-
Apple аккаунты, медиа қызметтері және құпиялық
-
Apple аккаунтыңызбен қолжетімді қызметтерді пайдалана алатын боласыз. Apple қауіпсіздік, қолдау және есеп беру мақсаттары үшін белгілі бір пайдалану деректерін тіркейді.
Apple аккаунты ақпаратыңызды қорғауға және бөлісетін дерегіңізді таңдауға мүмкіндік беруге арналған.

-
- Apple аккаунтыңызбен белгілі бір қызметтерді пайдалана алатын боласыз.
- Жақсырақ қызмет пен қолдау ұсыну үшін құрылғыңыз Apple аккаунтыңызбен байланыстырылады.
Apple аккаунт және Apple қызметтерінің барлығы басынан бастап құпиялығыңызды қорғайтін етіп әзірленген. Біз қызметті тиімдірек пайдалануыңызға қажет болатын деректерді ғана жинауға тырысамыз. Деректерді жинаған кезде, сізге не жинап жатқанымыз және ол не үшін керек екенін білгеніңіз маңызды деп санаймыз. Осылайша сіз саналы таңдау жасай аласыз.
Apple аккаунты – Apple Music және Apple TV қолданбасы сияқты Apple қызметтеріне кіру үшін пайдаланылатын жеке аккаунт. Apple сіздің Apple аккаунтыңызбен байланысты ақпаратты сақтайды, осылайша барлық қолдау көрсетілетін құрылғыда тыңдайтын және көретін контентіңізді синхрондай аламыз. Егер Apple Music отбасылық жазылымын пайдалануды ұйғарсаңыз, www.apple.com/legal/privacy/data/en/apple-id бетінде талқыланғандай, Apple аккаунтыңызды iCloud және Family Sharing қызметтеріне кіру үшін пайдалана аласыз.
Сіз мұндай қызметтерге кіргенде, Apple қауіпсіздігіңізді сақтау үшін Apple аккаунтын пайдалануыңыз туралы ақпаратты жинайды.
Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз
Біз әдетте Apple аккаунты бойынша жеке деректеріңізді Apple компаниясымен келісімшартыңызды орындау үшін, қажет болған жағдайда қызмет көрсету үшін және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін жинаймыз. Келісім тиісті құқықтық негізге алынатын жағдайларда оны қолданыстағы жергілікті заңнамаға сәйкес сұраймыз.
Қолданыстағы жергілікті заңнамада талап етілген жағдайда, алаяқтық пен басқа да зиянды әрекеттердің алдын алу үшін, сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында біз жеке деректерді өзіміздің немесе үшінші тараптың заңды мүдделеріне сәйкес қажетінше өңдейміз.
Бұл деректерге Apple аккаунтын пайдалануыңыз туралы ақпарат жатады.
Ақпаратыңыз әрқашан Apple корпорациясының Құпиялық саясатына сәйкес өңделеді, оны мына жерден таба аласыз: www.apple.com/kz/privacy
Жарияланған күні: 2024 жылғы 20қыркүйек