Құпиясөздер және құпиялылық

Құпиясөздерді қауіпсіз түрде сақтау және бөлісу, сондай-ақ құпиясөздер сенімсіз болған, қайта пайдаланылған немесе ұрланған жағдайда хабарландыру алу.


Аккаунтыңыз туралы сақталған ақпарат (мысалы, онымен байланыстырылған пайдаланушы аттары, құпиясөздер, кіру кілттері, бір реттік құпиясөздер және электрондық пошта мекенжайлары) «Құпиясөздер» қолданбасында қауіпсіз түрде сақталуы мүмкін. Аккаунт туралы ақпаратты енгізу сұралғанда (мысалы, қолданбада немесе веб-сайтта), «Құпиясөздер» қолданбасы ақпаратты автоматты түрде толтыруы мүмкін. «Құпиясөздер» қолданбасында сақталған ақпарат құрылғыда шифрланған күйде сақталады және оны Apple компаниясы көре алмайды.

«Құпиясөздер» қолданбасы құпиясөздің күшін жақсарту бойынша әрекеттер ұсынуы мүмкін. Мысалы, «Құпиясөздер» қолданбасы сақталған құпиясөздің әлсіз екенін, бірнеше аккаунтта қайта пайдаланылғанын немесе жиі пайдаланылатынын айтуы мүмкін. Бұл ұсыныстар тек құрылғыңызда өңделген деректерге негізделеді.

«Құпиясөздер» қолданбасындағы «Бұзылған құпиясөздерді анықтау» функциясы құпиясөздеріңіздің біреуі ұрлану нәтижесінде бұзылған болса, аккаунттарыңызды немесе құпиясөздеріңізді Apple компаниясына жарияламай-ақ құрылғы ол жөнінде де хабар береді. Бұл функция қауіпсіз және құпия жолмен құписөзіңіздің туындыларын ұрланған құпиясөздермен мерзімді түрде салыстырып тексеру үшін сенімді криптографиялық технологияларды пайдаланады. Apple компаниясы құрылғыңызға ұрлану нәтижесінде жария етілген жиі пайдаланылатын құпиясөздер тізімін жібереді. Егер құпиясөздеріңіз осы тізімде болмаса, «Құпиясөздер» қолданбасы құпиясөздердің ұрланған деректер арасында бар-жоғын тексеру үшін Apple компаниясына құпиясөздер негізінде есептелген ақпаратты жібереді. Қандай да бір құпиясөздеріңіз ұрланған деректер арасында болуы ықтимал болса, сізге ол жайында ескерту жіберіледі. Нақты құпиясөздердің өзі ешқашан Apple компаниясына берілмейді және Apple компаниясы құпиясөздер негізінде есептелген ақпаратты сақтамайды. Бұл функцияны кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Құпиясөздер» > «Бұзылған құпиясөздерді анықтау» тармағына өтіңіз.

Егер iCloud құпиясөздері және кілттер жинағы қосылған болса, құпиясөздерді, кіру кілттерін, бір реттік құпиясөздерді және байланысты ақпаратты басқалармен, соның ішінде топтармен бөлісе аласыз. «Құпиясөздер» қолданбасындағы ақпаратты топпен бөліскен кезде, сол топтағы кез келген адам құпиясөзді өзгерте немесе жоя алады. Пайдаланушы топқа қосылған кезде, ол топта бөліскен барлық құпиясөзге қол жеткізе алады. Пайдаланушы топтан шыққанда, оның топпен бөліскен құпиясөздері сақталады, бірақ ол сол топтағы басқа пайдаланушылар бөліскен құпиясөздерге қол жеткізе алмайды. Құпиясөздерді бөлісу мүмкіндігі өтпелі шифрлаумен қорғалады және Apple сіз бөліскен құпиясөздерді көре алмайды.

«Құпиясөздер» қолданбасында жойылған ақпаратты, егер біржолата жоймасаңыз, 30 күн ішінде қалпына келтіруге болады.

«Құпиясөздер» қолданбасы құпиясөз жанында белгішені көрсетуі мүмкін. Құпиясөз веб‑сайтпен байланысты болса, әртүрлі ұйымдар басқаратын екі дербес торапты пайдалана отырып, белгішеcі сол веб-сайттан жүктеп алынуы мүмкін. Бірінші тарап «Құпиясөздер» қолданбасы жүктеп алатын белгіше туралы емес, IP мекенжайыңыз туралы біледі. Екінші торапқа сіз жүктеп алып жатқан белгіше түрі белгілі, бірақ одан IP мекенжайыңыз жасырылған. Оның орнына торап жіберушіге пайдаланушының жеке басы туралы жалпылама ақпаратты береді. Осылайша ешбір ұйым жеке басыңызды және сіз жүктеп алатын белгішелерді анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа ие болмайды.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді

Жарияланған күні: 2024 жылғы 6 қарашасы