-
«Рейтингілер және фотолар» функциясы және құпиялылық
-
Сіз жіберетін фотолар Apple аккаунтыңызбен байланыстырылады. Жеке деректерсіз кескіндер сервисті жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін және шарттарымызға сәйкес келмейтін үлгі кескіндер болашақта мұндай контентті сүзу мүмкіндігін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін. Сіздің болжалды геолокацияңыз Apple компаниясына жіберіледі және түпнұсқалықты растау үшін қолданылады.
«Рейтингілер және фотолар» функциясының көмегімен көрнекі жерлермен байланысты кескіндерді, рейтингілерді және басқа контентті (бұдан әрі — «Материалдар») жариялауға болады.
-
- Сервистің тұтастығын сақтау үшін сіз жіберетін фотолар Apple аккаунтыңызбен байланыстырылады. Рейтингтер жүйелі түрде ауысып тұратын және Apple аккаунтыңызбен байланыстырылмайтын идентификатормен байланысты болады.
- «Рейтингтер және фотолар» және «Мәселе туралы хабарлау» бөліміндегі әрекеттерден басқа, «Карталар» бөліміндегі басқа әрекеттеріңіз Apple аккаунтыңызбен байланысты болмайды, бірақ қолданбаны пайдаланғаннан кейін автоматты түрде бастапқы күйіне қайтарылатын кездейсоқ идентификаторлармен байланысты болады.
- Жеке деректерсіз кескіндер өнім мен сервисті жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін және шарттарымызға сәйкес келмейтін үлгі кескіндер болашақта мұндай контентті сүзу мүмкіндігін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін.
«Рейтингілер және фотолар» функциясы және барлық Apple сервисі ең басынан сіздің құпиялылығыңызды қорғауға арналған. Біз ұсынатын сервистерді жақсарту үшін тек қажетті деректерді жинауға бар күшімізді саламыз. Саналы шешім қабылдауыңыз үшін, деректерді жинаған кезде оларды жинау туралы, сондай-ақ жинау себебі туралы хабардар етеміз.
«Рейтингтер және фотолар» функциясын ұсыну
Картада таңдалған көрнекі жерлермен байланысты фотоны жүктеп салу үшін Apple аккаунты қажет. Сіздің болжалды геолокацияңыз және кескініңізге қатысты геолокация туралы ақпарат Apple компаниясына жіберіледі және материалдың түпнұсқалығын растау үшін қолданылады. Фото материалдарыңыз Apple аккаунтыңызбен байланыстырылады. Cіз жіберетін рейтингтер жүйелі түрде ауысып тұратын және Apple аккаунтыңызбен байланыстырылмайтын идентификатормен байланысты болады. Сондай-ақ біз Apple аккаунтыңызға және жеке басыңызға қатысы жоқ деректерді (мысалы, сіз жіберген материалдар туралы аналитикалық мәліметтер) жинаймыз.
Өзіңіз таңдайтын лақап атты пайдаланып, «Карталар» қолданбасында пайда болатын барлық фотоңызда авторын көрсете аласыз. Фотоларда авторы туралы ақпаратты көрсеткіңіз келсе, лақап атыңыз «Карталар» қолданбасына жіберілген барлық фотода «Карталар» қолданбасының басқа пайдаланушыларына көрінеді. Фотоларда авторы туралы ақпаратты көрсетуді тоқтатуға немесе лақап атты өзгертуге болады, ол үшін iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда «Карталар» > [суретіңіз немесе инициалдарыңыз] > «Параметрлер» > «Фото авторы» тармағына өтіп, «Авторын көрсету» параметрін түртіп өшіріңіз немесе лақап атыңызды өңдеңіз, ал Mac компьютерінде «Карталар» > «Реттеулер» > «Рейтингтер және фотолар» тармағына өтіңіз. Өзгерістерді енгізу процесі бірнеше күнге созылуы мүмкін.
Сондай-ақ «Карталар» қолданбасына фотолар жіберетін компанияларға сіз қосатын фотоларды өздерінің өнімдері мен сервистерінде пайдалануға рұқсат бере аласыз. Осы компанияларға фотоларыңызды пайдалануға рұқсат берсеңіз, Apple компаниясы фотолар мен олардың орналасуын бөліседі, бірақ жеке басыңызды анықтайтын ақпаратты бөліспейді. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғысында «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Карталар» > «Фотоны пайдалану» тармағына өтіп, «Фото провайдерлеріне фотоларыңызды пайдалануға рұқсат ету» реттеуін түртіп өшірсеңіз немесе Mac компьютерінде Maps (Карталар) > Settings (Реттеулер) > Ratings & Photos (Рейтингтер және фотолар) тармағына өтіп, Allow Photo Providers to Use Your Photos (Фото провайдерлеріне фотоларыңызды пайдалануға рұқсат ету) функциясын таңдаудан алсаңыз, бұл компаниялар фотоларыңызды бұдан былай пайдалана алмайды. Өзгерістерді енгізу процесі бірнеше күнге созылуы мүмкін.
«Рейтингтер және фотолар» функциясын пайдаланғанда, жеке деректеріңіз немесе басқа адамдар туралы жеке деректер көрсетілген суреттер (мысалы, адамның жеке басын анықтайтын суреттер) қабылданбауы мүмкін.
«Карталар» қолданбасы сізге жақында барған орынды бағалауды немесе сіз түсірген фотоларды жіберуді ұсынуы мүмкін. Бұл ұсыныстар құрылғыда өңделеді және Apple компаниясы оларды оқи алмайды. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда осындай ұсыныстарды алудан бас тартуға болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Карталар» тармағына өтіп, «Рейтингтер мен фотолар бойынша ұсыныстарды көрсету» реттеуін түртіп өшіріңіз. Ал Mac компьютерінде Maps (Карталар) > Settings (Реттеулер) > Ratings & Photos (Рейтингтер және фотолар) тармағына өтіп, Show Ratings and Photos Suggestions (Рейтингтер мен фотолар бойынша ұсыныстарды көрсету) опциясынан құсбелгіні алып тастаңыз.
«Рейтингтер және фотолар» функциясын жақсарту
«Рейтингтер және фотолар» функциясы бойынша біз көрікті жерлер картасында ең маңызды және әртүрлі суреттерді көрсетуге және орналастыруға тырысамыз. Материалдарыңыз өнімдер мен сервистерді жақсарту мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Осындай мақсатта кез келген кескінді пайдаланбас бұрын біз кез келген жеке деректерді және жіберілген материалдың Apple аккаунтыңызбен байланысын жоямыз.
Біз, сондай-ақ пайдалану шарттарымызды (www.apple.com/legal/internet-services/maps/ratings-photos) бұзатын материалдарды сүзгіден өткізуге тырысамыз. Егер сіз осындай контентті жіберсеңіз, біз оны жарияламаймыз немесе бұлыңғыр етеміз және аккаунтыңыз блокталуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сізге хабарласу үшін Apple аккаунтыңызбен байланысты эл. пошта мекенжайын қолдануымыз мүмкін. Сервис сапасын сақтау мақсатында біздің шарттарымызға сәйкес келмейтін кескін үлгілері болашақта осындай контентті сүзгілеу қабілетін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін.
Үшінші тараптармен бөлісу
Apple компаниясына жіберілген деректер сенімді сервис провайдерлері арқылы өңделуі және сақталуы мүмкін.
Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз
Біз «Рейтингтер және фотолар» үшін жеке деректеріңізді әдетте қызмет көрсету үшін қажет болған жағдайда және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз.
Қолданыстағы жергілікті заңда қарастырылған жағдайда, біз заңды мүдделеріміз немесе үшінші тараптың мүдделері үшін қажетті жеке деректердің келесі санаттарын мына мақсатпен өңдейміз:
- Материалдардың теңтүпнұсқалығын растау
- Сервистің тұтастығын сақтау
Пайдаланылған деректер мыналарды қамтиды:
- Кескініңізбен байланысты болжалды геолокацияңыз және геолокация туралы ақпарат
- Шарттарымызға сәйкес келмейтін кескіндердің үлгісі
Деректерді сақтау
«Рейтингтер және фотолар» бөлімінде жіберілетін фотолар жойылғанға немесе Apple компаниясының құпиялылық порталында (privacy.apple.com) аккаунтты жою немесе алып тастау туралы сұрау жібергенге дейін немесе заң арқылы талап етілгенше Apple аккаунтыңызбен байланысты күйінде сақталып тұрады. «Карталар» қолданбасын пайдаланып фотоларды жоюға және рейтингтеріңізді жоюға немесе өзгертуге болады. Егер сізде жеке деректеріңіздің «Рейтингтер және фотолар» функциясы шеңберінде пайдаланылуы бойынша сұрақтарыңыз немесе алаңдаушылықтарыңыз болса немесе біздің деректерді қорғау қызметкерімен байланысқыңыз келсе, бізбен мына мекенжай бойынша байланысуға болады: www.apple.com/legal/privacy/contact.
Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді
Жарияланған күні: 2024 жылғы 6 қарашасы