Apple Pay және құпиялылық

Картаға қатысты ақпарат, геолокация, сондай-ақ құрылғы реттеулері және оны пайдалану әдісі туралы ақпаратты Apple компаниясына жіберуге болады. Бұл деректер шот туралы ақпаратпен біріктіріліп, Apple Pay жүйесін баптау және алаяқтықтың алдын алу үшін карта эмитентіне немесе төлем желісіне алаяқтық қаупін бағалау туралы хабарлау үшін пайдаланылуы мүмкін.
 

Apple Pay сервисі жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.


Privacy Icon

  • Apple Pay сервисіне карта қосқан кезде, картаға қатысты ақпарат, геолокация, құрылғы реттеулері туралы ақпарат және пайдалану үлгілері жарамдылықты анықтау үшін Apple компаниясына жіберілуі мүмкін.
  • Кейбір жоғарыда көрсетілген ақпарат, сондай-ақ аккаунтыңызға қатысты ақпарат пен жұптастырылған құрылғы мәліметтері деректерді тексеру және алаяқтықтың алдын алу үшін карта эмитентіне берілуі мүмкін.
  • Apple Pay функциясын қолданбаларда және веб-сайтта пайдаланғанда, төлемді өңдеу үшін қажетті ақпарат сол қолданбаға немесе веб-сайтқа беріледі. Картаңыздың нақты нөмірі сатушымен бөлісілмейді.
  • Apple компаниясы сізбен бұдан былай байланыстыруға болмайтын Apple Pay деректерін Apple Pay сервисінің және басқа да Apple өнімдері мен сервистерінің сапасын жақсарту мақсатында пайдалануы мүмкін.
  • Apple Pay — жеке деректеріңізге жауапты Apple Inc. филиалдары ұсынатын технологиялық сервис.

Apple Pay сервисі дебеттік, несиелік және алдын ала төленетін карталар арқылы дүкендерден, қолданбалардан және интернеттен қауіпсіз сатып алуға мүмкіндік береді.

Apple Pay — жеке деректеріңізге жауапты Apple Inc. филиалдары ұсынатын технологиялық сервис. Apple Pay провайдері АҚШ-тағы Apple Payments Services LLC сияқты геолокацияңызға байланысты өзгеруі мүмкін. Жеке деректеріңізді өңдеу үшін жауапты Apple мекемелері туралы толығырақ ақпаратты Apple құпиялылық саясатынан (apple.com/privacy) және Apple үлестес компаниялары туралы мақаладан (www.apple.com/legal/privacy/en/affiliated-company) қараңыз.

Карталарды Apple Pay сервисіне қосу

Apple Pay сервисіне дүкендік, несиелік, дебеттік және алдын ала төленген сияқты төлем картасын қосқан кезде, карта туралы ұсынатын ақпарат пен құрылғыда белгілі бір реттеулердің қосылған-қосылмағаны Apple Pay сервисін және оның функцияларын қосу құқығыңызды анықтау үшін Apple компаниясына жіберілуі мүмкін. Сондай-ақ құрылғыңыз алаяқтықты анықтау үшін пайдалану үлгілерін (мысалы, құрылғының қозғалыстағы уақыты, аптасына шамамен келетін қоңыраулар саны) талдауы мүмкін. Құрылғыңыз талдайтын ақпарат Apple компаниясына жеке басыңызды анықтай алмайтындай жолмен беріледі.

Карта эмитенті, төлем желісі немесе карта эмитенті рұқсат берген провайдер Apple компаниясына белгілі бір Apple Pay функцияларына жарамдылығын анықтау үшін картаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары, мысалы, оның бонустарға немесе бөліп төлеу бағдарламасына қолдау көрсететіні туралы ақпаратты жариялауы мүмкін. Сондай-ақ Apple Pay сервисін қосу, картаның жарамдылығын анықтау, картаңызды Apple Pay арқылы баптау және алаяқтықтың алдын алу үшін Apple бұл ұйымдарға ақпаратты ұсынуы мүмкін, соның ішінде:

  • Несиелік, дебеттік немесе алдын ала төленген карта нөмірі
  • Apple аккаунтыңызбен байланысты төлеуші аты мен мекенжайы
  • Apple аккаунтыңыздың әрекеті туралы жалпы ақпарат (мысалы, iTunes сервисіндегі транзакциялардың ұзақ тарихы бар ма)
  • Құрылғыңыз және, Apple Watch пайдаланылса, жұптастырылған iOS құрылғысы туралы ақпарат (мысалы, құрылғы идентификаторы, телефон нөмірі, Apple Watch сағатыңыз бен жұптастырылған iOS құрылғысының атаулары мен үлгілері)
  • Картаны қосу кезіндегі геолокацияңыз туралы ақпарат (геолокация сервистері қосулы болса)
  • Төлем карталарын аккаунтқа немесе құрылғыға қосу тарихы
  • Apple Pay сервисіне қосылған немесе қосуға әрекет жасалған төлем карталарындағы ақпаратқа қатысты жиынтық статистика

Банк қолданбасы сияқты үшінші тарап қолданбасы арқылы картаны Apple Pay қызметіне қосқанда, қолданба құрылғыңызға шот нөмірін немесе карта идентификаторын жібереді. Бұл ақпаратты Apple және карта эмитенті картаңыздың жарамдылығын анықтау, картаңызды Apple Pay арқылы баптау және алаяқтықтың алдын алу мақсатында пайдаланады.

Сізде бар немесе алдында болған Apple Pay карталарын басқа құрылғыларда баптауға көмектесу үшін Apple компаниясы да Apple Pay карталары үшін карта туралы деректеріңізді Apple аккаунтыңызбен байланыстырады. Карта эмитенті немесе төлем желісі қауіпсіздік кодын енгізгеннен кейін картаны қайта қосу үшін аккаунтыңыз туралы ақпаратты пайдалануы мүмкін. Несиелік, дебеттік немесе алдын ала төленген карта нөмірі Apple Pay сервисінде сақталмайды. Жаңа құрылғыға көшкен кезде, Apple алаяқтықтың алдын алуға көмектесу үшін жақын маңдағы iCloud қосылған құрылғылар туралы ақпаратты жинайды. Apple аккаунтыңызбен байланыстырылған iCloud сервисі қосылған құрылғылар туралы Apple иеленетін ақпараттың сипаттамасын көру үшін «Apple аккаунты және құпиялылық» бетіне (www.apple.com/legal/privacy/data/en/apple-id) өтіңіз.

iCloud кілттер жинағыңызда сақталған авто толтыру карталарын Apple Pay сервисіне қосуға болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Wallet және Apple Pay» тармағына өтіп, «Бұл карталарды Apple Pay арқылы пайдалану» функциясын қосыңыз. Қосылған кезде, Apple Pay жарамдылығын анықтау үшін құрылғыңыз iCloud кілттер жинағындағы авто толтыру картасының нөмірлерін карталарыңыздың төлем желісімен бөліседі. Құқығыңыз бар болса, транзакциялардың қауіпсіздігін арттыруға көмектесу үшін сақталған авто толтыру карталарыңызды Apple Pay сервисіне қосуды жалғастыруға болады. Қамтамасыз етілгеннен кейін, сізге ыңғайлы болу үшін сақталған авто толтыру картасының нөмірлері сәйкес келетін Apple Pay карталарының артында көрсетілуі мүмкін. Сіз сақтаған авто толтыру картасының нөмірлері iCloud кілттер жинағында сақталады және оған Apple компаниясы қол жеткізе алмайды, сондай-ақ олар Apple Pay транзакциялары үшін пайдаланылмайды.

Apple Pay арқылы төлеу

Төлем жасауды бастаған кезде, салықтар мен жеткізу шығындарын есептеу үшін пошта индексі немесе басқа ұқсас ақпарат қолданбаға, веб-сайтқа немесе сатушыға берілуі мүмкін. Төлемді үшінші тарап браузерінде бастағанда, Apple Pay қосылған құрылғымен сканерлеу үшін браузер QR кодты немесе блиц қолданба кодын жасайды. Сканерленгеннен кейін Apple компаниясы браузер мен Apple Pay сервисі қолдау көрсететін құрылғы арасындағы байланыс арнасын іске қосады, ол арқылы браузер мен құрылғы транзакцияны өңдеу үшін қажетті транзакция, төлем және/немесе тасымалдау ақпаратымен алмасады.

Бөліп төлеу немесе бонустар сияқты Apple Pay қосымша төлем функциялары қосылған болса, Apple Pay арқылы сатып алуды бастағаннан кейін, Apple компаниясы Wallet қолданбасында қандай карталар бар болғанына байланысты сізге қолжетімді төлем опцияларын, сондай-ақ Apple компаниясына карта эмитенттері ұсынған осы карталардың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін анықтайды. Сондай-ақ Apple компаниясынан Wallet қолданбасында әлі де қолжетімді емес, бірақ сізге қолжетімді қосымша төлем опцияларына қол жеткізуді таңдауға болады. Ол үшін Apple компаниясы осы транзакция бойынша қосымша төлем әдістерінің қолжетімділігін анықтау мақсатында сатушы және сома сияқты транзакция туралы ақпаратты пайдаланады. Apple компаниясы транзакция және төлем әдісінің жарамдылығын тексеру туралы ақпаратты жеке басыңызбен байланысты түрде сақтамайды. Жаңа төлем әдісін қолдануды таңдасаңыз, өтінішіңіздегі ақпарат эмитентке тікелей жіберіледі және оны Apple компаниясы көре алмайды және сақтай алмайды. Бонустармен төлеуді таңдасаңыз, негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға көмектесу үшін Apple компаниясы картаңыз, оның мүмкіндіктері мен артықшылықтары, сатушы мен транзакция сомасы туралы ақпаратты транзакция үшін және транзакциядан кейінгі бонус теңгерімі ретінде есептелетін ағымдағы сыйақы теңгерімін, сыйақы ұпайларын (немесе баламасын) алу және көрсету үшін пайдалануы мүмкін. Қаржылық әл-ауқатыңызға қарай дұрыс бөліп төлеу жоспарын таңдауға мүмкіндік беру үшін Apple қатысушы эмитенттерге сатушы және сома туралы ақпарат береді, соның негізінде олар бөліп төлеу жоспарының жарамдылығын бағалайды және Apple компаниясына көрсету үшін бөліп төлеу опцияларының тізімін береді. Apple компаниясы Apple Pay төлем функцияларын ұсыну үшін өңделген осы ақпаратты жеке басыңызбен байланысты түрде сақтамайды.

Төлем авторизациясынан кейін, сондай-ақ сатушы тарапынан сұралған құрылғының немесе сатушының есептік жазба нөмірі, жіберу мекенжайы немесе эл. пошта мекенжайы сияқты басқа да ақпарат беріледі. Apple Pay сервисін пайдаланған кезде, несиелік, дебеттік немесе алдын ала төленген карта нөмірі берілмейді.

Кез келген қайталанатын немесе сатушы ұстап қалатын басқа төлемдерді (мысалы, жазылым ақысы) сіз ғана растай аласыз, қатысушы сатушыларға осы төлемдер үшін тиісті Apple Pay төлем әдістерін таңдаған кезде, сіздің эмитентіңіз және/немесе қолданыстағы төлем желісі осындай төлемдер үшін пайдаланылатын сатушыға арналған шот нөмірін бекітеді және жасайды. Қатысушы сатушы транзакцияларды сіздің қатысуынсыз растау үшін сатушыға арналған сол бір шот нөмірін ғана пайдалана алады. Apple компаниясы сатушыларға арналған шотыңыздың нөмірлері қандай сатушылармен байланысты екенін біліп отырады, бірақ сіздің не сатып алғаныңыз және ол үшін қанша ақша төлегеніңіз сияқты ақпарат компанияға беймәлім болады. Сатушыға арналған шот нөмірлерін Wallet қолданбасындағы картаны, содан кейін «Қосымша» түймесін түртіп, карта мәліметтерін көрсету арқылы басқаруға болады.

Алаяқтықтан қорғау дәрежесі күшейтілген веб‑сайтта немесе картаның қолданбасында транзакция жасауға талпынғанда, құрылғыңыз Apple аккаунтыңыз, құрылғының өзі және геолокация туралы ақпаратты бағалайды (Wallet қолданбасында геолокация сервистері қосылған болса). Мұның мақсаты — құрылғыда алаяқтық тәуекелін бағалау мүмкіндігін дамыту. Құрылғыда жасалған алаяқтық тәуекелінің қорытынды бағасы Apple компаниясына бастапқы талдау деректерінсіз жіберіледі және Apple компаниясына белгілі құрылғыңыз бен аккаунтыңыз туралы ақпаратпен біріктіріледі, бұл Apple Pay транзакциялары кезінде алаяқтық әрекеттердің тәуекелін бағалауға мүмкіндік береді. Транзакциялар кезінде алаяқтық тәуекелдерін бағалау нәтижелері транзакция барысында алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін жеткізу мекенжайының идентификаторымен және IP мекенжайымен (бар болса) бірге сіз қолданатын төлем жүйесіне жіберілуі мүмкін. Жеткізу мекенжайының идентификаторы төлем жүйесіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бұл идентификатор нақты мекенжайды ашпай-ақ, құрылғыдағы белгілі бір карта арқылы жасалған әртүрлі транзакциялар бойынша жеткізу мекенжайларының сәйкес келетінін растау үшін пайдаланылуы мүмкін. Wallet қолданбасында төлем деректемелерінің артқы жағына өтіп, картаның алаяқтықтан кеңейтілген қорғаныс функциясын қолдайтынын кез келген уақытта тексеруге болады. Алаяқтық қаупі туралы төлем жүйесіне хабарланбауы үшін, басқа картаны таңдауға болады.

iOS, watchOS немесе macOS жүйесінің Apple Pay сервисін пайдаланатын қолданбаны немесе веб-сайтты пайдалансаңыз, қолданба немесе веб-сайт осы қолданбада Apple Pay сервисінің қосылған-қосылмағанын тексеруі мүмкін. Төлем картасы қосылмайтын веб-сайтқа iOS құрылғысындағы немесе Mac компьютеріндегі Safari арқылы кіргенде, веб-сайт бір Apple аккаунты арқылы iPhone құрылғыңызда немесе Apple Watch сағатыңызда Apple Pay функциясының бапталған-бапталмағанын тексере алады. Сіз кіретін веб-сайттарға Apple Pay функциясы қосылған-қосылмағанын тексеру әрекетін реттеулерден өшіруге болады. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғысында «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Safari» > «Қосымша» тармағына өтіп, «Apple Pay бар-жоғын тексеру» функциясын түртіп өшіріңіз. Mac компьютерінде Safari > Settings (Реттеулер) > Advanced (Қосымша) тармағына өтіп, Allow websites to check for Apple Pay and Apple Card (Веб-сайттарға Apple Pay және Apple Card бар-жоғын тексеруге рұқсат беру) опциясын таңдаудан алыңыз.

Apple аккаунтының төлем әдістерін қорғау

Apple экожүйесіндегі төлем әдістерін басқаруға көмектесу үшін Apple компаниясы Apple аккаунтыңызға кез келген Apple Pay төлем әдістерінің қосуға жарамдылығын тексеруі мүмкін. Бұл төлем әдістері «Реттеулер» > [атыңыз] > «Төлем және жеткізілім» > «Төлем әдісін қосу» > «Төлем әдістері» тармағында көрсетіледі. Транзакция жасау үшін Apple аккаунтыңызды пайдаланған кезде, Apple компаниясы Apple аккаунтыңызбен байланысты төлеу әдісінің Apple Pay сервисімен пайдалануға жарамдылығын да тексеруі мүмкін. Олай болса, төлем ақпаратыңызды қорғау мақсатында Apple компаниясы сол төлем әдісі үшін Apple Pay функциясын қосуы мүмкін. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда Apple аккаунтыңыздың төлем әдістерін кез келген уақытта өзгертуге болады. Ол үшін «Реттеулер» > [атыңыз] > «Төлем және жеткізілім» тармағына өтіңіз. Mac компьютеріңізде System Settings (Жүйе реттеулері) > [атыңыз] > Payment & Shipping (Төлем және жеткізілім) тармағына өтіңіз.

Apple төлем туралы ақпаратыңызды тасымалдайды, бірақ сақтамайды

Қолданбалардағы, веб-сайттардағы және іскерлік чаттағы төлемдер туралы ақпаратты қауіпсіз түрде беру үшін, деректер Apple компаниясына шифрланған күйде жіберіледі. Деректердің шифры қысқа уақыт ішінде әр сатушы үшін бірегей кілт арқылы ашылып, қайта шифрланады. Тек осы сатушы, әзірлеуші немесе олардың төлем операторы төлем туралы ақпаратыңыздың шифрын аша алады. Карта қосу мүмкін болмайтын Mac компьютерімен төлем жасаған кезде, Mac компьютері мен авторизацияланған құрылғы Apple серверлерінің шифрланған арнасы арқылы деректермен алмасады. Apple бұл ақпараттың ешқайсысын жеке басыңызды анықтайтын түрде сақтамайды.

Apple Pay, сондай-ақ үшінші тараптық браузерлерде төлем жасауға және транзакцияны авторизациялау үшін Apple Pay сервисіне қолдау көрсететін құрылғыларды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл функцияны пайдаланған кезде, Apple компаниясы Apple серверлері арқылы үшінші тарап браузері мен авторизацияланған құрылғы арасында байланыс арнасын жасайды, нәтижесінде жеткізу және төлем туралы мәліметті жаңартып, авторизацияны беруге болады. Жөнелту және төлем туралы ақпарат, сондай-ақ сатып алуыңызға байланысты салық немесе жөнелту алымдары сияқты сатушы алымдары туралы ақпарат Apple компаниясына қысқаша көрінеді. Apple бұл ақпараттың ешқайсысын жеке басыңызды анықтайтын түрде сақтамайды.

Apple Pay тапсырыстарын қадағалау

Apple Pay арқылы зат сатып алған кезде, тапсырыстарды бақылау функциясын қосу мақсатында қатысушы сатушы тапсырысыңызды бақылау үшін құрылғыға қатысты тапсырыс туралы ақпаратты жіберетін болады. Сонымен қатар Apple компаниясы сатушыға арнайы құрылғы идентификаторын және сатушы құрылғыда тапсырыс жаңартуларын алу үшін пайдалана алатын push токенін ұсынады. Apple компаниясы сатушылардың деректерін жаңартуға мүмкіндік береді, бірақ тапсырыс туралы ақпаратты сақтамайды, тіпті тапсырыстар санын не жиілігін немесе тапсырыс жаңартуларын қай сатушылар жіберетінін қадағаламайды. Тапсырысты бақылау туралы ақпарат құрылғыңызда жергілікті түрде сақталады және шифрланған көшірмелерді синхрондау арқылы құрылғылар арасында жаңартылады. Apple компаниясы бұл ақпаратқа қол жеткізе алмайды. Apple Pay тапсырыстарын Wallet қолданбасында «Қосымша» түймесін, содан кейін «Тапсырыстар» түймесін, белгілі бір тапсырысты түрту және «Тапсырысты басқару» түймесін түрту арқылы кез келген уақытта басқаруға болады. Сондай-ақ Wallet қолданбасындағы «Тапсырыстар» бөлімінде «Қосымша», содан кейін «Хабарландырулар дыбысын өшіру» түймесін түрту арқылы тапсырыстар туралы хабарландыруларды басқаруға болады.

Аккаунтыңыздан шыққан кезде, құрылғы жаңартуларын алу тәртібі туралы шектеулі ақпарат әлі де құрылғыңызда сақталуы мүмкін. Бұл ақпарат құрылғы пайдаланушыларына көрінбейді, қысқа уақыт ішінде сақталады және жүйеден шыққаннан кейін тапсырыс туралы ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекетін болдырмау үшін құрылғыға жаңартуларды жіберуді тоқтатуға мүмкіндік береді.

Үшінші тарап қолданбаларымен шот белсенділігін бөлісу

Apple Card, Savings, Apple Cash және басқа қосылған карта шотының мәліметтерін және транзакция тарихын App Store дүкеніндегі жеке қаржыны басқаруға арналған сенімді қолданбалармен бөлісуге болады. Қолданбалар Wallet ішіндегі Apple Pay сервисінен шотыңыздағы белсенділігіңізді оқуға сұрау жіберуі керек. Осы қолданбалармен қандай деректердің бөлісілетінін басқаруға және бұл рұқсаттарды кез келген уақытта өзгертуге болады. Үшінші тарап қолданбасымен бөлісуді таңдаған шот белсенділігі сол қолданбаның құпиялылық саясатына сәйкес өңделеді. Шот белсенділігін бөліскен кезде, Apple шот мәліметтерін немесе транзакция тарихын көрмейді және сақтамайды.

Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз

Біз Apple Pay сервисіндегі жеке деректеріңізді әдетте Apple компаниясымен келісімшартты орындау, қызмет көрсету үшін қажет болған жағдайда және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз.

Қолданыстағы жергілікті заңда қарастырылған жағдайда, біз заңды мүдделеріміз немесе үшінші тараптың мүдделері үшін қажетті жеке деректердің келесі санаттарын өңдейміз, соның ішінде:

  • Аккаунтыңыз, мысалы, аккаунтыңыздың белсенділігі
  • Құрылғыларыңыз, соның ішінде құрылғыңыздың атауы, сериялық нөмірі және басқа аппараттық идентификаторлары
  • Картаңыз, мысалы, картада көрсетілген ақпарат
  • Карта берушіңіз, мысалы, картаны жаңартулармен қамтамасыз етуге уәкілетті үшінші тарап
  • Apple Pay сервисін пайдалануыңыз, мысалы, сіз қосқан Apple Pay карталарының саны
  • Геолокацияңыз

Бұл заңды мүдделерге мыналар жатады:

  • Картаны қосу және басқару
  • Сізге және басқаларға сервисті жақсартуға және оңтайландыруға көмектесу
  • Талғамыңызға сәйкес келетін функцияларды табуға көмектесу
  • Жарамдылықты тексеру
  • Сіз сұраған қызметтермен қамтамасыз ету
  • Сізді қызықтыруы мүмкін Apple Pay және басқа Apple өнімдері, сервистері және ұсыныстары туралы хабарламалар жіберу
  • Алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу

Басқа ақпарат

Wallet және Apple Pay функцияларына жарамдылығын анықтау үшін Wallet қолданбасында картаны түрткен кезде, Apple компаниясы карта шығарылған елге және шығарушының функцияға қолдау көрсететін-көрсетпейтіндігіне қарап, функцияның жарамдылығын тексере алады.

«Геолокация сервистері» қосулы болса, дүкендерде сатып алу үшін қолданылатын құрылғыңыздың геолокациясы Apple компаниясына құпия түрде жіберілуі мүмкін. Ақпарат Apple Pay сервисінде Wallet картасының транзакциялары тарихында кәсіпорындардың атауларын дәлірек көрсету үшін пайдаланылады және Apple карталарын, Apple Pay мен Wallet сервистерін жақсарту үшін сақталуы мүмкін. Apple Pay геолокацияны анықтау функциясын кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Геолокация сервистері» > «Жүйелік сервистер» тармағын ашып, «Apple Pay сервисіндегі сатушының идентификаторы» параметрін өшіріңіз. Mac компьютерінде System Settings (Жүйе реттеулері) > Privacy & Security (Құпиялылық және қауіпсіздік) > Location Services (Геолокация сервистері) тармағына өтіп, Wallet опциясын басып өшіріңіз.

Apple Pay сервисін жақсарту үшін Apple компаниясы Apple Pay сервисін пайдалану туралы ақпаратты жеке басыңыз анықталмайтындай жинайды және сақтайды. Бұл ақпарат картаны сәтті қосуға немесе Apple Pay арқылы сатып алуға жұмсалатын уақыт туралы ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар Apple компаниясы Apple Pay транзакцияларымен қаншалықты белсенді екеніңізді көрсететін белгілерді (мысалы, соңғы аптадағы Apple Pay арқылы сатып алған-алмағаныңызды) бақылайды. Бұл белгілер Apple компаниясымен нақты сатып алу немесе белсенділік туралы ақпаратты бөлісуді талап етпестен құрылғыңызда анықталады. Apple компаниясы бұл ақпаратты басқа Apple өнімдері мен сервистерін жақсарту, маркетинг жүргізу, алаяқтықтың алдын алу және қауіпсіздікті сақтау үшін де пайдалануы мүмкін.

Кез келген карта ұстаушы, пайдаланушы, сатушы келісімшарттары немесе басқа Apple Pay функцияларын пайдалану шарттары мен талаптары карталарыңыздың қолданысын және олардың Apple Pay сервисімен байланысты қолданысын басқаруды жалғастырады. Бұл шарттарда қосымша құпиялылық саясаттары болуы мүмкін. Apple компаниясы да, Apple Pay сервисін ұсынатын оның еншілес компаниялары да банк болып табылмайды және бұл хабарлама банкіңізден алуға болатын кез келген хабарламаларға қосымша болып табылады. Apple компаниясы Apple Pay функциясын пайдалануға байланысты алаяқтық әрекетіне күдіктенсе, алаяқтық болуы мүмкін Apple аккаунты мен транзакциялары туралы ақпарат алаяқтықтың алдын алу мақсатында карта эмитентімен немесе төлем желісінің провайдерімен бөлісілуі мүмкін.

Apple жеке деректерді тек жинау мақсаттарын орындау үшін қажет болғанша, соның ішінде осы хабарламада сипатталғандай және Apple құпиялылық саясатына сәйкес немесе заң талап еткендей сақтайды. Сақтау мерзімдерін бағалау кезінде алдымен жиналған жеке деректерді сақтау қажет пе, жоқ па, соны мұқият тексереміз және сақтау қажет болса, жеке деректерді заңмен рұқсат етілген ең қысқа мерзім ішінде сақтау үшін жұмыс істейміз.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді.

Жарияланған күні: 2025 жылғы 15қыркүйек