-
Аударма және құпиялылық
-
«Аудару» қолданбасы мен «Жүйелік аударма» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғау және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беру мақсатында жасалған.
-
Аудармаға ұсынылатын аудио және мәтін (оның ішінде кескіндердегі мәтін) сұрауларыңызды өңдеу үшін Apple компаниясына жіберілуі мүмкін, бірақ «Siri және дауыспен енгізу» немесе «Siri және Apple Intelligence функциясын жақсарту» реттеуін қоспасаңыз, Apple оларды сақтамайды. Сұрауларыңыз Apple аккаунтыңызбен немесе эл. пошта мекенжайымен емес, кездейсоқ, үнемі өзгеріп тұратын идентификатормен байланысты.
Тілдерді құрылғыңызға жүктеп алуға болады. Аударма үшін қолданылатын екі тіл де жүктеп алынған кезде, өңдеу құрылғыңызда орындалады. Қолдау көрсетілетін тілдерде және аймақтарда қолжетімді AirPods арқылы «Live аударма» функциясы құрылғыңызда офлайн режимде жұмыс істеуі үшін, тілдерді жүктеп алу қажет.
«Аудару» қолданбасын денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін, қауіп деңгейі жоғары болатын жағдайларда, навигациялау, диагноз қою немесе кез келген медициналық ауруларды емдеу жағдайларында басшылыққа алмаңыз.
Apple компаниясына «Siri және дауыспен енгізу» немесе «Siri және Apple Intelligence функциясын жақсарту» реттеуін қосу арқылы мәтін енгізу әрекеттері мен аудио жазбалардың транскрипцияларын сақтауға және тексеруге рұқсат беру арқылы «Аудару» қолданбасын және Siri сияқты Apple өнімдері мен сервистеріндегі басқа тіл өңдеу функцияларын жақсартуға көмектесуге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика мен жақсартулар» тармағына өтіп, «Siri және дауыспен енгізу» немесе «Siri және Apple Intelligence функциясын жақсарту» реттеуін түртіп қосыңыз.
2026-10-26