AirDrop және құпиялылық

AirDrop көмегімен жақын маңдағы Apple құрылғыларына құжаттарды, фотоларды, видеоларды, веб‑сайттар мен картадағы орындарды және т.б. қауіпсіз және сымсыз жіберуге болады.

AirDrop — бұл Apple құрылғылары арасында файлдарды оңай және қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік беретін файлдарды сымсыз алмасу мүмкіндігі. AirDrop арқылы тасымалдауды бастау үшін жіберуші және қабылдаушы құрылғыда Bluetooth және Wi‑Fi қосулы болуы керек және екі құрылғы да бір‑біріне жақын болуы керек. Екі құрылғы да жақын жерде болғанда және Bluetooth, Wi‑Fi және AirDrop функциялары қосулы болғанда, алмасатын файлды таңдап, AirDrop функциясы қосылған жақын маңдағы құрылғылар тізімінен алушыны таңдап, тасымалдауды бастауға болады. Алушы тасымалданатын файлды қабылдай алады немесе бас тарта алады. Қабылданған жағдайда, құрылғыңыз файлды шифрлайды және Wi‑Fi арқылы тасымалдауды бастайды.

Тасымалдау басталғаннан кейін жіберуші және қабылдаушы құрылғылар бір‑бірінен алыстап, бір Wi‑Fi желісіне қосылмаса, тасымалдауды интернет арқылы аяқтауға болады. Интернет арқылы тасымалданатын файлдар Apple серверлері арқылы қабылдаушы құрылғыға тасымалдануы мүмкін. AirDrop өтпелі шифрлау әдісін пайдаланады, сондықтан Apple компаниясы тасымалданатын материалдар мазмұнының шифрын аша алмайды. Apple компаниясы AirDrop арқылы тасымалданатын материалдардың көшірмелерін сақтамаса да, сіздің жеке басыңызды көрсетпейтін AirDrop қолданысы туралы шектеулі ақпаратты сақтауы мүмкін. Мұндай ақпарат өнімдерімізді, сервистерімізді және технологияларымызды жақсарту үшін пайдаланылады.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 қыркүйек