iCloud қызметіне қош келдіңіз

СІЗ БЕН APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БҰЛ ЗАҢДЫ КЕЛІСІМ iCLOUD ӨНІМІН, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫН, ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ ВЕБ-САЙТТАРЫН (ЖИНАҚТАЛҒАН ТҮРДЕ «ҚЫЗМЕТ» ДЕП АТАЛАДЫ) ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗДЫ РЕТТЕЙДІ. КЕЛЕСІ ШАРТТАРДЫ ОҚЫП ШЫҒЫП, ТҮСІНУІҢІЗ МАҢЫЗДЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. «КЕЛІСЕМІН» БАТЫРМАСЫН БАСУ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІ НЕМЕСЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАҢДАСАҢЫЗ, ОСЫ ШАРТТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫНЫНА КЕЛІСЕСІЗ.

Apple – Қызметті жеткізуші, ол белгілі бір Интернет қызметтерін пайдалануыңызға, соның ішінде жеке деректеріңізді (контактілер, күнтізбелер, фотосуреттер, жазбалар, еске салғыштар, құжаттар, қосымшалардың деректері және iCloud электрондық поштасы сияқты) сақтауға және оны үйлесімді құрылғыларыңыз бен компьютерлерде және белгілі бір орынға негізделген қызметтерде тек осы Келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес қолжетімді етуге рұқсат етеді. Құрылғыны жаңартып жатпасаңыз және iCloud қызметін қосуды бұрын таңдамасаңыз, құрылғыларды iOS 9 немесе одан кейінгі жүйеде қосқанда және құрылғыны орнату кезінде Apple аккаунтымен (бұрын «Apple ID» деп аталған) кіргенде iCloud автоматты түрде қосылады. iCloud қызметін Settings (Параметрлер) бөлімінде өшіре аласыз. iCloud қосылғанда контентіңіз Apple тарапынан Apple немесе үшінші тарап провайдерлерінің серверлерінде автоматты түрде сақталады, кейінірек бұл контентке қол жеткізе аласыз немесе контентті басқа iCloud қосылған құрылғыларыңызға немесе компьютерлеріңізге сымсыз жібере аласыз.

I. ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

          A. Жас. Қызмет тек жасы 13-ке толған немесе одан үлкен (немесе тиісті юрисдикциядағы эквивалент ең төменгі жас) тұлғаларға, жасыңыз 13-ке толмаған болса және Apple аккаунтыңыз сізге мақұлданған оқу орнының сұрауы бойынша берілген немесе ата-анаңыз немесе қамқоршыңыз тарапынан Family Sharing (Отбасылық бөлісу) мүмкіндігінің бөлігі ретінде орнатылған болса қолжетімді болады. Біз тексерілетін ата-ана келісімінсіз 13 жасқа толмаған немесе тиісті юрисдикциядағы эквивалент ең төменгі жастағы балалардан жеке мәліметтерді біле тұра жинамаймыз, пайдаланбаймыз немесе жария етпейміз.  Ата-аналар мен қамқоршылар кәмелетке толмағандарға Интернетте бөтен адамдармен араласудың қауіпті екенін ескертуі керек және балаларды қорғау, соның ішінде олардың Қызметті пайдалануын бақылау үшін тиісті сақтық шараларын қолдануы тиіс.

Қызметті пайдалану үшін сіз Америка Құрама Штаттарының заңдарына немесе басқа қолданылатын юрисдикцияларға, соның ішінде өзіңіз тұратын елдің немесе сіз Қызметті пайдаланатын жердегі елдің заңдарына сәйкес Қызметті пайдалануға тыйым салынған тұлға болмауыңыз керек. Осы Келісімді қабылдау арқылы сіз жоғарыдағы айтылғандарды түсінетініңізді және оларға келісетініңізді білдіресіз.

          B. Құрылғылар мен аккаунттар. Қызметті пайдалану үйлесімді құрылғыларды, Интернетке қосылуды және кейбір бағдарламалық құралдарды қажет етуі мүмкін (ақылы болуы мүмкін); мерзімді жаңартуларды қажет етуі мүмкін; және осы факторлар әсер етуі мүмкін. Apple құрылғысында ашылуы мүмкін iCloud аккаунттарының («Аккаунттар») санын және Аккаунтпен байланысқан құрылғылар санын шектеу құқығын сақтап қалады. Кейбір транзакцияларды немесе функцияларды жүргізу үшін қажетті бағдарламалық құралдың ең соңғы нұсқасын орнату қажет болуы мүмкін. Осы талаптарды орындау үшін өзіңіз жауапты екеніңізге келісесіз.

          C. Пайдалануды шектеу.  Қызметті тек осы Келісім рұқсат еткен мақсаттар үшін және қолданыстағы заң, ереже немесе қолданылатын юрисдикцияда жалпы қабылданған тәжірибе арқылы рұқсат етілген ауқымда пайдалануға келісесіз. Аккаунтыңызға iCloud мүмкіндіктер беттерінде сипатталғандай 5 ГБ жад сыйымдылығы бөлінеді. Қосымша жадты төменде сипатталғандай сатып алуға болады. Жиiлiктер ауқымының немесе жад сыйымдылығының (мысалы, резервтік көшірме немесе электрондық пошта аккаунтының орны) қолданылатын немесе тиісті шегінен асуға болмайды, әйтпесе iCloud қызметіне резервтік көшірме жасау, құжаттарды қосу немесе iCloud электрондық пошта мекенжайыңызға жіберілген жаңа электрондық пошта хабарын алу мүмкін болмайды. Қызметті пайдалануыңыз немесе басқа әрекеттеріңіз мақсатты түрде немесе байқаусызда Apple корпорациясының Қызметті немесе басқа жүйелерді қамтамасыз ету мүмкіндігіне қауіп тудырса, Apple корпорациясы Қызметті және Apple жүйелерін қорғау үшін барлық тиісті шараларды қолдана алады, соның ішінде Қызметке кіру мүмкіндігіңізді тоқтату құқығы бар. Шектеулерді қайталап бұзу әрекеттері Аккаунтыңыздың тоқтатылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Егер сіз денсаулық сақтау қызметтері провайдері болсаңыз, денсаулық сақтау қызметтері провайдерінің іскерлік серіктесі немесе өкілі болсаңыз (бұл терминдер 45 C.F.R § 160.103 бойынша анықталғандай), iCloud қызметінің кез келген компонентін, функциясын немесе басқа құралын кез келген «қорғалған медициналық ақпаратты» (бұл термин 45 C.F.R § 160.103 бойынша анықталғандай) жасау, алу, сақтау немесе беру үшін пайдаланбауға немесе iCloud қызметін кез келген әдіспен Apple корпорациясын (немесе кез келген Apple филиалын) өзіңіздің немесе кез келген үшінші тараптың іскерлік серіктесі ететіндей жолмен пайдаланбауға келісесіз.

          D. Қызметтің қолжетімділігі. Қызмет немесе оның кез келген мүмкіндігі немесе бөлігі барлық тілдерде немесе барлық елдерде қолжетімді бола бермеуі мүмкін және Apple корпорациясы Қызметтің немесе оның кез келген мүмкіндігінің немесе бөлігінің кез келген нақты орында пайдалану үшін сәйкес немесе қолжетімді екендігі туралы ешқандай мәлімдеме жасамайды. Қызметке кіру және оны пайдалану көлемін таңдағанда, оны өз бастамаңызбен істейсіз және қолданылатын барлық заңдардың талаптарын орындауға жауаптысыз.

          E. Қызметті өзгерту.  Apple корпорациясы кез келген уақытта осы Келісімге өзгеріс енгізу және Қызметті пайдалануыңызға қатысты жаңа немесе қосымша шарттарды енгізу құқығын сақтап қалады, ол үшін Apple корпорациясы Қызметке немесе қолданылатын қызмет көрсету шарттарына кез келген маңызды жағымсыз өзгеріс енгізу туралы сізге 30 күн бұрын алдын ала хабарлауы керек және бұл алдын ала хабарлау шарты мына жағдайларда қолданылмайды: заңды, нормативтік немесе үкіметтік әрекеттерден туындаған жағдайларда; пайдаланушының қауіпсіздігіне қатысты проблемаларды шешу үшін, пайдаланушының құпиялылығын сақтау немесе техникалық тұтастық мәселелерін шешу мақсатында; басқа пайдаланушыларға қызмет көрсетуге кедергілерді болдырмау мақсатында; немесе табиғи апат, апаттық жағдай, соғыс немесе Apple корпорациясының бақылауынан тыс басқа ұқсас жағдайлар. Ақылы iCloud қызметтеріне байланысты, мысалы, төменде көрсетілгендей iCloud+, Apple корпорациясы ағымдағы төленген мерзім аяқталғанша Қызметке ешқандай айтарлықтай жағымсыз өзгеріс енгізбейді, бұған негізделген өзгеріс қажет болатын мына жағдайлар кірмейді: құқықтық, нормативтік немесе үкіметтік мәселелерді шешу; пайдаланушылардың қауіпсіздік, құпиялылық немесе техникалық бүтіндік мәселелерін шешу; басқа пайдаланушыларға қызмет көрсетуде ақауларды болдырмау; немесе Apple корпорациясының бақылауынан тыс табиғи апат, апаттық оқиға, соғыс немесе басқа ұқсас жағдайлар салдарынан пайда болған проблемаларды болдырмау. Apple корпорациясы Қызметке немесе пайдалану шарттарына маңызды жағымсыз өзгерістер енгізген жағдайда осы Келісімді және аккаунтыңызды тоқтата аласыз, бұл жағдайда Apple сізге ағымдағы төлем мерзіміңіз үшін барлық алдын ала төлемнің мөлшерін пропорционал түрде өтейді. Apple корпорациясы Қызметке немесе қызмет көрсету шарттарына осы I.E. бөліміне сәйкес енгізілген өзгерістер үшін сіздің алдыңызда жауапты болмайды.

II. МҮМКІНДІКТЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР

          A. Фотосуреттер

            1.  iCloud Photos. iCloud Photos мүмкіндігін қосқаныңызда, iOS құрылғысындағы, macOS компьютеріндегі немесе Windows компьютеріндегі Photos қосымшасындағы фотосуреттеріңіз, видеоларыңыз, метадеректеріңіз және жасаған барлық өзгерістеріңіз iCloud қызметіне автоматты түрде жүктеледі және сақталады, одан кейін iCloud Photos мүмкіндігі қосылған құрылғыларыңыз бен компьютерлеріңіздің барлығына жіберіледі. Фотосурет пен видео ажыратымдылығы құрылғы параметрлері мен қолжетімді жад көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін.  Толық ажыратымдылықты фотосуреттер мен видеоларды кез келген уақытта жүктеп ала аласыз.

            2. Shared Albums.  Shared Albums мүмкіндігін пайдаланғанда Apple бөліскен барлық фотосуреттеріңіз бен видеоларыңызды жойғаныңызша сақтайды. Бөліскен фотосуреттеріңіз бен видеоларыңызға Shared Albums рұқсаты бар құрылғы арқылы қол жеткізе аласыз. Shared Albums-қа шақырылған адамдар осы фотосуреттеріңіз бен видеоларыңызды қарай, сақтай, көшіре және бөлісе алады, сонымен қатар фотосуреттерді, видеоларды және комментарийлерді қоса алады.  Веб-сілтеме арқылы фотосуреттерді бөлісу үшін Shared Albums мүмкіндігін пайдалануды таңдасаңыз, бұл фотосуреттер веб-сілтеме берілген немесе оған кіре алатын барлық адамдарға қолжетімді болады. Жеке фотосуреттерді, видеоларды, комментарийлерді немесе бүкіл Shared Albums ортақ альбомдарын бөлісуді тоқтатқыңыз келсе, оларды кез келген уақытта жоя аласыз.  Бірақ Shared Albums ортақ альбомынан басқа құрылғыға немесе компьютерге бұрын көшірілген кез келген контент жойылмайды.

            3. Ортақ фотосуреттер кітапханасы.  Егер iCloud Photos мүмкіндігін қосқан болсаңыз, басқа бес адамға дейін ортақ кітапхана жасай аласыз немесе оған қосыла аласыз.  Фотосуреттер мен видеоларды ортақ фотосуреттер кітапханасына жіберсеңіз, олар жеке кітапханаңыздан ортақ кітапханаға ауысады. Ортақ кітапханада барлық қатысушылар контент қосу, өзгерту және жою үшін бірдей рұқсаттарға ие болады. Ортақ кітапханадағы барлық қатысушылар ортақ кітапханадағы контентке қол жеткізе алады, бірақ ортақ кітапханадағы контент ортақ кітапхананы жасаған адамның iCloud қойма квотасында ғана ескеріледі.  Егер кітапхана иесінің iCloud қоймасы бітсе, контент ортақ кітапханаға қосылмайды және өзгерістер, таңдаулылар және метадеректерді түзету әрекеттері бұдан былай синхрондалмайды.  Apple аккаунтын ата-анасы немесе қамқоршысы орнатқан 13 жасқа толмаған (немесе тиісті юрисдикциядағы эквивалент ең төменгі жастағы) пайдаланушылар ортақ фотосуреттер кітапханасына тек басқа отбасы мүшелерімен бірге қатыса алады.

          B. Қалталар мен файлдарды бөлісу. iCloud қалталар мен файлдарды бөлісу мүмкіндігін пайдалансаңыз, Apple сіз бөліскен файлдарды сіз оларды жойғанша сақтайды.  Бөліскен файлдарыңызға iCloud Drive қосылған Apple құрылғыларыңыздың кез келгенінен қол жеткізе аласыз. Адамдарға осы файлдарды қарау, сақтау, көшіру немесе өзгерту үшін рұқсат бере аласыз.  Адамдарға файлдарды өзгерту немесе тек оларды қарау құқығын беруді таңдай аласыз.  iCloud қалталар мен файлдарды бөлісу мүмкіндігін файлдарды веб-сілтеме арқылы бөлісу үшін пайдалансаңыз, бұл файлдар веб-сілтеме берілген кез келген адамға ашық түрде қолжетімді болады.  Файлдарды бөлісуді кез келген уақытта тоқтата аласыз.  Бөлісуді тоқтатсаңыз, файлдар барлық адамдардың құрылғыларындағы iCloud Drive қызметінен жойылады. Бірақ басқа құрылғыға немесе компьютерге бұрын көшірілген файл жойылмайды.

          C. Mail Drop. iCloud қызметіне кірсеңіз және үлкен тіркемелері бар электрондық пошта хабарларын жіберу үшін интернеттегі macOS Mail қосымшасын немесе iCloud Mail қызметін пайдалансаңыз, Mail Drop мүмкіндігін пайдалануды таңдай аласыз.  Mail Drop көмегімен үлкен тіркемелер олардың жіберілуін оңайлату үшін iCloud серверлерінде уақытша сақталады. Apple корпорациясы алушының электрондық пошта клиентінің қосымшасына байланысты алушыларға тіркеменің сілтемесін немесе алдын ала қарау көрінісін жібереді. Үлкен электрондық пошта тіркемелерін уақытша сақтау iCloud сақтау квотасына қарай саналмайды. Mail Drop туралы қосымша ақпарат алу үшін https://support.apple.com/HT203093 сайтына өтіңіз.

          D. Үшінші тараптың қосымшалары. Кейбір үшінші тарап қосымшаларына iCloud идентификациялық деректеріңіздің көмегімен кірсеңіз, бұл қосымшаға деректерді жеке iCloud аккаунтыңызда сақтауға және Apple корпорациясына Қызметті және мұндай қосымшаларды пайдалануыңызға байланысты тиісті үшінші тарап қосымшаларды әзірлеушісінің атынан мұндай деректерді жинауға, сақтауға және өңдеуге рұқсат етуге келісесіз. Қосымша жеке iCloud аккаунтыңызда сақтайтын деректер сақтау шегіңізге есептеледі.  Мұндай деректер бірдей қосымшаны әзірлеушіден жүктеп алынған басқа қосымшамен бөлісілуі мүмкін.

          E. Family Sharing. Family Sharing көмегімен Store арқылы сатып алынған және Apple жазылымдары сияқты кейбір сатып алынған контентті отбасыңыздың мүшелерімен бөлісе аласыз. Сондай-ақ фотосуреттер, күнтізбелер, орын және экран уақытының ақпараты сияқты кейбір контентті отбасыңыз бөлісу үшін таңдаған нәрсеге байланысты бөлісе аласыз.  Үшінші тараптардан кейбір жазылымдар мен қосымшалардағы сатып алуларды бөлісе аласыз.  Сатып алынған контентті бөлісуге қатысты қосымша ақпарат алу үшін Apple Media Services шарттарын https://www.apple.com/legal/internet-services/itunes/ww/ сайтынан қараңыз.  Отбасы мүшелерімен контентті бөлісу, құрылғыны пайдалану және орналасу туралы қосымша ақпарат алу үшін қараңыз: https://www.apple.com/family-sharing/.

          F. iCloud тек Интернет арқылы пайдаланылатын аккаунты.  Қызметке Apple брендіне жатпайтын құрылғыда немесе компьютерде тек Интернет арқылы пайдаланылатын аккаунтпен тіркелсеңіз, Қызмет функцияларының тек шектеулі жиынтығына қол жеткізе аласыз. 1 ГБ тегін жадты аласыз және бұл көлемді тек Интернет арқылы пайдаланылатын аккаунт арқылы арттыра алмайсыз. Қызметке тек Интернет арқылы пайдаланылатын аккаунтпен кіру жағдайында, осы Келісімде көрсетілген барлық тиісті шарттарға, соның ішінде, шектеусіз, Қызметті пайдалануға арналған барлық талаптарға, пайдалану бойынша шектеулерге, қолжетімділікке, ашық бета нұсқасына, кепілдіктерден бас тартуға, контентіңізге, мінез-құлыққа және тоқтатуға қатысты ережелерге келісесіз. Тек Интернет арқылы пайдаланушылар үшін қолжетімді емес мүмкіндіктерге қатысты осы Келісімде көрсетілген шарттар сізге қолданылмайды. Бұларға, мысалы, орынға негізделген қызметтерді пайдалану және iCloud жад жаңартулары үшін ақы төлеу кіреді. Кейін сіз тек Интернет арқылы пайдаланылатын аккаунтыңызға Apple брендіне жататын құрылғыдан немесе Apple брендіне жататын компьютерден кірсеңіз, осы құрылғы немесе компьютер сізге тиесілі немесе тиесілі еместігіне қарамастан, Apple тек Интернет арқылы пайдаланылатын аккаунтыңызды толық iCloud аккаунтына автоматты түрде жаңартуы және сізге Қызметтің барлық қолжетімді функцияларын, соның ішінде кеңейтілген тегін жад сыйымдылығын қамтамасыз етуі мүмкін екеніне келісесіз. Тек Интернет арқылы пайдаланылатын аккаунтыңызға Apple брендіне жататын құрылғыдан немесе Apple брендіне жататын компьютерден кіруді таңдасаңыз және кейін Қызметтің толық функцияларына жаңартылсаңыз, осында берілген шарттардың барлығы Қызметті пайдалануыңызға қолданылатынына келісесіз. Толық iCloud аккаунтын алғыңыз келмесе, тек Интернет арқылы пайдаланылатын аккаунтыңызға Apple брендіне жататын құрылғыдан немесе компьютерден кірмеңіз.

          G. iCloud+.  «iCloud+» қосымша сақтау орнына және кейбір премиум мүмкіндіктеріне қолжетімділікті қамтитын премиум iCloud жазылымы болып табылады.  iCloud+ үшін жазылым жоспарлары – бұл iCloud+ жазылымдары.  Орналасқан жеріңіздің талаптарына байланысты, егер сізде iCloud+ жазылымы болса немесе Family Sharing тобыңыздағы пайдаланушыда iCloud+ жазылымы болып, оны сізбен бөліссе, кейбір немесе барлық келесі iCloud+ мүмкіндіктерін ала аласыз:

            1. Қауіпсіздік релесі.  Қауіпсіздік релесі интернет трафигіңізді шифрлау және оны кемінде екі интернет релесі арқылы жіберіп шифрлау арқылы веб-беттерге жоғарырақ құпиялылықпен және қауіпсізірек қосылуға және оларды қарауға мүмкіндік береді.  Қауіпсіздік релесін пайдаланған кезде кейбір веб-сайттар күткендей жұмыс істемеуі мүмкін. Мысалы, басқа аймаққа арналған мазмұнды көрсетеді немесе жүйеге кіру үшін қосымша әрекеттерді талап етеді.  Қауіпсіздік релесін кез келген уақытта ICloud параметрлерінде қосуға немесе өшіруге болады. Сонымен қатар Қауіпсіздік релесі интернет провайдеріңіздің деректерді пайдалануыңызды деректер лимитінен шығарып тастау мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін және интернет провайдеріңіз тарапынан қосымша шығындарға әкелуі мүмкін.  Қауіпсіздік релесі бастапқыда бета нұсқасы ретінде қолжетімді болуы мүмкін және мұндай жағдайда ол бета функциясы болады және оған VI.C бөлімінің ережелері қолданылады. (Ашық бета нұсқасы).

             2. Hide My Email.  Hide My Email сіз таңдаған электрондық пошта мекенжайына жіберілетін бірегей, кездейсоқ электрондық пошта мекенжайларын жасауға мүмкіндік береді.  Apple осы функция бойынша қолжетімді электрондық пошта мекенжайларының санын шектеу немесе бүркеншік атты пайдалану осында сипатталған шарттарды бұзатын болса, бүркеншік атты пайдалануды тоқтату құқығын сақтап қалады.

             3. HomeKit Secure Video.  iCloud+ қызметіндегі HomeKit Secure Video функциясы үйлесімді үй қауіпсіздік камераларынан видеоны iCloud қызметінде сақтауға және түсірілген материалды қашықтан қарауға мүмкіндік береді.  HomeKit Secure Video үшін қолданылатын iCloud+ жоспары, үйлесімді HomeKit қосылған қауіпсіздік камерасы және үй хабы ретінде пайдаланылатын HomePod, Apple TV немесе iPad қажет.  Кейбір iCloud+ жоспарлары сізге қолжетімді камералардың немесе видео ағындарының санын шектеуі мүмкін. 

             4. Реттелетін электрондық пошта домендері.  iCloud Mail мекенжайыңызды реттелетін домен атауымен дербестендіре аласыз (қолжетімді болса) және отбасы мүшелеріңізді өздерінің iCloud Mail аккаунттарында бірдей доменді пайдалануға шақыра аласыз.  Әр домен үшін әр адамда үш электрондық пошта мекенжайына дейін болуы мүмкін.  iCloud қызметінде сақталатын пошта iCloud қоймаңызда ескеріледі. Егер сізде iCloud қоймасында орын бітсе, қоймада орын босатқанша, реттелетін электрондық пошта мекенжайларына жаңа хабарларды ала алмайсыз.  Егер атау заңсыз, біреуге тіл тигізетін, жәбір көрсететін, күш көрсететін, жала жабатын, біреуді қорқытатын, балағаттайтын, қорлайтын, зиянды, әдепсіз, дөрекі, біреудің жеке өміріне араласатын, өшпенді, нәсілдік немесе этникалық жағынан біреуге тіл тигізетін немесе басқа жағынан жарамсыз болса, Apple корпорациясы iCloud Mail мекенжайыңызды реттелетін домен атауымен дербестендіруден бас тарту құқығын сақтап қалады.

             5. Apple Invites. Apple Invites іс-шараға шақыруларды жасауға, жіберуге және басқаруға мүмкіндік береді. Apple Invites көмегімен іс-шара ұйымдастыру үшін жасы 13-тен асқан (немесе тиісті юрисдикцияда эквивалент минимал жасқа толған) болуы керек. Іс-шараға қатысатын қонақтардың Apple аккаунты және ортақ ойнату тізімдері үшін Apple Music жазылымы болған жағдайда қол жеткізе алатын және үлес қоса алатын іс-шара үшін Shared Albums мүмкіндігін немесе ортақ ойнату тізімін жасай аласыз.

Кейбір iCloud+ функциялары барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. 

          H. Екі факторлы аутентификация және автоматты қоңыраулар/мәтіндер. Apple аккаунты үшін екі факторлы аутентификацияны қосуды таңдасаңыз, сіз (a) Apple корпорациясына кемінде бір телефон нөмірін көрсетуге; және (b) көрсетілген телефон нөмірлерінің көз келгенінде Apple корпорациясынан автоматты түрде терілген немесе алдын ала жазылған қоңырауларды және мәтіндік хабарларды алуға келісесіз. Біз мұндай қоңырауларды немесе мәтіндерді (i) кіру кезінде Аккаунтыңызды қауіпсіз етуге көмектесу үшін; (ii) құпиясөзіңізді ұмытқанда Аккаунтыңызға кіруге көмектесу үшін; немесе (iii) басқаша қажет болған кезде Аккаунтыңызға қызмет көрсетуге немесе осы Келісімді, саясаттарымызды, қолданылатын заңды немесе сізбен жасалған кез келген басқа келісімді қолдану үшін жіберуіміз мүмкін.

          I. Аккаунтты қалпына келтіруге көмек.  Аккаунтыңызға және деректеріңізге қолжетімділікті қалпына келтіруіңізге көмектесе алатын кодты жасау үшін өзінің құрылғысын пайдалана алатын бір немесе бірнеше адамды қалпына келтіру контактісі ретінде қоса аласыз.  Қалпына келтіру контактісінің жасы 13-тен асқан болуы керек (немесе тиісті юрисдикцияда эквивалент минимал жасқа толған), оның Apple аккаунты, екі факторлы аутентификациясы және құрылғының құпия коды қосылған Apple құрылғысы болуы керек.  Олар аккаунтыңызға тікелей қол жеткізе алмайды.  Қалпына келтіру контактілеріңізді жаңартып отыруға өзіңіз жауапты боласыз.

          J. Кеңейтілген деректерді қорғау. Кеңейтілген деректерді қорғау параметрінің арқасында шифрлауды қолдана отырып, iCloud дискісіндегі қосымша санаттағы деректерді (соның ішінде iCloud Backup, фотосуреттер, жазбалар және iCloud Drive дискісінде сақталған файлдар) күштірек қорғай аласыз. Кеңейтілген деректерді қорғау параметрін қосу үшін Apple аккаунтыңызға арналған екі факторлы аутентификацияны қосыңыз және құпия код не құпия сөз қосылған аккаунтыңыз үшін сенімді құрылғыңыз (сіз аккаунтыңызға екі факторлы аутентификациямен кірген құрылғылар) болуы керек. Сонымен қатар, аккаунттың құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, сенімді құрылғыларыңыздың ешқайсысына кіре алмасаңыз не кодтарды ұмытып қалсаңыз, аккаунтыңызға және деректеріңізге қайта кіру үшін қалпына келтіру кілтін жасауыңыз керек немесе кемінде бір қалпына келтіру контактісін тағайындауыңыз қажет. Қалпына келтіру контактілерін кез келген уақытта өзгертуге болады, бірақ олар 13 жастан (немесе қалпына келтіру контактісі тұратын аймаққа сәйкес ең төменгі жастан) асуы керек, сондай-ақ олардың екі факторлы аутентификация қосылған Apple аккаунты мен кіру коды не құпия сөзі орнатылған Apple құрылғысы болуы керек. Кеңейтілген деректерді қорғау параметрі қосылғаннан кейін, Apple оның көмегімен қорғалған деректерді қалпына келтіруге көмектесе алмайды. Сондықтан қалпына келтіру кілтін және/немесе қалпына келтіру контактілерін жаңартып отыруға өзіңіз жауапты боласыз. Физикалық қауіпсіздік кілттеріңіз тиісінше қорғалмауына немесе қалпына келтіру контактісі аккаунтыңыз бен деректеріңізді қайта пайдалануға көмектесе алмауына не оған құлықсыз болуына байланысты аккаунтыңызды немесе деректерді пайдалана алмағаныңыз үшін Apple жауап бермейді. Басқарылатын Apple аккаунттары және Бала аккаунттары Кеңейтілген деректерді қорғау қызметіне пайдалануға жарамсыз. Кеңейтілген деректерді қорғау параметрін кез келген уақытта өшіре аласыз.

          K. Қауіпсіздік кілттері. Қауіпсіздік кілттерінің арқасында Apple аккаунтымен кіруге физикалық қауіпсіздік кілтін пайдалануды сұрай аласыз. Қауіпсіздік кілттері Apple аккаунты үшін қосылған екі факторлы аутентификацияны қолдануыңызды, сондай-ақ екі фактордың бірі ретінде Fido сертификаты бар үшінші тарап қауіпсіздік кілтін пайдалануыңызды талап етеді. Аккаунтқа бұдан кейін де кіре алуыңыз үшін, Қауіпсіздік кілттері сенімді құрылғыдан жаңа кілт қосуға немесе қауіпсіздік кілттерін толығымен өшіруге мүмкіндік береді. Алайда барлық қауіпсіздік кілттеріңізді және сенімді құрылғыларыңызды жоғалтып алсаңыз, аккаунтыңызға мүлдем кіре алмай қаласыз және аккаунтыңызды не деректеріңізді пайдалану мүмкіндігін қалпына келтіруге Apple көмектесе алмайды. Физикалық қауіпсіздік кілттеріңіз тиісінше қорғалмауына немесе дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты аккаунтыңызды немесе деректерді пайдалана алмағаныңыз үшін Apple жауап бермейді. Басқарылатын Apple аккаунттары және Бала аккаунттары Қауіпсіздік кілттеріне пайдалануға жарамсыз.

          L. Digital Legacy.  Digital Legacy функциясының көмегімен сіз қайтыс болғаннан кейін аккаунтыңызға кіре алатын және кейбір деректерді жүктеп ала алатын бір немесе бірнеше контактіні таңдай аласыз.  Егер сіз тағайындаған контактілер Apple корпорациясына өлім туралы дәлелді көрсетсе, және қажетті кілтке ие болса, олар сол нақты аккаунт деректеріне қолжетімділікті автоматты түрде алады және белсендіру құлпы барлық құрылғыларыңыздан жойылады.  Digital Legacy контактілеріңізді жаңартып отыруға өзіңіз жауапты боласыз.  Digital Legacy туралы қосымша мәліметтерді http://support.apple.com/HT212360 және  http://support.apple.com/HT212361 арқылы ала аласыз.   

          M. Орынға негізделген қызметтер

Apple және оның серіктестері мен лицензиарлары GPS (немесе оған ұқсас технологияны, қолжетімді жерде) жүйесін және краудсорсинг арқылы алынған Wi-Fi кіру нүктелері мен ұялы байланыс мұнарасы орындарын пайдаланып, құрылғыға негізделген орын туралы ақпаратқа тәуелді кейбір мүмкіндіктерді немесе қызметтерді қамтамасыз етуі мүмкін. Қолжетімді жерде мұндай мүмкіндіктерді немесе қызметтерді қамтамасыз ету үшін Apple және оның серіктестері мен лицензиарлары орналасқан жеріңіз туралы деректерді жинауы, пайдалануы, беруі, өңдеуі және сақтауы тиіс. Олар құрылғыңыздың географиялық орналасқан жерін және Аккаунтыңызға және оған сәйкес тіркелген құрылғыларға қатысты ақпаратты, соның ішінде Apple аккаунты, құрылғы идентификаторы мен атын және құрылғы түрін қамтиды, бірақ онымен шектелмейді.

Apple корпорациясына және оның серіктестері мен лицензиарларына орын мен Аккаунт туралы деректерді жинауға, пайдалануға, тасымалдауға, өңдеуге және сақтауға берген келісіміңізден кез келген уақытта орынға негізделген мүмкіндіктерді пайдаланбау арқылы және құрылғыңызда Find My (соның ішінде бұрынғы Find My iPhone (iPhone құрылғымды табу) және Find My Friends (Достарымды табу) қосымшаларын, бірге Find My (Табу) деп аталады) немесе Location Services (Орын қызметтері) функцияларын Settings (Параметрлер) бөлімінде (қажеттілігіне қарай) өшіру арқылы бас тарта аласыз. Орын туралы деректерді Қызметтің бөлігі ретінде пайдаланатын немесе қамтамасыз ететін үшінші тарап қызметтерін пайдалану кезінде осындай үшінші тараптың осындай үшінші тарап қызметтері арқылы орын туралы деректерді пайдалану бойынша шарттары мен құпиялылық саясатын ұстануыңыз және қарап шығуыңыз керек. Қызмет арқылы берілген кез келген орын туралы деректер орын туралы дәл ақпарат қажет жағдайларда немесе орын туралы қате, дәл емес, кідіртілген немесе толық емес деректер өлімге, адамның жарақаттануына, мүліктің бүлінуіне немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге әкелуі мүмкін жерлерде қолдануға арналмаған. Apple корпорациясы Қызметті қамтамасыз етуде тиісті білім мен қажетті мұқияттылықты қолданады, бірақ Apple корпорациясы немесе оның қызмет және/немесе контент жеткізушілерінің ешқайсысы Қызмет арқылы көрсетілетін орын туралы деректердің немесе кез келген басқа деректердің қолжетімділігіне, дәлдігіне, толықтығына, сенімділігіне немесе уақыттылылығына кепілдік бермейді. ОРЫНҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ ТАБУ ЖҮЙЕСІ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛМАҒАН НЕМЕСЕ ОЛ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЕМЕС.

          N. Find My

iCloud және Location Services қызметтерін iOS 13, iPad OS немесе macOS Catalina немесе одан кейінгі нұсқасын пайдаланатын құрылғыда іске қоссаңыз, Find My (iOS 8 – iOS 12 жүйелерін пайдаланатын құрылғылар үшін – Find My iPhone) сол құрылғыда және онымен байланысқан кез келген Apple аксессуарында автоматты түрде іске қосылады.  Іске қосылғаннан кейін, құрылғыңыз автоматты түрде Apple аккаунтына қосылады және кез келген адамға (сізді қоса алғанда) Find My функциясын өшіру, iCloud жүйесінен шығу, құрылғыны өшіру немесе белсендіру үшін Apple аккаунтының құпиясөзі қажет болады.  Apple және оның өкілетті агенттері аппараттық құралға немесе бағдарламалық құралға қолдау көрсету қызметтерін, соның ішінде Apple корпорациясының шектеулі кепілдігі қолданылатын қызметтерді қызмет көрсетуден бұрын Find My мүмкіндігін ажыратпасаңыз орындамауы мүмкін.  Apple корпорациясы iOS құрылғыңызды құпия кодпен қорғамағаныңыз, Lost Mode (Жоғалу режимі) режимін қоспағаныңыз және/немесе ескертулер мен хабарларды қабылдамағаныңыз немесе оларға жауап бермегеніңіз үшін ешқандай жауапкершілікті қабылдамайды.  Сондай-ақ Apple корпорациясы iOS құрылғыңызды сізге қайтаруға немесе iOS құрылғыңыздағы деректердің жоғалуы үшін ешқандай жауапкершілікті қабылдамайды.

Find My Network – бұл сізге немесе басқа адамдарға Интернетке қосылмаған жоғалған құрылғыларын табуға көмектесе алатын краудсорсинг функциясы. Find My Network функциясы құрылғыда қосылса, ол Bluetooth (немесе ұқсас технологиялар) арқылы жақын жердегі офлайн құрылғыларды анықтай алады. Егер құрылғы жоғалған офлайн құрылғысын анықтаса, ол Wi-Fi немесе ұялы байланыс көмегімен құрылғының болжанған орнын құрылғымен байланысқан Apple аккаунтына қауіпсіз түрде хабарлайды және құрылғының иесі оның орналасқан жерін Find My қосымшасында көре алады. Орын туралы хабарлау үздіксіз шифрланған және Apple хабар беруші құрылғының немесе офлайн құрылғының орналасқан жерін көре алмайды. Find My Network функциясын параметрлерде ажыратуға болады.

          O. Резервтік көшірме

iCloud Backup құрылғы экраны құлыпталғанда, қуат көзіне қосылғанда және Интернетке Wi-Fi желісі арқылы қосылғанда iOS құрылғылары үшін автоматты резервтік көшірмелерді жасайды. Құрылғы iCloud қызметіне бір жүз сексен (180) күн бойы резервтік көшірме жасамаса, Apple корпорациясы сол құрылғымен байланысқан барлық резервтік көшірмелерді жою құқығын сақтайды. Резервтік көшірме құрылғы параметрлерін, құрылғы сипаттамаларын, фотосуреттер мен видеоларды, құжаттарды, хабарларды, рингтондарды, Health қосымшасының деректерін және басқа қосымшалардың деректерін қамтуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін https://support.apple.com/HT207428 сайтына өтіңіз.  Келесі контент iCloud резервтік көшірмесіне қосылмайды: iTunes Store, App Store немесе Apple Books дүкендерінен сатып алынған контент, компьютерден синхрондалған мультимедиа және iCloud Photo Library мүмкіндігін қоссаңыз, фотосуреттер кітапханаңыз. Apple Қызметті қамтамасыз ету үшін тиісті білім мен қажетті мұқияттылықты қолданады, бірақ, ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ РҰҚСАТ ЕТЕТІН ЕҢ ҮЛКЕН АУҚЫМДА APPLE КОРПОРАЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТ АРҚЫЛЫ САҚТАУЫҢЫЗ НЕМЕСЕ АШУЫҢЫЗ МҮМКІН КЕЗ КЕЛГЕН КОНТЕНТТІҢ КЕЗДЕЙСОҚ ЗАҚЫМДАЛМАУЫНА, БҮЛІНБЕУІНЕ, ЖОҒАЛМАУЫНА НЕМЕСЕ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ШАРТТАРЫНА САЙ ЖОЙЫЛМАУЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ APPLE КОРПОРАЦИЯСЫ ОСЫНДАЙ ЗАҚЫМДАЛУ, БҮЛІНУ, ЖОҒАЛУ НЕМЕСЕ ЖОЙЫЛУ ЖАҒДАЙЫ БОЛҒАНДА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. Ақпаратыңыз бен деректеріңіздің тиісті басқа балама резервтік көшірмесін сақтау өз жауапкершілігіңіз болып табылады.

III. ЖАЗЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУ

iCloud+ жазылымы жоспарлары сатып алу үшін жазылым негізінде қолжетімді.

          A. Төлем

Қосымша жад пен қосымша функциялар үшін iCloud+ жазылымы қызметіне жаңарту арқылы, Apple корпорациясы сіз таңдаған жоспар үшін тұрақты түрде ақы алады, соның ішінде қолданылатын салықтар бар, Apple аккаунтыңызбен байланысқан төлем әдісі (мысалы, бар болса, iTunes Store, App Store немесе Apple Books жүйелерінде сатып алу үшін пайдаланылатын төлем әдісі) немесе отбасылық аккаунтыңызбен байланысқан төлем әдісі қолданылады. Жоспарлар мен бағалар туралы мәліметтер алу үшін https://support.apple.com/HT201238 сайтына кіріңіз.  Отбасылық ұйымдастырушы болсаңыз, сіз Apple корпорациясының жоспарды жаңартқан отбасы мүшелері үшін тұрақты негізде төлем әдісінен ақы алуына келісесіз. Сондай-ақ Apple корпорациясы транзакцияның сомасына дейінгі сома үшін алдын ала мақұлдау алуы және сізге шот жіберу еске салғыштары және басқа жазылым үшін аккаунтқа қатысты байланыстар үшін Apple аккаунтыңызбен байланыстырылған электрондық пошта мекенжайына электрондық пошта арқылы мерзімді түрде хабарласуы мүмкін.

Жазылымыңызды құрылғыңыздың Settings (Параметрлер) бөліміндегі iCloud тармағында немесе Mac компьютеріндегі Жүйе параметрлерінің iCloud тақтасында немесе компьютердегі Windows үшін iCloud қызметінде жоспарды жаңарту немесе төмендету арқылы өзгерте аласыз.

Жаңартылған жоспар үшін қолданылатын ақы бірден күшіне енеді; жоспарыңызға төмендетулер келесі жылдық немесе айлық шот жіберу күнінде күшіне енеді. СІЗ БАРЛЫҚ АҚЫЛАРДЫҢ УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕНУІ ЖӘНЕ APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНА БАРЛЫҚ АҚЫЛАРДЫ ТӨЛЕУ ҮШІН ЖАРАМДЫ КРЕДИТ КАРТАСЫН НЕМЕСЕ ТӨЛЕМ ШОТЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУГЕ МІНДЕТТІСІЗ. Apple корпорациясы төленуі тиіс ақыларды кредит картаңыздан немесе төлем шотыңыздан ала алмаса, Apple сақталған контентіңізге қолжетімділікті тоқтату немесе шектеу, сақталған контентіңізді жою немесе Аккаунтыңызды тоқтату құқығын сақтайды. Егер басқа кредит картасын немесе төлем шотын тағайындағыңыз келсе немесе кредит картаңызда немесе төлем шотыңыздың күйінде өзгеріс болса, мәліметтеріңізді онлайн режимінде iCloud қызметінің Аккаунт туралы ақпарат бөлімінде өзгертуіңіз керек; Apple корпорациясы жаңа төлем мәліметтерін тексеріп жатқанда, бұл Қызметтерге қолжетімділігіңізді уақытша тоқтатуы мүмкін. Сізге аккаунтыңызға қатысты электрондық пошта арқылы келесі себептер үшін, соның ішінде, шектеусіз, таңдалған жоспардың жад шегіне жету немесе одан асу мәселесіне қатысты хабарласуымыз мүмкін.

Бразилияда болсаңыз, осында керісінше көрсетілген ешнәрсеге қарамастан:

Apple корпорациясы сізден алатын ақылар үшін, Apple корпорациясы iCloud аккаунтыңызға байланысты сізден алынатын барлық сомаларды алу мақсатында ақша жинау және аудару әрекеттерін орындау үшін филиалдық компанияны пайдалануы мүмкін.  Сонымен қатар жалпы бағаға жаңарту бағасы мен барлық қолданылатын кредит картасы ақылары кіреді. Apple корпорациясының филиалдық компаниясы тарапынан жиналатын барлық тиісті ұстап қалынатын салықтарды қоспағанда, сізге қолданылатын барлық салықтар үшін жауаптысыз. Мұндай транзакцияларға рұқсат ету үшін Apple корпорациясы талап еткен барлық шот туралы ақпаратты беруіңіз керек. Барлық талап етілген шот туралы ақпаратты бермесеңіз, Apple корпорациясы аккаунтыңызды тоқтата алатындығын түсінесіз және оған келісесіз.

          B. Бас тарту құқығы

Бастапқы сатып алудан кейін жазылымыңыздан бас тартуды таңдасаңыз немесе жылдық төлем жоспарында болсаңыз, жаңарту мерзімі басталғаннан кейін, Apple корпорациясына түсінікті мәлімдеме (төмендегі «Жалпы» бөліміндегі тиісті мекенжай мәліметтерін қараңыз) беру арқылы Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласу арқылы электрондық пошта растамасын алғаннан бастап 14 күн ішінде хабарласу арқылы бас тарта аласыз. Бас тартудың себебін көрсету қажет емес.

Бас тарту мерзіміне үлгеру үшін 14 күндік мерзім өтпестен бұрын бас тарту туралы хабарды жіберуіңіз керек.

ЕО және Норвегиядағы тұтынушылар бізге төмендегі бас тарту формасын пайдаланып хабарлауға құқылы:

Кімге:  Apple Distribution International Ltd., Hollyhill Industrial Estate, Hollyhill, Cork, Republic of Ireland:

Осы арқылы мен келесі келісімшарттан бас тартатынымды хабарлаймын:

[ЖАЗЫЛЫМ ЖОСПАРЫ МЕН КЕЗЕҢІ, мысалы, 200 ГБ АЙЛЫҚ iCLOUD+ ЖАЗЫЛЫМЫНЫҢ ЖОСПАРЫН ЖАҢАРТУ]

Тапсырыс беру күні: [КҮНДІ ЕНГІЗІҢІЗ]

Тұтынушының аты

Тұтынушының мекенжайы

Күні

Бас тарту әсерлері

Жад көлемін 5 ГБ көлеміне азайтамыз және бас тарту туралы хабарландыруыңызды алған күннен бастап 14 күн ішінде ақшаңызды қайтарамыз. Осы кезеңде 5 ГБ-тан артық жадты пайдалансаңыз, одан артық iCloud резервтік көшірмелерін жасай алмауыңыз немесе жадты азайтқанша кейбір мүмкіндіктерді пайдалана алмауыңыз мүмкін. Транзакция үшін пайдаланылған төлем әдісін пайдаланамыз және осындай қайтару үшін сізден ешқандай ақы алынбайды.

IV. Қызметті пайдалануыңыз

          A. Аккаунтыңыз

Қызметтің тіркелген пайдаланушысы ретінде Аккаунт орнатуыңыз керек. Аккаунтыңыз туралы мәліметтерді басқа ешкімге бермеңіз. Аккаунтыңыздың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау және Аккаунтыңызда немесе ол арқылы орындалатын барлық әрекеттер үшін өзіңіз тікелей жауапты боласыз және Аккаунтыңыздың қауіпсіздігі бұзылған жағдайда Apple корпорациясына дереу хабарлауға келісесіз. Қызметтің жеке қолдануға арналғанын және Аккаунтыңызды және/немесе құпиясөз мәліметтерін басқа тұлғамен бөліспеуіңіз керектігін түсінесіз және оған келісесіз. Біз тиісті білім мен қажетті мұқияттылықты қолданған жағдайда, осы ережелерді орындамауыңыздан туындаған Аккаунтыңыздың рұқсатсыз пайдаланылуына байланысты болған шығындар үшін Apple корпорациясы жауапты болмайды.

Қызметті пайдалану үшін Аккаунтыңызды растау мақсатында Apple аккаунты мен құпиясөзді енгізуіңіз керек. Тіркелген кезде және Қызметті пайдаланғанда, дәл және толық ақпарат («Қызметке тіркелу деректері») беруге келісесіз және дәл және толық күйде сақтау үшін Қызметке тіркелу деректерін жаңартуға келісесіз. Дәл, ағымдағы және толық Қызметке тіркелу деректерін қамтамасыз етпеу Аккаунтыңыздың уақытша тоқтатылуына және/немесе тоқтатылуына әкелуі мүмкін. Apple корпорациясы Аккаунтыңызды сақтауда және шот жіберуде пайдалану үшін сіз берген Қызметке тіркелу деректерін сақтауы және пайдалануы мүмкін екеніне келісесіз.

          B. Басқа Apple өнімдері мен қызметтерін пайдалану

Apple және/немесе оның лицензиарлары қамтамасыз еткен Қызметтің нақты компоненттері немесе мүмкіндіктері, соның ішінде, бірақ онымен шектелмейді, алдыңғы сатып алуларды жүктеп алу мүмкіндігі және iTunes Match және/немесе iCloud Music Library (қосымша ақы алынады) бөлек бағдарламалық құралды немесе басқа лицензиялық келісімдерді немесе пайдалану шарттарын қажет етеді. Қызметтің осы нақты компоненттерін немесе мүмкіндіктерін пайдалану үшін осындай бөлек келісімді оқуыңыз, қабылдауыңыз және оны орындауға келісуіңіз керек.

          C. Құқықтардың берілмеуі

Бұл Келісім сізге Қызметке қатысты сіз пайдаланған Apple аккаунты, электрондық пошта мекенжайы, домен атауы, iChat ID немесе ұқсас ресурс бойынша ешқандай меншік құқығын, иелену құқығын немесе лицензия бермейді.

          D. Мұрагерлік құқық жоқ

Digital Legacy бойынша рұқсат етілген жағдайлардан басқа кезде және заң бойынша басқаша талап етілмесе, Аккаунтыңыздың басқаға берілмейтініне және Apple аккаунтыңыз немесе Аккаунтыңыздағы контент үшін барлық құқықтарыңыз өліміңізге байланысты тоқтатылатынына келісесіз. Өліміңізді растайтын куәлік алынғаннан кейін Аккаунтыңыз тоқтатылады және Аккаунтыңыздағы барлық контент жойылады. Қосымша көмек алу үшін iCloud қолдау көрсету орталығына https://support.apple.com/icloud сайты арқылы хабарласыңыз.

          E. Қызметті қайта сатуға болмайды

Қызметті (немесе оның бөлігін) ешқандай мақсатта қайта шығармауға, көшірмеуге, дупликаттамауға, сатпауға, қайта сатпауға, жалға бермеуге немесе саудаламауға келісесіз.

V. Контент және мінез-құлқыңыз

          A. Контент

«Контент» дегеніміз деректер файлдары, құрылғы сипаттамалары, жазбаша мәтін, бағдарламалық құрал, музыка, сызбалар, фотосуреттер, кескіндер, дыбыстар, видеолар, хабарлар және басқа ұқсас материалдар сияқты Қызметті пайдалану арқылы жасалуы және кездесуі мүмкін кез келген ақпаратты білдіреді. Ашық жарияланған немесе Қызметте жеке берілген барлық Контенттің осы Контентті жасаған адамның тікелей жауапкершілігінде болатынын түсінесіз. Қызметті пайдалану арқылы сіз жүктеп салған, жүктеп алған, жариялаған, электрондық поштамен жіберген, тасымалдаған, сақтаған немесе басқаша қолжетімді еткен барлық Контент үшін Apple корпорациясы емес, тек өзіңіз тікелей жауапты боласыз. Қызметті пайдалану арқылы сіз қорлайтын, дөрекі немесе қарсылық тудыратын Контентке кездесуіңіз мүмкін екенін және басқаларға олардың қарсылығын тудыруы мүмкін Контентті беруіңіз мүмкін екенін түсінесіз. Apple Қызмет арқылы жарияланған Контентті басқармайды немесе мұндай Контенттің дәлдігіне, тұтастығына немесе сапасына кепілдік бермейді. Қызметті және кез келген Контентті пайдалануыңыз тікелей өз тәуекеліңіз екенін түсінесіз және оған келісесіз.

          B. Мінез-құлқыңыз

Қызметті келесі мақсатта ПАЙДАЛАНБАУҒА келісесіз:

1. заңсыз, мазаны алатын, қорқытатын, зиянды, қорлайтын, тіл тигізетін, жала жабатын, дұрыс емес, дөрекі, тұрпайы, басқа біреудің құпиялылығына нұқсан келтіретін, жағымсыз, нәсілдік немесе этникалық қорлайтын немесе басқаша қарсылық тудыратын кез келген Контентті жүктеп салу, жүктеп алу, жариялау, электрондық поштамен жіберу, тасымалдау, сақтау, бөлісу, импорттау немесе басқаша жолмен қолжетімді ету;

2. біреуді қудалау, мазалау, қорқыту немесе оған зиян келтіру;

3. кез келген жолмен балалардың еңбегін қанап пайдалану, оларға зиян келтіретін немесе қауіп төндіретін кез келген әрекетке, соның ішінде шектеусіз, балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты материалдарды, балаларды жыныстық қатынас мақсатында қанап пайдалану материалдарын немесе балаларға зиян келтіретін кез келген басқа контентті шығару, бөлісу, жүктеп салу немесе сақтау;

4. ересек адам болсаңыз, өзіңізге таныс емес кәмелетке толмаған адамнан (жасы 18-ге толмаған кез келген адам немесе жергілікті заңға сәйкес кәмелетке толмаған адам ретінде анықталған басқа жастағы адам) жеке немесе басқа мәліметтерді, соның ішінде, бірақ онымен шектелмейді, келесі мәліметтердің кез келгенін сұрау: толық аты немесе тегі, үй мекенжайы, пошталық коды, телефон нөмірі, суреті немесе кәмелетке толмаған адамның мектебінің, шіркеуінің, спорт тобының атауы немесе достарының аттары;

5. басқа біреу немесе басқа тұлға болып көріну – өзіңізді басқа адам (танымал тұлғаларды қоса алғанда), ұйым, басқа iCloud пайдаланушысы, Apple қызметкері немесе азаматтық немесе мемлекеттік қайраткер ретінде көрсетуге болмайды немесе басқа тұлғамен байланысты жалған көрсетуге болмайды (Apple жеке басыңызды дұрыс көрсетпеуіңіз немесе анықтамауыңыз немесе басқа адамның атын немесе жеке бас куәлігін иемденуіңіз анықталғанда барлық Apple ID немесе электрондық пошта мекенжайыңызды блоктау құқығын сақтайды);

6. кез келген авторлық құқықты бұзуға немесе басқа мүліктік құқықты бұзуға (соның ішінде, жүктеп салуға құқығыңыз жоқ контентті жүктеп салу) немесе құпиялылық, қызметке алу немесе мәліметтерді жарияламау туралы келісімді бұзатын қандай да бір коммерциялық құпияны немесе құпия ақпаратты жариялауға қатысу;

7. рұқсатсыз электрондық пошта хабарларын, жарнамаларды, акциялық материалдарды, көлемді поштаны, спамды немесе тізбекті хаттарды, соның ішінде, шектеусіз, жаппай коммерциялық жарнамалауды және ақпараттық хабарландыруларды жариялау, жіберу, тасымалдау немесе басқаша қолжетімді ету;

8. электрондық поштадағы немесе жаңалықтар тобындағы хабарлардағы тақырып ақпаратының TCP-IP пакет тақырыбын немесе кез келген бөлігін ойлап табу немесе басқаша Қызмет арқылы тасымалданған кез келген Контенттің түпнұсқасы сияқты алушыларды шатыстыруға арналған тақырыпқа ақпаратты қою («спуфинг»);

9. құрамында вирустар немесе кез келген басқа компьютер коды, Қызметтің (немесе оның кез келген бөлігінің) қалыпты жұмысына зиян келтіру, кедергі келтіру немесе шектеу мақсатында жасалған файлдар немесе бағдарламалар немесе кез келген басқа компьютер бағдарламалық құралы немесе аппараттық құрал бар материалды жүктеп салу, жариялау, электрондық поштамен жіберу, тасымалдау, сақтау немесе басқаша қолжетімді ету;

10. Қызметке (соның ішінде, Қызметке сценарийлер немесе іздеу роботтары сияқты автоматты жолмен кіру) немесе Қызметке қосылған кез келген серверлерге немесе желілерге не Қызметке қосылған желілердің саясаттарына, талаптарына немесе ережелеріне (соның ішінде деректерді немесе трафикті рұқсатсыз ашу, пайдалану немесе бақылау) кедергі келтіру немесе үзу;

11. кез келген заңсыз әрекетті жоспарлау немесе оған қатысу; және/немесе

12. басқа тыйым салынған әрекеттердің кез келгенімен пайдалану мақсатында Қызметтің басқа пайдаланушыларының жеке мәліметтерін жинау және сақтау.

          C. Контентті жою

Apple корпорациясы хабарламаны алғаннан кейін немесе Қызметтегі заңсыз Контент туралы ақпарат алғаннан кейін заңсыз мазмұнға қол жеткізуді жылдам тоқтату үшін E бөлімінде келтірілген сипаттамаға сәйкес жасалған шамалас жүйелер мен процестерді пайдаланады. Apple осы сақтық шараларын әзірлегенімен, сіз осы Келісімде тікелей сипатталған немесе қолданыстағы заңнамада арнайы қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Apple корпорациясының басқалар қамтамасыз еткен кез келген Контент үшін жауапты болмайтынын және мұндай Контентті тексеруге міндетті емес екенін растайсыз. Бірақ Apple Контенттің заңды және осы Келісімге сәйкес екенін анықтау құқығын барлық уақытта сақтайды және осындай Контент қолданыстағы заңды, осы Келісімді бұзады деп табылса немесе басқаша күдік туғызса, алдын ала ескертусіз және өз шешімімен Контентті кез келген уақытта бақылауы, жылжытуы, одан бас тартуы, өзгертуі және/немесе жоюы мүмкін.

          D. Контентіңіздің резервтік көшірмесін жасау

Қызмет арқылы сақтайтын немесе қол жеткізетін кез келген маңызды құжаттардың, кескіндердің немесе басқа Контенттің резервтік көшірмесін компьютеріңізде немесе басқа құрылғыда жасауға өзіңіз жауапты боласыз. Apple Қызметті қамтамасыз етуде тиісті білім мен қажетті мұқияттылықты қолданады, бірақ Apple Қызмет арқылы сақтауыңыз немесе қол жеткізуіңіз мүмкін Контенттің байқаусызда зақымдалмауына, бүлінбеуіне немесе жоғалмауына кепілдік бермейді.

          E. Аккаунтқа және Контентке қол жеткізу

Apple осы Келісімнің кез келген бөлімімен сәйкестікті қолдану және/немесе тексеру үшін Apple корпорациясы қажет немесе тиісті деп тапқан қадамдарды орындау құқықтарын сақтайды. Apple корпорациясының сізге жауапкершіліксіз, Аккаунт мәліметтеріңіз бен Контентіңізге Apple осындай кіру, пайдалану, жариялау немесе сақтау келесі әрекеттер үшін қажет деп тапса кіретінін, пайдаланатынын, сақтайтынын және/немесе заңды органдарға, мемлекеттік органдарға және/немесе үшінші тарапқа, Apple негізді түрде қажет немесе тиісті, немесе заңды түрде солай істеу талап етілсе жариялайтынын түсінесіз және оған келісесіз: (a) заңды процеске немесе сұрауға сай болу; (b) осы Келісімді қолдану, соның ішінде оның қандай да бір ықтимал бұзылуын зерттеу; (c) қауіпсіздік, алдау немесе техникалық мәселелерін анықтау, болдырмау немесе басқаша қарастыру; немесе (d) Apple корпорациясының, оның пайдаланушыларының немесе қоғамның құқықтарын, мүлкін немесе қауіпсіздігін заңда талап етілген немесе рұқсат етілген жолмен қорғау.  Apple пайдаланушыларды Apple корпорациясы Қызметте қолдануы мүмкін заңсыз Контенттен қорғауға арналған жүйелер мен процестерді әзірледі. Мұндай процестер Қызметте елеулі заңсыз Контенттің, соның ішінде балаларды жыныстық қанау мен қорлауға байланысты Контенттің болуы мүмкін уақытты азайтуға арналған пайдаланушылар арасындағы Контентті бөлісуді бұғаттау және бақылау функцияларын қамтуы мүмкін. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес арнайы талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Apple корпорациясының басқалар қамтамасыз еткен кез келген Контент үшін жауапты болмайтынын және мұндай Контентті тексеруге міндетті емес екенін растайсыз. Бірақ Apple корпорациясының құпиялылық саясатына сәйкес, Apple Контенттің заңды, осы Келісімге сәйкес екенін анықтау құқығын барлық уақытта сақтайды және осындай Контент заңсыз, осы Келісімді бұзады немесе балалар үшін зиянды деп табылса немесе басқаша күдік туғызса, алдын ала ескертусіз және өз шешімімен Контентті кез келген уақытта алдын ала тексеруі, жылжытуы, одан бас тартуы, өзгертуі және/немесе жоюы мүмкін.

          F. Авторлық құқықтар туралы хабарландыру – DMCA

Авторлық құқығыңыз бар Контентті біреу Қызметті пайдаланып бұзды деп есептесеңіз, Apple корпорациясының авторлық құқықтар жөніндегі агентіне https://www.apple.com/legal/trademark/claimsofcopyright.html сайтындағы Авторлық құқықтар жөніндегі саясатымызда сипатталған жолмен хабарласыңыз. Apple өз шешімімен ережелерді қайталап бұзды деп анықтаған пайдаланушылардың Аккаунттарын уақытша тоқтатуы және/немесе тоқтатуы мүмкін.

          G. Осы Келісімнің бұзылуы

Қызметті пайдалану кезінде дұрыс емес немесе заңсыз, балаар үшін зиянды немесе осы Келісімді бұзатын Контентті кездестірсеңіз, ол туралы abuse@iCloud.com мекенжайына электрондық пошта хабарын жіберу арқылы хабарлай аласыз.

          H. Қызметте сіз жіберген немесе қолжетімді еткен Контент

1. Сіз берген Лицензия. Біз сізге лицензия арқылы беруіміз мүмкін материалдарды қоспағанда, сіз Қызмет арқылы жіберетін немесе қолжетімді ететін материалдарға және/немесе Контентке қатысты Apple корпорациясы меншік құқығын талап етпейді. Бірақ осындай Контентті жалпыға қолжетімді немесе осындай Контентті бөлісуге келісім берген басқа пайдаланушылар кіре алатын Қызмет бөлімдеріне жіберу немесе жариялау арқылы сіз Apple корпорациясына осындай Контентті сізге ешқандай төлемсіз немесе міндетсіз осындай Контент жіберілген немесе қолжетімді етілген мақсат үшін Қызметте пайдалану, тарату, қайта шығару, өзгерту, бейімдеу, жариялау, аудару, ашық орындау және ашық көрсету үшін дүниежүзілік, ақысыз, айрықшалығы жоқ лицензия бересіз. Сіз жіберген немесе жариялаған кез келген Контентке тікелей жауапты екеніңізге, кез келген басқа тараптың құқықтарын бұзбайтынына немесе ешқандай заңдарды бұзбайтынына, заңсыз әрекетке немесе басқаша дөрекі, қарсылық көрсететін немесе талғамсыз әрекетке үлес қоспайтынына немесе оны қолдамайтынына жауапты екеніңізге келісесіз. Осындай Контентті жалпыға қолжетімді немесе басқа пайдаланушылар кіре алатын Қызмет бөлімдеріне жіберу немесе жариялау арқылы сіз өзіңіздің осындай материалдың иесі екеніңізді және/немесе оны таратуға барлық құқықтарыңыз, лицензияларыңыз және рұқсатыңыз бар екенін көрсетесіз.

2. Контентке жасалған өзгерістер. Сіз Қызметті қамтамасыз ету және Контентіңізді онда қолжетімді ету мақсатында Apple корпорациясы Контентіңізді түрлі ашық желілерге, түрлі құралдарға таратуы және қосылатын желілердің немесе құрылғылардың не компьютерлердің техникалық талаптарына сай болу үшін Контентіңізді өзгертуі мүмкін екенін түсінесіз. Осындағы лицензияның Apple корпорациясына осындай әрекеттерді орындауына рұқсат ететініне келісесіз.

3. Сауда белгісі туралы ақпарат. Қызметпен бірге пайдаланылатын Apple, Apple логотипі, iCloud, iCloud логотипі және басқа Apple сауда белгілері, қызмет белгілері, сызбалар және логотиптер Apple Inc. корпорациясының АҚШ-тағы және/немесе басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады. Apple корпорациясының сауда белгілерінің тізімін мына жерден табуға болады – https://www.apple.com/legal/trademark/appletmlist.html. Қызметпен бірге пайдаланылатын басқа сауда белгілері, қызмет белгілері, сызбалар немесе логотиптер өздерінің тиісті иелерінің сауда белгілері болуы мүмкін. Сізге жоғарыда аталған сауда белгілерінің ешқайсысына ешқандай құқық немесе лицензия берілмеген және әрі қарай сіз Қызметте қамтылуы мүмкін барлық меншік құқығы туралы ескертулерді (соның ішінде сауда белгісі мен авторлық құқықтар туралы ескертулер) алып тастамауға, жасырмауға немесе өзгертпеуге келісесіз.

VI. Бағдарламалық құрал

          A. Apple корпорациясының меншік құқықтары. Apple және/немесе оның лицензиарлары Қызметте және оған, соның ішінде, бірақ онымен шектелмейді, сызбаларға, пайдаланушы интерфейсіне, сценарийлерге және Қызметті қолдану үшін пайдаланылған бағдарламалық құралға және Қызметтің бөлігі және/немесе онымен бірге сізге берілген кез келген бағдарламалық құралға («Бағдарламалық құрал»), барлық заңды құқықты, мәртебені және меншік құқығын, соның ішінде осында бар, тіркелген не тіркелмеген және дүниежүзінде болуы мүмкін кез келген және барлық зияткерлік меншік құқықтарын иеленетінін түсінесіз және оған келісесіз. Сонымен қатар, сіз Қызметте (соның ішінде Бағдарламалық құрал немесе кез келген оның басқа бөлігі) қолданыстағы зияткерлік меншік және басқа заңдар, соның ішінде, бірақ онымен шектелмейді, авторлық құқық заңы арқылы қорғалатын меншіктік және құпия ақпарат бар екеніне келісесіз. Сіз осындай меншіктік ақпаратты немесе материалдарды осы Келісімге сай Қызметті пайдалану мақсатынан басқа ешқандай жолмен пайдаланбауға келісесіз. Қызметтің ешқандай бөлігін осы шарттарда тікелей рұқсат етілгеннен басқа ешқандай формада немесе ешқандай әдіспен қайта шығаруға болмайды.

          B. Apple корпорациясы беретін лицензия. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІҢ КЕЗ КЕЛГЕН БӨЛІГІН ҚЫЗМЕТТІ ОСЫ КЕЛІСІМДЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЖОЛМЕН ПАЙДАЛАНУДАН БАСҚА ӘДІСПЕН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗАДЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАЛАРҒА ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН, СОНЫҢ ІШІНДЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫ ҮШІН МАТЕРИАЛДЫҚ АЙЫППҰЛ БАР.

          C. Public Beta. Кейде Apple корпорациясы Apple корпорациясына бета мүмкіндіктерінің сапасы мен пайдалану қолайлылығына қатысты пікір беру мақсатында Public Beta бағдарламасының («Бағдарлама») бөлігі ретінде Қызметтің («Beta мүмкіндіктері») жаңа және/немесе жаңартылған мүмкіндіктерін ұсынуы мүмкін. Бағдарламаға қатысуыңыздың ерікті екеніне және сіз бен Apple корпорациясы арасында заңды серіктестік, агенттік немесе қызмет қатынасын жасамайтынын және Apple корпорациясының сізге ешқандай Beta мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге міндетті болмайтынын түсінесіз және оған келісесіз. Apple корпорациясы осындай Beta мүмкіндіктерін Бағдарлама қатысушыларына онлайн тіркелу немесе Қызмет арқылы тіркеу арқылы қолжетімді етеді. Apple корпорациясының сізді Бағдарламаға тіркеу және/немесе қатысу үшін талаптарға сәйкестігіңізді анықтау үшін Аккаунтыңыздан, құрылғыларыңыздан және сыртқы құрылғыларыңыздан ақпаратты жинайтынын және пайдаланатынын түсінесіз және оған келісесіз. Бағдарламаға қабылданғаннан кейін берілген Beta мүмкіндігінің бұрынғы бета емес нұсқасына қайта ауыса алмайтыныңызды түсінесіз. Мұндай қайта ауысу мүмкін болған жағдайда Beta мүмкіндігінде жасалған деректерді бұрынғы бета емес нұсқаға тасымалдай алмайсыз. Сіздің Beta мүмкіндіктерін пайдалануыңыз бен Бағдарламаға қатысуыңыз осы Келісім арқылы және Beta мүмкіндіктерімен бөлек берілуі мүмкін кез келген қосымша лицензия шарттарымен реттеледі. Beta мүмкіндіктері «БАР КҮЙІНДЕ» және «ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ» шартымен қамтамасыз етіледі және оларда құрылғыңыздан және оған қосылған сыртқы құрылғыларыңыздан (соның ішінде, онымен шектелмейді, серверлер мен компьютерлер) деректердің және/немесе ақпараттың бүлінуін немесе жоғалуын тудыруы мүмкін қателер немесе дәлсіздіктер болуы мүмкін. Apple Бағдарламаға қатысудан бұрын құрылғыңыз бен барлық сыртқы құрылғыларыңыздағы барлық деректер мен ақпараттың резервтік көшірмелерін жасауды қатаң ұсынады. Барлық Beta мүмкіндіктерін тек өзіңіздің тәуекеліңіз бойынша пайдаланатыныңызды растайсыз және оған келісесіз. КЕЗ КЕЛГЕН БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУЫҢЫЗБЕН БАЙЛАНЫСТЫ БАРЛЫҚ ҚАУІПТЕР МЕН БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАРДЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ, ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ, БАРЛЫҚ ИНТЕРНЕТКЕ КІРУ АҚЫЛАРЫН, РЕЗЕРВТІК КӨШІРМЕ ШЫҒЫНДАРЫН, ҚҰРЫЛҒЫ МЕН СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДАН ТУЫНДАҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ЖАБДЫҚҚА, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛҒА, АҚПАРАТҚА НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРГЕ КЕЛГЕН КЕЗ КЕЛГЕН ЗИЯНДЫ ҚАБЫЛДАЙСЫЗ. Apple сізге Beta мүмкіндіктері үшін техникалық және/немесе басқа қолдауды беруі немесе бермеуі мүмкін. Қолдау көрсетілсе, ол Қызметке арналған қалыпты қолдау көрсету көлеміне қосымша болады және тек Бағдарлама арқылы қолжетімді болады. Кез келген осындай қолдауды алу үшін Apple беретін барлық қолдау ережелерін немесе саясаттарын орындауға келісесіз. Apple Бағдарламаның шарттарын, талаптарын немесе саясаттарын кез келген уақытта (соның ішінде Бағдарламаны тоқтату) ескертусіз өзгерту құқығын сақтайды және Бағдарламаға қатысуыңызды кез келген уақытта тоқтатуы мүмкін. Apple корпорациясының Beta мүмкіндіктерінің коммерциялық нұсқасын қамтамасыз етуге міндетті еместігін мойындайсыз және осындай коммерциялық нұсқа қолжетімді етілген жағдайда оның мүмкіндіктері мен функциялары Beta мүмкіндіктерінде қамтылғаннан басқаша болуы мүмкін. Бағдарламаның бөлігі ретінде Apple сізге Beta мүмкіндіктерін пайдалануға қатысты пікірлер, ұсыныстар немесе басқа пікірлер жіберу мүмкіндігін береді. Бөлек басқаша жазбаша келісім болмаған жағдайда, Apple корпорациясының кез келген мақсатта сіз берген барлық пікірлерді еркін пайдаланатынына келісесіз.

          D. Экспортты бақылау. Қызметті және Бағдарламалық құралды пайдалану, соның ішінде Қызмет арқылы деректерді, бағдарламалық құралды немесе басқа Контентті тасымалдау, жариялау немесе жүктеп салу Америка Құрама Штаттарының және басқа елдердің экспорт және импорт заңдарына тәуелді болуы мүмкін. Сіз барлық қолданылатын экспорт және импорт заңдары мен ережелерін орындауға келісесіз. Әсіресе, бірақ келесімен шектелмейтін, бағдарламалық құралды (a) АҚШ тарапынан эмбарго қолданылған елдерге немесе (b) АҚШ қаржы министрлігі арнайы белгіленген азаматтар тізіміндегі немесе АҚШ сауда министрлігінің тыйым салынған адамдар немесе заңды тұлғалар тізіміндегі тұлғаға экспорттауға немесе қайта экспорттауға болмайды. Бағдарламалық құралды немесе Қызметті пайдалану арқылы сіз сондай елде немесе тізімде жоқ екендігіңізді мәлімдейсіз және соған кепілдік бересіз. Сондай-ақ Бағдарламалық құралды немесе Қызметті АҚШ заңы бойынша тыйым салынған мақсатта, соның ішінде, онымен шектелмей, ракеталық, ядролық, химиялық немесе биологиялық қаруды дайындау, жобалау, жасау немесе өндіру үшін пайдаланбауға келісесіз. Сонымен қатар Аккаунтыңызға: (a) Қару саудасы жөніндегі халықаралық ережелерге сәйкес; немесе (b) алдын ала жазбаша мемлекеттік рұқсатсыз экспорттауға болмайтын деректерді немесе бағдарламалық құралды, соның ішінде, бірақ онымен шектелмейді, шифрлау бағдарламалық құралының кейбір түрлерін және бастапқы кодты тиісті рұқсатты алдын ала алмастан жүктеп салмауға келісесіз. Бұл кепілдік пен міндеттеме осы Келісім тоқтатылғаннан кейін де күшін сақтап қалады.

          E. Жаңартулар. Кейде Apple корпорациясы Қызмет тарапынан пайдаланылатын Бағдарламалық құралды жаңартуы мүмкін. Қызметті пайдалануыңызды жалғастыру үшін мұндай жаңартулар автоматты түрде жүктеліп, құрылғыңызға немесе компьютеріңізге орнатылуы мүмкін. Бұл жаңартулар қателерді түзетулерді, мүмкіндікті жақсартуларды немесе жетілдірулерді немесе Бағдарламалық құралдың толығымен жаңа нұсқаларын қамтуы мүмкін.

VII. Тоқтату

          A. Ерікті түрде тоқтатуыңыз

Apple аккаунтыңызды кез келген уақытта жоя аласыз және/немесе Қызметті пайдалануды тоқтата аласыз. Құрылғыңызда iCloud қызметін пайдалануды тоқтатқыңыз келсе, құрылғыда Settings (Параметрлер) бөлімін ашып, iCloud батырмасын түрту және Sign Out (Шығу) батырмасын түрту арқылы құрылғыдан iCloud қызметін өшіре аласыз. Аккаунтыңызды тоқтату және Apple аккаунтыңызды жою үшін Apple қолдау көрсету орталығына https://support.apple.com/contact сайты арқылы хабарласыңыз. Аккаунтыңызды тоқтатсаңыз және Apple аккаунтын жойсаңыз, сол Apple аккаунтымен орнатылған басқа Apple немесе үшінші тарап өнімдері мен қызметтерін пайдалана алмайсыз. Бұл әрекет кері қайтарылмауы мүмкін. Тоқтатудан бұрын төленген барлық ақылар қайтарылмайды (осы Келісімде тікелей рұқсат етілген жағдайдан басқа), оған тоқтату орын алған шот жіберу жылы үшін алдын ала төленген барлық ақылар кіреді. Аккаунтыңызды тоқтату сізді ешқандай жиналған ақыларды төлеу міндетінен босатпайды.

          B. Apple тарапынан тоқтату

Apple кез келген уақытта, белгілі бір жағдайларда және алдын ала ескертусіз Аккаунтыңызды толығымен немесе оның бөлігін және/немесе Қызметке кіру мүмкіндігіңізді бірден тоқтатуы немесе уақытша тоқтатуы мүмкін. Мұндай тоқтатудың себебіне келесілер кіреді: (a) осы Келісімнің немесе осы құжатта көрсетілген және/немесе Қызметте жарияланған барлық басқа саясаттардың немесе ережелердің бұзылуы (b) сіздің Аккаунтыңыздан бас тартуды немесе оны тоқтатуды сұрауыңыз; (c) құқық қорғау органынан, сот органынан немесе басқа мемлекеттік органнан сұрау және/немесе бұйрық; (d) Қызметті сізге қамтамасыз ету заңсыз болуы мүмкін жағдай; (e) күтпеген техникалық немесе қауіпсіздік мәселелері немесе проблемалары; (f) сіздің алаяқтық немесе заңсыз әрекеттерге қатысуыңыз; немесе (g) Қызметке қатысты төлемді төлемеу, жеңіл-желпі бұзушылық жағдайында Apple корпорациясы тек сізге 30 күн бұрын алдын ала ескерту бергеннен кейін және тек сіз 30 күндік мерзімде бұзушылықты түзетпеген жағдайда тоқтатуға рұқсаты бар. Кез келген мұндай тоқтату немесе уақытша тоқтату Apple тарапынан өз шешімі бойынша жасалады және Apple сізге немесе үшінші тарапқа Аккаунттың және/немесе Қызметке кірудің осындай тоқтатылуынан немесе уақытша тоқтатылуынан туындауы немесе орын алуы мүмкін барлық зақымдар үшін жауапты болмайды. Сонымен қатар Apple корпорациясы Аккаунтыңызды Аккаунтыңызбен байланысқан электрондық пошта мекенжайыңыз арқылы 30 күн бұрын алдын ала ескерту бергеннен кейін мына жағдайда тоқтата алады: (a) егер Аккаунт бір (1) жыл бойы белсенді емес күйде болса; немесе (b) егер жалпы Қызмет немесе оның бөлігі тоқтатылса. Қызметті жалпы тоқтату туралы ескерту осында көрсетілгендей беріледі; заңдық, нормативтік немесе үкіметтік әрекеттен туындаған жағдайларда; пайдаланушы қауіпсіздігінің проблемаларын шешу, пайдаланушының құпиялылығын сақтау немесе техникалық тұтастық мәселелерін шешу; басқа пайдаланушыларға қызмет көрсетуге кедергіні болдырмау мақсаттарында; немесе табиғи апатқа, апаттық жағдайға, соғысқа немесе Apple корпорациясының бақылауынан тыс басқа ұқсас жағдайларға байланысты. Мұндай тоқтату жағдайында Apple сізге ағымдағы төлем мерзіміңіздің барлық алдын ала төлемінің мөлшерін пропорционал түрде өтейді. Apple корпорациясы осы VII.B бөліміне сай Қызметке немесе қызмет шарттарына енгізілген барлық өзгерістер үшін сізге жауапты болмайды.

          C. Тоқтатудың әсерлері

Аккаунт тоқтатылғаннан кейін Қызметке және оның бөліктеріне, соның ішінде, онымен шектелмейді, Аккаунтыңызға, Apple аккаунтыңызға, электрондық пошта аккаунтыңызға және Контентке кіру мүмкіндігіңізді жоғалтуыңыз мүмкін. Оған қоса, белгілі бір уақыт аралығынан кейін, Apple аккаунттарда немесе оның бөлігі ретінде сақталған ақпарат пен деректерді жояды. Бөлек бағдарламалық құрал лицензиялық келісімдері бойынша пайдаланған болуыңыз мүмкін Қызметтің барлық жеке компоненттері де сол лицензиялық келісімдерге сәйкес тоқтатылады.

VIII. Сілтемелер және басқа үшінші тарап материалдары

Кейбір Контент, Қызметтің компоненттері немесе мүмкіндіктері үшінші тараптардың материалдарды және/немесе басқа веб-сайттарға, ресурстарға немесе Контентке гиперсілтемелерді қамтуы мүмкін. Apple осындай үшінші тарап сайттарын және/немесе материалдарын басқармайтын болғандықтан, сіз Apple корпорациясының осындай сайттардың немесе ресурстардың қолжетімділігі үшін жауапты емес екенін және осындай сайттардың немесе материалдардың дәлдігін бағаламайтынын немесе оған кепілдік бермейтінін және осындай сайттардағы немесе ресурстардағы барлық Контент, жарнама, өнімдер немесе материалдар үшін жауапты емес екенін түсінесіз және оған келісесіз. Одан әрі, сіз Apple осындай Контентке, жарнамаға, өнімдерге немесе материалдарға байланысты пайдалану және/немесе оларға сену нәтижесінде тікелей немесе жанама орын алған немесе орын алды деп мәлімдеген барлық шығындарға ешқандай жағдайда жауапты емес екенін түсінесіз және оған келісесіз.

IX. КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТУ; ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАР КЕЙБІР КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ, ОСЫ СИЯҚТЫ, ОСЫНДАЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢМЕН АРНАЙЫ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖАҒДАЙДА РҰҚСАТ ЕТПЕЙДІ, ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ. МЫСАЛЫ, АУСТРАЛИЯДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАР ҮШІН ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯДАҒЫ ЕШНӘРСЕ АУСТРАЛИЯЛЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА СӘЙКЕС (ОНЫҢ ІШІНДЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ) ӘСЕР ЕТПЕЙДІ, СОНДАЙ-АҚ ӘСЕР ЕТУ МАҚСАТЫ ЖОҚ.

APPLE ҚЫЗМЕТТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ТИІСТІ БІЛІМ МЕН ҚАЖЕТТІ МҰҚИЯТТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАНАДЫ. КЕЛЕСІ БАС ТАРТУЛАР ОСЫ ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛДІККЕ ТӘУЕЛДІ БОЛАДЫ.

APPLE ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ ҮЗІЛІССІЗ НЕМЕСЕ ҚАТЕСІЗ БОЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ, ОНЫ БІЛДІРМЕЙДІ НЕМЕСЕ ОҒАН КЕПІЛ БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ СІЗ КЕЙДЕ APPLE КОРПОРАЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТТІ БЕЛГІСІЗ УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА ЖОЮЫ НЕМЕСЕ ОСЫ КЕЛІСІМДЕГІ ШАРТТАРҒА СӘЙКЕС ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУЫ МҮМКІН ЕКЕНІНЕ КЕЛІСЕСІЗ.

ҚЫЗМЕТТІҢ «БАР КҮЙІНДЕ» ЖӘНЕ «ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ» НЕГІЗІНДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕТІНІН ТҮСІНЕСІЗ ЖӘНЕ ОҒАН КЕЛІСЕСІЗ. APPLE ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИЛИАЛДАРЫ, БАҚЫЛАУЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРЫ, БАСШЫЛАРЫ, ДИРЕКТОРЛАРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, АГЕНТТЕРІ, СЕРІКТЕСТЕРІ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРДЕГІ БАРЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРДЕН, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙТІН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕРІНЕН, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА САЙ КЕЛУДЕН ЖӘНЕ БҰЗЫЛМАУДАН ТІКЕЛЕЙ БАС ТАРТАДЫ. НАҚТЫ АЙТҚАНДА, APPLE ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИЛИАЛДАРЫ, БАҚЫЛАУЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРЫ, БАСШЫЛАРЫ, ДИРЕКТОРЛАРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, АГЕНТТЕРІ, СЕРІКТЕСТЕРІ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ (I) ҚЫЗМЕТТІК ТАЛАПТАРЫҢЫЗҒА САЙ КЕЛЕТІНІНЕ; (II) ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ УАҚЫТЫЛЫ, ҮЗІЛІССІЗ, ҚАУІПСІЗ НЕМЕСЕ ҚАТЕСІЗ БОЛАТЫНЫНА; (III) ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН АҚПАРАТЫҢЫЗДЫҢ ДӘЛДІГІНЕ НЕМЕСЕ СЕНІМДІЛІГІНЕ; ЖӘНЕ (IV) ҚЫЗМЕТТІҢ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАҒЫ БАРЛЫҚ АҚАУЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ ҚАТЕЛЕРДІҢ ТҮЗЕТІЛЕТІНІНЕ ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК ЖАСАМАЙДЫ.

APPLE ҚЫЗМЕТТЕ ЖОҒАЛУ, БҮЛІНУ, ШАБУЫЛ, ВИРУСТАР, КЕДЕРГІ, БҰЗЫЛУ НЕМЕСЕ БАСҚА ҚАУІПСІЗДІК БҰЗУ БОЛМАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ ОҒАН КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ APPLE ОҒАН ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТАДЫ.

ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЖҮКТЕП АЛЫНҒАН НЕМЕСЕ БАСҚАША АЛЫНҒАН БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫ СІЗ ӨЗ БАСТАМАҢЫЗБЕН ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛІҢІЗБЕН ПАЙДАЛАНАСЫЗ ЖӘНЕ СІЗ ОСЫНДАЙ МАТЕРИАЛДЫ ЖҮКТЕП АЛУДАН ТУЫНДАҒАН ҚҰРЫЛҒЫ, КОМПЬЮТЕР ЗАҚЫМЫНА НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖОҒАЛУЫНА ТІКЕЛЕЙ ЖАУАПТЫ БОЛАСЫЗ. ҚЫЗМЕТТІ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНҒАН КОНТЕНТ, ДЕРЕКТЕР НЕМЕСЕ МӘЛІМЕТТЕГІ УАҚЫТ КЕШІКТІРУЛЕРІ, ҚАТЕЛЕР НЕМЕСЕ АҒАТТЫҚТАР ӨЛІМГЕ, ЖЕКЕ БАС ЖАРАҚАТЫНА НЕМЕСЕ АСА КҮШТІ ФИЗИКАЛЫҚ НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПҚА ӘКЕЛУІ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАРДА НЕМЕСЕ ОРТАЛАРДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛМАҒАНЫН НЕМЕСЕ ЛАЙЫҚ ЕМЕСТІГІН ҚОСЫМША РАСТАЙСЫЗ.

          ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТ ПРОВАЙДЕРЛЕРІ ТАРАПЫНАН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУІНЕ РҰҚСАТ ЕТПЕЙДІ. ОСЫНДАЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНУЫНА ҚАРАЙ ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР НЕМЕСЕ ШЕКТЕУЛЕР СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ.

APPLE ҚЫЗМЕТТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ТИІСТІ БІЛІМ МЕН ҚАЖЕТТІ МҰҚИЯТТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАНАДЫ. КЕЛЕСІ ШЕКТЕУЛЕР КЕЛЕСІДЕН ТУЫНДАҒАН ЖОҒАЛУҒА ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ: (A) APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ТИІСТІ БІЛІМ МЕН ҚАЖЕТТІ МҰҚИЯТТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАНБАУЫ; (B) APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ӨРЕСКЕЛ МҰҚИЯТСЫЗДЫҒЫ, ҚАСАҚАНА ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҒЫ НЕМЕСЕ АЛДАУЫ; НЕМЕСЕ (C) ӨЛІМ НЕМЕСЕ АДАМНЫҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ.

APPLE ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИЛИАЛДАРЫ, БАҚЫЛАУЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРЫ, БАСШЫЛАРЫ, ДИРЕКТОРЛАРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, АГЕНТТЕРІ, СЕРІКТЕСТЕРІ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ СІЗГЕ БАРЛЫҚ ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, АРНАЙЫ, РЕТТІК НЕМЕСЕ ӘДЕТТЕГІ ЗАҚЫМДАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ, ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ, ПАЙДАНЫҢ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ, ҚОЛДАНЫСТЫҢ, ДЕРЕКТЕРДІҢ, АУЫСТЫРЫЛАТЫН ТАУАРДЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ ҚҰНЫНЫҢ ЖОҒАЛУ ШЫҒЫНДАРЫ НЕМЕСЕ КЕЛЕСІДЕН ТУЫНДАҒАН МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЖОҒАЛУЫ ҮШІН (APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНА ОСЫНДАЙ ЗАҚЫМДАРДЫҢ ЫҚТИМАЛДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНСА ДА) ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ: (I) ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУ (II) ҚЫЗМЕТКЕ ЖАСАЛҒАН БАРЛЫҚ ӨЗГЕРТУЛЕР НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕМЕСЕ ОНЫҢ БӨЛІГІНІҢ УАҚЫТША НЕМЕСЕ ТҮБЕГЕЙЛІ ТОҚТАТЫЛУЫ; (III) ТАСЫМАЛДАРҒА НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРГЕ РҰҚСАТСЫЗ КІРУ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ ӨЗГЕРТУ; (IV) ҚЫЗМЕТТЕ НЕМЕСЕ ОЛ АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАРДЫҢ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖОЙЫЛУЫ, БҮЛІНУІ НЕМЕСЕ ОЛ АРҚЫЛЫ САҚТАУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЖІБЕРУ НЕ ҚАБЫЛДАУ МҮМКІН БОЛМАУ; (V) ҚЫЗМЕТТЕГІ КЕЗ КЕЛГЕН ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ НЕМЕСЕ ӘРЕКЕТІ; ЖӘНЕ (VI) ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА МӘСЕЛЕ.

ЕГЕР ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ШАРТТАРЫНА ҚАРАМАСТАН, ЖАПОНИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТҰТЫНУ КЕЛІСІМДЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ ҚОЛДАНЫЛСА, APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ КЕЛІСІМШАРТ ТАЛАПТАРЫН БҰЗУЫНАН НЕМЕСЕ APPLE ТАРАПЫНАН ЖАСАЛҒАН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАҒАН ЗАЛАЛ ҮШІН, ЕГЕР МҰНДАЙ ЗАЛАЛ APPLE КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАСАҚАНА ТЕРІС ӘРЕКЕТТЕРІНЕН НЕМЕСЕ ӨРЕСКЕЛ НЕМҚҰРАЙЛЫҒЫНАН ТУЫНДАСА, ОНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ШЕКТЕЙТІН ШАРТТАР ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ.

          ӨТЕМАҚЫ

Заң бойынша тыйым салынбаған жағдайларда сіз Apple корпорациясын, оның үлестес тұлғаларын, еншілес кәсіпорындарын, директорларын, лауазымды тұлғаларын, қызметкерлерін, агенттерін, серіктестерін, мердігерлерін және лицензиарларын мынаған қатысты немесе одан туындаған үшінші тараптардың барлық арызы мен талабынан, соның ішінде негізді адвокат ақыларынан қорғауға, босатуға және сақтандыруға келісесіз: (a) Қызмет арқылы жіберген, жариялаған, тасымалдаған немесе басқаша қолжетімді еткен барлық Контент; (b) Қызметті пайдалануыңыз; (c) осы Келісімді сіздің кез келген жолмен бұзуыңыз; (d) осы Келісімнің бұзылу туралы күдікті зерттеу аясында және осы Келісімді бұзу орын алды деп табу немесе солай шешу нәтижесінде Apple қолданған барлық орынды шара; немесе (e) басқалардың қандай да бір құқықтарын сіздің бұзуыңыз. Яғни, Сіз Apple корпорациясын, оның үлестес тұлғаларын, еншілес кәсіпорындарын, директорларын, лауазымды тұлғаларын, қызметкерлерін, агенттерін, серіктестерін, мердігерлерін және лицензиарларын оның қандай да бір ақпаратты немесе Контентті жою немесе одан бас тарту шешімінің нәтижесі ретінде немесе Apple корпорациясының осы Келісімнің бұзылуы орын алғаны туралы орынды шешімінің нәтижесі ретінде сізге Қызметке кіруіңізді уақытша немесе мүлдем тоқтатуы туралы немесе бұзу туралы күдікті зерттеу кезінде кез келген басқа шара қолдануы туралы ескертуі үшін сотқа бере алмайсыз. Бұл құқықтан бас тарту және босату осы Келісімде сипатталған немесе қарастырылған барлық бұзушылықтарға қолданылады. Бұл міндеттеме осы Келісімнің және/немесе Қызметтің пайдаланылуының тоқтатылуынан немесе жарамдылық мерзімінің бітуінен кейін күшінде қалады. Аккаунтты пайдаланып Қызметті пайдалану үшін жауапты екеніңізді және осы Келісімнің Аккаунтыңыздың кез келген және барлық қолданысына қолданылатынын түсінесіз. Сіз осы Келісімге сай әрекет етуге және Apple корпорациясын Аккаунтыңызды қолданудан туындаған, осындай қолданыс сізге тікелей бекітілсе де немесе бекітілмесе де, барлық арыздардан және талаптардан қорғауға, босатуға және шешуге келісесіз.

X. ЖАЛПЫ

          A. Ескертулер

Apple сізге Қызметке, соның ішінде осы Келісімге өзгертулерге қатысты ескертулерді iCloud электрондық пошта мекенжайыңызға (және/немесе берілген болса, Аккаунтыңызға байланыстырылған басқа қосымша электрондық пошта мекенжайы), iMessage немесе SMS қызметіне электрондық пошта жіберу, қалыпты пошта арқылы немесе веб-сайтымызда және/немесе Қызметте жариялау арқылы қамтамасыз етеді.

Егер Үндістанда тұрсаңыз, «The Information Technology (Guidelines for Intermediaries) Rules, 2021» (Ақпараттық технология (делдалдарға арналған нұсқаулар) ережелері, 2021) бойынша шағымыңызды шағымдарды қарастыру жөніндегі мына қызметкерге жіберіңіз:

«Intermediary Guidelines» (делдалдарға арналған нұсқаулар) бойынша мәселелер үшін:

Шағымдарды қарастыру жөніндегі қызметкер:  Никхил Пай

Веб-форма:  Apple.co/IndiaGrievanceIntermediaries

Маңызды ескертпе:

Information Technology (Intermediary Guidelines) Rules, 2021 (Ақпараттық технология (делдалдарға арналған нұсқаулар) ережелері, 2021) аясына кіретін, iCloud қызметіне қатысты шағымдар ғана шағымдарды қарастыру жөніндегі қызметкер веб-формасына сілтемелер бойынша қарастырылатынын ескеріңіз.

          B. Реттеуші заң

Келесі бөлімде тікелей берілген ауқымнан басқа, бұл Келісім және сіз бен Apple арасындағы қатынас Калифорния Штатының заңдары арқылы (оның қайшылықты құқық бөлімдерін қоспағанда) басқарылады. Сіз бен Apple корпорациясы осы Келісімнен туындаған кез келген дауды немесе арызды шешу үшін Калифорнияның Санта Клара округінде орналасқан соттардың жеке және арнайы юрисдикциясына жіберуге келісесіздер. Егер (a) сіз АҚШ азаматы болмасаңыз; (ә) АҚШ-та тұрмасаңыз; (б) Қызметке АҚШ-тан кірмесеңіз; және (в) сіз төменде анықталған елдердің біреуінің азаматы болсаңыз, осылайша осы Келісімнен туындаған кез келген даудың немесе арыздың қайшылықты құқық бөлімдеріне қарамастан төменде көрсетілген қолданыстағы заң арқылы басқарылатынына келісесіз және осылайша төменде анықталған штатта, провинцияда немесе елде орналасқан соттардың арнайы емес юрисдикциясына қайтарусыз жібересіз, олардың заңы келесілерді басқарады:

Егер сіз қандай да бір Еуропалық Одақ елінің немесе Біріккен Корольдіктің, Швейцарияның, Норвегияның немесе Исландияның азаматы болсаңыз, реттеуші заң және форум әдеттегі тұрғылықты жердің заңдары және соттары болады.

Егер сіз Жапония азаматы болсаңыз, реттеуші заң Жапония заңы болады және форум Токио, Жапония болады.

Осы Келісімге қолданудан арнайы алынғаны – Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық тауар сату бойынша келісімі ретінде белгілі заң.

          C. Келісімнің толықтығы

Бұл Келісім сіз бен Apple арасындағы толық келісімді құрайды, сіздің Қызметті пайдалануыңызды басқарады және сіз бен Apple арасында Қызметке қатысты жасалған барлық алдыңғы келісімдерді толық ауыстырады. Сондай-ақ сіз филиал қызметтерін, үшінші тарап контентін немесе үшінші тараптың бағдарламалық құралын пайдаланғанда, қолданылуы мүмкін қосымша шарттар мен талаптарды орындауыңыз мүмкін. Осы Келісімнің қандай да бір бөлігі жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп табылса, ол бөлік тараптардың бастапқы мүдделерін мүмкіндігінше жақын көрсету үшін қолданыстағы заңға сәйкес жолмен қаралады, ал қалған бөліктері толық күшінде қалады. Apple корпорациясының осы Келісімнің кез келген құқығын немесе шартын қолданбауы немесе ендірмеуі осындай құқықтан немесе шарттан бас тарту болып табылмайды. Осы Келісімде басқаша тікелей көрсетілмесе, осы келісімге ешқандай үшінші тарап бенефициары болмауы керектігіне келісесіз.

          D. Осында пайдаланылған «Apple» мағынасы:

• Apple Inc., One Apple Park Way, Cupertino, California 95014 мекенжайында орналасқан, Пуэрто-Риконы қоса алғанда АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін;

• Apple Canada Inc., 120 Bremner Blvd., Suite 1600, Toronto ON M5J 0A8, Canada мекенжайында орналасқан, Канададағы пайдаланушылар үшін;

• Apple Services LATAM LLC, 2811 Ponce de Leon Boulevard, Floor 12, Coral Gables, Florida 33134 мекенжайында орналасқан, Мексикадағы, Орталық немесе Оңтүстік Америкадағы немесе Кариб еліндегі немесе территориясындағы (Пуэрто-Риконы қоспағанда) пайдаланушылар үшін;

• Apple Services Pte. Ltd., 7 Ang Mo Kio Street 64, Singapore 569086 мекенжайында орналасқан, Бутан, Бруней, Камбоджа, Фиджи, Лаос, Макао, Мальдив аралдары, Микронезия, Моңғолия, Мьянма, Науру, Непал, Палау, Папуа Жаңа Гвинея, Оңтүстік Корея, Соломон аралдары, Шри-Ланка, Тонга және Вануатудағы пайдаланушылар үшін;

• iTunes K.K., Roppongi Hills, 6-10-1 Roppongi, Minato-ku, Tokyo 106-6140, Tokyo мекенжайында орналасқан, Жапониядағы пайдаланушылар үшін;

• Apple Pty Limited, Level 3, 20 Martin Place, Sydney NSW 2000, Australia мекенжайында орналасқан, Австралиядағы немесе Жаңа Зеландиядағы, соның ішінде олардың кез келген территорияларындағы және байланысқан юрисдикцияларындағы пайдаланушылар үшін; және

• Apple Distribution International Ltd., Hollyhill Industrial Estate, Hollyhill, Cork, Republic of Ireland мекенжайында орналасқан, барлық басқа пайдаланушылар үшін.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАУ

Қызметті пайдалануыңызға электрондық түрде келісімдер жасау және/немесе транзакциялар жасау мүмкіндігі кіреді. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖІБЕРІЛІМДЕРІҢІЗДІҢ КЕЛІСІМІҢІЗДІ ҚҰРАЙТЫНЫН ЖӘНЕ ОСЫНДАЙ КЕЛІСІМДЕР МЕН ТРАНЗАКЦИЯЛАРҒА МІНДЕТТІ БОЛАТЫНЫҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӨЛЕЙТІНІҢІЗДІ РАСТАЙСЫЗ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖІБЕРІЛІМДЕР АРҚЫЛЫ МІНДЕТТІ БОЛАТЫН КЕЛІСІМІҢІЗ БЕН НИЕТІҢІЗ ОСЫ ҚЫЗМЕТТЕ ЖАСАЛАТЫН БАРЛЫҚ ТРАНЗАКЦИЯЛАРҒА, СОНЫҢ ІШІНДЕ БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУГЕ, САЯСАТТАР МЕН ҚОСЫМШАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ ЖАЗБАЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАДЫ. Электрондық жазбаларыңызға кіру және оларды сақтау үшін сізден өзіңіз тікелей жауапты болатын кейбір аппараттық құрал және бағдарламалық құрал талап етілуі мүмкін.

          E. Құпиялылық

Қызметті пайдалануыңыз Apple корпорациясының құпиялылық саясатымен реттеледі, ол мына жерде қолжетімді: https://www.apple.com/legal/privacy/.

Соңғы өзгертілген күні: 15 қыркүйек, 2025