Құрылғы аналитикасы мен құпиялылық

«Аналитика» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғау және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беру мақсатында жасалған.

iOS құрылғысының аналитикасы

iPhone аналитикасы аппараттық және операциялық жүйенің сипаттамалары туралы мәліметтерді және құрылғыңыз бен қолданбаларды қалай пайдаланатыныңыз туралы деректерді қамтуы мүмкін. Бұл ақпарат Apple компаниясына өз өнімдері мен сервистерін жақсартуға көмектесу үшін пайдаланылады. Жиналған ақпараттың ешқайсысы жеке басыңызды анықтамайды. Жеке деректер есептерге қосылмайды немесе дифференциалды құпиялылық сияқты құпиялылықты сақтау технологиясы бойынша өңделеді, болмаса Apple компаниясына жіберу алдында барлық есептен жойылады. Бұл ақпаратты iOS құрылғыңыздың «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика және жасқартулар» бөлімін ашып, «Аналитика деректері» тармағын түрту арқылы көруге болады.

Apple компаниясына осы ақпаратты беруге келісім берсеңіз және «Геолокация сервистері» қосулы болса, құрылғыларыңыздың геолокациясы Apple компаниясына өнімділік мәселелерін талдауға көмектесу үшін де жіберілуі мүмкін (мысалы, белгілі бір жердегі ұялы телефон немесе Wi-Fi сигналының күші немесе әлсіздігі). Бұл аналитикалық геолокация деректері қоңыраудың аяқталған геолокациясы немесе дүкендегі сәтсіз транзакцияның геолокациясы сияқты орындарды қамтуы мүмкін. «Аналитика» функциясы үшін «Геолокация сервистері» функциясын кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Геолокация сервистері» > «Жүйелік сервистер» тармағына өтіп, «iPhone аналитикасы» параметрін өшіріңіз.

Аналитикалық ақпаратты Apple компаниясына бір iCloud аккаунтын пайдаланатын бірнеше құрылғыдан жіберуге келіссеңіз, өтпелі шифрлау көмегімен синхрондау арқылы сол құрылғылардағы Apple қолданбалары туралы кейбір пайдалану деректерін салыстыруымыз мүмкін. Бүкіл процесс Apple компаниясы жеке басыңызды анықтай алатын деректерді қабылдамайтындай етіп жасалған.

Сондай-ақ құрылғы аналитикасын бөлісу функциясын толығымен өшіруді таңдауға болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика және жақсартулар» тармағына өтіп, «iPhone аналитикасын бөлісу» параметрін өшіріңіз. iPhone құрылғыңызбен жұптастырылған Apple Watch сағаты болса, «iPhone және Apple Watch аналитикасын бөлісу» параметрін өшіріңіз.

Бұл функцияларды қолдана отырып, жоғарыда аталған барлық ақпаратты Apple және оның еншілес компаниялары мен агенттеріне беруге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және пайдалануға келісім бересіз.

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2022 жылғы 12 желтоқсан