-
Apple Pay сервисін жетілдіру және құпиялылық
-
Apple Pay сервисін жетілдіру Apple компаниясына Apple Pay және онымен байланысты функцияларын жетілдіруге көмектесу мақсатында қаржылық шоттарыңызға қосылған Apple Pay және карталардың транзакция мәліметтерін сақтауға мүмкіндік береді.
-
Apple Pay сервисін жетілдіруге атсалысамын десеңіз, Apple компаниясы Apple Pay және онымен байланысты функцияларды дамыту және жетілдіру мақсатында қаржылық шотыңызға қосқан карталардың және Wallet қолданбасындағы Apple шығарған карталардың төменде көрсетілген транзакция мен шот мәліметтерін пайдалануы мүмкін. Мысалы, Apple компаниясы сатушылардың Apple тұтынушылары үшін тиімді жолмен тиісті түрде сұрыпталуын бағалауға көмектесу мақсатында сатушы атын немесе санатын тексеруі мүмкін.
Транзакция және шот мәліметтері құрылғыңыздан тікелей Apple компаниясына жіберіледі. Ақпаратпен бірге Apple аккаунтының идентификаторы жіберілмейді. Сондай-ақ Apple компаниясы транзакция мен шот мәліметтерінің жеке басыңызды анықтау мақсатында пайдаланылмайтындығына көз жеткізу үшін қосымша қорғаныс механизмдерін қолданды. Мысалы, Apple транзакция жасалған нақты уақытты сақтамайды, осылайша жеке басын анықтауға болатын шынайы транзакцияны қадағалау үшін нақты уақытты пайдалану мүмкін емес. Сонымен қатар құралдар сатушылар немесе қаржылық ұйымдар қосқан кез келген басқа идентификаторлардың (мысалы, эл. пошта, телефон нөмірі) транзакция мәліметтерінен жойылатынын қамтамасыз етуге көмектесу үшін пайдаланылады.
Apple компаниясына жіберілетін және сақталатын мәліметтер:
- Кездейсоқ идентификатор
- Кодталған идентификаторлар (мысалы, кодталған транзакция нөмірі)
- Транзакция түрі (мысалы, дебеттік немесе несиелік, аударым)
- Транзакция сомасы және валютасы
- Транзакция күні
- Транзакция сипаттамасы
- Транзакция және/немесе шот күйі
- Сатушы туралы ақпарат (мысалы, аты, санаты)
- Шот түрі және күйі
- Шот теңгерімі
- Шот шарттары (мысалы, пайыздық мөлшерлеме)
- Қаржылық мекеме
Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді.
2025-12-12