Балаларға арналған Apple Watch және құпиялылық

«Балаларға арналған Apple Watch» функциясы отбасы мүшесінің Apple Watch сағатын iPhone құрылғыңызбен жұптастыруға мүмкіндік береді. Кейбір функциялардың көмегімен отбасы мүшесінің Apple Watch сағатынан белгілі бір деректерді сұрау мүмкіндігіне ие боласыз.
 

«Балаларға арналған Apple Watch» жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет нәрселерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.


Privacy Icon

  • «Балаларға арналған Apple Watch» функциясы отбасы мүшесінің Apple Watch сағатын iPhone құрылғыңызбен жұптастыруға мүмкіндік береді.
  • «Балаларға арналған Apple Watch» функциясымен қолжетімді болатын кейбір watchOS функциялары жұмыс істеуі үшін, жеке деректерді пайдалану қажет болуы мүмкін.
  • Кейбір функциялардың көмегімен отбасы мүшесінің Apple Watch сағатынан белгілі бір деректерді сұрау немесе сәйкес әрекеттердің журналдарын көру мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл отбасы мүшесінің медициналық деректері, құрылғының құлпын «Оқу уақыты» режимінде ашу, геолокация және контактілер туралы деректер сияқты деректерді қамтиды. Медициналық деректер және құрылғының құлпын «Оқу уақыты» режимінде ашу туралы ақпарат сәйкес ақпарат пен журналдарды беру мақсатында ғана Apple компаниясына өтпелі шифрлаумен қорғалған күйде жіберіледі.

«Балаларға арналған Apple Watch» функциясы отбасы мүшесінің Apple Watch сағатын iPhone құрылғыңызбен жұптастыруға мүмкіндік береді. «Балаларға арналған Apple Watch» функциясы үшін отбасыңыздың мүшесі екеуіңіз бір «Отбасылық қол жеткізу» тобында болуыңыз және сіз отбасы тобында отбасы ұйымдастырушысы немесе ата-ананың біреуі/қамқоршы болуыңыз қажет. «Отбасылық қол жеткізу» функцияңыз болмаса, оны орнатуыңыз қажет болады, ал отбасыңыздың мүшесінде Apple аккаунты болмаса, оны жасауыңыз қажет болады.

«Балаларға арналған Apple Watch» функциясын пайдаланған жағдайда, отбасы мүшесінің Apple Watch сағаты iPhone құрылғыңызға жақын жерде болмаса да, watchOS операциялық жүйесінің белгілі бір функциялары қолжетімді болады. «Балаларға арналған Apple Watch» функциясын пайдаланғанда, watchOS функцияларының кейбірі қолжетімді болмауы мүмкін. Apple Watch сағатында ұялы тарифтік жоспар болмаған жағдайда немесе отбасы мүшесіне жасына байланысты белгілі бір шектеулер (мысалы, қоңырау шалу шектеуі) қойылса, кейбір қосымша watchOS функциялары қолжетімді болмауы мүмкін. Apple Watch сағатын ұялы деректерге қолдау көрсететін «Балаларға арналған Apple Watch» тізіміне қосқан кезде, Apple Watch сағатының сериялық нөмірі және ұялы байланысқа арналған аппараттық жасақтама идентификаторлары ұялы тарифтік жоспарды теңшеу үшін Apple компаниясына жіберіледі.

Кейбір функциялардың көмегімен отбасы мүшесінің Apple Watch сағатынан белгілі бір деректерді сұрау мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл отбасы мүшесінің денсаулығы, геолокация және контактілер туралы деректер сияқты ақпаратты қамтиды. Отбасыңыздың мүшесі бұл деректерді сізбен бөлісу немесе бөлісу әрекетін тоқтату мүмкіндігіне ие болуы мүмкін. Отбасы мүшесінің медициналық деректеріне қол жеткізу құқығын сұраған жағдайда, бұл сұрау отбасы мүшесінің Apple Watch сағатына келеді. Отбасыңыздың мүшесі медициналық деректерін сізбен бөлісуді шешсе, бұл ақпарат өтпелі шифрлаумен қорғалып, Apple компаниясына жіберіледі. Бұл деректер Apple компаниясына осы ақпаратты бөлісуге мүмкіндік беру мақсатында ғана Apple аккаунтыңызбен байланысты болады.

«Оқу уақыты» функциясының көмегімен Apple Watch сағатының белгілі бір функцияларының пайдаланылуы шектелетін уақытты орнатуға болады. Отбасыңыздың мүшесі Apple Watch сағатының құлпын «Оқу уақыты» режимі кезінде ашса, құлпын ашу туралы деректерді iPhone құрылғыңыздағы Watch қолданбасында көруге болады. Бұл ақпарат өтпелі шифрлаумен қорғалып, Apple компаниясына жіберіледі, бірақ Apple компаниясына құлыпты ашу туралы ақпаратты беруге мүмкіндік беру мақсатында ғана Apple аккаунтыңызбен байланысты болады.

«Балаларға арналған Apple Watch» функциясының көмегімен отбасы мүшесінің Apple Watch сағатынан iPhone құрылғыңызда журналдар мен скриншоттарды көруге де болады.

«Балаларға арналған Apple Watch» функциясын iPhone құрылғысындағы Watch қолданбасы арқылы кез келген уақытта өшіруге болады, ал отбасыңыздың мүшесі «Балаларға арналған Apple Watch» функциясын Apple Watch сағатындағы «Реттеулер» мәзірі арқылы өшіре алады. Отбасыңыздың мүшесі де өз параметрлерін, оның ішінде деректерді сізбен бөлісу опциясын Apple Watch сағатындағы «Реттеулер» мәзірінде кез келген уақытта өзгерте алады.

Apple жеке деректерді тек жинау мақсаттарын орындау үшін қажет болғанша, соның ішінде осы хабарламада сипатталғандай және Apple құпиялылық саясатына сәйкес немесе заң талап еткендей сақтайды. Сақтау мерзімдерін бағалау кезінде алдымен жиналған жеке деректерді сақтау қажет пе, жоқ па, соны мұқият тексереміз және сақтау қажет болса, жеке деректерді заңмен рұқсат етілген ең қысқа мерзім ішінде сақтау үшін жұмыс істейміз.

«Балаларға арналған Apple Watch» қолданысынан немесе «Балаларға арналған Apple Watch» арқылы қосылған қандай да бір басқа функциялардан Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді.

Жарияланған күні: 2025 жылғы 13 мамыры