-
APP STORE ЖӘНЕ ITUNES ДҮКЕНДЕРІНДЕ ШОТТАРДАҒЫ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ҚАЛДЫҒЫ
-
-
App Store және iTunes дүкендерінде шоттардағы қаражаттардың қалдығы. Қаражаттарды өтеу және толықтыру
App Store және iTunes дүкендері үшін сыйлық коды (әрі қарай Дүкеннің шотындағы қаражаттар) тікелей iTunes Store, App Store, Apple Booksне Apple Music дүкендерінен (әрі қарай Қызметтер) сатып алу кезінде «Қаражаттарды қосу» атқарымын пайдалану арқылы дүкенде сіздің шотыңыздағы (әрі қарай Шот) қаражаттар қалдығына автоматты түрде қосылады. Дүкеннің шотындағы қаражаттарды Apple Distribution International Ltd. компаниясы (әрі қарай Apple) береді, ол сондай-ақ оларды пайдаланудың тәртібін ұйымдастырады. Сіздің Шотыңыздағы қаражаттар қалдығы соған есепке қосылған барлық Дүкеннің шотындағы қаражаттардың қалдығы болып табылады. Сіздің Шотыңызда толықтыру сомаларының қалдығы бар болған кезде, Қызметтер алдымен осындай қаражаттар есебінен жүргізілетін болады. Пайдаланылмаған қалдықтар сіздің Шотыңызбен байланыстырылатын болады. Егер сатып алудың құны Шоттағы қаражатардың қалдығынан асатын болса, сізге басқа төлем тәсілін таңдауға ұсыныс жасалатын болады. Жаңа төлем тәсілі пайдаланылғанда, қаражаттар қалған соманы жабу үшін жеткіліксіз болған кезде транзакция жойылатын болады.
APPLE ID СӘЙКЕСТЕНДІРГІШІ: Қазақстан алынған Дүкеннің шотындағы қаражаттарды пайдалану тек Apple ID сәйкестендіргіші бар болғанда және «Қызметтер көрсетудің Шарттарымен» келіскенде ғана мүмкін болады. Apple ID сәйкестендіргіші— бұл сіз Қызметтерге қол жеткізу үшін пайдаланатын есептік жазба.
Шоттағы қаражаттардың қалдығын пайдалану: Дүкеннің шотындағы қаражаттар сіздің шотыңызға Қызметтерді пайдалану арқылы Шоттағы қалдықты толықтыру жолымен қосылады.
Егер бұл Apple компаниясына не оның клиенттеріне зиян келтіруі мүмкін болса, сіз Дүкеннің шотындағы қаражаттарды алдамшы, арам, жаңылыстыратын тәсілдермен не өзге түрде пайдаланбауға міндет аласыз. Бізде Дүкеннің шотындағы қаражаттардың алаяқтық, заңсыз жолмен не осы шарттарды бұзатын өзге түрде алынды, пайдаланылды не Apple ID сәйкестендіргішіне қолданылды деген күдік пайда болған кезде біз өзімізге Дүкеннің шотындағы қаражаттарды (сіздің Шотыңыздағы қалдықтың бір бөлігін қоса) сізге хабарламай, қаражаттарды қайтарусыз жою не белсенсіздендіру, клиенттердің есептік жазбаларын кідірту не күшін тоқтату, Қызметтерді пайдалану мүмкіндігін кідірту не тоқтату, тапсырыстарды жою не шектеу және төлемнің баламалы нысандарын пайдалана отырып шот беру құқығын қалдырамыз.
Шоттағы қалдықты Қызметтерде тіркелген төлем тәсілін пайдалана отырып толықтырған кезде, осындай тәсілдің көмегімен төлеуді бастаудың алдында, сатып алу сомасына авторизация не транзакцияны қайта жүктеу жүргізілетін болады.
Шектеулер: Дүкеннің шотындағы қаражаттар ақшаға өтеліп алынбайды және ақшалай түрде қайтарылмайды (егер заңмен өзгеше талап етілмейтін болса), айырбасталмайды, қайта сатылмайды, Сыйлықтарды сатып алу үшін, Apple интернет-дүкенінде және Apple бөлшек сауда дүкендерінде сатып алулар үшін пайдаланылмайды. Дүкеннің шотындағы қаражаттар тек Қызметтердің ішіндегілерін сатып алу үшін ғана пайдаланыла алады. Пайдаланылмаған қалдықтар басқа шоттарға аударылмайды. Apple компаниясы сізге сіз сатып алған Дүкеннің шотындағы қаражаттардың өтелу жағдайы туралы ақпаратты бере алады.
Қазақстансатылып алынған Дүкеннің шотындағы қаражаттар тек Қазақстан, олардың аумақтары мен иеліктеріндегі Шотқа ғана есепке қосыла алады.
Apple ID сәйкестендіргішін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, Шоттағы қаражаттарды алдын ала пайдалану қажет.
Шығыстар қатері: Apple компаниясы жоғалған не ұрланған Дүкеннің шотындағы қаражаттар үшін жауапкершілік көтермейді. Дүкеннің шотындағы қаражаттарға қатысты шығыстар қатері және Дүкеннің шотындағы қаражаттарға меншік құқығы сатып алушыға Ирландияда алушыға электрондық беруден кейін өтеді.
Дүкеннің шотындағы қаражаттар алдамшы түрде алынған не олар Қызметтерге байланысты алдамшы түрде пайдаланылған жағдайда, Apple компаниясы өзіне есептік жазбаларды жабу және баламалы төлем тәсілдерін пайдалануды талап ету құқығын қалдырады.
Жауапкершілікті шектеу. Жауапкершіліктен бас тарту APPLE КОМПАНИЯСЫ, ОНЫҢ ЛИЦЕНЗИАТТАРЫ, АФФИЛЕНДІРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ ДҮКЕННІҢ ШОТЫНДАҒЫ ҚАРАЖАТТАРҒА, ITUNES STORE, APP STORE, APPLE MUSIC ЖӘНЕ APPLE BOOKS ДҮКЕНДЕРІНІНЕ ҚАТЫСТЫ ЕШҚАНДАЙ ТІКЕЛЕЙ АЙТЫЛҒАН НЕ ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕР, СОНЫҢ ІШІНДЕ, МҰНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, ТАУАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА НЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТ ҮШІН ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА ТІКЕЛЕЙ АЙТЫЛҒАН НЕ ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙДІ. ДҮКЕННІҢ ШОТЫНДАҒЫ ҚАРАЖАТТАР ФУНКЦИОНАЛДЫ БОЛМАҒАН НЕ ІШІНДЕГІСІНІҢ КОДТАРЫ ЖОҚ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, КЛИЕНТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА ҚҰРАЛЫ ЖӘНЕ APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДҮКЕННІҢ ШОТЫНДАҒЫ ҚАРАЖАТТАРДЫ АУЫСТЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. БҰЛ ШЕКТЕУЛЕР СІЗГЕ ТАРАЛМАУЫ МҮМКІН. КЕЙБІР ЗАҢДАР ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕРГЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚОЮҒА, СОНДАЙ-АҚ ЗИЯННЫҢ БЕЛГІЛІ БІР ТҮРЛЕРІНЕ АЛЫП ТАСТАУЛАРДЫ ЖӘНЕ ШЕКТЕУЛЕРДІ ҚОЛДАНУҒА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ. СІЗГЕ ОСЫНДАЙ ЗАҢДАРДЫҢ КҮШІ ТАРАЛҒАН ЖАҒДАЙДА, ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУДЫҢ, АЛЫП ТАСТАУЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ШЕКТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІНІҢ (НЕ СОЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНЫҢ) СІЗГЕ ҚАТЫСЫ БОЛМАУЫ МҮМКІН ЖӘНЕ СІЗ СОНДАЙ-АҚ ҚОСЫМША ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛА АЛАСЫЗ.
Талап ету құқығынан бас тарту және зиянды өтеу кепілдігі ДҮКЕННІҢ ШОТЫНДАҒЫ ҚАРАЖАТТАРДЫ НЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ СІЗ APPLE КОМПАНИЯСЫНА, ОНЫҢ БАСШЫЛАРЫНА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ, АФФИЛЕНДІРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРЫНА, АГЕНТТЕРІНЕ, МЕРДІГЕРЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫНА ЗИЯНДЫ ӨТЕУГЕ КЕПІЛДІК ЕТЕСІЗ (ЗАҢ РҰҚСАТ ЕТКЕН ШЕҢБЕРДЕ) ЖӘНЕ СІЗДІҢ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ШАРТТАРЫН БҰЗУЫҢЫЗҒА, ДҮКЕННІҢ ШОТЫНДАҒЫ ҚАРАЖАТТАРДЫ НЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ, СОНДАЙ-АҚ APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ БОЛЖАМДЫ БҰЗЫЛУЫН ТЕКСЕРУ АЯСЫНДАҒЫ НЕ ОНЫҢ ОСЫ КЕЛІСІМДІ БҰЗУ ОРЫН АЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ НЕ ШЕШІМІ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗ-КЕЛГЕН ТАЛАПТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАР ЖАУАПКЕРШІКТІ ӨЗІҢІЗГЕ ҚАБЫЛДАЙСЫЗ. СІЗ APPLE КОМПАНИЯСЫНА, ОНЫҢ БАСШЫЛАРЫНА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ, АФФИЛЕНДІРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРЫНА, АГЕНТТЕРІНЕ, МЕРДІГЕРЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫНА СОТ ТАЛАПТАРЫН ҰСЫНБАУҒА ЖӘНЕ БОЛЖАМДЫ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ТЕКСЕРУ ҮРДІСІНДЕ НЕ APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОСЫ КЕЛІСІМДІ БҰЗУДЫҢ ОРЫН АЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР АҚПАРАТТЫ НЕ МАЗМҰНДЫ ӨҢДЕУДЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМІНІҢ, СІЗДІ ЕСКЕРТУ ТУРАЛЫ, СІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІҢІЗДІ КІДІРТУ НЕ ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ӘЛДЕ ӨЗГЕ ӘРЕКЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ЗИЯНДЫ ОЛАРДАН ӨНДІРІП АЛМАУҒА МІНДЕТ АЛАСЫЗ. ОСЫ ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫНАН БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӨТЕУ КЕПІЛДІГІ ОСЫ КЕЛІСІМ ЕСКЕРГЕН НЕ ҚАРАСТЫРҒАН БАРЛЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
Соңғы жаңарту күні: 2018 жылдың 20 наурызы