-
Поштаны санаттарға бөлу және құпиялылық
-
Apple компаниясы электрондық хаттарды санаттарға бөлу үшін белгілі бір электрондық пошта метадеректерін өңдейді. Бұл метадеректер электрондық хаттарыңыздағы мәтін мазмұнын қамтымайды.
Поштаны санаттарға бөлу ақпаратты қорғау талаптарын ескере отырып жасалған және сіз бөлісетін ақпаратты өзіңіз таңдай аласыз.
-
- Поштаны санаттарға бөлу электрондық хаттарды «Негізгі», «Транзакциялар», «Жаңартулар» және «Жарнамалық науқан» сияқты санаттарға сұрыптайды.
- iCloud Поштасына кіру үшін iCloud.com веб-сайтын пайдаланған кезде, Apple компаниясы электрондық хаттарды санаттарға сұрыптау үшін жіберушілер мен электрондық хат тақырыбы туралы ақпарат сияқты белгілі бір метадеректерді өңдейді.
- Поштаны санаттарға бөлу мүмкіндігін кез келген уақытта iCloud.com веб-сайтында «Пошта» > «Параметрлер» > «Поштаны санаттарға бөлу» бөліміне өту арқылы өшіруге болады.
Санаттарға бөлу хабарларды сұрыптайды және барлық аккаунтыңызда жаңалықтардан хабардар болуыңызға көмектеседі. iOS операциялық жүйесіндегі Пошта қолданбасындағы электрондық хаттарды ашқан кезде, санаттарға бөлу үшін мәліметтерді өңдеу тек құрылғыда орындалады. Егер iCloud Поштасына iCloud.com веб-сайтында кірсеңіз, Apple компаниясы iCloud ішіндегі электрондық хаттарды санаттарға сұрыптау үшін жіберушілер мен электрондық хат тақырыбы туралы ақпарат сияқты белгілі бір электрондық пошта метадеректерін өңдейді.
Электрондық хаттың санатын кез келген уақытта өзгерту мұмкіндігіңіз бар. Барлық қолмен жасалған санаттарға бөлу әрекеттерін қалпына келтіруге және Поштаны санаттарға бөлу мүмкіндігін iCloud.com веб-сайтындағы «Параметрлер» бөлімінде толығымен өшіруге болады.
Жеке деректерді өңдеуге арналған қолданылатын заңды негіз
Біз жеке деректеріңізді iCloud.com веб-сайтында қызмет көрсету және жергілікті міндеттерімізді орындау үшін қажетті жалпы Apple компаниясымен жасаған келісімшартты орындау мақсатында пайдаланамыз. Қолданыстағы заңмен талап етілген жағдайда, біз осы әрекеттерге пайдаланушылардың келісімін аламыз.
Сақтау
Apple компаниясы жеке деректерді, оларды тек жиналған мақсаттарды орындау үшін қажетті мерзімге, соның ішінде Apple компаниясының Құпиялылық саясатында немесе осы ескертуде сипатталғандай немесе заң бойынша талап етілген мерзім бойы сақтайды. Сақтау мерзімдерін бағалау кезінде, біз алдымен жиналған жеке деректерді сақтау қажеттілігін зерттейміз және сақтау қажет болған жағдайда жеке деректерді заңмен рұқсат етілген ең қысқа мерзім бойы сақтауға тырысамыз.
Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді.
2024 жылғы 6 қарашасы