-
Apple Games және құпиялылық
-
Ойын жүктеп алулары және ойын ойнау әрекетіңіз (соның ішінде App Store, Game Center және Apple Arcade ішіндегі) Apple Games қолданбасын жекелендіру және жақсарту үшін пайдаланылады. Лақап атыңыз, аватарыңыз, Apple Arcade жазылымыңыздың күйі және бөлісу опциясы таңдалған басқа да белсенділік туралы ақпаратыңыз «Ойындар» және Game Center пайдаланушыларына көрінеді.
Apple Games жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

-
- Apple компаниясы сізге Apple Games қолданбасын ұсыну үшін App Store, Apple Arcade және Game Center сервистерінен сіз туралы ақпаратты біріктіреді.
- Осы сервистерде өнімдерді сатып алу, жүктеп алу және басқа да әрекеттер туралы ақпаратты функциялар мен тәжірибені жекелендіру және сізге хабарландырулар жіберу үшін пайдаланамыз. Төменде сипатталғандай, жекелендірілген ұсыныстар үшін App Store деректерін пайдаланудан бас тартуға болады.
- Осы сервистердегі әрекеттеріңіз «Ойындар» қолданбасын және осы сервистерді сізге және басқаларға жақсарту және оңтайландыру үшін де пайдаланылады.
- Бірдеңе жүктеп алған немесе сатып алған кезіңізде, алаяқтықты анықтау және алдын алу мақсатында құрылғыны қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпарат, соның ішінде кіріс және шығыс телефон қоңыраулары мен эл. хаттардың болжалды саны құрылғының сенімділік индексін есептеу үшін пайдаланылады. Индексті жіберген кезде, Apple компаниясына осы индексті есептеуге негіз болған нақты мәндер берілмейді. Сенімділік индекстері серверлерімізде белгілі бір уақыт ішінде сақталады.
Apple Games қолданбасы өзіңізге жаңа ойындарды ашуға және нәтиже кестелеріне қосылу, көп ойыншыға арналған ойындарға қатысу, жетістіктерді қадағалау, сондай-ақ достарды іздеу, олар туралы ақпаратты қарау және оларды жарысуға шақыру сияқты ойын ойнау әрекеттерін орындауға мүмкіндік береді.
Сізге үздік тәжірибені қамтамасыз ету үшін, «Ойындар» қолданбасы App Store, Apple Arcade және Game Center сервистерін пайдалануыңыз туралы ақпаратты, сондай-ақ құрылғыңыздан сіз іске қосатын ойынға қатысты қолданбалар туралы ақпаратты біріктіреді. «Ойындар» қолданбасын пайдалана бастау үшін Game Center аккаунтыңызға кіруіңіз және Apple компаниясына осы сервистердің арасындағы белсенділігіңізді біріктіруге рұқсат беруіңіз керек болады. Таңдауыңызды кез келген уақытта «Реттеулер» > «Apple Games» тармағына өту арқылы өзгертуге болады. Дегенмен осы басқа сервистердегі ақпаратты пайдаланып Apple Games шарттарымен келіспесеңіз, «Ойындар» қолданбасын пайдалана алмайсыз.
«Ойындар» қолданбасын ұсыну
«Ойындар» қолданбасы сіз жүктеп алған (App Store дүкенінен, Apple Games қолданбасының ішінде және Mac компьютерінде) ойынға қатысты қолданбалар туралы ақпаратты, сондай-ақ осы қолданбалардың қайсысын соңғы рет ойнағаныңыз немесе іске қосқаныңыз туралы Game Center сервисіндегі және құрылғыдағы ақпаратты осындай функциялардың жұмысын «Басты бет» қойындысында және ойындар жинағында қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Біз бұл ақпаратты ойындар қолданбаларыңызды бір жерде көрсету және тоқтаған жерден оңай жалғастыруыңызға мүмкіндік беру үшін пайдаланамыз.
«Ойындар» қолданбасынан немесе App Store дүкенінен ойынға қатысты қолданбаны жүктеп алғанда, Apple компаниясы құрылғыңыздың аппараттық идентификаторы және IP мекенжайы сияқты идентификаторларды Apple аккаунтыңызбен бірге журналға енгізеді. Apple компаниясы кейбір аймақтарда заңды шектеулерге ұшыраған кейбір қолданбаларға қол жеткізу мүмкіндігіңіз бар-жоғын анықтау мақсатында геолокацияңызды анықтау үшін интернет қосылымының IP мекенжайын пайдалануы мүмкін.
Профильдер
Game Center профиліңіз, оның ішінде лақап атыңыз, аватарыңыз, достарыңыздың тізімі және ойын ойнау белсенділігіңіз «Ойындар» қолданбасында қолжетімді болады. Game Center профиліңіз бен белсенділігіңіз үшін қосылған кез келген құпиялылық реттеулері Apple Games сервисінде де қолданылады. Ойыншының аватарын түртсеңіз, оның профиль бетіне өтесіз. Профиль бетінде әлі дос болмаған ойыншыға дос болуға ұсыныс беруге немесе өзіңіздің және сол ойыншының реттеулері рұқсат берсе, оған хабарласуға болады.Достар
«Ойындар» қолданбасының ішіндегі дос ұсыныстары жарысуға шақыруларға және бірнеше ойыншы бірге ойнайтын ойындарға, сондай-ақ ұсынылған достармен ортақ ойындар мен достардың санына негізделген. Оған қоса Game Center сервисіндегі лақап атыңыз контакт картаңызбен байланыстырылған болса, Apple аккаунтыңызбен байланыстырылған эл. поштаңыздың мекенжайы мен телефон нөміріңіз достарға сізді табуға көмектесу үшін пайдаланылады. Контактілеріңіздің Game Center лақап аты олардың контакт картасымен байланыстырылған болса, бұл ақпарат дос болу ұсыныстарын жақсарту үшін құрылғыдағы өңдеумен қатар пайдаланылады.Жарысуға шақырулар
«Жарысуға шақырулар» — сізге және Game Center сервисіндегі достарыңызға таңдаулы ойындарыңызды бірге ойнауға мүмкіндік беретін Apple Games қолданбасының функциясы. Сіз ойнайтын немесе сізді қызықтыратын ойындарды қай достарыңыз ойнайтынын көрсету, сізге достарды ұсыну арқылы жаңа достарды табуға көмектесу және бірге ойнауға шақыруларды ұсыну үшін Game Center сервисіндегі достарыңыз туралы ақпаратты пайдаланамыз.Графиктер
Сіз бен басқа адамдар ойнайтын, Game Center сервисіне қолдау көрсететін ойындар туралы жиынтық ақпарат «Ойындар» қолданбасы мен App Store дүкенінде диаграммаларды құрастыру үшін пайдаланылады.«Ойындар» қолданбасын жекелендіру
Сізге бір қолданбадан шықпай үздік ойын ойнау тәжірибесін қамтамасыз ету үшін «Ойындар» қолданбасындағы тәжірибеңізді жекелендіреміз. Ол үшін біз App Store, Apple Arcade және Game Center сервистерінен сіз туралы ақпаратты, сондай-ақ ойын қолданбасын пайдалануыңыз туралы ақпаратты пайдаланамыз.
App Store
App Store дүкенінде орындаған әрекеттеріңіз туралы деректерді сізге ең сәйкес келетін ойындарды табуға көмектесу мақсатында пайдаланамыз. Мысалы, бұрын App Store дүкенінде және «Ойындар» қолданбасында ізделген, қаралған, жүктеп алынған, жаңартылған қолданбалар немесе жазылған пікір негізінде сізге ұнауы мүмкін ойындар мен қолданбадағы оқиғаларды ұсынамыз. Сондай-ақ сатып алулар тарихын, оның ішінде қолданбадағы сатып алулар, жазылымдар мен төлем әдістерін және Apple аккаунтыңыздан алынған аккаунт туралы ақпаратты (мысалы, сіз пайдаланған құрылғылар мен сіз белсендірген жаңа құрылғылар) пайдаланамыз. Ұсыныстардың сапасын арттыру үшін аналитикалық деректерін Apple компаниясымен бөлісуге және компанияның қолданбаларға қойылатын бағалар туралы жиынтық ақпаратты жинауға келіскен пайдаланушылардан алынған қолданбаларды ашу, орнату және жою туралы жиынтық ақпаратты да пайдаланамыз. App Store және «Ойындар» қолданысы туралы Apple компаниясы алатын ақпаратқа сіз көретін жекелендірілген контент туралы ақпарат кіреді.App Store дүкенінде және белгілі бір басқа сервистер үшін жекелендіру функцияларын өшіруге болады. Ол үшін Apple аккаунтыңыздың «Жекелендірілген ұсыныстар» опциясын өшіріңіз. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > [атыңыз] > «Медиа және сатып алулар» > «Аккаунтты көру» тармағы арқылы өтіп, «Жекелендірілген ұсыныстар» опциясын түртіп өшіріңіз. «Жекелендірілген ұсыныстар» функциясы өшірулі болғанда, «Ойындар» қолданбасы App Store сервисінен жоғарыда сипатталған ақпаратты сізге «Ойындар» қолданбасында ұсыныстар беру үшін пайдаланбайды, бірақ «Ойындар» қолданбасы медиатекасының аясында жүктеп алынған ойындар қолданбаларын көрсете береді.
Arcade
Apple Arcade сервисіне жазылған кезде, «Ойындар» қолданбасы жүктеп алған және ойнаған Apple Arcade ойындарын, сондай-ақ жазылымыңыздың аясында қолжетімді Apple Arcade қолданбаларын қамтиды. Сондай-ақ Apple Arcade сервисіндегі белсенділігіңіз туралы ақпаратты сізді қызықтыруы мүмкін басқа ойындар бойынша ұсыныстар беру үшін пайдаланамыз.Game Center
Сізге ойындар, жарысуға шақырулар, қолданба ішіндегі іс-шаралар мен достарды ұсыну үшін, Game Center сервистіндегі белсенділігіңіз, соның ішінде сіз ойнайтын Game Center сервисі қосылған ойындар және Game Center жарыстарға шақырулары, жетістіктері мен нәтиже кестелері App Store дүкеніндегі белсенділігіңізбен бірге пайдаланылады.Құрылғыдағы қолданба қолданысы
Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін біз құрылғыңыздағы ойынға қатысты іске қосылған қолданбалар және ойындарды пайдалану ескілігі бойынша сұрыптау мақсатында оларды іске қосқаннан бері қанша уақыт өткені туралы ақпаратқа қол жеткіземіз.«Ойындар» қолданбасын жақсарту
«Ойындар» қолданбасындағы және онымен байланысты сервистердегі тәжірибені жақсарту және оңтайландыру үшін қолданбаны, сондай-ақ App Store, Apple Arcade және Game Center сервистерін пайдалануыңыз туралы ақпаратты жинаймыз. Бұл ақпаратқа осы қолданбалар мен сервистерді қашан ашып жабатыныңыз, сіз іздеген, көрген және жүктеп алған контент пен ойындар, хабарландырулармен және бейдждермен әрекеттесулеріңіз, сондай-ақ ойынға қатысты қолданбалардағы сатып алуларыңыз кіреді. Сондай-ақ құрылғыңыз туралы құрылғы түрі, операциялық жүйе нұсқасы және бос орын көлемі сияқты ақпаратты жинаймыз. Біз қолданбалар мен сервистерді жақсарту және «Ойындар» қолданбасына қатысты жаңа функциялар мен мүмкіндіктерді әзірлеу процесіне бағыт беру мақсатында өзіңіз бен басқа адамдар «Ойындар» қолданбасы мен қатысты сервистермен қалай өзара әрекеттесетіндеріңізді түсіну үшін осы ақпаратты біріктіріп, пайдаланамыз.
«Ойындар» қолданбасын пайдалану туралы ақпарат тек Apple Games сервисін пайдалануыңызға тән және Apple аккаунтыңызда сақталмаған кездейсоқ бірегей идентификатормен байланыстырылады. Идентификаторды iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда бастапқы күйге қайтару үшін «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Ойындар» > «Идентификаторды нөлдеу» тармағына өтіңіз. Mac компьютерінде Games (Ойындар) > Settings (Реттеулер) > Reset Identifier (Идентификаторды нөлдеу) тармағына өтіңіз.
«Ойындар» қолданбасындағы балалар
Apple Games қолданбасында балалар реттеулері мен ата-ана бақылауы ескеріледі. Балаларға арналған Game Center құпиялық реттеулері мен «Экран уақыты» реттеуіндегі контент және құпиялылық шектеулері «Ойындар» қолданбасындағы әрекеттерге қолданылады. «Жекелендірілген ұсыныстар» реттеулері де ескеріледі. iOS, iPadOS, visionOS құрылғысында немесе Mac компьютерінде ойындарға қатысты белгілі бір қолданбаларда өткізілетін уақытты шектеу және балаңыздың құрылғысында Game Center функцияларын, соның ішінде көп ойыншыға арналған ойындарды ойнау функциясын, достарды қосу және бір ойын ойнап жатқан достармен байланысу мүмкіндіктерін блоктау үшін «Реттеулер» > «Экран уақыты» > «Контент және құпиялылық» > «App Store, мультимедиа, интернет және ойындар» тармағына өтіп, Game Center бөліміне дейін айналдырыңыз. tvOS жүйесінде «Реттеулер» > «Жалпы» > «Шектеулер» тармағына өтіңіз.
Game Center арқылы басқа ойыншылармен байланысқан кезде, балалар реттелетін мәтінді жібере және қабылдай алмайды. Олар тек дайын хабарларды жібере және қабылдай алады. Game Center қосылған қолданбаларда балалар үшін ойын ішіндегі дауыстық чат та өшірілген. Дегенмен Game Center қосылмаған немесе Game Center сервисінен тыс функциялар пайдаланылатын ойын қолданбалары үшін сол қолданбаларға арналған қолданбадағы басқару элементтері және сол қолданбалардың саясаттары қолданылады.
Кері байланыс
Apple компаниясы «Ойындар» қолданбасы және сізге ұнауы мүмкін басқа да Apple өнімдері, сервистері мен ұсыныстары жөнінде ақпарат жіберу үшін сіз сатып алған Apple өнімдері және жазылған Apple сервистері сияқты аккаунтыңыз туралы ақпаратты пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ Apple компаниясы «Ойындар» қолданбасындағы, App Store дүкеніндегі, Apple Arcade және Game Center сервистеріндегі әрекеттеріңіз туралы ақпаратты сізге «Ойындар» қолданбасында қолжетімді жаңа функциялар, контент, қолданбадағы іс-шаралар, жарысуға шақырулар, нәтиже кестелері және ұсыныстар туралы ақпарат жіберу үшін пайдалануы мүмкін.
Эл. пошта арқылы жарнамалық хабарлар тарату
Эл. пошта арқылы жарнамалық хабарлар алуға келіссеңіз, бұл ақпаратты эл. пошта арқылы алуға болады. Эл. пошта параметрлерін өзгертуге және осы эл. хаттарды алудан бас тартуға болады. Ол үшін account.apple.com сайтына өту немесе iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > [атыңыз] > «Жеке ақпарат» > «Байланыс параметрлері» тармағына өту керек.Хабарландырулар
Сондай-ақ бұл ақпаратты Game Center арқылы келген push, баннер немесе бейдж хабарландырулары арқылы алуға болады. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда хабарландыру параметрлерін жаңарту немесе хабарландырулардан бас тарту үшін «Реттеулер» > «Хабарландырулар» > «Game Center» тармағына өтіңіз. Apple компаниясы сервистерімізді жақсарту үшін байланыстарымызбен, соның ішінде хабарландырулармен өзара әрекеттесуіңіз туралы ақпаратты пайдаланады.Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз
Біз Apple Games қолданбасындағы жеке деректеріңізді әдетте Apple компаниясымен келісімшартыңызды орындау, қажетінше қызмет көрсету және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз.
Қолданыстағы жергілікті заңда қарастырылған жағдайда, біз заңды мүдделеріміз немесе үшінші тараптың мүдделері үшін қажетті жеке деректерді келесі мақсатпен өңдейміз:
- Тиісті контентті көрсету, құрылғыңызда сұралған контентті жүктеп алуға бос орынның жеткілікті болған-болмағанын бағалау және жаңартылған контенттің автоматты түрде жүктеп алынуын жеңілдету
- «Ойындар» қолданбасындағы тәжірибеңізді жекелендіру
- Сізге және басқаларға «Ойындар» қолданбасын және басқа да қатысты Apple өнімдері мен сервистерін жақсарту және оңтайландыру
- Сізге қызықты болуы мүмкін эл. пошта, push, баннер және бейдж хабарландырулары арқылы ұсыныстар жіберу
- Әзірлеушілерге қолданбаларындағы жүктеп алулар мен сатып алулар туралы есеп беру
- Алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу
Пайдаланылған деректер мыналарды қамтиды:
- «Ойындар» қолданбасын пайдалануыңыз, мысалы, жүктеп алулар мен сатып алулар, сондай-ақ Game Center хабарландырулары мен хабарлары және қолданба ішіндегі хабарландырулар мен хабарлар
- Құрылғыңыз бен аккаунтыңыз туралы мәліметтер
- IP мекенжайыңыз
- Құрылғының сенім көрсеткіші
Деректерді сақтау
«Ойындар» қолданбасында және App Store дүкенінде сатып алынған және жүктеп алынған қолданбалармен байланысты жеке деректерді аймаққа қарай әртүрлі болатын қаржылық есептілікке қатысты қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзім ішінде сақтаймыз. Тұтынушылардың көбісі үшін деректерді сақтау мерзімі кем дегенде 10 жылды құрауы қажет, ал Қытай сияқты аймақтарда бұл мерзім 30 жылды құрауы мүмкін. Сондай-ақ контентті сатып алу және жүктеп алу туралы жазбалар аккаунтыңыз жойылмайынша сақталып тұра береді. Бұл сізге осы контентті қолданыстағы шарттарға сәйкес қайта жүктеп алуға мүмкіндік береді. Интернеттегі белсенділік және іздеу әрекеттері сияқты басқа ақпаратты анағұрлым қысқа мерзім ішінде сақтаймыз. Сақтау мерзімі деректерді сақтау бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына, сондай-ақ нақты коммерциялық қолданыс жағдайларына сүйене отырып таңдалады. Алайда карта туралы сақталған мәліметтерден басқа кейбір ақпарат (мысалы, сатып алулар туралы ақпарат) аккаунтты жойғаннан кейін де немесе «Ойындар» қолданбасын пайдаланбай кетсеңіз де бухгалтерлік жазбаларда сақталуы мүмкін.
Төлем картасын пайдаланғанда, Apple компаниясы картаңыздың нөмірін және төлеуші туралы ақпаратты болашақта сатып алу, тұрақты транзакциялар немесе рұқсат етілген басқа да әрекеттер үшін сақтап, автоматты түрде жаңартуы мүмкін. Apple компаниясы бұл ақпаратты қаржы мекемесінен немесе төлем жүйесінен алып, оны алаяқтықтың алдын алу және деректерді тексеру мақсатында пайдалануы мүмкін.
Алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу
Apple Games қолданбасында, App Store дүкенінде, Apple Arcade, Game Center және басқа да Apple қолданбалары мен сервистерінде алаяқтық пен басқа зиянды әрекеттердің алдын алу үшін біз жеке деректерді жинаймыз. Бұл ақпаратқа құрылғы туралы ақпарат, оның ішінде құрылғы түрі және бағдарламалық жасақтама нұсқасы, геолокация туралы ақпарат (қолжетімді болса, интернет қосылымының IP мекенжайын географиялық аймаққа сәйкестендіру арқылы жуықталған), жүктеп алу және сатып алу тарихы, іздеу сұраулары, сондай-ақ осы сервистермен өзге өзара әрекеттер кіреді.
Өнім сатып алғанда немесе жазылым автоматты түрде жаңарту күйіне орнатылғанда, Apple компаниясы өзімен әрекеттестік тарихын сұрауды өңдеу және өнімді немесе сервисті төлем жасау бойынша серіктестің рұқсатын күтпей ұсыну мүмкіндігінің бар-жоғын анықтау үшін пайдалануы мүмкін.
Сондай-ақ сатып алу кезінде, құрылғыны қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпаратты, оның ішінде кіріс және шығыс телефон қоңырауларының немесе эл. хаттардың болжалды санын пайдалана отырып, құрылғыңыздағы құрылғының сенімділік индексін есептейміз. Индексті жіберген кезде, Apple компаниясына осы индексті есептеуге негіз болған мәндер берілмейді. Сенімділік индексі серверлерімізде белгілі бір уақыт ішінде сақталады.
«Ойындар» қолданбасының жұмысын қолдайтын қолданбалар мен сервистер туралы қосымша ақпарат алу үшін www.apple.com/legal/privacy/data/kz/app-store веб-бетіне өтіңіз. Apple Arcade үшін www.apple.com/legal/privacy/data/kz/apple-arcade веб-бетіне өтіңіз. Game Center үшін www.apple.com/legal/privacy/data/kz/game-center веб-бетіне өтіңіз.
Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді.
2025-12-12