарланады және қажет болса, жалғастыру үшін сіздің келісіміңіз қажет болады. Ақылы жазылымның соңғы кезеңі басталғанға дейін жиырма төрт (24) сағат ішінде ақы алынады. Егер қандай да бір себептермен (мысалы, жарамдылық мерзімінің аяқталуына немесе қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты) төлемді ала алмасақ және ақылы жазылымнан бас тартпасаңыз, алынбаған сомалар үшін жауапты болып қаласыз және сіз төлем туралы ақпаратты жаңартқанда, төлемді алуға тырысамыз. Бұдан келесі ақылы жазылым кезеңінің басталу күні өзгеріп, түбіртекте көрсетілгендей әр кезең үшін төлем күні де жаңаруы мүмкін. Жазылымды ұзарту үшін төлем әдісіңізбен ақыны ала алмасақ, Ақылы жазылымды тоқтату құқығын өзімізде қалдырамыз. Кейбір Ақылы жазылымдар төлем әдісіңізбен ақы алмас бұрын тегін сынақ нұсқасын ұсынуы мүмкін. Егер төлем әдісіңізбен ақы алына бастамас бұрын, Ақылы жазылымнан бас тартуды ұйғарсаңыз, тегін сынақ нұсқаның мерзімі аяқталардан кемінде жиырма төрт (24) сағат бұрын жазылымнан бас тартыңыз. 

Apple қызметтері Контент провайдері ретінде ұсынатын ақылы жазылымның тегін сынақ нұсқасын іске қоссаңыз («Apple ақылы жазылымы») және оны аяқтағанға дейін тоқтатсаңыз, тегін сынақ нұсқасын қайта іске қоса алмайсыз.

iCloud қызметін қоспағанда, Apple ақылы жазылымдарына арналған тегін сынақ нұсқалары немесе тегін ұсыныстар Apple One жазылымының кез келген тегін сынақтарымен немесе ұсыныстарымен қоса пайдаланылмауы мүмкін. Егер қандай да бір ақылы Apple жазылымының тегін сынақ нұсқасын немесе тегін ұсынысын пайдаланып жатсаңыз және Apple One жазылымыңыз болса, Apple One жазылымы арқылы осындай Apple Ақылы жазылым(дар)ын пайдалана алсаңыз да, тегін сынақ(тар) немесе ұсыныстарыңыз тоқтатылмайды. Apple One қызметінің Ақылы жазылушысы болған кезде, тегін сынақ немесе тегін ұсынысыңыздың мерзімі аяқталуы мүмкін екенін мойындайсыз және Apple сізге осындай кешіктірілген тегін сынақ нұсқасының немесе тегін ұсыныстың кез келген бөлігін қалпына келтіруге, өтеуге немесе басқа жолмен өтемақы жасауға міндетті емес.

Қандай да бір Қызметке немесе Контентке Ақылы жазылым аяқталған кезде, Ақылы жазылымды қажет ететін аталған Қызметтің кез келген функциясын немесе Контентін пайдалана алмай қаласыз.

J. КОНТЕНТ ПЕН ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІ

Сіздің Тұрғылықты еліңізде жоқ Қызметтерге, Контент түрлеріне, мүмкіндіктерге немесе функцияларға қатысты осы Келісімдегі шарттар сіздің пайдалануыңыз мүмкін болғанға дейін қолданылмайды. Еліңізде пайдалануға болатын Контент түрлерін көру үшін Қызметтерге немесе https://support.apple.com/HT204411 бетіне өтіңіз. Еліңізден тыс сапарларға шыққан кезде, еліңізде бар белгілі бір Қызметтер мен Контентті пайдалана алмауыңыз мүмкін.

K. ҮШІНШІ ТАРАП ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫ

Apple шығармаған құрылғыдан Қызметтерді пайдаланғанда, олардың барлық мүмкіндігін пайдалана алмауыңыз мүмкін. Сонымен қатар кейбір қызметтер белгілі бір жағдайларда және/немесе белгілі бір жұмыс түрлерінде үшінші тарап жабдықтарын пайдалануды талап етуі, бағыттауы немесе ұсынуы мүмкін; мұндай пайдалану осындай жабдықтың ережелері мен шарттарымен реттеледі және өндірушінің қолданыстағы нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылуы керек. Қызметтерді пайдалана отырып, сіз Apple компаниясы кейде бағдарламалық құралының шағын жаңартуларын үшінші тарап жабдықтарына автоматты түрде жүктеп, орната алатынымен келісесіз.

L. СІЗ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗГЕ ЖІБЕРЕТІН МАТЕРИАЛДАР 

Қызметтеріміз түсініктемелер, рейтингілер мен шолулар, фотосуреттер, бейнелер және подкастар (байланысты метадеректер мен иллюстрацияларды қоса) сияқты материалдарды жіберуге немесе жариялауға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктерді пайдалану төменде келтірілген Жіберу нұсқауларына сәйкес келуі керек, олар тұрақты түрде жаңартылып отыруы мүмкін. Жіберу ұсыныстарымызды бұзатын материалдар туралы білсек, оларды өшіріп тастаймыз. Егер сіз Жіберу нұсқауларына сәйкес келмейтін материалдарды, соның ішінде кез келген қорлайтын, жәбірлейтін немесе заңсыз контентті көрсеңіз, reportaproblem.apple.com сайтында немесе Apple қолдау қызметіне хабарласу арқылы бізге хабарлаңыз. Заңмен тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, осы құжатпен сіз Apple корпорациясына Қызметтер мен қатысты маркетингке аясында жіберетін материалдарды пайдалануға дүниежүзілік, өтеусіз, мерзімсіз, айрықша емес лицензия бересіз. Apple кез келген жіберілген материалды, соның ішінде автоматтандырылған контент сүзгілері және/немесе адамға тексерту арқылы бақылауға және жоюға немесе өңдеуге шешім қабылдауы мүмкін. 

Жіберу нұсқаулары: Қызметтерді мына мақсаттарда пайдалануға болмайды:

- (i) пайдалануға рұқсатыңыз, құқығыңыз немесе лицензияңыз жоқ немесе (ii) кез келген үшінші тараптың құқықтарын бұзатын қандай да бір материалдарды орналастыру;

- орынсыз, қорлайтын, заңсыз, жаңылыстыратын, нақты емес немесе зиянды контентті орналастыру;

- басқа тұлғаларға тиесілі жеке немесе құпия ақпаратты жариялау;

- кәмелетке толмаған баладан жеке ақпаратты сұрау;

- өзіңізді басқа адам немесе ұйым ретінде көрсету немесе басқа жеке немесе заңды тұлға өкілі ретінде жалған көрсету;

- сұралмаған немесе рұқсатсыз жарнама, жарнамалық контент немесе ақпараттық хабарларды қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелмей, спам жіберу немесе тарату;

- кез келген өтемақы немесе ынталандыру орнына рейтингіні немесе шолуды жариялау, өзгерту немесе жою; 

- адал емес, жәбірлейтін, зиянды, жаңылыстыратын немесе жосықсыз рейтингіні не шолуды немесе қаралған Контентке қатысы жоқ рейтингіні немесе шолуды жариялау;

- қандай да бір заңсыз, алаяқ немесе манипуляциялау әрекеттерін жоспарлау немесе оларға қатысу.

M. FAMILY SHARING

Отбасы ұйымдастырушысы («Ұйымдастырушы») он сегіз (18) жаста (немесе елдегі кәмелет жасына тең) немесе одан асқан болуы керек. Ал он үш (13) жасқа (немесе олардың еліндегі тіркеу процесінде көрсетілген баламалы ең төменгі жасқа) толмаған кез келген отбасы мүшесінің ата-анасы немесе заңды қамқоршысы болуы керек. Family Sharing функцияларының барлығын пайдалану үшін Apple құрылғылары қажет. Family Sharing сәйкес жазылымдарды алты (6) отбасы мүшесіне дейін өзара бөлісуге мүмкіндік береді. Family Sharing туралы қосымша мәлімет алу үшін мына сайтқа кіріңіз: https://support.apple.com/HT201060.

Purchase Sharing: Family Sharing қызметінің Purchase Sharing функциясы сәйкес Контентті алты (6) отбасы мүшесіне дейін өзара бөлісуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушы басқа мүшелерді қатысуға шақырады және Отбасы мүшелері бастаған барлық Транзакцияны төлеуге келіседі. Ұйымдастырушының жарамды төлем әдістері отбасы мүшесі бастаған кез келген Транзакцияны төлеу үшін қолданылады (отбасы мүшесінің шотында әрқашан бірінші пайдаланылатын дүкен кредиті болатын жағдайларды қоспағанда). Ұйымдастырушының жарамды төлем әдістері қолданылған кезде, Отбасы мүшелері оның агенті ретінде әрекет етеді. Ұйымдастырушы осымен келіседі: (1) отбасы мүшелері бастаған транзакцияларға рұқсат еткен (2) осындай транзакцияларды төлеуге келіседі; және (3) транзакциялар жоғарыдағы В бөлімінде көрсетілген тәсілге сай жарамды төлем әдістерімен алынады. Ұйымдастырушылар төлем әдістері туралы келісімшарттарды қадағалауға жауап береді және Отбасы мүшелерімен жарамды төлем әдістеріне ортақ пайдалануға байланысты барлық тәуекелді қабылдайды. Отбасы мүшесі жасаған кез келген Транзакция үшін түбіртек немесе шот сатып алуды сұраушы Отбасы мүшесіне жіберіледі. Ал шот ұйымдастырушының төлем әдісін қолдана отырып жасалса, ұйымдастырушыға да жіберіледі. 

Сатып алу сұрауы: Сатып алу сұрауы – Ұйымдастырушыға он сегіз (18) жасқа толмаған отбасы мүшесі (немесе елдегі кәмелетке толу жасы) сұраған Транзакцияларды мақұлдауға мүмкіндік беретін функция. Отбасы мүшелері бөлісетін немесе контент кодтары арқылы сатып алынатын Контент әдетте «Сатып алу сұрауы» аясына жатпайды. Жазылымдарды пайдалануды жеңілдететін контент кодтары Сатып алу сұрауына жатады. Ұйымдастырушы Сатып алу сұрауы іске қосылған кез келген Отбасы мүшесінің ата-анасы немесе заңды қамқоршысы болуы керек. «Сатып алу сұрауы» функциясы он үш (13) жасқа (немесе тұрғылықты елдегі ең төменгі жасқа) толмаған кез келген Отбасы мүшесі үшін әдепкі күйде қосулы болады және ата-анасы немесе заңды қамқоршысы оны өшіргенше қосулы қалады. Егер отбасы мүшесі он сегіз (18) жасқа толғаннан кейін (немесе өз елінде белгіленген кәмелеттік жасқа толғаннан кейін) «Сатып алуды сұрау» функциясы өшірілсе, оны енді қосу мүмкін болмайды. «Сатып алу сұрауы» «Purchase Sharing» функциясын қосуды талап етпейді.

Отбасы мүшелеріндегі өзгерістер: Отбасы мүшесі отбасынан шыққан немесе шығарылған кезде, қалған Отбасы мүшелері бұрынғы мүшенің Контентін, соның ішінде ұйымдастырушының төлем әдісімен сатып алынған Контентті пайдалана алмауы мүмкін.

Family Sharing ережелері: Бір уақытта тек бір (1) отбасында бола аласыз және жылына екі реттен асырмай кез келген отбасыға қосыла аласыз. Отбасымен байланыстыратын Apple аккаунтын ары кеткенде тоқсан (90) күнде бір рет өзгерте аласыз. Барлық Отбасы мүшесі бір елде тұруы керек. Барлық Контент, соның ішінде Қолданба арқылы сатып алынған контент, жазылымдар және бұрын сатып алынған кейбір Қолданбалар Purchase Sharing үшін жарамды бола бермейді. Apple TV+, Apple TV арналары, Apple F family, Apple One Premier, Apple Music Family, Apple Arcade, Apple News+ және Apple Fitness+ жазылымдары Family Sharing үшін автоматты түрде қосылады. Отбасы бөлісетін жазылымдарда әр жазылым үшін Контентті пайдалануға шектеулер қойылуы мүмкін.

N. МАУСЫМДЫҚ АБОНЕМЕНТ ЖӘНЕ КӨПРЕТТІК АБОНЕМЕНТ

Абонемент пайдалануға болатын теледидар Контентін сатып алуға және алуға мүмкіндік береді. Маусымдық абонемент маусымдағы эпизодтардың шектеулі санын қамтитын теледидар Контентіне қолданылады. Көпреттік абонемент тұрақты түрде пайдалануға болатын теледидар Контентіне қолданылады. Транзакция жасалған кезде, Маусымдық абонементтің және Көпреттік абонементтің толық құны алынады. Маусымдық абонемент немесе Көпреттік абонемент Контентін соңғы эпизод шыққаннан кейін тоқсан (90) күн ішінде жүктеп алуға болады. Егер Контент провайдері телевизиялық эпизодтарды Apple қызметтеріне маусымдық абонемент сатып алу кезінде жоспарланғаннан аз ұсынса, Apple аккаунтыңызға Apple ұсынбаған эпизодтардың тиісті санының бөлшек сауда құны жіберіледі.

O. APP STORE ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОСЫМША ШАРТТАРЫ (APPLE ARCADE ҚОЛДАНБАЛАРЫН ҚОСПАҒАНДА)

APP STORE КОНТЕНТІНЕ ЛИЦЕНЗИЯ 

Қолданба лицензияларын сізге Apple компаниясы немесе үшінші тарап әзірлеушісі («Қолданба провайдері») береді. App Store дүкенімен жұмыс істеу кезінде Apple Қолданба провайдерлерінің агенті ретінде әрекет етеді және сіз бен Қолданба провайдерінің арасындағы сатып алу-сату шартының немесе пайдаланушы келісімінің тарабына жатпайды. Дегенмен, Apple Distribution International Ltd. немесе Apple Distribution International Ltd. тұтынушысы болсаңыз, онда жазба сатушы заңды тұлға болып табылады, яғни сіз Қолданба лицензиясын қолданылуына қарай Apple Distribution International Ltd. немесе Apple Services Pte. Ltd. компаниясынан аласыз, бірақ Қолданбаны Қолданба провайдері лицензиялаған. Apple лицензиялаған қолданба «Apple қолданбасы» саналады, ал Қолданба провайдері лицензиялаған қолданба «Үшінші тарап қолданбасы» болады. Apple немесе Қолданба провайдері пайдаланушының лицензиялық келісімінің («Арнаулы пайдаланушының лицензиялық келісімі») басым күшке ие болатын жағдайларды қоспағанда, сіз сатып алатын кез келген Қолданбаны төменде көрсетілген Лицензияланған қолданба бойынша түпкі пайдаланушымен келісім («Стандартты пайдаланушының лицензиялық келісімі») реттейді. Жергілікті заңға сәйкес, кез келген Үшінші тарап қолданбасының мазмұны мен кепілдіктеріне, сондай-ақ үшінші тарап қолданбасына қатысты кез келген шағымдарға оның Қолданба провайдері жауапты. Сіз Apple стандартты пайдаланушының лицензиялық келісімінің немесе әрбір Үшінші тарап қолданбасына қолданылатын Арнаулы пайдаланушының лицензиялық келісімінің үшінші тараптағы бенефициары екенін, сондықтан мұндай келісімді орындауға міндеттей алатынын мойындайсыз және оған келісесіз. Кейбір қолданбалар, мысалы, стикерлер мен iMessage қолданбалары құрылғының басқару тақтасында көрінбеуі мүмкін, бірақ оларға Messages қолданбасының тартпасынан кіруге және пайдалануға болады.

ҚОЛДАНБА АРҚЫЛЫ САТЫП АЛУ

Қолданбалар осындай Қолданбаларда («Қолданба арқылы сатып алу») пайдалану үшін контент, қызметтер немесе функциялар ұсына алады. Қолданбаны пайдалану кезінде жұмсалатын қолданба арқылы сатып алынған контент (мысалы, виртуалды асыл тастар) құрылғылар арасында тасымалданбайды және тек бір рет жүктеп алынады. Құпиясөзді енгізу арқылы немесе Touch ID не Face ID пайдаланып (басқа Контентті алу үшін кез келген аутентификациядан бөлек) қолданба арқылы сатып алмай тұрып аккаунтыңыздың түпнұсқалығын растауыңыз керек. Егер бізден әр сатып алу үшін құпиясөз сұрауымызды өтінбесеңіз немесе Touch ID не Face ID қоспаған болсаңыз, он бес (15) минут ішінде қосымша аутентификациясыз Қолданба арқылы сатып ала аласыз. Қолданба арқылы сатып алу мүмкіндігін мына нұсқауларды орындау арқылы өшіруге болады: https://support.apple.com/HT201304.

ҚОЛДАНБАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Apple тек Apple қолданбаларына техникалық қызмет көрсетуге және қолдауға немесе қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жауап береді. Қолданба провайдерлері үшінші тарап қолданбаларына техникалық қызмет көрсету және қолдау көрсету үшін жауап береді.

ҚОЛДАНБА БУМАЛАРЫ

Кейбір Қолданбалар бума түрінде («Қолданба бумасы») бірге сатылуы мүмкін. Қолданбалар бумасымен бірге көрсетілетін баға — Қолданбалар бумасын сатып алу кезінде алынатын құны. Қолданбалар бумасының құнын Сіз сатып алған не алған қолданбалар есебінен төмендетуге болады, бірақ ол қолданбалар бумасын толықтыру үшін ең аз төлемді қамтуы мүмкін.

ІЗДЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН РЕЙТИНГІЛЕРІ

Іздеу нәтижелерінде Қолданбаларды қалай реттеу керегін анықтаған кезде, негізгі параметрлерге Қолданба провайдерлері ұсынатын метадеректер, тұтынушылардың қолданбалармен және App Store дүкенімен өзара әрекеттестігі және App Store дүкеніндегі Қолданбалардың танымалдығы жатады. Бұл негізгі опциялар тұтынушылардың іздеу сұрауларына ең сәйкес нәтижелерді береді.

ЛИЦЕНЗИЯЛАНҒАН ҚОЛДАНБА БОЙЫНША ТҮПКІ ПАЙДАЛАНУШЫМЕН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ

App Store арқылы алуға болатын қолданбалар сізге сатылмайды, бірақ лицензия арқылы беріледі. Әр қолданбаға арналған лицензияңыз осы Лицензияланған қолданба бойынша түпкі пайдаланушымен лицензиялық келісімді («Стандартты пайдаланушының лицензиялық келісімі») немесе сіз бен Қолданба провайдері арасындағы түпкі пайдаланушымен лицензиялық келісімді («Арнаулы пайдаланушының лицензиялық келісімі») (берілген болса) алдын ала қабылдаған жағдайда беріледі. Осы Стандартты немесе Арнаулы пайдаланушының лицензиялық келісіміне сәйкес кез келген Apple қолданбасына лицензияңызды Apple береді, ал осы Стандартты немесе Арнаулы пайдаланушының лицензиялық келісіміне сәйкес кез келген Үшінші тарап қолданбасына лицензияңызды осы Үшінші тарап қолданбасының Қолданба провайдері береді. Осы Стандартты лицензиялық келісім қолданылатын кез келген қолданба бұдан әрі қарай «Лицензияланған қолданба» деп аталады. Қолданылуына қарай Қолданба провайдері немесе Apple («Лицензиар») осы Стандартты лицензияға сәйкес сізге тікелей берілмеген Лицензияланған қолданбаның барлық құқығын өзіне қалдырады.

a. Лицензия ауқымы: Лицензиар сіз иелік ететін немесе басқаратын Apple брендінің кез келген өнімдеріне қатысты және Пайдалану ережелері рұқсат еткендей Лицензияланған қолданбаны пайдалану үшін басқа тұлғаларға берілмейтін лицензия береді. Осы Стандартты пайдаланушының лицензиялық келісімнің шарттары лицензияланған қолданбадан алуға болатын немесе оның аясында сатып алынған кез келген контентті, материалды немесе қызметті, сондай-ақ Лицензиар ұсынған жаңартуларды (мұндай жаңартуды Арнаулы пайдаланушының лицензиялық келісімі сүйемелдейтін жағдайды қоспағанда, ол түпнұсқа Лицензияланған қолданбаның орнын басады немесе оны толықтырады) реттейді. Пайдалану ережелерінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Лицензияланған қолданбаны бір уақытта бірнеше құрылғы қолдана алатын желі арқылы таратуға немесе қолжетімді етуге болмайды. Осы келісімде тікелей рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, Лицензияланған қолданбаны беруге, таратуға немесе қосалқы лицензиялауға болмайды және Apple құрылғысын үшінші тарапқа сатсаңыз, Лицензияланған қолданбаны Apple құрылғысынан алдын ала жойып тастауыңыз керек. Бастапқы кодты көшіруге (осы лицензия және Пайдалану ережелері рұқсат ететін жағдайларды қоспағанда), қайта құруға, бөлшектеуге, алуға тырысуға немесе Лицензиялық қолданбаның туындыларын, кез келген жаңартуларды немесе оның кез келген бөлігін өзгертуге немесе жасауға болмайды (жоғарыда аталған кез келген шектеуге қолданыстағы заңнамамен тыйым салынған шамада немесе лицензиялық қолданбаға енгізілген кез келген ашық бастапқы компоненттерді пайдалануды реттейтін лицензиялау шарттарымен рұқсат етілетін ауқымда ғана).

ә. Деректерді пайдалануға келісім: Құрылғы, жүйе және қолданбаның бағдарламалық құралы және перифериялық құрылғылар туралы техникалық ақпаратты қамтитын, бірақ онымен шектелмейтін техникалық деректерді және онымен байланысты ақпаратты Лицензиар Лицензияланған қолданбаға қатысты бағдарламалық құралды жаңартуды, өнімді қолдауды және басқа қызметтерді (егер бар болса) ұсыну үшін тұрақты түрде жинап, пайдалана алатынына келісесіз. Бұл ақпарат сізді жеке анықтамайтындай ұсынылатын жағдайда Лицензиар оны өз өнімдерін жақсартуға немесе сізге қызмет немесе технология ұсынуға пайдалана алады.

б. Тоқтату. Осы стандартты пайдаланушының лицензиялық келісімі сіз немесе лицензиар бұзғанша күшінде болады. Осы Стандартты пайдаланушының лицензиялық келісімінің қандай да бір шартын орындамасаңыз, оған сәйкес құқықтарыңыз автоматты түрде тоқтатылады.

в. Сыртқы қызметтер. Лицензияланған қолданба Лицензиардың және/немесе үшінші тараптардың қызметтері мен веб-сайттарын (бірлесіп және жекелей «Сыртқы қызметтер» деп аталады) пайдалануға мүмкіндік береді. Сыртқы қызметтерді пайдалануға тек өзіңіз тәуекел етесіз. Лицензиар қандай да бір үшінші тараптың Сыртқы қызметтерінің мазмұнын немесе дәлдігін зерттеуге немесе бағалауға жауапты емес және қандай да бір осындай үшінші тараптың Сыртқы қызметтері үшін жауап бермейді. Кез келген Лицензияланған қолданба немесе Сыртқы қызмет көрсететін деректер (соның ішінде қаржылық, медициналық және орналасқан жер туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелместен) тек жалпы ақпараттық мақсаттарға арналған және Лицензиар немесе оның агенттері кепілдік бермейді. Бұл Стандартты пайдаланушының лицензиялық келісімінің шарттарына сәйкес келмейтін немесе Лицензиардың немесе кез келген үшінші тараптың зияткерлік меншік құқығын бұзатын Сыртқы қызметтерді пайдаланбайсыз. Сіз Сыртқы қызметтерді кез келген жеке тұлғаны немесе заңды тұлғаны қудалау, қорлау, қысым жасау, қорқыту немесе жала жабу үшін пайдаланбауға келісесіз және Лицензиар мұндай пайдалану үшін жауап бермейді. Сыртқы қызметтер барлық тілде немесе Тұрғылықты еліңізде көрсетілмеуі мүмкін, сонымен қатар белгілі бір аймақта қолдануға жарамсыз немесе қолжетімді болмауы мүмкін. Осындай сыртқы қызметтерді пайдалануды таңдауыңыз аясында кез келген қолданыстағы заңдардың қадағалануына жауап бересіз. Лицензиар кез келген уақытта кез келген сыртқы қызметтерді алдын ала ескертусіз немесе сіздің алдыңызда жауапкершіліксіз пайдалану мүмкіндігін өзгерту, кідірту, жою, өшіру немесе шектеу қою құқығын өзіне қалдырады.

г. КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ: СІЗ ЛИЦЕНЗИЯЛАНҒАН ҚОЛДАНБАНЫ ТЕК ӨЗІҢІЗГЕ ТӘУЕКЕЛ ЕТЕ ОТЫРЫП ҚОЛДАНАТЫНЫҢЫЗДЫ ТІКЕЛЕЙ МОЙЫНДАЙСЫЗ ЖӘНЕ КЕЛІСЕСІЗ. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ЛИЦЕНЗИЯЛАНҒАН ҚОЛДАНБА ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАНҒАН ҚОЛДАНБА АРҚЫЛЫ ОРЫНДАЛАТЫН НЕМЕСЕ ҰСЫНЫЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР БАРЛЫҚ ҚАТЕМЕН ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ДА БІР КЕПІЛДІКТЕРСІЗ «СОЛ ҚАЛПЫНДА» ЖӘНЕ «БАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА» ШАРТТАРЫМЕН ҰСЫНЫЛАДЫ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАР ОСЫ ҚҰЖАТ АРҚЫЛЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАНҒАН ҚОЛДАНБАҒА ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА НЕМЕСЕ ЗАҢМЕН ҚАРАСТЫРЫЛҒАН БАРЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕН ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ШАРТТАРДАН, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОЛАРМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛМЕЙ, ТАУАРЛЫҚ КҮЙГЕ, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПАҒА, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚҚА, ДӘЛДІККЕ, ТЫНЫШ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗБАУҒА ҚАТЫСТЫ ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТАДЫ. ЛИЦЕНЗИАР НЕМЕСЕ ОНЫҢ УӘКІЛЕТТІ ӨКІЛІ БЕРГЕН ЕШҚАНДАЙ АУЫЗША НЕМЕСЕ ЖАЗБАША АҚПАРАТ НЕМЕСЕ КЕҢЕСТЕР КЕПІЛДІК БОЛЫП ЕСЕПТЕЛМЕЙДІ. ЕГЕР ЛИЦЕНЗИЯЛАНҒАН ҚОЛДАНБАДА НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРІНДЕ АҚАУ БАР БОЛЫП ШЫҚСА, БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ЖӨНДЕУ НЕМЕСЕ ТҮЗЕТУ ҮШІН БҮКІЛ ШЫҒЫНДЫ СІЗ ТӨЛЕЙСІЗ. КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА КӨЗДЕЛГЕН КЕПІЛДІКТЕРДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА НЕМЕСЕ ТҰТЫНУШЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ, СОНДЫҚТАН ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ЖОҚҚА ШЫҒАРУ МЕН ШЕКТЕУЛЕР СІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН.

ғ. Жауапкершілікті шектеу. ЗАҢ БОЙЫНША ТЫЙЫМ САЛЫНБАҒАН АУҚЫМДА, ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ЛИЦЕНЗИАР ДЕНЕ ЖАРАҚАТТАРЫ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН КЕЗДЕЙСОҚ, АРНАЙЫ, ЖАНАМА НЕМЕСЕ КЕЙІНГІ ЗАЛАЛ ҮШІН, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОЛАРМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛМЕЙ, ПАЙДАДАН АЙЫРЫЛУДАН БОЛҒАН ЗАЛАЛ, ДЕРЕКТЕРДІҢ БҰЗЫЛУЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАЛУЫ, КЕЗ КЕЛГЕН ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ НЕМЕСЕ АЛУ МҮМКІН БОЛМАУЫ (СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОНЫМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛМЕЙ, БАҒЫТ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР МЕН МАТЕРИАЛДАР), ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ҮЗІЛУІ НЕМЕСЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАНҒАН ҚОЛДАНБАНЫ ПАЙДАЛАНУМЕН НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІН БОЛМАУЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЗАЛАЛ НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАР, СЕБЕПТЕРІНЕ ҚАРАМАСТАН, ЖАУАПКЕРШІЛІК ТЕОРИЯСЫНА ҚАРАМАСТАН (КЕЛІСІМШАРТ, ҚҰҚЫҚ БҰЗУ НЕМЕСЕ БАСҚА) ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРҒА МҰНДАЙ ШЫҒЫНДАРДЫҢ БОЛУЫ МҮМКІН ЕКЕНІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ БЕРІЛГЕН БОЛСА ДА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА ДЕНЕ ЖАРАҚАТТАРЫ, КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ШЫҒЫНДАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА НЕМЕСЕ ШЕКТЕУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ, СОНДЫҚТАН БҰЛ ШЕКТЕУ СІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН. Ешбір жағдайда барлық залал (дене жарақатымен байланысты жағдайларда қолданыстағы заң бойынша талап етілмеген жағдайда) үшін Сіздің алдыңыздағы Лицензиардың бүкіл міндеттемесі 250 (екі жүз елу) АҚШ долларынан аспауы керек. Жоғарыда көрсетілген шектеулер жоғарыда айтылған құқық қорғау құралы өзі негізгі мақсатына жетпесе де қолданылады.

д. Америка Құрама Штаттарының заңдары немесе Лицензияланған қолданба алынған юрисдикцияның заңдары бойынша рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, Лицензияланған қолданбаны пайдалануға немесе экспорттауға, не болмаса қайта экспорттауға болмайды. Әсіресе, бірақ келесімен шектелмейтін, Лицензияланған қолданбаны (а) АҚШ тарапынан эмбарго қолданылған елдерге немесе (ә) АҚШ Қаржы министрлігінің арнайы белгіленген азаматтар тізіміндегі немесе АҚШ Сауда министрлігінің тыйым салынған адамдар немесе заңды тұлғалар тізіміндегі тұлғаға экспорттауға немесе қайта экспорттауға болмайды. Лицензияланған қолданбаны пайдалану арқылы Сіз сондай елде немесе тізімде жоқ екеніңізді мәлімдейсіз және соған кепілдік бересіз. Сондай-ақ Сіз осы өнімдерді АҚШ заңы бойынша тыйым салынған мақсатта, соның ішінде ракеталар, ядролық, химиялық немесе биологиялық қару әзірлеу, жобалау, жасау немесе өндіру үшін пайдаланбауға келісесіз.

е. АҚШ үкіметі түпкі пайдаланушылары. Лицензияланған қолданба мен оған қатысты құжаттары тиісті жағдайларда 48 C.F.R. §12.212 немесе 48 C.F.R. §227.7202 тармақтарындағы анықтамаға сәйкес «Коммерциялық компьютер бағдарламалық құралы» және «Коммерциялық компьютер бағдарламалық құралының құжаттамасы» терминдерінен тұратын 48 C.F.R. §2.101 тармағындағы анықтама бойынша «Коммерциялық бұйымдар» санатына жатады. Тиісті жағдайларда 48 C.F.R. §12.212 немесе 48 C.F.R. §227.7202-1 және 227.7202-4 аралығындағы тармақтарға сәйкес, Коммерциялық компьютер бағдарламалық құралы мен Коммерциялық компьютер бағдарламалық құралының құжаттамасы АҚШ Үкіметіндегі түпкі пайдаланушыларға (а) тек Коммерциялық бұйымдар ретінде және (b) тек осы құжаттың шарттары мен талаптарына сәйкес барлық түрі пайдаланушыларға берілетін құқықтармен лицензия бойынша беріледі. Жарияланбаған құқықтар Америка Құрама Штаттарының авторлық құқық туралы заңдарына сәйкес қорғалады.

ж. Келесі бөлімде тікелей берілген ауқымнан басқа, бұл Келісім және сіз бен Apple арасындағы қатынас Калифорния штатының заңдары арқылы (оның қайшылықты құқық бөлімдерін қоспағанда) басқарылады. Сіз бен Apple корпорациясы осы Келісімнен туындаған кез келген дауды немесе арызды шешу үшін Калифорнияның Санта Клара округінде орналасқан соттардың жеке және арнайы юрисдикциясына жіберуге келісесіздер. Егер (a) сіз АҚШ азаматы болмасаңыз; (ә) АҚШ-та тұрмасаңыз; (б) Қызметке АҚШ-тан кірмесеңіз; және (в) сіз төменде анықталған елдердің біреуінің азаматы болсаңыз, осылайша осы Келісімнен туындаған кез келген даудың немесе арыздың қайшылықты құқық бөлімдеріне қарамастан төменде көрсетілген қолданыстағы заң арқылы басқарылатынына келісесіз және осылайша төменде анықталған штатта, провинцияда немесе елде орналасқан соттардың арнайы емес юрисдикциясына қайтарусыз жібересіз, олардың заңы келесілерді басқарады:

Егер сіз қандай да бір Еуропалық Одақ елінің немесе Біріккен Корольдіктің, Швейцарияның, Норвегияның немесе Исландияның азаматы болсаңыз, реттеуші заң және форум әдеттегі тұрғылықты жердің заңдары және соттары болады.

Осы Келісімге қолданудан арнайы алынғаны — Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық тауар сату бойынша келісімі ретінде белгілі заң.

P. APP STORE, APPLE BOOKS, APPLE PODCASTS ЖӘНЕ ТАҢДАУЛЫ КОНТЕНТ БОЙЫНША ҚОСЫМША ШАРТТАР

App Store, Apple Books және Apple Podcasts дүкендерінде (соның ішінде Apple Podcasts жазылымдарында) ұсынылатын кейбір Контентті сіз Apple ĸомпаниясынан емес, оның үшінші тараптағы провайдерінен (өнім бетінде және/немесе тиісті Контентті сатып алу процесінде көрсетілгендей) сатып аласыз. Apple сізге осылай Контент ұсынған кезде, ол Контент провайдерінің агенті ретінде әрекет етеді, сондықтан Apple сіз бен Контент провайдері арасындағы Транзакция тарабына жатпайды. Дегенмен, сіз Apple Distribution International Ltd. or Apple Services Pte. Ltd. тұтынушысы болсаңыз, онда сол заңды тұлға сіз алатын Контент жазбасының сатушысы болып табылады, бірақ мұндай Контентті өз Контент провайдері лицензиялайды. Контент провайдері осындай Контентке қатысты пайдалану шарттарын орындау құқығын өзіне қалдырады. Контент провайдері мұндай Контентке, кепілдіктерден бас тартылмаған кез келген кепілдікке, сіз немесе кез келген басқа Тарап осындай Контентке қатысты болуы мүмкін кез келген шағымдарға тек өзі жауапты болады.

App Store, Apple Books және Apple Podcasts қолданбаларында іздеу нәтижелеріне тапсырыс беру жолын анықтау кезінде қарастырылатын негізгі параметрлер — Контент провайдерлері берген метадеректер және тұтынушылардың Контентпен әрекеттесу жолы.

Q. APPLE MUSIC ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОСЫМША ШАРТТАРЫ

iCloud Music Library — бұл Apple Music қолдайтын құрылғылардағы Apple Music, iTunes Store немесе басқа көзден («iCloud Music Library Контенті») сатып алынған немесе жүктеп алынған әндерді, ойнату тізімдерін және музыкалық бейнелерді пайдалануға мүмкіндік беретін Apple Music функциясы. Apple Music жазылымын орнатқан кезде iCloud Music Library автоматты түрде қосылады. iCloud Music Library өзінің iCloud Music Library Контенті туралы ақпарат жинайды. Бұл ақпарат Сіздің Apple аккаунтыңызбен байланысты және қазір Apple Music қызметіндегі iCloud Music Library Контентімен салыстырылады. Сәйкес келмейтін iCloud Music Library Контенті Apple iCloud Music Library серверлеріне (Apple анықтаған форматта) жүктеп салынады. Жүз мыңға дейін (100 000) ән жүктей аласыз. iTunes Store дүкенінен сатып алынатын әндер бұл шектеуге кірмейді. Белгілі бір критерийлерге сәйкес келмейтін (мысалы, тым үлкен файлдар) немесе құрылғыңызға рұқсат етілмеген әндер iCloud Music Library жинағына кірмейді. iCloud Music Library қызметін пайдаланған кезде, Apple сіз ойнайтын, тоқтататын немесе өткізіп жіберетін тректер, пайдаланылатын құрылғылар және ойнату уақыты мен ұзақтығы сияқты ақпаратты тіркейді. iCloud Music Library қызметін тек заңды жолмен сатып алынған контент үшін пайдалануға келісесіз. iCloud Music Library «сол күйінде» беріледі және қателері не дәлсіздіктері болуы мүмкін. iCloud Music Library қызметін пайдаланбас бұрын деректер мен ақпараттың сақтық көшірмесін жасау керек. Егер Apple Music мүшесі болмасаңыз, iCloud Music Library қызметін пайдаланатын iTunes Match жазылымын сатып ала аласыз. Apple Music мүшелігі аяқталғаннан кейін, iCloud Music Library, соның ішінде iCloud Music Library серверлеріне жүктелген iCloud Music Library Контентін пайдалана алмайсыз.

R. APPLE FITNESS+ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОСЫМША ШАРТТАРЫ

Apple Fitness+ қолданбасы тек ойын-сауық және/немесе ақпараттық мақсаттарға арналған және ешқандай медициналық кеңес бермейді. 

S. ОПЕРАТОР МҮШЕЛІГІ

Мүмкін болған жағдайларда сізден сымсыз байланыс операторынан абоненттік қызметті сатып алу («оператор мүшелігі») сұралуы мүмкін. Егер сіз Оператор мүшелігін сатып алсаңыз, операторыңыз жазбаларды сатушы болып саналады, яғни сіз қызмет көрсету лицензиясын операторыңыздан сатып аласыз. Ол сізге Қызмет мүшелігінің ақысы үшін есепшот береді, бірақ Қызметті Apple лицензиялайды және ұсынады. Оператормен сатып алу қарым-қатынасыңыз осы Келісіммен емес, Оператордың ережелерімен және шарттарымен реттеледі. Оператор мүшелігіне қатысты кез келген есепшот даулары Apple ĸомпаниясына емес, Операторға жіберілуі керек. Қызметті Оператор мүшелігі арқылы пайдалана отырып, операторыңыз сіздің оператор аккаунтыңыз ақпаратын, телефон нөміріңіз және жазылым туралы ақпаратты Apple компаниясымен бөлісе алатынына және Apple бұл ақпаратты Оператор мүшелігінің күйін анықтау үшін пайдалана алатынына келісесіз.

T. БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘРТҮРЛІ ШАРТТАР

APPLE АНЫҚТАМАСЫ

Сіз тұратын елге байланысты «Apple» ұғымы мыналарды білдіруі мүмкін:

Apple Inc., One Apple Park Way, Cupertino, Калифорния мекенжайында орналасқан, Пуэрто-Риконы қоса алғанда АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін;

Apple Canada Inc., 120 Bremner Blvd., Suite 1600, Toronto ON M5J 0A8, Канада мекенжайында орналасқан, Канададағы пайдаланушылар үшін;

Apple Services LATAM LLC, 1 Alhambra Plaza, Ste 700 Coral Gables, Флорида мекенжайында орналасқан, Мексикадағы, Орталық немесе Оңтүстік Америкадағы немесе Кариб еліндегі немесе территориясындағы (Пуэрто-Риконы қоспағанда) пайдаланушылар үшін;

iTunes K.K., Roppongi Hills, 6-10-1 Roppongi, Minato-ku, Tokyo 106-6140, Токио мекенжайында орналасқан, Жапониядағы пайдаланушылар үшін;

Apple Pty Limited, Level 3, 20 Martin Place, Sydney NSW 2000, Аустралия мекенжайында орналасқан, Австралиядағы немесе Жаңа Зеландиядағы, соның ішінде олардың кез келген территорияларындағы және байланысқан юрисдикцияларындағы пайдаланушылар үшін; және

Apple Distribution International Ltd., Hollyhill Industrial Estate, Hollyhill, Cork, Ирландия Республикасы мекенжайында орналасқан, барлық басқа пайдаланушылар үшін (төмендегі ерекшелікті есеп алумен).

2024 жылдың 26 қазанынан бастап Бутан, Бруней, Камбоджа, Фиджи, Лаос, Макао, Мальдив аралдары, Микронезия, Моңғолия, Мьянма, Науру, Непал, Палау, Папуа-Жаңа Гвинея, Оңтүстік Корея, Соломон аралдары, Шри-Ланка, Тонга, және Вануату пайдаланушылары үшін "Apple" 7 Ang Mo Kio Street 64, Сингапур 569086 мекенжайында орналасқан Apple Services Pte. Ltd. Дегенді білдіреді. 2024 жылдың 26 ​​қазанына дейін "Apple" осындай пайдаланушылар үшін Apple Distribution International Ltd. дегенді білдіреді.

КЕЛІСІМШАРТҚА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ

Apple кез келген уақытта осы Келісімге өзгерістер енгізу және Қызметтерді пайдаланудың жаңа немесе қосымша шарттарын қосу құқығын өзіне қалдырады. Мұндай өзгерістер, қосымша ережелер мен шарттар дереу күшіне енеді және осы Келісімге енгізіледі. Қызметтерді әрі қарай пайдалану оларды қабылдау болып саналады.

ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Apple Контентке немесе Қызметтерге кіретін немесе олардан сілтеме жасалған үшінші тарап материалдары үшін жауап бермейді.

ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Сіз білікті медицина маманынан (а) кез келген нақты қызметтің қауіпсіздігі мен орынды болуы немесе (б) кез келген нақты медициналық жағдай немесе белгілер туралы үнемі кеңес алып отыруыңыз керек.

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

Қызметтерде оларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын Контент, графика, пайдаланушы интерфейсі, аудиоклиптер, бейнеклиптер, редакциялық контент және сценарийлер мен бағдарламалық құралды қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелмей, Apple, оның лицензиарлары және/немесе Контент провайдерлері иелік ететін құпия ақпарат пен материалдар бар болатынына келісесіз, сондай-ақ қолданылатын зияткерлік меншік туралы заңдармен және басқа заңдармен, соның ішінде авторлық құқықпен қорғалатынына келісесіз. Осы Келісімге сай Қызметтерді жеке, коммерциялық емес мақсатта пайдалануды қоспағанда, Сіз осындай меншіктік ақпаратты немесе материалдарды басқа ешқандай жолмен пайдаланбауға келісесіз. Осы келісімде тікелей рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, Контенттің немесе Қызметтердің ешбір бөлігі қандай да бір нысанда немесе тәсілмен берілмейді немесе ойнатылмайды. Қызметтерді немесе Контентті қандай да бір жолмен өзгертпеуге, жалға бермеуге, қарызға алмауға, сатпауға, бөліспеуге немесе таратпауға келісесіз және Қызметтерді рұқсат етілмеген жолмен пайдаланбауыңыз керек.

Apple атауы, Apple логотипі, iTunes, iTunes Store, App Store, Apple Books, Apple Music, Apple TV, Apple TV+, Apple Arcade, Apple News, Apple News+, Apple One, Apple Podcasts, Apple Fitness+ және басқа Apple сауда белгілері, қызмет көрсету белгілері, графикалық кескіндер мен Қызметтерге байланысты пайдаланылатын логотиптер — Apple компаниясының сауда белгілері немесе АҚШ-тағы және әлемнің басқа елдеріндегі тіркелген сауда белгілері. Сізге жоғарыда аталған сауда белгілерінің кез келгеніне қатысты ешқандай құқықтар немесе лицензиялар берілмейді.

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР 

Егер басқаша көрсетілмесе, Apple ұсынатын Қызметтер мен Контент Apple Inc. және оның еншілес компанияларының авторлық құқығымен қорғалады.

Егер Қызметтер арқылы ұсынылатын қандай да бір Контент сіз мәлімдеген авторлық құқықты бұзады деп ойласаңыз, Apple компаниясына мына мекенжайлар бойынша хабарласыңыз:

- Үшінші тарап қолданбалары:
https://www.apple.com/legal/internet-services/itunes/appstorenotices 

- Apple Books:
https://www.apple.com/legal/internet-services/itunes/applebooksnotices 

- Apple TV+ және Apple Fitness+:
https://www.apple.com/legal/internet-services/itunes/appletvplusnotices 

- Apple News:
https://www.apple.com/legal/internet-services/itunes/applenewsnotices

- Рингтондар:
https://www.apple.com/legal/internet-services/itunes/ringtonestorenotices

- Басқа Қызметтердің барлығы (iTunes Store, Apple Music және Apple Podcasts қызметтерін қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелмей):
https://www.apple.com/legal/internet-services/itunes/itunesstorenotices

Бұл — мәлімделген бұзушылық туралы хабарландыруды жасаудың ең жылдам жолы. Біздің тағайындалған агентпен байланыс орнатып, хабарландыруды өңдеудің баяуырақ әдісі — төмендегі поштаға шағымданған құқық бұзушылық туралы тиісті және толық хабарлама жіберу.

Apple Inc.

Назар аударыңыз: Авторлық құқық агенті

One Apple Park Way

MS: 1IPL

Cupertino, CA 95014

Тел: 408.996.1010

Электрондық пошта: copyrightnotices@apple.com 

Apple компаниясы бірнеше рет құқық бұзған немесе басқалардың авторлық құқықты бұзғаны үшін бірнеше рет айыпталған пайдаланушылардың аккаунттарын тиісті жағдайларда ажырату және/немесе істен шығару ережелерін қабылдады. Осы саясатты іске асыру аясында Apple компаниясы өз қалауы бойынша авторлық құқықты қайталай бұзғаны үшін немесе басқа да себептермен пайдаланушылардың аккаунттарын уақытша тоқтата алады, ажырата алады және/немесе істен шығара алады.

КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТУ; ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

APPLE ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҮЗДІКСІЗ НЕМЕСЕ ҚАТЕСІЗ ПАЙДАЛАНАТЫНЫҢЫЗҒА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ, КУӘЛІК ЕТПЕЙДІ НЕМЕСЕ КЕПІЛ БОЛМАЙДЫ. APPLE ӘЛСІН-ӘЛСІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ БЕЛГІСІЗ УАҚЫТҚА ЖОЯ АЛАТЫНЫНА, КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА ҚЫЗМЕТТЕРДЕН БАС ТАРТАТЫНЫНА НЕМЕСЕ АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТПЕСТЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕЙТІНІНЕ НЕМЕСЕ ӨШІРЕТІНІНЕ КЕЛІСІМ БЕРЕСІЗ.

СІЗ ӨЗІҢІЗДІҢ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗДЫҢ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУЫҢЫЗДЫҢ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ТЕК ӨЗІҢІЗ ТӘУЕКЕЛ ЕТЕТІНІҢІЗГЕ ТІКЕЛЕЙ КЕЛІСЕСІЗ. ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ СІЗГЕ ҚЫЗМЕТТЕР АРҚЫЛЫ ЖЕТКІЗІЛЕТІН БАРЛЫҚ КОНТЕНТ (APPLE ТІКЕЛЕЙ МӘЛІМДЕГЕН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА) ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗҒА «СОЛ КҮЙІНДЕ» ЖӘНЕ «БАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА» ШАРТТАРЫМЕН ҰСЫНЫЛАДЫ. ЕШҚАНДАЙ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕР, СОНЫҢ ІШІНДЕ БАРЛЫҚ ЖАНАМА ТАУАРЛЫҚ КҮЙ ТУРАЛЫ КЕПІЛДІК, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ, МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗБАУ ТУРАЛЫ КЕПІЛДІКТЕР БЕРІЛМЕЙДІ. КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА БОЛЖАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕРДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕГЕНДІКТЕН, ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН КЕПІЛДІКТЕРДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРУ СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН.

ЕГЕР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА ТАЛАП ЕТПЕСЕ, APPLE СІЗГЕ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ АРҚЫЛЫ КОНТЕНТ БЕРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУҒА ЖАУАПТЫ ЕМЕС ЕКЕНІНЕ КЕЛІСЕСІЗ ЖӘНЕ КОНТЕНТ, СОНЫҢ ІШІНДЕ САТЫП АЛЫНҒАН КОНТЕНТТІ ЖҮКТЕП АЛУ, ҚАЙТА ЖҮКТЕП АЛУ НЕМЕСЕ ТРАНСЛЯЦИЯЛАУ МҮМКІН БОЛМАСА, APPLE СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

ЕШБІР ЖАҒДАЙДА APPLE, ОНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, СЕРІКТЕСТЕРІ, АГЕНТТЕРІ, МЕРДІГЕРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ СІЗДІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТІ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ КОНТЕНТТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗДАН ТУЫНДАҒАН, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОЛАРМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛМЕЙ, КЕЗ КЕЛГЕН КОНТЕНТТЕГІ КЕЗ КЕЛГЕН ҚАТЕЛЕР НЕМЕСЕ ОЛҚЫЛЫҚТАР НЕМЕСЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН, БӨЛІСІЛГЕН НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕР АРҚЫЛЫ БАСҚА ЖОЛМЕН БЕРІЛГЕН КЕЗ КЕЛГЕН КОНТЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУЫНДАҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ЗИЯН, ШЫҒЫН НЕМЕСЕ ЗАЛАЛ (ОЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНҒАН БОЛСА ДА) НӘТИЖЕСІНДЕГІ ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, АЙЫППҰЛДЫҚ, АРНАЙЫ НЕМЕСЕ САЛДАРЛЫҚ ТУҒАН ШЫҒЫН ҮШІН НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ШАҒЫМДАР ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ. КЕЙБІР ЕЛДЕРДЕ, ШТАТТАРДА НЕМЕСЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА ЖАНАМА НЕМЕСЕ КЕЗДЕЙСОҚ ШЫҒЫНДАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА НЕМЕСЕ ШЕКТЕУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕГЕНДІКТЕН, МҰНДАЙ ЕЛДЕРДЕ, ШТАТТАРДА НЕМЕСЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА APPLE ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МӨЛШЕРДЕ ШЕКТЕЛУІ КЕРЕК.

APPLE ҚЫЗМЕТТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СІЗ ҰСЫНҒАН АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ ҮШІН ТИІСІНШЕ КҮШ САЛАДЫ, БІРАҚ СІЗ МҰНДАЙ АҚПАРАТТЫ ТЕК ӨЗІҢІЗ ТӘУЕКЕЛ ЕТЕТІНІҢІЗГЕ КЕЛІСЕСІЗ ЖӘНЕ ОСЫЛАЙША APPLE КОРПОРАЦИЯСЫН ОСЫНДАЙ АҚПАРАТҚА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН ЖОЛМЕН ТУЫНДАҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ШЫҒЫНДАР НЕМЕСЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ҮШІН КЕЗ КЕЛГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТАСЫЗ.

APPLE ҚЫЗМЕТТЕРДЕ ЖОҒАЛУ, БҮЛІНУ, ШАБУЫЛ, ВИРУСТАР, КЕДЕРГІ, БҰЗЫЛУ НЕМЕСЕ БАСҚА ҚАУІПСІЗДІК БҰЗУ БОЛМАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ ОҒАН КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ ОСЫ ҚҰЖАТПЕН APPLE КОРПОРАЦИЯСЫН ОҒАН ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТАСЫЗ. ӨЗ ЖҮЙЕҢІЗДІҢ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚЫЗМЕТТЕР АРҚЫЛЫ САТЫП АЛЫНҒАН КЕЗ КЕЛГЕН КОНТЕНТТІҢ САҚТЫҚ КӨШІРМЕСІН ЖАСАУҒА СІЗ ӨЗІҢІЗ ЖАУАПТЫСЫЗ.

APPLE ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАУЫ МҮМКІН ДЕРЕКТЕР АҚЫСЫ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӨТЕУ

ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, СІЗ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕКТЕРДЕ ОСЫ КЕЛІСІМДІ БҰЗУЫҢЫЗ, ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ НЕМЕСЕ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ БОЛЖАЛДЫ БҰЗЫЛУЫН ТЕРГЕУ ШЕҢБЕРІНДЕ APPLE ҚАБЫЛДАҒАН НЕМЕСЕ ОНЫ АНЫҚТАУДАН ШЫҚҚАН КЕЗ КЕЛГЕН ӘРЕКЕТТЕР НӘТИЖЕСІНДЕ НЕМЕСЕ ОСЫ КЕЛІСІМДІ БҰЗУ ОРЫН АЛҒАН ШЕШІМ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ҚАНДАЙ ДА БІР ШАҒЫМДАРДЫ ӨТЕУГЕ ЖӘНЕ APPLE, ОНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ФИЛИАЛДАРЫ, АГЕНТТЕРІ, МЕРДІГЕРЛЕРІ МЕН ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫН ҚОРҒАУҒА КЕЛІСЕСІЗ. СІЗ APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНА, ОНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫНА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ, СЕРІКТЕСТЕРІНЕ, АГЕНТТЕРІНЕ, МЕРДІГЕРЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫНА КЕЗ КЕЛГЕН АҚПАРАТТЫ НЕМЕСЕ КОНТЕНТКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫН ЖОЮ НЕМЕСЕ БАС ТАРТУ, ҚЫЗМЕТТЕРГЕ КІРУДІ ТОҚТАТУ НЕМЕСЕ АЯҚТАУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ, КҮДІКТІ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ТЕРГЕУ БАРЫСЫНДА НЕМЕСЕ APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ОСЫ КЕЛІСІМДІ БҰЗУ ОРЫН АЛДЫ ДЕГЕН ҚОРЫТЫНДЫСЫ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАНДАЙ ДА БІР БАСҚА ӘРЕКЕТТЕР НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАНДАЙ ДА БІР ЗАЛАЛ КЕЛТІРМЕУГЕ НЕМЕСЕ ОЛАРДАН ӨНДІРІП АЛМАУҒА КЕЛІСЕСІЗ. БҰЛ ҚҰҚЫҚТАН БАС ТАРТУ ЖӘНЕ БОСАТУ ОСЫ КЕЛІСІМДЕ СИПАТТАЛҒАН НЕМЕСЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН БАРЛЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚОЛДАНЫЛАДЫ.

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ҮШІН ЗАҢМЕН БЕЛГІЛЕНГЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Егер сіз білікті мемлекеттік білім беру немесе мемлекеттік мекеме болсаңыз және осы Келісімнің кез келген бөлігі, мысалы, толықтай немесе ішінара зиянды өтеу бөлімі қолданыстағы жергілікті, ұлттық, штаттық немесе федералды заңдарға байланысты сізге қатысты жарамсыз немесе заңды күші болмаса, онда жағдайларға байланысты бұл бөлік жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп саналады да, қолданыстағы реттеуші заңнамаға ең сәйкес келетін тәсілмен түсіндіріледі.

РЕТТЕУШІ ЗАҢ

Келесі бөлімде айқын көрсетілген ауқымда немесе қолданыстағы заңмен қажет болғанша, бұл Келісім және сіз бен Apple арасындағы қарым-қатынасты Калифорния Штатының заңдары (оның қайшылықты құқық бөлімдерін қоспағанда) басқарады. Сіз бен Apple корпорациясы осы Келісімнен туындаған кез келген дауды немесе арызды шешу үшін Калифорнияның Санта Клара округінде орналасқан соттардың жеке және арнайы юрисдикциясына жіберуге келісесіздер. Егер (a) сіз АҚШ азаматы болмасаңыз; (ә) АҚШ-та тұрмасаңыз; (б) Қызметке АҚШ-тан кірмесеңіз; және (в) сіз төменде анықталған елдердің біреуінің азаматы болсаңыз, осылайша осы Келісімнен туындаған кез келген даудың немесе арыздың қайшылықты құқық бөлімдеріне қарамастан төменде көрсетілген қолданыстағы заң арқылы басқарылатынына келісесіз және осылайша төменде анықталған штатта, провинцияда немесе елде орналасқан соттардың арнайы емес юрисдикциясына қайтарусыз жібересіз, олардың заңы келесілерді басқарады:

Егер сіз қандай да бір Еуропалық Одақ елінің немесе Біріккен Корольдіктің, Швейцарияның, Норвегияның немесе Исландияның азаматы болсаңыз, реттеуші заң және форум әдеттегі тұрғылықты жердің заңдары және соттары болады.

Осы Келісімге қолданудан арнайы алынғаны — Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық тауар сату бойынша келісімі ретінде белгілі заң.

БАСҚА ЕРЕЖЕЛЕР

Бұл Келісім Сіз бен Apple арасындағы толық келісім болып саналады және сол мәселе бойынша Сіз бен Apple арасындағы кез келген алдыңғы келісімдердің орнын басып, Қызметті пайдалануыңызды реттейді. Сондай-ақ сіз Транзакциялар жасағанда немесе серіктестік қызметтерді, үшінші тарап контентін, үшінші тарап бағдарламалық құралын немесе Жаппай сатып алу бағдарламасы сияқты қосымша қызметтерді пайдаланған кезде қолданылуы мүмкін қосымша ережелер мен шарттар қолданылуы мүмкін. Осы Келісімнің қандай да бір бөлігі жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп табылса, ол бөлік тараптардың бастапқы мүдделерін мүмкіндігінше жақын көрсету үшін қолданыстағы заңға сәйкес жолмен қаралады, ал қалған бөліктері толық күшінде қалады. Бұл Келісімнің кез келген құқығын немесе ережесін Apple корпорациясының орындамауы мұндай немесе кез келген басқа ережеден бас тартуды білдірмейді. Apple қандай да бір міндеттемелерді өзіне байланысты емес себептер бойынша орындамағаны үшін жауапкершілік қабылдамайды.

Қызметтерді пайдалануыңызға қолданылатын жергілікті, мемлекеттік, федералдық және ұлттық заңдардың, ережелердің, қаулылардың және нормативтік актілердің барлығын сақтауға келісесіз. Қызметтерді пайдалануыңызға басқа заңдар әрекет етуі мүмкін. Электрондық жолмен орындалған барлық Транзакция бойынша шығындар тәуекелі алушыға электронды түрде жіберілген кезде сатып алушыға өтеді. Apple компаниясының ешқандай қызметкері немесе агенті бұл келісімді өзгерте алмайды.

Apple электрондық пошта мекенжайыңызға хабар жіберіп немесе пошта мекенжайыңызға хат жазып немесе Қызметтерде жариялау арқылы Қызметтер туралы хабарлай алады. Ескертпелер дереу күшіне енеді. Сондай-ақ Apple сізге қызметтер туралы қосымша ақпарат жіберу үшін электрондық пошта немесе push хабарландыруы арқылы хабарласа алады.

Осы арқылы Сіз Apple корпорациясына Apple осы Келісімнің кез келген бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету және/немесе орындалуын тексеру үшін орынды қажет немесе негізді деп есептейтін әрекеттерді орындау құқығын бересіз. Егер Apple осы Келісімнің кез келген бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету және/немесе орындалуын тексеру үшін орынды қажет немесе негізді деп есептесе, Apple, Сіздің алдыңызда жауапкершілік қабылдамай, кез келген деректерді және/немесе ақпаратты құқық қорғау органдарына, мемлекеттік қызметкерлерге және/немесе үшінші тарапқа беру құқығына ие екендігімен келісесіз (Apple корпорациясының Қызметтерді және/немесе Контентті пайдалануыңызбен және/немесе үшінші тараптың Қызметтерді және/немесе Контентті пайдалануыңыз заңсыз деген және/немесе мұндай үшінші тараптың құқықтарын бұзады деген мәлімдемесімен байланысты кез келген сот процесімен бірге жұмыс істеу құқығын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей).

Соңғы жаңартылған күні: 16 қыркүйек, 2024 ж.