Ауа райы және құпиялылық

Сіздің жеке басыңызға байланысты емес геолокацияңыз тиісті ауа райы болжамын ұсыну үшін Apple компаниясына жіберіледі. Қолайсыз ауа райы туралы хабарландыруларды қоссаңыз, Apple осы хабарландырулардың елін немесе аймағын Apple аккаунтыңызбен байланыстыра алады.
 

«Ауа райы» қолданбасы жеке ақпаратыңызды қорғау мақсатында жасалған.


Privacy Icon

  • Егер «Ауа райы» қолданбасына геолокация деректеріңізге қол жеткізуге рұқсат етсеңіз, геолокацияңыз тиісті ауа райы болжамын ұсыну үшін Apple компаниясына жіберіледі. Геолокацияңыз сіздің жеке басыңызға байланысты емес.
  • Өзіңізге қажетті аймақтың ауа райы болжамы бойынша сұрау жіберсеңіз, бұл ақпарат Apple компаниясына сол аймақтың болжамын ұсыну үшін жіберіледі. Бұл ақпарат жеке сізге қатысты емес.
  • Қолайсыз ауа райы туралы хабарландыруларды қоссаңыз, Apple осы хабарландырулардың аймағын Apple аккаунтыңызбен байланыстыра алады.

Жеке деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлық Apple қызметкері үшін басымдық болып табылады. Біз ұсынатын сервистерді жақсарту үшін тек қажетті деректерді жинауға бар күшімізді саламыз. Саналы шешім қабылдауыңыз үшін, деректерді жинаған кезде оларды жинау туралы, сондай-ақ жинау себебі туралы хабардар етеміз. «Ауа райы» қолданбасы басқа да Apple өнімдері мен сервистері сияқты осы қағидаларға негізделіп жасалған.

«Ауа райы» қолданбасын түсіну және жақсарту үшін Apple қолданбаны бір күндегі алғаш рет іске қосқан кезіңіз туралы шектеулі ақпаратты жинайды. Бұл ақпараттың жеке басыңызға қатысы жоқ.

Егер «Ауа райы» қолданбасына геолокация деректеріңізге қол жеткізуге рұқсат етсеңіз, геолокацияңыз тиісті ауа райы болжамын ұсыну үшін Apple компаниясына жіберіледі. Өзіңізге қажетті аймақтың ауа райы болжамы бойынша сұрау жіберсеңіз, бұл ақпарат Apple компаниясына сол аймақтың болжамын ұсыну үшін жіберіледі. Оған қоса «Ауа райы» қолданбасы үй және жұмыс геолокацияларын қолданбада белгілеу үшін оларға қол жеткізеді. Үй және жұмыс мекенжайларын жаңарту үшін «Контактілер» қолданбасында картаңызды пайдалануға болады. Бұл белгішелерді кез келген уақытта өшіруге болады. iOS немесе iPadOS құрылғысында «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Ауа райы» тармағына өтіңіз, содан кейін «Үй және жұмыс» функциясын өшіріңіз. Mac компьютерінде Weather (Ауа райы) > Settings (Реттеулер) > General (Жалпы) тармағына өтіп, Home and Work (Үй және жұмыс) опциясын таңдаудан алыңыз. Болжамдарды ұсыну үшін Apple тарапынан жиналатын ақпарат сіздің жеке басыңызға байланысты емес.

Қолайсыз ауа райы туралы хабарландыруларды қоссаңыз, «Ауа райы» қолданбасы осындай хабарландырулар қосылған әр геолокацияны белгілі бір аймақпен салыстырады. Аймақ ретінде ел болуы мүмкін немесе кейбір елдер үшін (мысалы, АҚШ және Канада) аймақ кем дегенде 500 000 халқы бар аумақ болуы мүмкін. Осындай хабарландырулар алу функциясы қосылған аймақтардың тізімі Apple компаниясына жіберіледі және оны Apple аккаунтымен байланыстыруға болады. Apple компаниясы осы мүмкіндікті қосу және құрылғыға хабарландыруларды жеткізу үшін аймақтар тізімін пайдаланады. «Ауа райы» қолданбасы құрылғыңыздағы аймақтық хабарландыруларды қолайсыз ауа райы туралы хабарландырулар қосылған белгілі бір орындар негізінде сүзгілейді, сонда тиісті хабарландырулар алатын боласыз.

Сондай-ақ мүмкіндігінше баратын жерлеріңіз үшін қолайсыз ауа райы хабарландыруларын қосуды таңдауға болады. Маңызды геолокациялар мен бағдарлар қосулы болса, құрылғы жақын болашақта қайда баруға болатынын болжау үшін құрылғыдағы өңдеуді пайдалана алады. «Ауа райы» қолданбасы үшін геолокация рұқсаты «Әрдайым» күйіне орнатылса және «Ауа райы» қолданбасының реттеулерінде «Ұсынылған геолокациялар» үшін қолайсыз ауа райы туралы хабарландырулар қосылса, «Ауа райы» сізге қолайсыз ауа райы туралы тиісті хабарландыруларды жеткізу үшін сол баратын жерлеріңізге қол жеткізіп, пайдалана алады. Apple компаниясы ықтимал баратын жерлеріңізді (мысалы, қазіргі геолокацияңыз бойынша қолайсыз ауа-райы туралы хабарландырулар) Apple аккаунтыңызбен байланыстыруы мүмкін.

«Қосымша» > «Хабарландырулар» тармағын түрту арқылы iOS және iPadOS құрылғыларында «Ауа райы» қолданбасының хабарландыруларын, оның ішінде ағымдағы және болжалды геолокацияларыңыз үшін қолайсыз ауа райы хабарландыруларын басқаруға болады. Mac компьютерінде Weather (Ауа райы) > Settings (Реттеулер) > Notifications (Хабарландырулар) тармағына өтіңіз.

Оған қоса смарт дестелерді пайдалансаңыз және виджет ұсыныстарын қоссаңыз, «Ауа райы» қолданбасы негізгі экранда және «Бүгін» көрінісінде көрсетілетін ықтимал баратын жерлер үшін ауа райы виджетін көрсетуі мүмкін. Бұл жағдай, «Ауа райы» қолданбасының геолокация рұқсаты «Әрдайым» күйіне орнатылғанда және «Геолокация сервистері» реттеулерінде маңызды геолокациялар мен бағдарлар қосылғанда орын алуы мүмкін. Құрылғыңыз сізге виджетті көрсету-көрсетпеуді анықтайды.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді.

Жарияланған күні: 2025 жылғы 15қыркүйек