GymKit және құпиялылық

GymKit сервисі жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.


Үйлесімді спортзал жабдығын iPhone құрылғысына немесе Apple Watch сағатына қосып, жаттығу деректерін (мысалы, қашықтық пен жүрек соғу жиілігі) синхрондауға және жаттығу кезінде жүрек соғу жиілігін қадағалау үшін AirPods Pro 3 құлаққабын пайдалануға болады. Жаттығуды аяқтағанда, деректеріңіз «Денсаулық» қолданбасында сақталады және спортзал жабдығынан автоматты түрде жойылады. «Фитнес» қолданбасында жаттығулар жинақтамасын көруге болады. Спортзал жабдығының жүйесіне кірсеңіз, өндіруші жаттығуыңыз туралы деректерді және iPhone, AirPods немесе Apple Watch құрылғыңыздан жабдыққа синхрондалған басқа деректерді жинап, сақтауы мүмкін.

2026-09-14