«Денсаулық» және «Белсенділік» қолданбаларын жақсарту және құпиялылық

«Денсаулық» және «Белсенділік» қолданбаларын жақсарту функциясы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.


iPhone, iPad, Apple Vision Pro, AirPods және Apple Watch құрылғыларыңыздағы белсенділік, жаттығулар және денсаулыққа қатысты ақпарат «Денсаулық» және «Белсенділік» қолданбаларын жақсарту мақсатында Apple компаниясына жіберіледі. Бұл ақпарат денсаулық, белсенділік және фитнес функцияларын әзірлеу, жақсарту және тиімділігін бағалау үшін пайдаланылады. Бұл ақпарат денсаулық және белсенділік датчиктерінен (мысалы, Apple Watch сағатындағы фотоплетизмография (PPG) датчигінің деректері) алынған өңделмеген және талданған деректерді қамтуы мүмкін. Деректеріңіз өзге мақсатта пайдаланылмайды және жеке деректерді қамтымайды.

Біз жинайтын ақпарат

Apple компаниясы «Денсаулық, Белсенділік» функциясының бір бөлігі ретінде жинауы мүмкін ақпарат «Денсаулық» қолданбасына енгізген белгілі бір деректерді (мысалы, жасы, жынысы, бойы, салмағы және мүгедектер арбасының күйі), Apple Watch, iPhone, iPad және Apple Vision Pro құрылғыларындағы «Денсаулық» және «Фитнес» қолданбаларында көрсетілетін деректерді және AirPods құлаққабынан жиналған денсаулық пен фитнеске қатысты қолданбалардан алынған деректерді және белгілі бір деректерді қамтиды. Мысалы, жіберілген ақпарат мынаған қатысты ақпаратты қамтуы мүмкін:

Жүрек денсаулығы

  • ЭКГ қолданбасын пайдалану (мысалы, алынған ЭКГ жазбаларының саны, нәтижелері және кез келген байланысты симптомдар)
  • Жүрек ырғағы, мысалы, «Тұрақсыз ырғақ туралы хабарландырулар», хабарландырулардың жиілігі мен түрі, жүрек ырғағын өлшеу әрекеттерінің саны мен түрі, жүрекше фибрилляциясы бойынша белгілі бір мәндердің пайыздық көрсеткіштері, әртүрлі дерек түрлерімен және тиісті өмірлік факторлармен өзара әрекеттесуіңіз, сондай-ақ нақты емес өлшеу әрекеттерінің саны және олардың ықтимал себептері
  • Жүрекпен байланысты өлшемдер мен визуализациялар
  • «Қан қысымы журналы» функциясын пайдалану, мысалы, қан қысымы көрсеткішін енгізген-енгізбегені, енгізілген көрсеткіштер арасындағы уақыт аралығы, енгізілген қан қысымы көрсеткіштерінің жалпы саны, сондай-ақ енгізілген қан қысымы көрсеткіштерінің «Гипертония хабарландырулары» функциясын пайдаланумен өзара әрекеттесуге қатысты ақпарат
  • Гипертония туралы хабарландыру функциясын пайдалану, мысалы, алынған гипертония туралы хабарландырулар саны және гипертония туралы хабарландырулар арасындағы кезең

Қандағы оттегі

  • Сәтті өлшемдердің нәтижелері, алынған өлшемдердің нақты саны және өлшемдердің белгілі бір сапасы сияқты «Қандағы оттегі» қолданбасын пайдалану

Психикалық әл‑ауқат

  • «Психикалық әл‑ауқат» функцияларын пайдалану, мысалы, осы функциялармен өзара әрекеттесу, клиникалық бағалауды орындау және оны орындау уақыты, «Ақыл күйі» жазбасын енгізу жиілігі, сондай-ақ қосылған хабарландырудың жиілігі мен түрі және сол хабарландырулармен өзара әрекеттесу
  • «Зерделілік» қолданбасын пайдалану, мысалы, зерделілік сеансының түрі, жүрек соғу жиілінің есептелген-есептелмегені, сондай-ақ «Зерделілік» қолданбасындағы «Тыныс алуды бақылау» сеансы кезінде жиналған тыныс алу деректері, оның ішіне орташа тыныс алу жиілігі, сеанстың ұзақтығы мен сеансқа қатысты кейбір қате туралы деректер кіреді

Циклді қадағалау

  • Менструация циклдері, жүктілік және цикл факторларына байланысты және олардан болған симптомдар мен нәтижелер, соның ішінде контрацептивтерді пайдалану, ұзаққа созылған менструация кезеңдерін анықтау, тұрақсыз немесе сирек менструация циклері, тұрақты түрде қан кету, овуляция бойынша болжамдар, менструация циклі мен жүкті болуға қолайлы күндер бойынша болжамдар және үйде орындалатын овуляция сынағының нәтижелері
  • «Жүктілік» функциясын пайдалану және онымен өзара әрекеттесу, соның ішінде ағымдағы жүктілік күйіңіз, жүктілікке қатысты белгілі бір есептелген күндер (мысалы, босану мерзімінің белгіленген-белгіленбегені), жүктілік мерзімі (гестациялық кезең), сондай-ақ жүктілікті медициналық картаға қосу-қоспау таңдауы

Дәрі-дәрмектер

  • «Дәрі-дәрмектер» функциясын пайдалану, мысалы, дәрі-дәрмек қабылдауды тіркеген-тіркемегеніңіз, дәрі-дәрмек қабылдауды тіркеу әдісі, дәрі-дәрмек қабылдау кестесін жасау, дәрі-дәрмек кестесінің түрі, дәрі-дәрмек кестесіне қатысты жасалған әрекеттер, сондай-ақ дәрі-дәрмек реттеулері мен хабарландыруларын пайдалану және олармен өзара әрекеттесу

Ұйқы

  • Apple Watch сағатындағы және «Денсаулық» қолданбасындағы «Ұйқы» бөлімін пайдалану деректері, мысалы, ұйқы кезіндегі тыныс алу жиілігінің мәндері, ұйқы кестелері және олардың жазылған ұйқы уақытымен айырмашылықтары, қозғалыс деректері және ұйқы уақытын анықтау және болжау үшін пайдаланылатын басқа да құрылғы деректері, ұйқы кезеңдеріне қатысты ақпарат, сондай-ақ ұйқыға берілетін бағаны пайдалану және онымен өзара әрекеттесуіңіз туралы ақпарат, мысалы, бір ұйқы сеансы кезіндегі ояну саны
  • «Түнгі апноэ хабарландырулары» функциясын пайдалану және онымен өзара әрекеттесу, соның ішінде тыныс алудың бұзылу мәндері, ұйқы сеансының басталу уақыты мен ұзақтығы, тыныс алудың бұзылу жиілігі және ұйқы сеансындағы тыныс алудың ең ұзақ бұзылуы

Есту қабілетінің саулығы

  • Құлаққаптың аудио деңгейлері, қоршаған ортаға әсер ету деңгейлері және қоршаған ортадағы дыбысты азайту деректері сияқты есту қабілетіне қатысты аудио деректер
  • AirPods Pro құлаққабындағы есту қабілетін тексеру және есту құралы функциялары: мысалы, есту қабілетін тексеруді аяқтаған-аяқтамағаныңыз, есту қабілетін тексеру ұзақтығы, есту қабілетін тексеруден өткен уақыт, жасалған аудиограммалар саны мен олардың жіктемелері және қоршаған ортаңызға қатысты ақпарат

Белсенділік және қимыл

  • «Белсенділік» пен «Қозғалыс» деректері, мысалы, тұру сағаттары, жаттығу минуттары, жүріп өткен баспалдақ аралықтары, биіктік пен тереңдік, қозғалыс сақинасын аяқтау пайызы, физикалық белсенділік деңгейі, жаттығу деректері (түрі, режимі, дереккөзі, ұзақтығы және сіз бөліскен жаттығуларға қатысты ақпарат, сондай-ақ «Белсенділікті бөлісу» функциясындағы достардың белсенділігі туралы хабарландырулармен өзара әрекеттестігіңізге қатысты шектеулі мәліметтер), қозғалысқа қатысты ақпарат, акселерометр мен гироскоп деректері, сіз қарап тұрған бағыт пен қысымның жалпы көрсеткіштері
  • Apple Fitness+ функцияларын және жаттығуларын пайдалану

Медициналық деректерді бөлісу

  • Отбасыңызбен және достарыңызбен денсаулық деректеріңізді бөлісуге мүмкіндік беретін «Медициналық деректерді бөлісу» функциясын пайдалану, мысалы, бөлісу арақатынастарының саны, жіберілген денсаулық тақырыптарының саны, жіберілген денсаулық тақырыптарына енгізілген өзгерістер, жасалған және жіберілген денсаулық трендтеріне қатысты ақпарат, сондай-ақ «Медициналық деректерді бөлісу» хабарландыруларымен өзара әрекеттесу
  • Қолдану жиілігі сияқты «Дәрігермен бөлісу» функциясын пайдалануыңыз; бөліскен денсаулық тақырыптарының ең аз, ең көп және орташа саны; сондай-ақ денсаулық деректерін бөлісетін медициналық қызмет көрсетушілердің саны

Медициналық карта және қауіпсіздік

  • Толтырылған өрістер және функциямен өзара әрекеттесулеріңіз сияқты медициналық идентификаторды пайдалану
  • Apple Watch сағатындағы құлауды анықтау функциясын пайдалану және онымен өзара әрекеттесу, мысалы, құлау саны және құлау мен соққы туралы басқа ақпарат

Siri және «Денсаулық» қолданбасы

  • Сіз сұраған «Денсаулық» қолданбасы деректерінің түрі және сіз жасаған сұрау түрі, соның ішінде «Денсаулық» қолданбасында немесе одан жазу ақпаратын сұрағаныңыз сияқты «Денсаулық» қолданбасының деректеріне қол жеткізу үшін Siri көмекшісін пайдалану

Басқа

  • Біріктірілген температура өлшемдері және басқа температураға негізделген ақпарат, оның ішінде білек температурасын өлшеу деректерінен алынған ақпарат сияқты білек температурасын өлшеу нәтижелері
  • Білек күйі және бағдары
  • Офтальмологиялық рецепт және оған қатысты өрістер
  • Кейбір тексерілетін денсаулық жазбаларының деректерін, оның ішінде «Денсаулық» қолданбасында көрсетілетін қатысты деректерді, мысалы, VO₂ макс. «Денсаулық» қолданбасына қашан және қалай импорттайсыз
  • Apple Watch сағатындағы «Негізгі көрсеткіштер» қолданбасын және «Денсаулық» қолданбасындағы «Негізгі көрсеткіштер» функциясын пайдалану және онымен өзара әрекеттесу, мысалы, қалыпты ауқымнан тыс денсаулық көрсеткіштерінің саны, алынған хабарландырулар саны, сондай-ақ «Негізгі көрсеткіштер» функциясына қолдау көрсету үшін пайдаланылатын белгілі бір «Денсаулық» функцияларын қолдануға қатысты ақпарат
  • Күндізгі уақытта өткізетін болжалды уақыт және берілген қоршаған жарық мәндерінің жиынтық статистикасы сияқты «Күндізгі уақыт» функциясын пайдалану және онымен әрекеттесу
  • Басқа үшінші тарап фитнес қолданбалары немесе құрылғылары қалай орнатылғаны, пайдаланылғаны немесе қосылғаны, Apple денсаулық пен фитнестің белгілі функцияларымен немесе үшінші тарап қолданбаларында (мысалы, HealthKit API интерфейстері) пайдаланылатын алгоритмдермен әрекеттесуіңіз, болжалды геолокацияңыз, «Денсаулық» және «Фитнес» қолданбасымен өзара әрекеттесуіңіз, Apple Watch сағатын қанша уақыт пайдаланып жатқаныңыз және белсенділік пен денсаулыққа қатысты қолданбаларды, хабарландыруларды, реттеулерді және функцияларды қосқаныңыз және олармен жұмыс істеуі

Жоғарыда аталған деректердің барлығы жеке басыңызды анықтауға мүмкіндік бермейтіндей жолмен біріктірілуі және Apple компаниясына жіберілмес бұрын iPhone, iPad, Apple Vision Pro, AirPods және Apple Watch құрылғыларыңызда талдаудан өтуі мүмкін.

«Денсаулық, Белсенділік» деректерін пайдалану және жариялау

Apple компаниясы «Денсаулық, Белсенділік» бойынша жиналған деректерді денсаулық, белсенділік және фитнес функцияларын дамыту, жетілдіру және олардың тиімділігін түсіну үшін пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ Apple компаниясы «Денсаулық, Белсенділік» деректерін белсенділік пен денсаулыққа қатысты белгілі бір функциялар бойынша трендтерді анықтау және көрсеткіштерді бағалау мақсатында пайдалануы мүмкін. «Денсаулық, Белсенділік» бойынша жиналған «Денсаулық» қолданбасының деректері «Денсаулық» қолданбасының функцияларын қамтамасыз ететін модельдерді әзірлеу және жақсарту үшін жиналуы мүмкін. Мысалы, «Денсаулық» қолданбасының жиынтық іздеу сұраулары «Денсаулық» қолданбасының іздеу модельдерін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін. Деректеріңіз өзге мақсатта пайдаланылмайды және жеке деректерді қамтымайды.

Жекелеген жағдайларда Apple компаниясы кейбір біріктірілген деректерді нормативтік құжаттарға сәйкес тиісті денсаулық сақтау және медицина саласындағы реттеуші органдармен бөлісуі мүмкін. Мұндай деректер жеке деректерді немесе жеке басыңызды анықтауы мүмкін деректерді қамтымайды.

«Денсаулық» және «Белсенділік» қолданбасын жақсарту функциясын қоса отырып, осы ақпаратты жоғарыда сипатталғандай Apple компаниясына, оның еншілес кәсіпорындары мен агенттеріне беруге, жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға және жариялауға келісім бересіз. Apple компаниясы бұл ақпаратты сенімді үшінші тараптық сервис провайдерлерінде сақтауы мүмкін.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді.

Жарияланған күні: 2025 жылғы 15қыркүйек