-
«Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын жақсарту және құпиялылық
-
«Siri және дауыспен енгізу» функциясы Apple компаниясына пайдаланушылардың Siri мен «Дауыспен теру» функциясымен орындалған әрекеттердің аудиожазба іріктемесін сақтауға, ал қызметкерлеріне тексеруге мүмкіндік береді. Бұл Apple компаниясына Siri, «Дауыспен теру» және «Аудару» немесе «Дауыспен басқару» сияқты басқа да тіл өңдеу функцияларының шектеулі санын әзірлеуге және жақсартуға көмектеседі.
«Siri және дауыспен енгізу» функциясы Apple компаниясына пайдаланушылардың Siri, «Дауыспен теру» және «Аудару» функциясымен орындалған әрекеттердің аудиожазба іріктемесін сақтауға, ал қызметкерлеріне тексеруге мүмкіндік береді. Бұл Apple компаниясына Siri, «Дауыспен теру» және «Аудару» немесе «Дауыспен басқару» сияқты басқа да тіл өңдеу функцияларының шектеулі санын әзірлеуге және жақсартуға көмектеседі.
-
Siri және мәтінді дауыспен енгізу
Егер «Siri және дауыспен енгізу» реттеуін қоссаңыз, Apple компаниясы Siri және «Дауыспен теру» функциясымен өзара әрекеттесулеріңіздің дыбысын сақтауы мүмкін. Аудио деректері, транскрипциялар және қатысты сұрау деректері (мысалы, сіз жасаған сұраудың санаты, құрылғы сипаттамалары, өнімділік статистикасы және сұрау жіберілген уақыттағы құрылғының болжалды геолокациясы) Siri, «Дауыспен теру», «Іздеу» және Apple өнімдері мен сервистеріндегі басқа тіл өңдеу функцияларының шектеулі санын әзірлеу және жақсарту мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, транскрипциялар Siri, «Іздеу», «Дауыспен басқару», «Аудару» және сөйлеуді автоматты түрде тану модельдерін дәлдеп реттеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл деректердің ішкі жиынтығын бағалаушылар тексеруі мүмкін, ал аудио файлдарды Apple қызметкерлері ғана тексереді.
Аудио деректеріңізді, транскрипцияларды және қатысты сұрау деректерін қамтитын сұрау журналы сағатына бірнеше рет жаңартылатын және Apple аккаунтыңыз немесе эл. пошта мекенжайыңызға байланысты емес кездейсоқ, құрылғыда жасалған идентификатормен байланыстырылады. Apple компаниясы Siri, «Дауыспен теру», «Іздеу» және Apple өнімдері мен сервистеріндегі басқа тіл өңдеу функцияларының шектеулі санын әзірлеу және жақсарту үшін бұл деректерді екі жылға дейін сақтауы және пайдалануы мүмкін.
Siri және «Дауыспен теру» функциясының өзара әрекеттестігінің тарихы құрылғыңызда сақталады және Siri көмекшісін пайдалану тәжірибеңізді жекелендіру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Сұрау тарихы маркетинг профилін жасау үшін пайдаланылмайды және ешқашан ешкімге сатылмайды.
Егер Siri немесе «Дауыспен теру» функциясымен өзара әрекеттестіктердің бірі талдау үшін таңдалса, сұрау және оған Siri ұсынған жауап талдаудан өтеді. Бұл сұрауларды өңдеу дәлдігін анықтауға, сондай-ақ Siri, «Дауыспен теру», «Іздеу» және Apple өнімдері мен сервистеріндегі басқа тіл өңдеу функцияларының шектеулі санын жалпы жақсартуға мүмкіндік береді. Сұрауыңыздың контекстіне байланысты талдаушы Siri жауаптарының тиімділігін бағалау үшін сұрауға тікелей қатысты қосымша контекстік деректерге (мысалы, контактілеріңіздің аттары немесе құрылғыларыңызда орнатылған қолданбалар) қол жеткізуі мүмкін. Пайдаланушылардың «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясымен әрекеттестіктерінің аудиожазбаларына тек құпиялылықты сақтау бойынша міндеттемелер жүктелген Apple қызметкерлері қол жеткізе алады. «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын жақсарту реттеуін кез келген уақытта өзгертуге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика және жақсартулар» тармағына өтіңіз.
Құрылғыңызда сақталған «Siri және дауыспен теру» сұрауларының транскрипцияларын жоюға болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Siri және дауыспен енгізу тарихы» тармағына өтіп, «Siri және дауыспен енгізу тарихын жою» реттеуін түртіңіз.
«Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын өшіру үшін «Реттеулер» > «Жалпы» > «Пернетақта» тармағына өтіп, «Мәтінді дауыспен енгізу функциясын қосу» параметрін өшіріңіз. Содан кейін «Реттеулер» > «Siri» > «Siri–мен сөйлесу» тармағына өтіп, «Өшірулі» түймесін түртіңіз және «Реттеулер» > «Siri» тармағына өтіп, «Siri көмекшісін “Басты бет” түймесімен ашу» немесе «Siri көмекшісін бүйірлік түймемен ашу» реттеуін түртіп өшіріңіз. Егер Siri және «Дауыспен теру» функциясын өшірсеңіз, кездейсоқ идентификатормен байланысты өзара әрекеттесулеріңіз жойылады.
Аудару
Егер «Siri және дауыспен енгізу» реттеуін қоссаңыз, құрылғы жасаған кездейсоқ әрі үнемі өзгеріп тұратын идентификатормен байланысты «Аудару» сұрауларыңыздың дыбыстық, мәтіндік енгізілімдері мен транскрипциялары Siri, «Дауыспен теру», «Аудару» және Apple өнімдері мен сервистеріндегі басқа тіл өңдеу функцияларының шектеулі санын әзірлеу және жақсарту мақсатында сақталуы және тексерілуі мүмкін.
Apple компаниясына Siri, «Дауыспен теру», «Аудару» және басқа тіл өңдеу функцияларының шектеулі санын әзірлеуге және жақсартуға көмектесу үшін «Аудару» сұрауларыңыз екі жылға дейін сақталуы мүмкін. Мысалы, транскрипциялар Siri, «Іздеу», «Дауыспен басқару», «Аудару» және сөйлеуді автоматты түрде тану модельдерін дәлдеп реттеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер «Аудару» қолданбасымен өзара әрекеттестіктердің бірі талдау үшін таңдалса, аудару сұрауы мен оған берілген жауап талданады. Бұл дәлдікті анықтауға мүмкіндік береді. Пайдаланушылардың «Аудару» қолданбасымен әрекеттестіктерінің аудиоларына тек құпиялылықты сақтау бойынша міндеттемелер жүктелген Apple қызметкерлері қол жеткізе алады. Талданған аудару сұрауларының шағын ішкі жиынтығы Siri, «Дауыспен теру», «Аудару» және Apple өнімдері мен сервистеріндегі басқа да тіл өңдеу функцияларының шектеулі санын үздіксіз жақсарту үшін екі жылдан көп уақыт сақталуы мүмкін.
Жалпы
Егер бұл параметрді iPhone немесе iPad құрылғысын баптаған кезде қоссаңыз, ол Siri қосылған iPhone немесе iPad көмегімен бапталған кез келген жаңа Apple қосылған құрылғысында немесе қолдау көрсетілетін HomeKit керек-жарағында да қосылады. Бұл параметрді кейінірек әрбір құрылғының реттеулерінде өзгертуге болады.
«Siri және дауыспен енгізу» параметрін қосу арқылы сіз Apple компаниясының және оның еншілес компаниялары мен агенттерінің осы ақпаратты Siri, «Дауыспен теру», «Іздеу», «Аудару» және Apple өнімдері мен сервистеріндегі басқа тіл өңдеу функцияларының шектеулі санын жоғарыда сипатталғандай қамтамасыз ету және жақсарту мақсатында тасымалдауына, жинауына, сақтауына, өңдеуіне және пайдалануына келісесіз. Apple компаниясы бұл ақпаратты сенімді үшінші тараптық сервис провайдерлерінде өңдеп, сақтауы мүмкін. Apple компаниясы сіз Siri көмекшісін, «Дауыспен теру» немесе «Аудару» қолданбасын пайдаланған кезде жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді.
Жарияланған күні: 2025 жылғы 15қыркүйек