Мәтіндік хабар сүзгілері және құпиялылық

Мәтіндік хабар сүзгілері белгісіз RCS, SMS және MMS хабарларын анықтауға және сүзгілеуге мүмкіндік береді.


Үшінші тараптың мәтіндік хабар сүзгілерін орнатуға және пайдалануға болады. Бұл жағдайда үшінші тараптық сүзгіні ұсынатын әзірлеуші белгісіз жіберушілерден алынған RCS, SMS пен MMS кіріс хабарларының толық мәтініне және мазмұнына қол жеткізе алады. Бұл хабарлар банктер мен басқа мекемелердің растау кодтарын, сондай-ақ RCS, SMS пен MMS хабарларында болуы мүмкін басқа да жеке және құпия ақпаратты қамтуы мүмкін. Үшінші тарап әзірлеушісі ұсынған мәтіндік хабардың спам сүзгісін пайдаланған кезде, сізге осы сүзгі әзірлеушісінің шарттары, құпиялылық саясаты және тәжірибелері қолданылады. Осындай үшінші тараптардың шарттарымен, құпиялылық саясаттарымен және жұмыс істеу әдістерімен танысуға кеңес береміз. Үшінші тарап әзірлеушісі ұсынған мәтіндік хабардың спам сүзгісін жою үшін «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Хабарлар» > «Белгісіз және спам» тармағына өтіп, сүзгіні тізімнен жойыңыз.

Мәтіндік хабарға үш рет жауап бергеннен кейін немесе жіберушіні контактілерге қосқаннан кейін, осы жіберушіден келген мәтіндік хабарлар енді белгісіз жіберушіден алынғандай сүзгіден өтпейді.

Бразилия мен Үндістандағы «Хабарлар» пайдаланушыларына арналған ақпарат

Мәтіндік хабар сүзгісі пайдаланушыларға хабарларын ұйымдастыруға көмектесу үшін әдепкі бойынша қосылған. Құрылғыдағы машиналық оқыту құралын қолдана отырып, белгісіз жіберушілердің хабарларын екі ішкі санат бойынша сұрыптауға болады: Транзакциялар немесе жарнама. Мәтіндік хабар сүзгісі Apple компаниясына «Хабарлар» қолданбасы ішіндегі қандай да бір мазмұнды немесе деректі жібермейді. Мәтіндік хабар сүзгісін «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Хабарлар» > «Белгісіз және спам» тармағына өтіп, тізімнен «Жоқ» опциясын таңдау арқылы кез келген уақытта өшіруге болады.

Жарияланған күні: 2025 жылғы 15қыркүйек