Жекелендірілген кеңістіктік дыбыс және құпиялылық

Кеңістіктік дыбысқа арналған жеке профильдер жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.


Кеңістіктік дыбыстың жеке профилі аудионы сіздің дыбысты тыңдау әдеттеріңізге сәйкестендіре бейімдейді. Кеңістіктік дыбыс профилін құруды шешсеңіз, сіздің құрылғыңыз құлағыңыз бен басыңыздың пішінін жасау үшін TrueDepth камерасын пайдаланады. Профиліңізді жасау үшін қолданылған камера деректері толығымен құрылғыда өңделеді және бұл жағдайда кескіндер сақталмайды.

Жекелендірілген кеңістіктік дыбыс AirPods сияқты қосылған құрылғыларда дыбыстың шығарылу тәсілін өзгерту үшін дыбысты ойнату кезінде жеке профиліңізді пайдаланады. Мысалы, кеңістіктік дыбысқа арналған жеке профиліңізді кеңістіктік дыбысты қолдайтын құрылғыларда дыбысты тыңдау сапасын жақсарту мақсатында дыбысты өңдеудегі кідірісті реттеу үшін пайдалануға болады. iCloud сервисін пайдаланған жағдайда, кеңістіктік дыбысқа арналған жеке профиліңіз өтпелі шифрлау көмегімен барлық Apple құрылғыңызда синхрондалады және Apple компаниясы оны оқи алмайды.

Кеңістіктік дыбысқа арналған жеке профиліңізді кез келген уақытта жоюға болады. iOS құрылғыңызда «Реттеулер» > «[кеңістіктік дыбыс функциясы қосылған құрылғының атауы]» > «Жекелендірілген кеңістіктік дыбыс» тармағына өтіп, «Жекелендірілген кеңістіктік дыбысты пайдалануды тоқтату» түймесін түртіңіз. visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > «Bluetooth» > «Менің құрылғыларым» тармағына өтіп, «Кеңістіктік дыбыс функциясы қосылған құрылғының атауы» жанындағы «Ақпарат» түймесін түртіңіз, содан кейін «Жекелендірілген кеңістіктік дыбыс» > «Пайдалануды тоқтату» тармағын түртіңіз. Mac компьютерінде System Settings (Жүйе реттеулері) > «[кеңістіктік дыбыс функциясы қосылған құрылғының атауы]» > Personalized Spatial Audio (Жекелендірілген кеңістіктік дыбыс) тармағына өтіп, Stop Using Personalized Spatial Audio (Жекелендірілген кеңістіктік дыбысты пайдалануды тоқтату) түймесін басыңыз. «Жекелендірілген кеңістіктік дыбыс» функциясын өшірсеңіз, профиліңіз барлық құрылғыңыздан жойылады.

Жарияланған күні: 2024 жылғы 20қыркүйек