Қате туралы хабарлау және құпиялылық

Бұл есеп Apple өнімдері мен сервистерін жақсарту үшін, мысалы, модельдерді үйрету үшін пайдаланылады. Ол Apple аккаунтыңызбен байланыстырылады. Жіберу арқылы сіз авторлық құқықпен қорғалған, жеке немесе құпия ақпаратты қамтуы мүмкін есеп контентіне ие екеніңізді немесе оны жүктеп салуға рұқсатыңыздың бар екенін көрсетесіз.
 

«Қате туралы хабарлау» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғау және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беру мақсатында жасалған.


Privacy Icon

  • «Қате туралы хабарлау» функциясы хабарланған мәселелерді шешу мақсатында ақпарат жинайды. Apple бета сынақ бағдарламасында қолжетімді белгілі бір функцияларға қатысты есептер үшін жиналған ақпарат Apple аккаунтыңызбен байланыстырылған түрде сақталады. Осы есептерді жібермес бұрын, Apple аккаунтыңыз экранда көрсетіледі. Барлық басқа есеп Apple аккаунтыңызбен байланыстырылмайтын кездейсоқ бірегей идентификатормен байланысты болады.
  • Мәселені тиімдірек шешуге көмектесу үшін есеппен бірге қосымша ақпаратты жіберуіңізге болады.
  • Apple компаниясы өнімдер мен сервистерді жақсарту, соның ішінде Apple модельдерін үйрету үшін сіз жіберген ақпаратты пайдалануы мүмкін.
  • ChatGPT сервисіне қатысты алаңдаушылық туралы хабарласаңыз, есебіңізді OpenAI сервисімен бөлісуге рұқсат беруді таңдауға болады.
  • Google сервисінде Visual Intelligence арқылы іздеу бойынша алаңдаушылық туралы хабарласаңыз, есептің Google компаниясымен бөлісуіне рұқсат беруді таңдауға болады.

«Қате туралы хабарлау» функциясы Apple компаниясына өнімдеріміз бен сервистеріміз туралы пікір қалдыруға мүмкіндік береді. Есепті жіберген кезіңізде, Apple компаниясы есепте берілген сұрақтарға жауаптар, сипаттамалар, фотолар, видеолар, хабарлар және эл. хаттар сияқты ақпаратты жинайды. Жібермес бұрын есепке қосқыңыз келмейтін кез келген ақпарат пен тіркемелерді қарап шығуға және алып тастауға болады.

Apple компаниясы құрылғыңыздың моделі, операциялық жүйе нұсқасы және тіл туралы ақпаратты да жинайды. Кейбір жағдайда Apple Intelligence функциясына қатысты мәселе туралы хабарлағанда, Apple компаниясы Apple Intelligence моделінің нұсқасы туралы ақпарат жинауы мүмкін.

Apple компаниясы бұл ақпаратты хабарланған мәселелерді шешу, сондай-ақ өнімдер мен сервистерді, соның ішіндее функцияларға тән модельдерді әзірлеу, жақсарту және үйрету мақсатында пайдаланады.

Үшінші тарапқа қатысты қате туралы хабарлау

ChatGPT кеңейтімін пайдалансаңыз және мәселе туындаса, ChatGPT сервисін басқаратын OpenAI компаниясына хабарланған алаңдаушылыққа қатысты ақпаратты бөлек ұсынуға да болады. Apple сіз анықтаған мәселені шешуге көмектесу үшін есебіңізден немесе оған қатысты белгілі бір ақпаратты, соның ішінде сұрауыңызды (сондай-ақ сұрауға тіркелген қандай бір материалдар), жауабыңызды, құрылғы түрі мен жалпы геолокациясы сияқты құрылғыңыз бен құрылғыңыздың реттеулері туралы ақпаратты және кездескен мәселенің түрін OpenAI компаниясына жіберуі мүмкін. Apple есептерді, OpenAI компаниясына ақпарат беруді бөлек таңдаған кезіңізде ғана, OpenAI компаниясына жібереді және OpenAI бұл ақпаратты шектеулі уақыт аралығында ғана сақтауы қажет. OpenAI ақпаратты тек хабарланған мәселені және оған қатысты мәселелерді түсіну және шешу үшін пайдалануы қажет. Пікіріңіз OpenAI компаниясына берілген кезде Apple аккаунтыңызбен байланыстырылмайды және Apple есепті бөліспес бұрын атыңыз бен эл. пошта мекенжайыңызды жояды.

Егер Google іздеу жүйесінде Visual Intelligence функциясын пайдалануды таңдасаңыз және мәселе туындаса, Google компаниясына хабарланған мәселеңізге қатысты ақпаратты бөлек беруді таңдауға болады. Apple компаниясы Google компаниясына сіз анықтаған мәселені түзетуге көмектесу үшін есебіңізден немесе есебіңіз туралы белгілі бір ақпаратты (соның ішінде сұрауыңыз (және енгізген кез келген суретті), іздеу нәтижелері, операциялық жүйе түрі және тіл, сондай-ақ туындаған мәселенің түрі) беруі мүмкін. Apple компаниясы Google компаниясына ақпарат беруді бөлек таңдаған кезде ғана есептерді Google компаниясымен бөліседі. Google компаниясымен бөліскен ақпаратыңыз Google құпиялылық саясатымен реттеледі. Google құпиялылық тәжірибелері туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://policies.google.com/privacy?hl=en-US. Пікіріңіз Google компаниясына жіберілген кезде Apple аккаунтыңызбен байланыстырылмайды және Apple есепті бөліспес бұрын атыңыз бен эл. пошта мекенжайыңызды жояды.

Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз

Біз жеке деректеріңізді «Қате туралы хабарлау» мақсатында әдетте қызмет көрсету және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін қажетінше өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз. Қолданыстағы жергілікті заңда қарастырылған жағдайда, біз сот талаптарынан қорғану, талаптарды дәлелдеу және талап беру мақсатында заңды мүдделеріміз үшін сұрақтардың жауаптары, сипаттамалар, фотолар, видеолар, хабарлар мен эл. хаттар, сондай-ақ құрылғы моделі, ОЖ нұсқасы, тіл және Apple Intelligence моделінің (бар болса) қолданылатын нұсқасы сияқты есепте көрсетілген ақпаратты өңдейміз.

Деректерді сақтау

Apple компаниясы жинаған деректерді сенімді серіктестер өңдеуі және сақтауы мүмкін. Сіз жіберген ақпарат жеке басыңызбен байланыссыз жолмен бір жылға дейін немесе заңнама талаптарына сәйкес сақталуы мүмкін.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді.

2025-12-12