Apple корпорациясының еншілес компаниясы

Осы құжат шеңберінде Apple корпорациясының еншілес компаниясы дегеніміз — Apple корпорациясының Құпиялылық саясатына бағынатын толық меншіктегі заңды тұлға.

Сіз тұратын елге байланысты «Apple» ұғымы мыналарды білдіруі мүмкін:

Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкадағы (Канадады қоса алғанда), сондай-ақ АҚШ территориялары мен меншікті жерлеріндегі, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және Кариб теңізі аумағындағы француз және британдық меншікті жерлердегі пайдаланушылар үшін — One Apple Park Way, Cupertino, California мекенжайы бойынша орналасқан Apple Inc. корпорациясы;

Канада және оның территориялары мен меншікті жерлеріндегі пайдаланушылар үшін — 120 Bremner Blvd., Suite 1600, Toronto ON M5J 0A8, Canada мекенжайы бойынша орналасқан Apple Canada Inc. корпорациясы;

Жапониядағы пайдаланушылар үшін — Roppongi Hills, 6-10-1 Roppongi, Minato-ku, Tokyo 106-6140, Tokyo мекенжайы бойынша орналасқан iTunes K.K. компаниясы;

Австралия, Жаңа Зеландия, соның ішінде аралды меншікті жерлеріндегі, территорияларындағы және еншілес юрисдикцияларындағы пайдаланушылар үшін — Level 3, 20 Martin Place, Sydney NSW 2000, Australia мекенжайы бойынша Apple Pty Limited компаниясы;

Барлық басқа пайдаланушылар үшін — Hollyhill Industrial Estate, Hollyhill, Cork, Republic of Ireland мекенжайы бойынша орналасқан Apple Distribution International компаниясы.

Apple корпорациясының АҚШ аумағынан тыс бөлшек сауда дүкендеріндегі сауда нүктелері туралы ақпарат Apple корпорациясының әр елдегі бөлшек сауда кәсіпорындарымен қадағалануы мүмкін. Apple онлайн дүкеніне қатысты жеке мәліметтерді әрбір Дүкен шарттарында көрсетілгендей, Apple корпорациясының АҚШ аумағынан тыс орналасқан заңды тұлғалары басқаруы мүмкін.