Хабарлар және құпиялылық

iMessage арқылы хабарлар жіберу үшін телефон нөміріңізді немесе Apple аккаунтыңызды тіркеуге болады. Apple компаниясы iMessage қолданбасын пайдалану туралы шектеулі ақпаратты (мысалы, құрылғыңызда iMessage қолданбасының қолжетімділігі туралы ақпарат) 30 күнге дейін сақтайды.
 

«Хабарлар» қолданбасы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.


Privacy Icon

  • Егер «iCloud сақтық көшірмесі» немесе «iCloud бұлтындағы хабарлар» функциясын қоссаңыз, iCloud сервисінде хабарлардың сақтық көшірмесі жасалып, шифрланады.
  • iMessage функциясы өтпелі шифрлаумен қорғалған. Телефон нөміріңізді немесе эл. поштаңыздың мекенжайын сіз хабарласатын адамдар көре алады, сондай-ақ олармен атыңыз бен фотоңызды бөлісу не бөліспеу керек екенін таңдай аласыз.
  • Apple компаниясы iMessage қолданбасын пайдалану туралы шектеулі ақпаратты (мысалы, құрылғыңызда iMessage қолданбасының қолжетімділігі туралы ақпарат) 30 күнге дейін сақтайды.

Хабарлар — пайдаланушыларға SMS, MMS, RCS, iMessage және Apple Messages for Business арқылы байланысуға мүмкіндік беретін қолданба. iMessage — iPhone, iPad, Mac, Apple Vision Pro немесе Apple Watch құрылғыларындағы «Хабарлар» қолданбасында хабар жіберу және алу үшін пайдалануға болатын Apple компаниясының хабар алмасу сервисі. iMessage арқылы жіберілген хабарлар фотоларды, видеоларды және басқа да ақпаратты қамтуы мүмкін және олар ұялы байланыс операторыңыздың тарифтік жоспарымен есептелмейді.

iMessage сервисінде өтпелі шифрлау пайдаланылады, сондықтан сұхбаттарыңыз құрылғылар арасында тасымалданған кезде, Apple компаниясы олардың мазмұнының шифрын аша алмайды. iMessage арқылы жіберілетін тіркемелер (мысалы, фотолар немесе видеолар) шифрланған күйде болады, сондықтан оларға жіберуші мен алушылардан басқа ешкім қол жеткізе алмайды. Бұл шифрланған тіркемелер Apple компаниясына жіберілуі мүмкін. Өнімділікті жақсарту үшін, сіз iMessage қолданбасында хабар теріп жатқан кезде, құрылғыңыз тіркемелерді Apple компаниясына автоматты түрде жіберуі мүмкін. Егер хабар жіберілмесе, тіркемелер серверден 30 күннен кейін жойылады. iOS, iPadOS, visionOS немесе watchOS құрылғыңызда құпиякодты немесе құпиясөзді орнатқаннан кейін, сақталған хабарлар құрылғыда шифрланады және оларға құрылғының құлпын ашпай қол жеткізу мүмкін болмайды.

Ұялы байланыс қосылымы болмаса және интернетке кіре алмасаңыз, жарамды iPhone құрылғысы хабарларды жерсерік арқылы жіберу және алу әрекетін бастауды сұрауы мүмкін. Бұл функция iMessage және SMS хабарларын жерсерік арқылы жіберуге және алуға мүмкіндік береді. Жерсерік арқылы хабарлар жіберу және алуды бастағаннан кейін, сізге iMessage арқылы хабар жіберуге әрекеттенетін достарыңыз бен отбасыңыз жерсерік арқылы хабар жіберіп жатқаныңызды көруі мүмкін. SMS хабарларын жіберу және алу, оның ішінде жерсерік арқылы хабар алмасу кезінде, сервис Apple тарапынан емес, ұялы байланыс операторыңыздың тарапынан жұмыс істейді.

iMessage хабарларын құрылғыңыздан 30 күннен кейін немесе бір жылдан кейін автоматты түрде жою опциясын немесе құрылғыда мерзімсіз сақтау опциясын таңдауға болады. Егер «iCloud сақтық көшірмесі» немесе «iCloud бұлтындағы хабарлар» функциясын қосқан болсаңыз, SMS, MMS, RCS, RCS Business Messages, Apple Messages for Business және iMessage хабарларының сақтық көшірмесі ыңғайлылық үшін iCloud сервисінде жасалып, шифрланады. «iCloud сақтық көшірмесі» және «iCloud бұлтындағы хабарлар» функциясын кез келген уақытта өшіруге болады. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > [атыңыз] > iCloud тармағына өтіңіз. Mac компьютеріңізде Messages (Хабарлар) > Settings (Реттеулер) > iMessage тармағына өтіп, Enable Messages in iCloud (iCloud сервисіндегі хабарларды қосу) опциясын таңдаудан алыңыз.

iMessage сервисіне Apple аккаунтымен немесе тек телефон нөмірімен де кіруге болады. Құрылғыңызда жүйеге Apple ID аккаунтыңызбен кірсеңіз, iMessage аккаунтыңызға автоматты түрде кіресіз. Apple аккаунтыңызды немесе телефон нөмірлеріңізді сіз хабарласатын адамдар көре алады, сондай-ақ адамдар сізге Apple аккаунтыңыз және аккаунтыңызбен байланысты эл. пошта мекенжайлары немесе телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады. «iMessage реттеулері» мәзірінде сұхбатты бастау, сондай-ақ хабарларды алу және оларға жауап беру үшін пайдалану қажет телефон нөмірлерін немесе эл. пошта мекенжайларын таңдауға болады. Қосымша байланыс ақпаратыңызды Apple аккаунтыңыздың account.apple.com веб-бетінде қосуға және растауға болады. iMessage отбасыңызбен және достарыңызбен хабар алмасуға арналған, ал коммерциялық әрекеттерге немесе қажетсіз хабарларды таратуға арналмаған. iMessage сервисін тиісінше пайдаланбау сервистік шектеулерге әкелуі мүмкін.

«Сізге жіберілді» функциясы жүйеден «Хабарлар» қолданбасында бөлісілген мақалаларды, музыканы, телешоуларды және т.б. іздейді және оларды Safari, News, «Музыка» және «Подкасттар» сияқты қолданбаларда ыңғайлы етіп көрсетеді. Бұл қажетті ақпаратты жылдам табуға мүмкіндік береді. Apple компаниясы осы белгіленген контентке сіздің рұқсатыңызсыз қол жеткізе алмайды. «Сізге жіберілді» функциясын кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғысында «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Хабарлар» тармағына өтіп, «Сізге жіберілді» параметрін өшіріңіз. Mac компьютеріңізде Messages (Хабарлар) > Settings (Реттеулер) > Shared with You (Сізге жіберілді) тармағына өтіңіз. Сондай-ақ «Сізге жіберілді» функциясына қандай қолданбалардың қол жеткізе алатынын басқаруға болады. Ол үшін «Сізге жіберілді» бөлімінде қолданбаны түртіңіз немесе таңдаңыз.

Хабарларды реттеуге көмектесу үшін хабарды сүзгілеу функциясын пайдалануға болады. «Белгісіз жіберушілерді cүзгілеу» контактілер тізіміңізде жоқ жіберушілерден келген хабарларды бөлек тізімге сұрыптайды және хабарларды қосымша санаттарға сұрыптауға болады.

Сонымен қатар «Спамды сүзгілеу» функциясы белгісіз жіберушілерден спамды сүзгілеу үшін құрылғыдағы ережелерді, эл. хат үлгілерін және жіберушіні іздеуді пайдаланады. Сүзгілеу Apple компаниясы үшін ешбір хабар мазмұнын ашпайды. Жіберушіні іздеу кезінде Apple компаниясына хабарды жіберуші немесе алушы туралы ақпарат берілмейді. Спам сүзгісін кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Хабарлар» > «Спамды сүзгілеу» тармағына өтіңіз.

«Ат пен фотоны бөлісу» функциясы арқылы iMessage сервисінде сөйлесетін адамдарға атыңыз бен фотоңызды жіберуге болады. Контактілеріңізбен автоматты түрде бөлісу опциясын немесе әрбір бөлісу әрекеті кезінде сұрау көрсету опциясын таңдауға болады. Атыңыз бен фотоңыз сіз бөліскіңіз келетін адамдарға келесі iMessage хабарымен бірге жіберіледі де, олардың құрылғыларында сақталады. Егер атыңыз бен фотоңызды бірнеше адам қатысатын iMessage сұхбатында бөліссеңіз, атыңыз бен фотоңыз сұхбаттағы барлық адамға жіберіледі. Атыңыз бен фотоңызды кез келген уақытта жаңартуға болады. Егер автоматты түрде бөлісу опциясы таңдалған болса, келесі iMessage хабарын жіберген кезде, жаңартылған атыңыз бен фотоңыз сіз бөліскен әрбір адамға жіберіледі. Егер атыңыз бен фотоңызды бұрын бөлісіп, бірақ кейінірек бөлісу опциясын өшірген болсаңыз, бұрын жіберілген атыңыз бен фотоңыз алушылардың құрылғыларында сақталып қалған болуы мүмкін. Хабарлар үшін таңдалған атыңыз бен фотоңыз Apple компаниясына жіберіледі және Apple серверлерінде шифрланған күйде сақталады. Apple компаниясы бұл ақпаратты көре алмайды.

Apple өнімдері мен сервистерінің жұмысын қамтамасыз ету және жақсарту үшін Apple компаниясы «Хабарлар» қолданбасы мен iMessage сервисін пайдалануға қатысты кейбір ақпаратты жазуы және сақтауы мүмкін:

  • Apple компаниясы iMessage сервисін пайдалану туралы ақпаратты, оның ішінде хабарларды жерсерік арқылы қашан жібергеніңізді және алғаныңызды жеке басыңызды анықтамайтындай жолмен жазуы және сақтауы мүмкін.
  • Сіз немесе басқа біреу спам немесе қалаусыз хабарлар туралы хабарлағанда, Apple компаниясы оған жіберілген ақпаратты сақтауы мүмкін. Apple компаниясы алаяқтық пен теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында спам және қалаусыз хабар есептеріндегі немесе оларға қатысты ақпаратты сақтауы және пайдалануы мүмкін.
  • Apple компаниясы жеткізілуі кейінге жоспарланған немесе жеткізу мүмкін емес iMessages хабарларын 30 күнге дейін сақтай алады.
  • Құрылғыңыздағы кейбір қолданбалар (оның ішінде «Хабарлар» қолданбасы) басқа адамдарға iMessage сервисі арқылы хабарласуға болатынын не болмайтынын анықтау үшін Apple серверлеріне сұрау жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда Apple компаниясы аккаунтыңызбен байланысты телефон нөмірлері мен эл. пошта мекенжайларын 30 күнге дейін сақтауы мүмкін.

Бұл функцияларды пайдалану арқылы сіз Apple компаниясының және оның еншілес компаниялары мен агенттерінің осы ақпаратты жоғарыда сипатталғандай тасымалдауына, жинауына, сақтауына, өңдеуіне және пайдалануына келісесіз.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді.

Жарияланған күні: 2025 жылғы 15қыркүйек