Құпиялылық саясаты

Apple құпиялылық саясаты 2019 жылдың 4 сәуірінде жаңартылған.

Сіздің құпиялылығыңыз Apple үшін маңызды, сондықтан біз сіздің жеке ақпаратыңызды қалай жинайтынымыз, пайдаланатынымыз, жариялайтынымыз, тасымалдайтынымыз және сақтайтынымыз туралы Құпиялылық саясатын жасадық.

Осы Құпиялылық саясатына қоса, жеке мәліметтеріңізді пайдалануды сұрайтын кейбір мүмкіндіктер үшін Деректер мен құпиялылық белгішесімен байланысты өнімдерімізге енгізілген деректер мен құпиялылық туралы ақпаратты береміз.

Бұл мүмкіндіктерді қоспас бұрын, сол мүмкіндіктерге қатысты «Параметрлер» бөлімінде және/немесе apple.com/legal/privacy бетінде онлайн бұл ақпаратты қарап шыға аласыз. Құпиялылықты сақтау шараларымызды қарап шығыңыз және сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз.

Жеке мәліметтерді жинау және пайдалану

Жеке мәліметтер — адамның жеке басын анықтау немесе онымен байланысу үшін пайдалануға болатын деректер.

Apple корпорациясымен немесе Apple корпорациясының еншілес компаниясымен хабарласқан кез келген уақытта сізден жеке мәліметтеріңізді беру сұралуы мүмкін. Apple корпорациясы және оның еншілес компаниялары осы жеке мәліметтерді бір-бірімен бөлісе алады және оларды Құпиялылық саясатына сәйкес пайдалана алады. Сондай-ақ, олар өнімдерді, қызметтерді, мазмұнды және жарнаманы жеткізу және жақсарту үшін осы мәліметтерді өзге мәліметтермен біріктіре алады. Сіз біз сұраған жеке мәліметтерді беруге міндетті емессіз, бірақ осындай мәліметтерді бермесеңіз, көптеген жағдайларда сізге өнімдерді немесе қызметтерді жеткізе алмаймыз немесе сізде туындауы мүмкін сұрауларға жауап бере алмаймыз.

Мынау Apple корпорациясының жинауы мүмкін жеке мәліметтердің және оларды пайдалану әдісінің кейбір мысалдары:

Біз жинайтын жеке мәліметтер

  • Apple идентификаторын жасау, коммерциялық несиеге арыз беру, өнімді сатып алу, бағдарламалық жасақтама жаңартуын жүктеп алу, Apple бөлшек сауда дүкені қызметіндегі оқу курсына тіркелу, қызметтерімізге қосылу, бізге хабарласу, соның ішінде әлеуметтік желі арқылы немесе онлайн сауалнамаға қатысу кезінде біз әртүрлі мәліметтерді, соның ішінде аты-жөніңізді, пошталық мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді, электрондық пошта мекенжайыңызды, қалаған байланыс ақпаратыңызды, құрылғы идентификаторларын, IP мекенжайын, орын туралы ақпаратты, несие картасы туралы ақпаратты және байланыс әлеуметтік желі арқылы жасалған кезде профиль туралы ақпаратты жинауымыз мүмкін.
  • Apple өнімдері арқылы мазмұнды отбасыңызбен және достарыңызбен бөлісу, сый сертификаттары мен өнімдерін жіберу немесе Apple қызметтеріне немесе форумдарына қатысуға басқаларды шақыру кезінде Apple корпорациясы осы адамдар туралы беретін мәліметтерді жинай алады, соның ішінде аты-жөні, пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы және телефон нөмірі. Apple осындай мәліметтерді сұрауларыңызды орындау, тиісті өнімді немесе қызметті жеткізу үшін немесе алаяқтыққа қарсы мақсаттарда пайдаланады.
  • Кейбір құзыреттерде біз шектеулі жағдайларда мемлекет берген жеке куәлікті сұрауымыз мүмкін, соның ішінде сымсыз тіркелгі орнату және құрылғыны белсендіру, коммерциялық несиені созу, тапсырыстарды басқару мақсаттарында немесе заңнама талап еткен кезде.

Жеке мәліметтерді қалай пайдаланамыз

Жеке мәліметтеріңізді өңдеуіміз мүмкін: осы Құпиялылық саясатында сипатталған мақсаттарда, сіздің келісіміңізбен, Apple корпорациясының құқықтық міндеттемесін орындау үшін немесе Apple немесе үшінші тараптың ақпаратты ашуы қажет болуы мүмкін заңды мүдделері үшін қажет деп бағаласақ.

  • Біз жинайтын жеке мәліметтер Apple корпорациясының соңғы өнім туралы хабарламалары, бағдарлама жаңартулары және жоспарланған шаралар туралы сізді хабардар етуге мүмкіндік береді. Егер тарату тізімінде болғыңыз келмесе, теңшелімдерді жаңарту арқылы одан кез келген уақытта шығуыңызға болады.
  • Сондай-ақ, біз өнімдерді, қызметтерді, мазмұнды және жарнаманы жасау, жасақтау, пайдалану, жеткізу және жақсарту үшін және жоғалтудың алдын алу мен алаяқтыққа қарсы мақсаттарда жеке мәліметтерді пайдаланамыз. Әрі жеке мәліметтеріңізді қызметтерімізді барлық пайдаланушыларымыздың пайдасына қорғауды қоса тіркелгі мен желі қауіпсіздігі мақсаттарында пайдалана аламыз. Мәліметтеріңізді алаяқтыққа қарсы мақсаттарда пайдаланған кезде бұл бізбен онлайн транзакция жүргізуден туындайды. Тұтынушыларымызды және қызметтерімізді қорғау үшін, алаяқтыққа қарсы мақсаттарда деректер пайдалануымызды қатаң түрде қажеттіге және бағаланған заңды мүдделеріміз шегінде шектейміз. Кейбір онлайн транзакциялар бойынша сіз берген мәліметтерді жұртшылыққа қолжетімді көздермен тексере аламыз.
  • Біз туған күніңізді қоса жеке мәліметтерді жеке басыңызды анықтау, пайдаланушылардың жеке басын анықтау және тиісті қызметтерді анықтау үшін пайдалана аламыз. Мысалы, біз Apple идентификаторы тіркелгі иелерінің жасын анықтау үшін туған күнін пайдалана аламыз.
  • Уақыт өте келе біз сатып алу туралы хабарлама және шарттар, талаптар мен саясаттардың өзгеруі сияқты маңызды жаңалықтарды жіберу үшін жеке мәліметтерді пайдалана аламыз. Осы мәліметтер Apple корпорациясымен әрекеттестігіңіз үшін маңызды болғандықтан, сіз осы хабарларды алудан бас тарта алмайсыз.
  • Сондай-ақ, біз Apple корпорациясының өнімдерін, қызметтерін және тұтынушымен әрекеттестігін жақсарту үшін жеке мәліметтерді тексеру, деректерді талдау және зерттеу сияқты ішкі мақсаттарда пайдалана аламыз.
  • Егер сіз бәс тігуге, сайысқа немесе ұқсас жарнамалық шараға қатыссаңыз, біз берген мәліметтеріңізді осы бағдарламаларды басқару үшін пайдалана аламыз.
  • Егер Apple компаниясындағы бос қызмет орнына өтінім тапсырсаңыз немесе Apple компаниясындағы ықтимал лауазымға қатысты ақпаратыңызды алсақ, ақпаратыңызды үміткерлігіңізді бағалау және сізге хабарласу мақсатында пайдалана аламыз. Егер сіз үміткер болсаңыз, Apple компаниясының өтінім тапсыру кезінде үміткердің жеке мәліметтерін қалай қолданатыны туралы қосымша ақпарат аласыз.

Жеке мәліметтеріңіз сізден алынбайтын басқа ақпарат көздері

Apple өнімдері арқылы мазмұнды сізбен бөліскен, сыйлық сертификаттары мен өнімдерін жіберген немесе Apple қызметтеріне немесе форумдарына қатысуға сізді шақырған басқа тұлғалардан жеке мәліметтерді алған болуымыз мүмкін. Қауіпсіздік және алаяқтықтың алдын алу мақсаттарында үшінші тараппен Apple идентификаторын жасаған кезде сіз берген мәліметтерді тексеруіміз мүмкін.

Егер сіз Apple компаниясына жұмысқа орналасу үшін ықтимал үміткер болсаңыз, іріктеушілер немесе сыртқы веб-сайттар сияқты үшінші тараптардан жеке мәліметтеріңізді алған болуымыз мүмкін. Алатын жеке мәліметтерді ықтимал мүмкіндік жөнінде сізге хабарласу немесе үміткерлігіңізді бағалау мақсатында пайдаланамыз. Егер жеке мәліметтеріңізді бізге тікелей бермеген болсаңыз, сізге алғаш рет үміткерлігіңізге қатысты хабарласқан кезде сізге ақпаратты алған көзді хабарлаймыз. Зерттеу және жасақтау мақсаттарында жеке басы анықталатын тұлғамен байланысты болуы мүмкін құрамында кескіндер, дауыстар немесе басқа деректер бар деректер жиындарын пайдалана аламыз. Осындай деректер жиындарын алған кезде бұл әрекетті деректер жиыны орналасқан құзыретте қолданылатын заңнамаға сәйкес орындаймыз. Осындай деректер жиындарын зерттеу және жасақтау үшін пайдаланған кезде олардың ішінде көрсетілуі мүмкін тұлғалардың жеке басын қайта анықтауға әрекеттенбейміз.

Жеке емес мәліметтерді жинау және пайдалану

Сондай-ақ, біз жекелеген түрде белгілі бір адаммен тікелей байланыстыруға рұқсат бермейтін үлгідегі деректерді жинаймыз. Біз жеке емес мәліметтерді кез келген мақсатта жинауымыз, пайдалануымыз, беруіміз және жария етуіміз мүмкін. Мынау біз жинайтын жеке емес мәліметтердің және оларды пайдалану әдісінің кейбір мысалдары:

  • Біз тұтынушы мінез-құлқын жете түсіну және өнімдерді, қызметтерді және жарнамаларды жақсарту үшін кәсібі, тілі, пошталық индексі, аймақ коды, бірегей құрылғы идентификаторы, сілтеме берушінің URL мекенжайы, орны және Apple өнімі пайдаланылатын уақыт белдеуі сияқты мәліметтерді жинай аламыз.
  • Веб-сайтымыздағы, iCloud қызметтеріндегі, iTunes Store, App Store, Mac App Store, App Store for Apple TV және iBooks Store қызметтеріндегі және басқа өнімдер мен қызметтеріміздегі тұтынушы әрекеттеріне қатысты ақпаратты жинауымыз мүмкін. Бұл мәліметтер тұтынушыларға пайдалы ақпарат беру және ең көп қызығушылыққа ие болған веб-сайт, өнімдер және қызметтер бөліктерін түсіну үшін біріктіріледі және пайдаланылады. Біріктірілген деректер осы Құпиялылық саясатының мақсаттарында жеке емес мәліметтер болып есептеледі.
  • Біз іздеу сұрауларын қоса қызметтерімізді пайдалану деректерін жинай және сақтай аламыз. Бұл мәліметтер қызметтеріміз беретін нәтижелердің маңыздылығын жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін. Интернет арқылы көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мақсатындағы шектеулі жағдайларды қоспағанда, осындай мәліметтер IP мекенжайымен байланыстырылмайды.
  • Тікелей келісіміңізбен біз қосымшаларды әзірлеушілерге қосымшаларын жақсартуға көмектесу үшін құрылғыны және қосымшаларды пайдалануыңыз туралы деректерді жинай аламыз.

Егер біз жеке емес мәліметтерді жеке мәліметтермен біріктірсек, біріктірілген мәліметтер біріктірілген күйде болғанда жеке мәліметтер болып есептеледі.

Cookie файлдары және басқа технологиялар

Apple корпорациясының веб-сайттары, желілік қызметтері, интерактивті қолданбалары, электрондық пошта хабарлары және жарнамалары cookie файлдарын және пиксел белгілері мен веб-шамшырақтар сияқты өзге технологияларды пайдалануы мүмкін. Бұл технологиялар пайдаланушы мінез-құлқын жете түсінуге, адамдар кірген веб-сайттар бөліктерін айқындауға және жарнамалар мен веб-іздеудің тиімділігіне қолдау көрсету мен анықтауға көмектеседі. Біз cookie файлдары және өзге технологиялар жинайтын мәліметтерді жеке емес мәліметтер деп есептейміз. Дегенмен, жергілікті заңнаманың Интернет протоколы (IP) мекенжайларын немесе ұқсас идентификаторларды жеке мәліметтер қатарына жатқызу шегінде біз осы идентификаторларды жеке мәліметтер деп есептейміз. Осылайша, жеке емес мәліметтердің жеке мәліметтермен біріктірілу шегінде біз біріктірілген мәліметтерді осы Құпиялылық саясатының мақсаттарында жеке мәліметтер деп есептейміз.

Apple жарнама платформасы арқылы жеткізілетін жарнамалар Apple News және App Store қызметтерінде көрсетілуі мүмкін. Егер Apple жарнама платформасынан қызығушылықтарыңызға бағытталған жарнамаларды алғыңыз келмесе, пайдаланылатын құрылғыға қарамастан Apple идентификаторын осындай жарнамаларды алудан шығаратын Limit Ad Tracking функциясын қосуға болады. Егер мобильді құрылғыда Limit Ad Tracking функциясын қоссаңыз, үшінші тарап қосымшалары мақсатты жарнамаларды жеткізу үшін жарнама идентификаторын, жеке емес құрылғы идентификаторын пайдалана алмайды. Сонда да іздеу сұрауы немесе оқылған арна сияқты контекст негізінде App Store немесе News қызметіндегі жарнамаларды көруіңіз мүмкін. Үшінші тарап қосымшаларында басқа ақпаратқа негізделген жарнамаларды көруіңіз мүмкін.

Apple корпорациясы және серіктестері веб-сайтты, желілік қызметтерді және қосымшаларды пайдаланған кезде жеке мәліметтерді есте сақтау үшін cookie файлдарын және өзге технологияларды пайдаланады. Осы жағдайлардағы мақсатымыз — Apple өнімдерін пайдалануыңызды ыңғайлы ету және даралау. Мысалы, аты-жөніңізді білу келесіде Apple онлайн дүкені қызметіне кірген кезде сізді қарсы алуға мүмкіндік береді. Еліңізді және тіліңізді, ал оқытушы болсаңыз, мектебіңізді білу икемделген және пайдалы сатып алу тәжірибесін ұсынуға мүмкіндік береді. Біреудің компьютер немесе құрылғы арқылы белгілі бір өнімді сатып алғанын немесе белгілі бір қызметті пайдаланғанын білу жарнамалауды және электрондық пошта әрекеттестігін қызығушылықтарыңызға байланыстыруға мүмкіндік береді. Ал байланыс ақпаратыңызды, жабдық идентификаторын және компьютер немесе құрылғы туралы ақпаратты білу операциялық жүйесін даралауға, iCloud қызметін орнатуға және тұтынушы қызметін жақсартуға көмектеседі.

Егер cookie файлдарын ажыратқыңыз келсе және Safari веб-браузерін пайдалансаңыз, параметрлерді басқару үшін Safari параметрлеріне, одан кейін құпиялылық аумағына өтіңіз. Apple мобильді құрылғысында Параметрлер тармағына, одан кейін Safari тармағына өтіңіз, «Құпиялылық және қауіпсіздік» бөліміне жылжыңыз және параметрлерді реттеу үшін «Cookie файлдарын блоктау» опциясын түртіңіз. Басқа браузерлерде cookie файлдарын ажырату үшін қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз. Cookie файлдары ажыратылған кезде Apple веб-сайтының кейбір мүмкіндіктері қолжетімді болмайтынын ескеріңіз.

Көптеген Интернет қызметтері сияқты біз кейбір мәліметтерді автоматты түрде жинаймыз және оларды журнал файлдарына сақтаймыз. Бұл мәліметтер құрамында Интернет протоколы (IP) мекенжайлары, шолғыш түрі мен тілі, Интернет қызметінің жеткізушісі (ISP), бағыттаушы мен шығу веб-сайттары және бағдарламалары, операциялық жүйе, күн/уақыт белгісі және нұқу деректері бар. Біз бұл мәліметтерді трендтерді түсіну және талдау, сайтты басқару, пайдаланушының сайттағы әрекеттерін айқындау, өнім және қызметтерді жақсарту және пайдаланушы қоры туралы толық демографиялық ақпаратты жинау үшін пайдаланамыз. Apple корпорациясы осы мәліметтерді маркетингілік және жарнамалау қызметтерінде пайдалана алады.

Кейбір электрондық пошта хабарларында біз Apple веб-сайтындағы мазмұнмен байланыстырылған «басылатын URL» пайдаланамыз. Тұтынушы осы URL мекенжайларының біреуін басқан кезде олар веб-сайттағы тағайындалған бетті ашпас бұрын бөлек веб-серверден өтеді. Біз белгілі бір тақырыптарға қызығушылықты анықтау және тұтынушы әрекеттестігінің тиімділігін өлшеу үшін осы басылатын деректерді бақылаймыз. Егер осы жолмен бақылануды қаламасаңыз, электрондық пошта хабарларындағы мәтіндік немесе графикалық сілтемелерді баспауыңыз керек. Пиксел белгілері электрондық хабарларды тұтынушылар оқи алатын пішімде жіберуге мүмкіндік береді және олар хаттың ашылғанын хабарлайды. Біз осы мәліметтерді тұтынушыларға жіберілетін хабарларды азайту немесе жою үшін пайдалана аламыз.

Үшінші тараптарға жария ету

Кейде Apple корпорациясы өнімдерді және қызметтерді жеткізу немесе жақсарту, соның ішінде өнімдерді сұрауыңыз бойынша жеткізу немесе Apple корпорациясының тұтынушыларға жарнамалауына көмектесу үшін кейбір жеке мәліметтерді үшінші тараптарға беруі мүмкін. Бұны орындаған кезде осы үшінші тараптардан мәліметтерді тиісті заңдарға сәйкес қолдануды талап етеміз. Жеке мәліметтер маркетингтік мақсаттарда үшінші тараптармен мүлдем бөлісілмейді. Мысалы, iPhone сатып алып, белсендірген кезде Apple корпорациясының және байланыс операторының қызметті жүзеге асыру үшін белсендіру процесі барысында берілетін мәліметтермен, соның ішінде құрылғыңыз туралы ақпаратпен алмасуына рұқсат бересіз. Егер қызмет рұқсатын алсаңыз, тіркелгіңізді Apple корпорациясының және байланыс операторының тиісті құпиялылық саясаттары реттейді.

Қызмет жеткізушілері

Apple корпорациясы жеке мәліметтерді деректерді өңдеу, несиені созу, тұтынушы тапсырыстарын орындау, өнімдерді жеткізу, тұтынушы деректерін басқару мен жетілдіру, тұтынушы қызметін көрсету, өнімдер мен қызметтердегі қызығушылықты бағалау және тұтынушы зерттеуін немесе тұтынушы сауалнамасын жүргізу сияқты қызметтерді ұсынатын компаниялармен бөліседі. Бұл компаниялар мәліметтерді қорғауға міндетті және Apple корпорациясы қызмет ететін орында орналасуы мүмкін.

Өзге

Apple корпорациясының жеке мәліметтерді жария етуі тұрғылықты жер аумағындағы немесе одан тыс заңмен, сот ісімен және/немесе қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың сұрауы бойынша талап етілуі мүмкін. Егер жария етуді ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау немесе өзге қоғамдық маңыздылығы бар мәселелер мақсаттарында қажет немесе тиісті деп танысақ, біз сіз туралы мәліметтерді жария ете аламыз. Егер жария етуді шарттар мен талаптарымызды қамтамасыз ету немесе қызметімізді немесе пайдаланушыларды қорғау үшін қажет деп анықтасақ, біз сіз туралы мәліметтерді жария ете аламыз, бірақ тек бұған заңды негіз болған кезде.  Бұл мемлекеттік немесе үкіметтік органдарға ақпарат беруді қамтуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйым қайта құрылған, біріккен немесе сатылған жағдайда біз жинайтын кез келген және барлық жеке мәліметтерді тиісті үшінші тарапқа табыстай аламыз.

Жеке мәліметтерді қорғау

Apple корпорациясы жеке мәліметтер қауіпсіздігіне өте байсалды ұстаныммен қарайды. Apple онлайн дүкені және iTunes Store сияқты Apple желілік қызметтері жеке мәліметтерді тасымалдау кезінде Transport Layer Security (TLS) сияқты шифрлау арқылы қорғайды. Apple корпорациясы жеке деректерді сақтаған кезде біз физикалық қауіпсіздік шаралар арқылы нысандарға орналастырылған қатынасы шектеулі компьютер жүйелерін пайдаланамыз. iCloud Mail қызметін қоспағанда, iCloud деректері шифрланған күйде сақталады, соның ішінде үшінші тарап сақтау орнын қолданған кезде.

Кейбір Apple өнімдерін, қызметтерін немесе қосымшаларын пайдалану немесе Apple форумында, сөйлесу немесе әлеуметтік желі қызметінде жазба қалдыру кезінде бөлісетін жеке мәліметтер басқа пайдаланушыларға көрінеді және олар мәліметтерді оқи, жинай немесе пайдалана алады. Сіз осы жағдайларда бөлісуді немесе жіберуді таңдайтын жеке мәліметтер үшін жауап бересіз. Мысалы, егер форум жазбасында аты-жөніңізді және электрондық пошта мекенжайыңызды көрсетсеңіз, бұл мәліметтер қоғамға ашық болады. Осы мүмкіндіктерді пайдалану кезінде абай болыңыз.

Егер сіз немесе басқа біреу Отбасымен бөлісу журналдары арқылы үшінші тарап иелігіндегі құрылғыға кірсе, күнтізбені, орынды, фотосуреттерді және iTunes сатып алуын қоса Отбасы мүмкіндігінде бөлісетін кез келген мәліметтер осы үшінші тарап құрылғысына жүктелуі мүмкін және нәтижесінде осындай бөлісетін мәліметтер жария етіледі. Қосымша ақпарат алу қараңыз: Отбасымен бөлісу.

Профайлингіні қоса алғанда, автоматтандырылған шешім қабылдаудың болуы

Apple корпорациясы сізге едәуір әсер ететін алгоритмдерді немесе профиль жүргізуді пайдалануға қатысты шешімдерді қабылдамайды.

Жеке мәліметтердің тұтастығы және оларды сақтау

Apple корпорациясы жеке мәліметтерді дәл, толық және жаңартылған күйде сақтауды жеңілдетеді. Жеке мәліметтеріңізді осы Құпиялылық саясатында және нақты қызметке байланысты құпиялылық ақпаратымызда көрсетілген мақсаттарымызды орындауға қажет мерзімде сақтаймыз. Бұл мерзімдерді анықтағанда біз жалпы жеке мәліметтерді жинау қажеттілігімізді мұқият тексереміз және тиісті қажеттілікті орнатсақ, заң бойынша ұзағырақ сақтау мерзімі талап етілмесе, біз жеке мәліметтерді жинау мақсатын орындау үшін мүмкіндігінше аз мерзімде ғана сақтаймыз.

Жеке мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі

Apple идентификаторы тіркелгі бетіне кіру арқылы байланыс ақпаратыңыздың және параметрлердің дәл, толық және жаңартылған күйде болуын қамтамасыз етуге көмектесе аласыз. Қолымыздағы өзге жеке мәліметтер бойынша сізге кез келген мақсатта кіру мүмкіндігін (соның ішінде көшірмесін) береміз, соның ішінде деректер дәл болмағанда, оларды түзету, Apple заңға сай не тиісті іскерлік мақсаттарда деректерді сақтауға міндетті болмағанда, оларды жою. Біз жеңіл ойлы/жағымсыз, өзгелердің құпиялылығына қауіп төндіретін, өте ыңғайсыз немесе қолжетімділігін жергілікті заңнама талап етпейтін сұрауларды өңдеуден бас тарта аламыз. Әрі жоғарыда сипатталғандай алаяқтыққа қарсы және қауіпсіздік мақсаттарында тиісті деректер пайдалануымызға келеңсіз әсер етеді деп ойлаған жағдайда жою немесе қатынас сұрауларының кейбір тұстарын қабылдамауымыз мүмкін. Кіру, түзету немесе жою сұрауларын пайдалану үшін онлайн құралдарды аймақтық негізде privacy.apple.com сайтына кіру арқылы пайдалануға болады. Егер аймағыңызда кіру сұраулары үшін онлайн құрал қолжетімді болмаса, сұрауды тікелей apple.com/legal/privacy/contact сайтына жібере аласыз.

Балалар және білім беру

Біз Apple өнімдері мен қызметтерін пайдаланатын балалар құпиялылығын және қауіпсіздігін қорғау үшін қосымша сақтық шараларды қолға алу маңыздылығын түсінеміз. Ата-анасы тексеруге болатын келісімін бермесе, я болмаса, «Отбасымен бөлісу» ішінде баланың тіркелгісін жасау процесінің бөлігі ретінде болмаса немесе бала мектебі арқылы басқарылатын Apple идентификаторы тіркелгісін (қолжетімді жерде) алмаса, 13 жасқа немесе қатысты юрисдикциядағы баламалы ең төмен жасқа толмаған балаларға жеке Apple идентификаторларын жасауға рұқсат етілмейді. Мысалы, ата-ана баласы үшін Apple идентификаторы тіркелгісін жасау процесін бастамас бұрын Apple идентификаторы және Отбасымен бөлісу жария етуін қарап шығуы және Apple корпорациясының бала мәліметтерін жинауына, пайдалануына және жария етуіне рұқсатқа және iTunes Store шарттары мен талаптарына келісуі керек. Бұған қоса, Apple оқу орны менеджері бағдарламасына қатысатын және «Оқушыларға арналған басқарылатын Apple идентификаторларын ашу» бөлімін қарап шыққан және оған келіскен мектептер оқушылары үшін басқарылатын Apple идентификаторларын жасай алады. Оқушыларға арналған басқарылатын Apple идентификаторларын ашу бөлімінде Apple оқушылардың ақпаратын қалай өңдейтіні сипатталған және бұл бөлім Apple құпиялылық саясатын толықтырады. Отбасымен бөлісу, Басқарылатын Apple идентификаторлары және балалардың тіркелгілеріне қойылатын Шектеулер туралы қосымша мәліметтер алыңыз. 13 жасқа немесе қатысты юрисдикциядағы баламалы ең төмен жасқа толмаған баладан жеке ақпаратты жинағанымызды білсек, жоғарыдағы жағдайларға қарамастан, біз бұл ақпаратты мүмкіндігінше тез жоюға қадамдар жасаймыз. Егер ата-ананың кез келген уақытта Отбасымен бөлісу тіркелгісімен немесе баланың Apple идентификаторымен байланысты деректерге кіруі, түзетуі немесе жоюы қажет болса, олар бізге осы беттің астында берілген таңдаулардың біреуі арқылы бізге хабарласа алады.

Орынға негізделген қызметтер

Apple өнімдерінде орынға негізделген қызметтерді жеткізу үшін, Apple корпорациясы, серіктестері және лицензиаттары, соның ішінде карта деректерін жеткізушілер нақты орын деректерін жинай, пайдалана және бөлісе алады, соның ішінде Apple компьютерінің немесе құрылғысының нақты уақыттағы географиялық орны. Қолжетімді болған кезде орынға негізделген қызметтер құрылғылардың шамамен орнын анықтау үшін жиынтықты Wi-Fi қатынасу орнын және ұялы мұнара орындарын қоса GPS, Bluetooth және IP мекенжайын пайдалана алады. Рұқсат бермесеңіз, бұл орын деректері жеке басыңызды анықтамайтын үлгіде анонимдік түрде жиналады және Apple корпорациясы, серіктестері және лицензиаттары оларды орынға негізделген өнімдер мен қызметтерді жеткізу және жақсарту үшін пайдаланады. Мысалы, сіз орын қызметтеріне тіркелген кезде құрылғы географиялық орынды қосымшаларды жеткізушілермен бөлісе алады.

“Менің iPhone табу” мүмкіндігі сияқты Apple корпорациясы ұсынатын кейбір орынға негізделген қызметтер мүмкіндікті іске қосу үшін жеке мәліметтерді талап етеді.

Үшінші тараптың сайттары мен қызметтері

Apple веб-сайттары, өнімдері, қосымшалары және қызметтері үшінші тараптың веб-сайттарына, өнімдеріне және қызметтеріне сілтемелерді қамтуы мүмкін. Өнімдеріміз және қызметтеріміз үшінші тараптардың өнімдерін немесе қызметтерін пайдалана немесе ұсына алады, мысалы, үшінші тараптың iPhone қосымшасы.

Орын деректері немесе байланыс мәліметтері сияқты нәрселерді қамтуы мүмкін үшінші тараптар жинайтын мәліметтер үшінші тараптардың құпиялылық рәсімдерімен реттеледі. Осы үшінші тараптардың құпиялылық рәсімдері туралы қосымша ақпаратты анықтаңыз.

Егер үшін тарап қосымшасында немесе News қызметінде жазылымды сатып алсаңыз, сатып алынған жазылым және тұрғылықты ел туралы ақпаратты қамтитын есептерді әзірлеушіге немесе жариялаушыға беру үшін пайдаланылатын, сізге және әзірлеушіге немесе жариялаушыға бірегей болып табылатын Жазылушы идентификаторын жасаймыз. Егер белгілі бір әзірлеушідегі немесе жариялаушыдағы барлық жазылымдардан бас тартсаңыз, Жазылушы идентификаторы қайта жазылмаған жағдайда 180 күннен кейін қайта орнатылады. Осы ақпарат әзірлеушілерге жазылымдар өнімділігін түсінуі үшін беріледі.

Дүниежүзіндегі пайдаланушылар

Сіз беретін барлық мәліметтерді осы Құпиялылық саясатында сипатталғандай дүниежүзіндегі ұйымдар тасымалдай немесе оларға қол жеткізе алады. Еуропа Экономикалық Аймағының мүше елінде және Швейцарияда тұратын жеке тұлғаларға қатысты Apple қызметтері бойынша жеке мәліметтерді Ирландиядағы Apple Distribution International басқарады және оның атынан Apple Inc. өңдейді. Apple корпорациясы Еуропа Экономикалық Аймағында және Швейцарияда жиналған жеке мәліметтердің халықаралық тасымалдануы бойынша бекітілген Үлгілік келісім-шарттық баптарды пайдаланады. Apple корпорациясының дүниежүзілік компания ретінде Apple Inc. корпорациясының атынан жиналатын және өңделетін жеке мәліметтер бойынша жауапты болатын, әр түрлі құзыреттерде қызметін жүргізетін бірқатар заңды тұлғалары бар. Мысалы, АҚШ аумағынан тыс Сатушы ұйымдарындағы сауда орны туралы ақпаратты әрбір елдегі жеке Сатушы ұйымдары басқарады. Apple, онлайн дүкен және iTunes қызметтеріне қатысты жеке мәліметтерді әрбір қызмет шарттарында көрсетілгендей, АҚШ аумағынан тыс орналасқан заңды тұлғалар басқаруы мүмкін.

Apple корпорациясы Азия-Тынық мұхит экономикалық серіктестігі (АТЭС) Шекара маңының құпиялылық ережелері жүйесінің қағидаларын ұстанады. АТЭС CBPR жүйесі ұйымдарға қатысушы АТЭС экономикалары арасында берілетін жеке мәліметтер қорғауын қамтамасыз етудің талаптарын белгілейді. АТЭС куәландыруы және дауларды шешу бойынша қосымша ақпарат алу үшін TRUSTe таңбасын басыңыз.

Біздің жалпы компания бойынша құпиялылықты сақтау жөніндегі міндеттемеміз

Жеке мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін біз құпиялылық және қауіпсіздік ережелерін Apple қызметкерлеріне жеткізіп отырамыз және компания ішінде құпиялылық сақтық шараларын қатаң түрде қамтамасыз етеміз.

Құпиялылық сұрақтары

Apple корпорациясының Құпиялылық саясаты немесе деректерді өңдеуі туралы сұрақтарыңыз немесе алаңдаушылығыңыз болса, Еуропадағы деректерді қорғау жөніндегі қызметкерге хабарласқыңыз келсе немесе жергілікті құпиялылықты сақтау заңдарының ықтимал бұзылуы туралы шағым жасағыңыз келсе, бізге хабарласыңыз. Еліңізге немесе аймағыңызға арналған тиісті Apple қолдау көрсету қызметінің телефон нөмірі бойынша бізге әрқашан хабарласа аласыз.

Құпиялылық жөніндегі сұрақ немесе кіру/жүктеп алу сұрауына жауап ретінде алынған жеке мәліметтер туралы сұрақ түскен кезде біздің мәселеңізді шешу мақсатында байланыс мәліметтеріңізді сұрыптайтын арнайы тобымыз бар. Мәселе сипаты жағынан тиянақтырақ болуы мүмкін жағдайда сізден қосымша ақпарат сұралуы мүмкін. Барлық осындай маңызды мәселелер бойынша тұлғаларға мүмкіндігінше көтерілген мәселе бойынша жауап берілген, қажет болғанда қосымша ақпарат сұралатын немесе жауап беруге қосымша уақыт қажет екені айтылатын жауап жеті (7) күн ішінде беріледі. Егер алған жауабыңызға көңіліңіз толмаса, шағымыңызды құзыретіңіздегі тиісті қадағалау органына жолдай аласыз. Егер бізден сұрасаңыз, біз жағдайыңызға қолданылуы мүмкін тиісті шағым түсіру орындары туралы ақпарат беруге барынша тырысамыз.

Шағымыңызда құпиялылық мәселелерін қарауымызда жақсарту қажет тұстар болған жағдайда келесі орынды мүмкіндікте осындай жаңартуды енгізу бойынша шараларды қолға аламыз.  Құпиялылық мәселесі сізге немесе басқа тұлғаға келеңсіз әсер еткен жағдайда бұны сізбен не басқа тұлғамен шешу бойынша тиісті шараларды қолға аламыз.

Apple корпорациясы Құпиялылық саясатын кейде жаңартуы мүмкін. Саясатты едәуір өзгерткен кезде веб-сайтта жаңартылған Құпиялылық саясатымен бірге хабарландыру жарияланады. Біз әрі сізге бізге тапсырылған байланыс мәліметтері арқылы хабарласамыз, мысалы, электрондық пошта, хабарландыру арқылы немесе басқа ұқсас әдіспен. 

Apple Inc. One Apple Park Way, Cupertino, California, АҚШ, 95014

TRUSTe құпиялылық куәландыруын тексеру