Genius
ФУНКЦИЯСЫ. Егер Сіз “Genius” функциясын пайдалануға келісетін болсаңыз, онда Apple, Inc. (“Apple”) компаниясы жаңғырту тарихы және жаңғырту тізімі секілді Сіздің осы компьютердегі iTunes кітапханаңызда жатқан мультимедиалық файлдарды теңестіру үшін пайдаланыла алуы мүмкін ақпаратты мезгіл-мезгіл автоматты түрде жинайды. Бұл ақпарат iTunes арқылы сатылып алынған, сондай-ақ басқа көздерден алынған мультимедиалық файлдар туралы ақпаратты қамтиды. Мұндай ақпарат атыңыз жасырылып сақталатын болады және Сіздің атыңызбен не iTunes есептік жазбасына (Аккаунтпен) байланыстырылмайтын болады. Сіз “Genius” функциясын пайдаланған кезде, Сізге ұсыныстар беру үшін Apple осы ақпарат пен Сіздің iTunes кітапханаңыздың қорын, сондай-ақ өзге ақпаратты пайдаланатын болады.
Apple тек төменде аталған мақсаттарда ғана алынған ақпаратты пайдалана алады және оны “Genius” функциясын пайдалануға келіскен басқа пайдаланушылардың iTunes кітапханаларынан алынған жиынтық ақпаратпен, Сіздің iTunes Store сатып алуларыңыздың тарихымен, басқа пайдаланушылардан алынған сатып алулардың тарихтарының жиынтығымен және үшінші тұлғалардан алынған ұқсас ақпаратпен біріктіре алады:
* Сіз үшін Сіздің iTunes кітапханаңызда дербес жаңғырту тізімдерін құру үшін;
* Сізге мультимедиаға және Сіз алуды қалауыңыз мүмкін өзге тауарлар мен қызметтерге қатысты ұсыныстар беру үшін.
* басқа пайдаланушыларға тауарлар мен қызметтерге қатысты ұсыныстар беру үшін.
Барлық уақытта Сіздің ақпаратыңызға Apple Құпиялылық Тұтыну Саясатының күші жүретін болады, онымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: <www.apple.com/legal/privacy/.
Сіз “Genius” функциясын пайдалануға келіскен мезеттен бастап, сіз “Genius” функциясымен үйлесетін құрылғыларда “Genius” функциясының көмегімен жаңғырту тізімдерін құра аласыз. Сіз iTunes арқылы белгілі бір құрылғыда “Genius” функциясын пайдалануға келіскеннен кейін, Сіз оны өзіңіздің iTunes кітапханаңызбен үйлестіруіңіз керек.
Егер Сіз Сіздің iTunes кітапханаңыздан алынған ақпараттың осылайша жиналуын және пайдаланылуын қаламайтын болсаңыз, Сіз “Genius” функциясын қоспауыңыз керек. Сонымен қатар Сіз “Store” менюінде “Genius” функциясын бөліп тастауды таңдап, бұл функцияны әрі қарай пайдаланудан кез-келген уақытта бас тарта аласыз. Әрі қарай пайдаланудан бас тартқаннан кейін, iTunes Apple компаниясына Сіздің iTunes кітапханаңыз туралы ақпаратты бұдан әрі жібермейтін болады. Егер Сіз өзіңіздің кітапханаңызға көптеген компьютерлерден қол жеткізуді ашуды ниет етсеңіз, Сізге солардың солардың әрқайсысында “Genius” функциясын бөліп тастау керек болады.
“Genius” функциясын пайдалануға келісе отырып, Сіз Сіздің ақпаратыңыздың жоғарыда көрсетілгендей және Apple Құпиялылық Тұтыну Саясатында суреттелгендей пайдаланылуына өзіңіздің келісіміңізді білдіресіз.