-
РЕЙТИНГІЛЕР МЕН ФОТОЛАР ТУРАЛЫ ШАРТТАР
-
-
Бұл Apple Карталар қызметі ("Қызмет") сізге ("Сізге") кескіндерді, мәтінді немесе басқа контентті жүктеп салуға және көруге мүмкіндік береді (әрқайсысы, "Жіберу"). Бұл Қызметті пайдалануыңыз www.apple.com/legal/sla/ бетінде көрсетілген шарттарға және осы Рейтингілер мен фотолар шарттарына (бірге, "Шарттар") сәйкес болуы керек және олар кейде өзгеруі мүмкін. Бұл Шарттардың жаңартылуын жүйелі түрде тексеріп тұруға сіз жауапты боласыз.
Бұл Қызметті пайдалануға қойылатын талаптар:
Сіздің әрекеттеріңіз. Сіздің Жіберуіңіз үшін тек Сіз жауапты екеніңізді түсінесіз. Сол сияқты, басқа Жіберулер үшін мұндай Жіберулерді орындаған адам жауапты болады. Бұл Сіз және Apple арасында мынаны білдіреді: (а) Сіз Қызметті пайдалану арқылы жүктеп салған, жариялаған, электрондық пошта арқылы жіберген, берген, сақтаған немесе басқаша әдіспен қолжетімді еткен кез келген Жіберудің контенті үшін тек Сіз жауапты боласыз; және (ә) Жіберуді орындаған адам өзі жүктеп салған барлық Жіберулер үшін жауапты болады. Жоғарыдағы мысалдардың екеуінде де, Сіз бизнесті жүргізу барысында әрекет ететін жеке тұлға болмаған және жауапкершілік Apple корпорациясының ұқыпсыздығы немесе әдейі заңсыз әрекеті нәтижесінде пайда болған жағдайлардан басқа кезде, Apple Сіздің алдыңызда жауапты болмайды.
Жіберуде мыналар болмауы тиіс:
1. рұқсатыңыз, құқығыңыз немесе пайдалану үшін лицензияңыз жоқ контент;
2. жеке ақпаратыңыз немесе басқаларға тиесілі немесе басқалар туралы жеке немесе құпия ақпарат (мысалы, Сізді немесе басқа біреуді анықтайтын фотосурет) немесе басқалардың құпиялылығын бұзатын басқа ақпарат;
3. кез келген адамнан жеке ақпаратты алуға арналған сұрау немесе басқа әрекет, соның ішінде кәмелетке толмаған адамнан (аймағыңыздағы жергілікті заңдарға сәйкес);
4. басқа тұлғаның немесе ұйымның атынан әрекет ету немесе олар туралы қате ақпарат беру немесе олармен байланысты көрсету;
5. спам жіберу, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сұралмаған немесе рұқсатсыз жарнама, жарнамалық контент немесе ақпараттық хабарлар;
6. заңсыз, алаяқтық немесе манипуляциялық әрекеттерді қамту, растау немесе қолдау;
7. Жіберуге қатысты орыннан басқа орын үшін рейтинг немесе сурет қосу;
8. біреуге тіл тигізетін, жала жабатын, әдепсіз, дөрекі, жағымсыз, намысқа тиетін, зиянды, заңсыз, жалған, қысым көрсететін, қорқытатын, теріс ниетті, ашулы, нәсілшілдік, ұятсыз немесе порнографиялық контент немесе басқаша жағымсыз болуы мүмкін контент; немесе
9. басқаша жолмен Apple корпорациясының Жіберу жөніндегі Нұсқауларын (төменде көрсетілген) бұзу.
Қызметті пайдалану арқылы Сіз намысқа тиетін, дөрекі немесе қарсылық тудыруы мүмкін Жіберуді көруіңіз мүмкін екенін және Жіберуіңізде басқаларға олардың қарсылығын тудыруы мүмкін контентті беруіңіз мүмкін екенін түсінесіз. Apple кез келген Жіберудің дұрыстығына, сенімділігіне немесе сапасына кепілдік бермейді. Сіз Қызметті және кез келген Жіберуді өз тәуекеліңізбен пайдаланатыныңызды және Apple пайдаланушылар тарапынан берілген Жіберуді растамайтынын түсінесіз және оған келісесіз. Егер осы Шарттарға сәйкес келмейтін Жіберуді көрсеңіз, "Проблема туралы хабарлау" мүмкіндігі арқылы бізге хабарлаңыз. Apple осы Қызметті пайдалану арқылы Шарттарды бұзған пайдаланушылардың аккаунттарын өз бетінше уақытша тоқтатуы және/немесе тоқтатуы мүмкін (заңсыз әрекеттер жасады деген күдік тудырған пайдаланушыларды қоса алғанда). Алайда бұл тармақ Apple тарапынан ұқыпсыздық нәтижесінде пайда болған өлім немесе зақымдану үшін немесе заң бойынша алып тастауға болмайтын жағдай үшін Apple корпорациясының Сіздің алдыңыздағы жауапкершілігін жоймайды. Apple Сіздің алдыңызда кез келген табыстың, бизнестің, пайданың, мәміленің немесе материалдық емес активтердің жоғалуы үшін немесе жанама шығындар үшін жауапты болмайды.
Контентіңіздегі өзгерістер. Apple Карталар қызметінде Жіберуіңізді қолжетімді ету үшін Apple корпорациясы Жіберуіңізді түрлі ашық желілерге, түрлі құралдарға таратуы және қосылатын желілердің немесе құрылғылардың не компьютерлердің техникалық талаптарына сәйкес болу үшін Жіберуіңізді өзгертуі мүмкін екенін түсінесіз. Сондай-ақ Apple корпорациясы Жіберудің жарамдылығы мен осы Шарттарға сәйкестігін анықтау құқығын әрқашан сақтап қалатынын (бірақ нақты орынға арналған суреттің сол жерде түсірілгенін тексере алмайды) және Жіберуді кез келген уақытта, алдын ала хабарлаусыз және өз бетінше тексеруі, өзгертуі, жоюы және/немесе көрсетуден бас тартуы мүмкін екенін түсінесіз. Мысалы, Apple корпорациясы жеке немесе құпия ақпаратты жою үшін Жіберуді анық емес етуі мүмкін немесе орын туралы деректер жойылған немесе Apple корпорациясы орынды тексере алмайтын Жіберуді жарияламауы мүмкін. Осында Apple корпорациясына берген лицензияңыз Apple корпорациясына осындай әрекеттерді орындауға рұқсат ететініне келісесіз.
Сіз берген Лицензия. Сіз Жіберуіңізге қатысты авторлық құқық бойынша толық және ерекше меншік құқығын сақтап қаласыз. Заң бойынша рұқсат етілген барынша толық көлемде, Жіберуді беру немесе жариялау арқылы, Сіз Apple корпорациясына (оның серіктестерін немесе лицензиаттарын қоса алғанда) дүниежүзілік, тегін, ерекше емес мына лицензияны бересіз: Жіберуді пайдалану, орналастыру, сақтау, тарату, индекстеу, тасымалдау, көшіру, түсініктеме қосу, түрлендіру, оның негізінде туынды жұмыс жасау, көрсету, қайта өңдеу, өзгерту, бейімдеу, жариялау, аудару, ашық орындау, ашық көрсету, қолжетімді ету, қоғамға беру және басқаша пайдалану, Сізге қосымша хабарлаусыз, авторды көрсетпей (қолданылатын заңның міндетті ережелеріне қайшы келмейтін ауқымда) және Сізге төлемақысыз немесе міндеттемесіз, Apple Карталар қызметінде немесе ол үшін пайдалану мақсатында (қатысты маркетингілік және жарнамалық материалдарды қоса алғанда және онымен шектелмей). Заң бойынша рұқсат етілген барынша толық көлемде, моральдық құқықтарды қолданбауға және/немесе оларды талап етпеуге немесе Жіберуге арналған лицензияны пайдалануға қатысты кез келген әрекет немесе әрекетсіздік бойынша Сізде немесе үшінші тарапта болуы мүмкін моральдық құқықтар, соның ішінде авторды көрсету, жалған көрсетілген авторлық құқығы, жұмысты бұрмаламау бойынша үшінші тараптан осындай келісімді немесе бас тартуды алуға келісесіз. Бұл лицензия Сіз немесе Apple Жіберуіңізді Қызметтен жою арқылы алып тастағанша қолданылады (Apple корпорациясы Жіберуіңізді стандартты әдеттегі мұрағаттау мақсаттарында сақтай алады). Сіз жіберген немесе жариялаған кез келген Жіберу үшін тек өзіңіз жауапты болатыныңызға және оның басқа тараптың құқықтарын бұзбайтынына, заңдарға қайшы келмейтініне немесе заңсыз әрекеттерді қолдамайтынына келісесіз. Жіберуіңіз Apple корпорациясы мен Сіздің араңызда ешқандай қатынасты орнатпайтынына және ешқандай төлемақы күтпейтініңізге келісесіз.
Жіберуіңіздің осы Шарттарға сәйкестігіне және Жіберудің Сізге тиесілі екеніне немесе оған қатысты барлық қажетті құқықтарға ие екеніңізге, басқа тұлғаға немесе ұйымға төлем төлеу қажеттілігінің болмауына, Жіберуіңізді осында қарастырылған барлық әдістермен пайдалануға (Apple корпорациясына пайдалануға рұқсат етуге) кепілдік бересіз. Заң бойынша рұқсат етілген барынша толық көлемде, Сіздің осы Шарттарды бұзуыңыз нәтижесінде үшінші тараптың Apple корпорациясына қойған шағымдарынан, жауапкершілігінен, талаптарынан, шығындарынан (заңгерлерге төленетін ақыларды қоса алғанда) Apple корпорациясын және оның тиісті қызметкерлерін қорғауға келісесіз.
Аккаунтыңыз және Жіберуіңіз. Apple осы Шарттардың кез келген бөлімімен сәйкестікті қолдану және/немесе тексеру үшін Apple корпорациясы қажет немесе тиісті деп тапқан қадамдарды орындау құқықтарын сақтайды. Apple корпорациясы заң, сот процесі, сот ісі және/немесе қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың сұрауы бойынша, тұрғылықты еліңізде немесе одан тыс, Сізге тікелей хабарласуы мүмкін. Егер ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау немесе өзге қоғамдық маңыздылығы бар мәселелер мақсаттарында қажет немесе тиісті деп танысақ, біз сіз туралы жеке мәліметтерді жария ете аламыз. Егер жария етуді шарттар мен талаптарымызды қамтамасыз ету немесе қызметімізді немесе пайдаланушыларды қорғау үшін қажет деп анықтасақ, біз сіз туралы мәліметтерді жария ете аламыз, бірақ тек бұған заңды негіз болған кезде. Бұл мемлекеттік немесе үкіметтік органдарға ақпарат беруді қамтуы мүмкін. Сіздің деректеріңізді мұндай жария ету, пайдалану немесе өңдеу деректерді қорғау жөніндегі қолданылатын заңдарға сәйкес орындалады (қосымша ақпарат алу үшін деректердің құпиялылығы туралы саясатымызды қараңыз: www.apple.com/legal/privacy/en-ww/.
Авторлық құқық туралы хабарландыру. Кез келген Жіберу авторлық құқығыңыз бар деп есептеген контентті бұзады деп есептесеңіз, www.apple.com/legal/trademark/claimsofcopyright бетіндегі Авторлық құқықтар жөніндегі саясатымызда сипатталған әдіспен Apple корпорациясының авторлық құқықтар жөніндегі агентіне хабарласыңыз. Apple корпорациясы тиісті жағдайларда ережені бұзуды қайталаған пайдаланушылардың аккаунттарын тоқтататын саясатты қабылдады, ол ережені бұзатын контентті үш (3) ретке дейін жүктеп салу әрекетін орындаған пайдаланушыларды қамтиды және онымен шектелмейді. Бұл саясатты орындау мақсатында, Apple корпорациясы ережені бұзды деп анықталған немесе басқа байланысты себептермен пайдаланушылардың аккаунтарын уақытша тоқтата алады.
Сауда белгілері. Қызметпен бірге пайдаланылатын Apple, Apple логотипі, Apple Карта және басқа Apple сауда белгілері, қызмет белгілері, сызбалар және логотиптер Apple Inc. корпорациясының АҚШ-тағы және/немесе басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады. Apple корпорациясының сауда белгілерінің тізімін мына жерден табуға болады — www.apple.com/legal/trademark/appletmlist Қызметпен бірге пайдаланылатын басқа сауда белгілері, қызмет белгілері, сызбалар немесе логотиптер өздерінің тиісті иелерінің сауда белгілері болуы мүмкін. Сізге жоғарыда аталған сауда белгілерінің ешқайсысына ешқандай құқық немесе лицензия берілмеген және әрі қарай сіз Қызметте қамтылуы мүмкін барлық меншік құқығы туралы ескертулерді (соның ішінде сауда белгісі мен авторлық құқықтар туралы ескертулер) алып тастамауға, жасырмауға немесе өзгертпеуге келісесіз.
Жас. Бұл Қызмет 14 жасқа толған және жасы одан үлкен адамдарға (немесе тиісті юрисдикцияда эквивалент ең төмен жас) ғана қолжетімді.
ЖІБЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
Жіберуде мынадай контент немесе элементтер болмауы тиіс:
• Балағат немесе дөрекі қол қимылдары
• Жыныс мүшесі көрінетін жалаңаштану
• Қан
• Қару-жарақтар
• Бопсалау
• Балалар еңбегін пайдалану туралы материалдар
• Сексуалдық әрекеттер немесе контент
• Есірткілер немесе есірткіні қолдануға арналған жабдықтар
• Жезөкшелік
• Алкогольді өнімдер (Италияда орналасқан бизнестер үшін)
• Шылым шегу (Италияда және Біріккен Корольдікте орналасқан бизнестер үшін)
• Сүзгілер
• Оверлей
• Коллаж
• Әлсіз жарық (яғни, нысанды көрсетпейтін тым қараңғы немесе жарық)
• Анық еместік
• Сутаңбалар
• Авторлық құқық туралы хабарландыру лар
• Күн немесе уақыт белгілері
• Мемоджи немесе селфи
• 2.2:1 мәнінен үлкен кескін форматы
• JPEG, PNG немесе HEIC форматынан басқа формат
• 960x1280 мәнінен төмен немесе 4864x4864 мәнінен жоғары ажыратымдылық
• Өңделмеген кескіннен өңделген
• Клипарт
• Стоктық фотолар
• Артық фотолар