Іздеу және құпиялылық

Apple компаниясына Safari және Spotlight қолданбаларында енгізген іздеу сұрауларыңызды және Siri арқылы жасаған іздеу сұрауларыңызды сақтауға рұқсат беру арқылы «Іздеу» функциясын жақсартуға көмектесіңіз. Іздеу сұрауларыңыз жеке басыңызды анықтау мүмкін болмайтындай сақталады. Іздеу сұрауларына әлем туралы ақпаратты іздеу, сондай-ақ музыка ойнату сияқты әрекеттерді орындау бойынша сұраулар кіреді.
 

«Іздеу» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.


Іздеу нәтижелерінің өзектілігін арттыру үшін сізге қатысы жоқ кейбір ақпарат Apple компаниясына жіберіледі

Кейде әлемдік білім қорына қатысты сұрауыңызға жауап беру үшін жаңартылған ақпарат қажет болуы мүмкін. «Іздеу» немесе «Визуалды іздеу» функциясын қолданғанда, «Пәрмендер» үшін «Интернеттегі білім қоры» функциясын қосқанда, іздеу жолағына мәтін енгізгенде, Safari браузерінде, «Хабарлар» қолданбасындағы #суреттер хэштегі немесе Spotlight арқылы іздегенде жасалған сұраулар үшін, шектеулі ақпарат Apple компаниясына жіберіледі, осылайша ең соңғы ұсыныстарды алуға болады. Apple компаниясына жіберілетін кез келген ақпарат жеке басыңызды анықтамайды және сағатына бірнеше рет ауысып тұратын және Apple аккаунтыңызбен немесе эл. пошта мекенжайыңызбен байланыстырылмайтын, құрылғы жасайтын кездейсоқ идентификатормен байланысты. Бұл ақпарат келесі деректерді қамтуы мүмкін: геолокация, сізді қызықтыратын тақырыптар (мысалы, тамақ дайындау немесе баскетбол), іздеу сұрауларыңыз, соның ішінде визуалды іздеу сұраулары, іздеу сұрауларыңызға қатысты контекстік ақпарат, сіз таңдаған ұсыныстар, сіз пайдаланатын қолданбалар және құрылғыны пайдалануға қатысты деректер. Бұл ақпарат құрылғыңызда файлдарды немесе контентті көрсететін іздеу нәтижелерін қамтымайды. Егер сіз музыка немесе видео жазылым сервистеріне жазылсаңыз, сол сервистердің атаулары мен жазылым түрі Apple компаниясына жіберілуі мүмкін. Аккаунтыңыздың атауы, нөмірі және құпиясөзі Apple компаниясына жіберілмейді.

Сондай-ақ Siri арқылы іздеуге болады, мысалы, Siri көмекшісінен рецепттер немесе сүйікті орындаушыңыздың концерттер кестесі сияқты кез келген жалпы ақпаратты сұрау немесе «Siri арқылы жазу» функциясын пайдаланып, энциклопедиялық білімді қажет ететін сұрау жасау арқылы. Siri әлемдік білім қорына қол жеткізу үшін интернетке кіруі қажет болғанда, сұрауыңыз немесе оның ішкі жиыны Apple компаниясына жіберілуі және сақталуы мүмкін. Siri деректеріңізді қалай өңдейтіні туралы қосымша ақпаратты «Реттеулер» > «Siri» тармағына өту арқылы білуге болады.

Safari қолданбасын ашқан кезде, Apple компаниясы Safari қолданбасын жақсарту мақсатында Safari арқылы іздеуді пайдаланатыныңыз немесе пайдаланбайтыныңыз туралы ақпаратты және құрылғыңыздың сипаттамаларын да жинайды. Бұл ақпарат Apple аккаунтыңызға тіркелмеген ұзақ мерзімді идентификаторлармен немесе жеке басыңызды анықтауы мүмкін басқа ақпаратпен байланысты және сіз іздеген нәрсені қамтымайды.

Іздеу сұрауларыңызға, соның ішінде Siri арқылы іздеу сұрауларына қатысты Apple компаниясына жіберілген ақпарат сұрауыңызды өңдеу және іздеу нәтижелерін әзірлеу және жақсарту мақсатында, мысалы, іздеу модельдерін дәлдеп реттеу үшін іздеу сұрауларын қолдану арқылы пайдаланылады. Ол Apple аккаунтыңызбен немесе эл. пошта мекенжайыңызбен байланыстырылмаған.

Жиынтық ақпарат Apple компаниясының басқа өнімдері мен сервистерін жақсарту мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ Apple компаниясы «Іздеу» функциясының өнімділігі мен сапасын бағалау және жақсарту мақсатында іздеу құралдарына іздеу сұрауларының кездейсоқ әдіспен іріктелген шектеулі жиынтығын жіберуі мүмкін.

Ақпаратты үшінші тараптарға жариялау

Өнімдеріміз бен сервистерімізді ұсыну үшін Apple компаниясымен бірге жұмыс істейтін стратегиялық серіктестерімізге белгілі бір жеке басыңызға қатысы жоқ деректерді беруге міндеттіміз. Мысалы, Apple компаниясы іздеу нәтижелерін ұсыну үшін пайдаланылатын веб-сайттар туралы жеке басыңызға қатысы жоқ, жиынтық деректерді баспагерлермен бөлісуі мүмкін.

Safari браузеріндегі іздеу машинасының ұсыныстары

Safari браузерінде іздеу сұрауларын және веб-мекенжайларды енгізу үшін бірдей өріс пайдаланылады, сонда веб‑сайттарға кіріп, интернетте оңай және ыңғайлы жұмыс істеуге болады. «Іздеу машинасының ұсыныстары» функциясы қосулы болғанда, Safari браузері таңдалған іздеу машинасынан сіз енгізген мәтін негізінде ұсыныстар сұрайды.

Үздік нәтижені Safari браузерінен алдын ала жүктеу

«Үздік нәтижені алдын ала жүктеу» функциясын қосқаннан кейін, Safari браузері бетбелгілер мен шолу тарихына негізделген үздік іздеу нәтижесін анықтаған соң, ол веб-беттерді фондық режимде алдын ала жүктей бастайды. Егер бұл опцияны өшірсеңіз, веб-бет қалыпты режимде жүктеледі.

Визуалды интеллект

Apple компаниясы кескіндегі ақпаратты білмеуі үшін, визуалды интеллект «Жеке бұлттық есептеу» және «Жеке ақпаратты шығару» арқылы кескіндер туралы ақпаратты іздей алады.

Сонымен қатар визуалды интеллект анықтаған кәсіпорындар, көрнекі жерлер мен басқа да қызықты орындар туралы ақпаратты іздеу үшін геолокацияңызды Apple Maps сервисіне жіберуі мүмкін. Apple Maps сервисін пайдаланған кезде жиналатын деректер туралы қосымша ақпарат алу үшін www.apple.com/legal/privacy/data/kz/apple-maps веб-бетіне өтіңіз.

Сондай-ақ «Google арқылы іздеу» функциясын кескін бойынша нәтижелерді іздеу үшін пайдалануға болады. Іздеу түймесін түрткен кезде, ол камерамен түсірілген кескінді Google компаниясына жібереді. «Google арқылы іздеу» функциясын пайдаланған кезде, Google деректердің құпиялылық саясаттары қолданылады.

ChatGPT кеңейтімі қосулы болса, кескін туралы толығырақ білу мақсатында оны ChatGPT сервисіне жіберуге болады. ChatGPT деректеріңізді қалай өңдейтіні туралы қосымша ақпарат алу үшін www.apple.com/legal/privacy/data/kz/chatgpt-extension веб-бетіне өтіңіз. Сіздің IP мекенжайыңыз Google және ChatGPT сервистерінен жасырылады және оларға жіберілмейді.

Таңдау және басқару мүмкіндігіңіз бар

Іздеу сұрауларының Apple компаниясында сақталуын және «Іздеу» функциясын жақсарту үшін пайдаланылуын қаламасаңыз, «Реттеулер» > «Іздеу» тармағына өтіп, «Apple компаниясына "Іздеу" функциясын жақсартуға ат салысу» функциясын түртіп өшіруге болады. «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» немесе «Siri және Apple Intelligence функциясын жақсарту» реттеуін қосқан болсаңыз, Siri арқылы жасаған іздеу сұрауларыңыз сақталып, Siri көмекшісін жақсарту үшін пайдаланылады. «Siri және дауыспен енгізу» немесе «Siri және Apple Intelligence функциясын жақсарту» функциясын өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика мен жақсартулар» тармағына өтіп, «Siri және дауыспен енгізу» немесе «Siri және Apple Intelligence функциясын жақсарту» реттеуін түртіп өшіріңіз.

Егер сіз интернеттен алынған контент пен іздеу нәтижелерін көргіңіз келмесе, «Соңғы ізделгендерді көрсету» және «Байланысты контентті көрсету» функцияларын өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Іздеу» тармағына өтіп, осы функцияларды түртіп өшіріңіз.

Іздеу кезіндегі геолокация сервистерін өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Геолокация сервистері» > «Жүйелік сервистер» тармағына өтіп, «Ұсыныстар және іздеу» реттеуін өшіріңіз. Егер құрылғыңызда «Геолокация сервистері» функциясын өшірсеңіз, сіздің геолокацияңыз туралы ақпарат Apple компаниясына жіберілмейді. Сұрауға сәйкес келетін іздеу ұсыныстарын және жаңалықтарды беру үшін Apple компаниясы геолокацияны географиялық аймақпен сәйкестендіру арқылы геолокацияңызды шамалап анықтау мақсатында интернет қосылымының IP мекенжайын пайдалануы мүмкін.

Apple компаниясы жіберілген ақпаратты сенімді үшінші тараптық сервис провайдерлерінде өңдеп, сақтауы мүмкін.

«Іздеу» функциясын пайдалана отырып, Apple және оның еншілес компаниялары мен агенттерінің осы ақпаратты тасымалдауына, жинауына, сақтауына, өңдеуіне және пайдалануына келісім бересіз. Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді.

2026-10-26