-
Іздеу және құпиялылық
-
Apple компаниясына Safari, Siri және Spotlight қолданбаларында енгізген іздеу сұрауларыңызды сақтауға рұқсат беру арқылы «Іздеу» функциясын жақсартуға көмектесіңіз. Іздеу сұрауларыңыз жеке басыңызды анықтау мүмкін болмайтындай сақталады. Іздеу сұрауларына жалпы ақпаратты іздеу, сондай-ақ музыка ойнату және бағыттарды алу сияқты әрекеттерді орындау бойынша сұраулар кіреді.
«Іздеу» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.
-
Іздеу нәтижелерінің өзектілігін арттыру үшін кейбір ақпарат Apple компаниясына жіберіледі және сізбен байланыстырылмайды.
Look Up (Іздеу) немесе Visual Look Up (Суретте не бар?) функциясын қолданғанда, іздеу жолағына мәтін енгізгенде, Safari браузерінде, Messages (Хабарлар) қолданбасындағы #суреттер хэштегі немесе Spotlight арқылы іздегенде, шектеулі ақпарат Apple компаниясына жіберіледі, осылайша ең соңғы ұсыныстарды алуға болады. Apple компаниясына жіберілетін кез келген ақпарат сіздің жеке басыңызды анықтамайды, ол құрылғыңыз әр 15 минут сайын жасайтын кездейсоқ идентификатормен байланыстырылады. Бұл ақпарат келесі деректерді қамтуы мүмкін: геолокация, сізді қызықтыратын тақырыптар (мысалы, тамақ дайындау немесе баскетбол), іздеу сұрауларыңыз, соның ішінде визуалды іздеу сұраулары, іздеу сұрауларыңызға қатысты контекстік ақпарат, сіз таңдаған ұсыныстар, сіз пайдаланатын қолданбалар және құрылғыны пайдалануға қатысты деректер. Бұл ақпарат құрылғыңызда файлдарды немесе контентті көрсететін іздеу нәтижелерін қамтымайды. Егер сіз музыка немесе видео жазылым сервистеріне жазылсаңыз, сол сервистердің атаулары мен жазылым түрі Apple компаниясына жіберілуі мүмкін. Аккаунтыңыздың атауы, нөмірі және құпиясөзі Apple компаниясына жіберілмейді.
Сондай-ақ Siri арқылы іздеуге, мысалы, Siri көмекшісінен жалпы ақпаратты немесе бағыттарды алу сияқты әрекеттерді орындауын сұрауға болады. Siri көмекшісін пайдаланған кезде, сұрауыңыздың транскрипциясы және басқа деректер сұрауыңызды өңдеу үшін Apple компаниясына жіберіліп, сақталуы мүмкін. Siri деректеріңізді қалай өңдейтіні туралы қосымша ақпаратты «Реттеулер» > «Siri» тармағына өту арқылы білуге болады.
Іздеу сұрауларыңызға байланысты Apple компаниясына жіберілген ақпарат сұрауыңызды өңдеу және іздеу нәтижелерін әзірлеу және жақсарту мақсатында, мысалы, іздеу модельдерін дәлдеп реттеу үшін іздеу сұрауларын қолдану арқылы пайдаланылады. Ол Apple аккаунтыңызбен немесе эл. пошта мекенжайыңызбен байланыстырылмаған.
Жиынтық ақпарат Apple компаниясының басқа өнімдері мен сервистерін жақсарту мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ Apple компаниясы «Іздеу» функциясының өнімділігі мен сапасын бағалау және жақсарту мақсатында іздеу құралдарына іздеу сұрауларының кездейсоқ әдіспен іріктелген шектеулі жиынтығын жіберуі мүмкін.
Safari браузеріндегі іздеу машинасының ұсыныстары
Safari браузерінде іздеу сұрауларын және веб-мекенжайларды енгізу үшін бірдей өріс пайдаланылады, сонда веб‑сайттарға кіріп, интернетте оңай және ыңғайлы жұмыс істеуге болады. «Іздеу машинасының ұсыныстары» функциясы қосулы болғанда, Safari браузері таңдалған іздеу машинасынан сіз енгізген мәтін негізінде ұсыныстар сұрайды.
Үздік нәтижені Safari браузерінен алдын ала жүктеу
«Үздік нәтижені алдын ала жүктеу» функциясын қосқаннан кейін, Safari браузері бетбелгілер мен шолу тарихына негізделген үздік іздеу нәтижесін анықтаған соң, ол веб-беттерді фондық режимде алдын ала жүктей бастайды. Егер бұл опцияны өшірсеңіз, веб-бет қалыпты режимде жүктеледі.
Таңдау және басқару мүмкіндігіңіз бар
Іздеу сұрауларының Apple компаниясында сақталуын және «Іздеу» функциясын жақсарту үшін пайдаланылуын қаламасаңыз, «Реттеулер» > «Іздеу» тармағына өтіп, «Apple компаниясына "Іздеу" функциясын жақсартуға ат салысу» функциясын түртіп өшіруге болады. «Siri және дауыспен енгізу» функциясын қосқан болсаңыз, Siri арқылы жасаған іздеу сұрауларыңыз сақталып, Siri көмекшісін жақсарту үшін пайдаланылады. «Siri және дауыспен енгізу» функциясын өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика мен жақсартулар» тармағына өтіп, «Siri және дауыспен енгізу» реттеуін түртіп өшіріңіз.
Егер сіз интернеттен алынған контент пен іздеу нәтижелерін көргіңіз келмесе, «Соңғы ізделгендерді көрсету» және «Байланысты контентті көрсету» функцияларын өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Іздеу» тармағына өтіп, осы функцияларды түртіп өшіріңіз.
Іздеу кезіндегі геолокация сервистерін өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Геолокация сервистері» > «Жүйелік сервистер» тармағына өтіп, «Ұсыныстар және іздеу» реттеуін өшіріңіз. Егер құрылғыңызда «Геолокация сервистері» функциясын өшірсеңіз, сіздің геолокацияңыз туралы ақпарат Apple компаниясына жіберілмейді.
Apple компаниясы жіберілген ақпаратты сенімді үшінші тараптық сервис провайдерлерінде өңдеп, сақтауы мүмкін.
«Іздеу» функциясын пайдалана отырып, Apple және оның еншілес компаниялары мен агенттерінің осы ақпаратты тасымалдауына, жинауына, сақтауына, өңдеуіне және пайдалануына келісім бересіз. Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді.
Жарияланған күні: 2025 жылғы 4 тамызы